7


  • Учителю
  • Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыс 'Тіл майталманы' сайысы

Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыс 'Тіл майталманы' сайысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ТІЛ майталманы (ЗИЯТКЕРЛІк сайыс)

Қазақ тілі мұғалімі: Бақтылы Қиманқызы Мұқышова,

Назгүл Елубайқызы Тұмарбекқызы

Мақсаты:

Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отырып, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Міндеттері:

- Оқушыларды туған тілін сүюге, тез ойланып, жауаптарын тиянақты жеткізуге, жүйелі еркін сөйлеуге баулу, таза сөйлеуге тәрбиелеу.

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды.

Біздің Қазақстан Республикасында қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілімізді дамытуға күш салғанымыз жөн.

1 - жүргізуші:

- Армысыздар оқушылар! Бүгінгі тіл мерекесіне арналған «Тіл майталманы!» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі. Ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды.

Біздің Қазақстан Республикасында қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілімізді дамытуға күш салғанымыз жөн.

2 - жүргізуші:

Сүйемін туған тілді - анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім. (С.Торайғыров)

1 - жүргізуші:

Тілім менің!

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің

Тұнығым, рухани жан азығым

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім

Ана тілім, туған тілім, бал тілім.

Сен арқылы дүние танып талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім.

Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

(Ш.Айтматов)

1 - жүргізуші:

- Құрметті оқушылар, бүгін біз 3 топ, яғни «Ұлан», «Ұлағат», «Айбын» қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматтары» атағын жеңіп алады.

2 - жүргізуші:

- Бүгінгі сайысымызда әділ бағасымен қуантатын, қазылар алқасымен таныстырып алайық.

- ________________

-__________________

- ______________

1 - жүргізуші:

- Рахмет!

- Бүгінгі біздің бағдарлама 7 кезеңнен тұрады. Олар:

  1. Таныстыру (топтың аты, топ басшысы, ұраны)

  2. Білімді мыңды жығар (сұрақ-жауап)

  3. Өнерлінің өрісі кең (шығармашылық тапсырма )

  4. Мақал - сөздің мәйегі (мақалдарды жалғастыру)

  5. Көрермендермен сұрақ-жауап?

  6. Жеті жұрттың тілін біл

  7. Топ басшылар сайысы (сөзжасам)

- Дұрыс берілген әрбір жауап балдық жүйемен есептелінеді.

2 - жүргізуші:

- Енді 1 кезең бойынша таныстыруға берсек. Әр топ өздерін таныстырып өтсе.

5 «А»сыныбы «Ұлан» тобы

Ұраны - Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр

Үйренгенді желге ұшырмай, іске асыр

6 «А» сыныптары «Ұлағат» тобы

Ұраны - Белгісі болса - жолдан жаңылмас,

Білімі болса - сөзден жаңылмас.

7 «А» «Айбын» тобы

Ұраны: Адамды мұратқа жеткізетін -

ана тілі мен ата дәстүрі.


2 - жүргізуші:

- Рахмет! Әділ қазылардан 1 кезең таныстыру сайысы бойынша бағаларын сұраймыз.

1 - жүргізуші:

- Рахмет! Әрі қарай 2 ші кезең бойынша берілген сұрақтарға жауап береміз.

Сұрақ «Ұлан» тобына

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? Н.Назарбаев

2 - жүргізуші:

Сұрақ «Айбын» тобына

Тіл туралы Заң қашан қабылданды? (1989 жылы,22 қыркүйек, екінші рет 1997 жылы, 11 шілде

1 - жүргізуші:

Сұрақ «Айбын» тобына

Қазақ тілінде неше септік бар, оларды атап шығыңыздар?

(7септік: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес)

2 - жүргізуші:

Сұрақ «Айбын» тобына

Көптік жалғауларын атаңыздар? (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер)

1 - жүргізуші:

Сұрақ «Ұлан» тобына

Бес асыл істі атаңыз. (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

2 - жүргізуші:

Сұрақ «Айбын» тобына

Бес дұшпанды атаңыз. (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ).

1 - жүргізуші:

Сұрақ «Ұлан» тобына

Қазақтың бес арысы кім?

(Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов).

2 - жүргізуші:

Сұрақ «Айбын» тобына

Қазақтың үш данасы кім?

(Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин).

1 - жүргізуші:

Сұрақ «Ұлан» тобына

Жеті қазынаны атаңыз.

1. Сұлу әйел

2. Ер жігіт

3. Қыран бүркіт

4. Берен мылтық

5. Жүйрік ат

6. Құмай тазы

7. Ақыл, білім

2 - жүргізуші:

Сұрақ «Айбын» тобына

Жеті жетімді атаңыз.

Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу, қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ел жетім,

Замандасы қалмаса,

Бәрінен де сол жетім.

1 - жүргізуші:

- 2 кезең бойынша топтардың бағасын сұраймыз.

2 - жүргізуші:

- Келесі сайысымыз 2 топ мүшелерінің өнерлерін тамашалайық.

«Ұлан» тобының атынан _________________ орындауында «Қазағымның тілі»өлеңі.

- Қабыл алыңыздар!

2 - жүргізуші:

- Рахмет. Енді «Айбын» тобынан ______________ «Қазақ тілі» өлеңі.

- Қабыл алыңыздар!

2 - жүргізуші:

- Рахмет.

Енді әділ бағасын сұраймыз.

Келесі «Мақал-сөздің мәйегі» дегендей, бұл бөлімде берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табуы керек.

Сұрақ «Ұлан» тобына

Тіл жүйріктен де ………………… (озады).

Сұрақ «Айбын» тобына

Тіл жүйрік емес,………………(ой жүйрік).

Сұрақ «Ұлан» тобына

Шебердің қолы ортақ,………….(Шешеннің тілі ортақ).

Сұрақ «Айбын» тобына

Басқа бәле ………………….. (Тілден)

Сұрақ «Ұлан» тобына

Піл көтермегенді, …………….(Тіл көтереді).

Сұрақ «Айбын» тобына

Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,………… (Тілімнен сүріндірме).

Сұрақ «Ұлан» тобына

Бал тамған тілден ……….. да тамар. (у)

Сұрақ «Айбын» тобына

Тілдің көркі - ……………….. (Сөз)

Сұрақ «Ұлан» тобына

Ойнап сөйлесең де, …………………….. (Ойлап сөйле)

Сұрақ «Айбын» тобына

Тілі жеткенше сөйлеген шешен,………….. (Қолы жеткенше нұсқаған көсем)

1 - жүргізуші:

- Әділ қазылар алқасынан әділ бағасын сұраймыз.

- Енді ең қызықты кезең көрермендермен сұрақ-жауап.

2 - жүргізуші:

Логикалық сауал.

Тамақ пісірер алдында ең бірінші қазанға не салады? (Көз)

1 - жүргізуші:

Тағы да логикалық сұрақ.

Тауық бір аяғымен тұрғанда, оның салмағы 2 кг болады. Ал екі аяқпен тұрғанда оның салмағы қанша болады? (2 кг)

Көп рахмет!

2 - жүргізуші:

- Келесі «Жеті жұрттың тілін біл» сайысы. Бұл сайыстың шарты: жұмбақты шешіп, жауабын үш тілде айту: қазақша, орысша, ағылшынша.

Сұрақ «Ұлан» тобына

Жүз теңгең болғанша,

Жүз …………. болсын. (Дос - Друг - Friend)

Сұрақ «Айбын» тобына

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама. (Кітап - Книга - Book)

Сұрақ «Ұлан» тобына

Көз қорқақ, ……….. батыр. (Қол - Рука - Hand)

Сұрақ «Айбын» тобына

Жеті қазынаның бірі, адамды қорғап жүретін досы. (Ит - Собака - Dog)

Сұрақ «Ұлан» тобына

…………….. алма, білім ал. (Алтын - Золото - Gold)

Сұрақ «Айбын» тобына

Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,

Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.

Пайдасы үй ішінен табылған соң,

Далаға кіріп-шығар сапары жоқ. (Мысық - Кошка - Cat)

Сұрақ «Ұлан» тобына

Көңіл сырын ………………. білдіреді. (Көз - Глаза - Eye)

Сұрақ «Айбын» тобына

……………… дос үшін жан пида. (Жақсы - Хорошо - Good)

Сұрақ «Ұлан» тобына

…………… басы - бұлақ, сөздің басы - құлақ. (Су - Вода - Water)

Сұрақ «Айбын» тобына

Айдың он бесі …………….. , он бесі қараңғы. (Жарық - Свет - Light)

1 - жүргізуші:

- Әділ қазылар алқасынан осы сайысымыз бойынша бағаларыңызды сұраймыз.

Енді 2 топқа тапсырма, 1 минут дайындыққа беріледі. Тіл туралы көрініс дайындаңыздар. Көрініс 3 минуттан аспауы қажет.

2 - жүргізуші:

- Көп рахмет!

- Әділ қазылар алқасынан 2 топтың қорытынды бағасын шығаруын сұраймыз.

1 - жүргізуші:

Біздің Республикамызда мемлекеттік тілді үйрену - барлық ұлт өкілдеріне ортақ мәселе деп білеміз. Ал ұлтымыздың мемлекеттілігін мәңгілікке айғақтайтын тарих болса, тарихты мәңгілікке жеткізуші - кітап, ал тілдің мәңгілік ғұмыры - осы кітапта жатыр. Тіл мен кітап сайып келгенде ел үшін бірі - тірек, бірі - білек, білік, күш-қуат. Тәуелсіздікті ту еткен, табан жолынан айнымайтын, қандай кезде де құбылмайтын тек осы тіл мен кітап қана.

2 - жүргізуші:

Халық бар жерде тіл де бар. Ендеше тіл проблемасы - халықтың проблемасы. Біздің қазақ тілі өсу үстіндегі, адам баласының кез келген қиын да күрделі ойын бейнелеуіндегі мүмкіндігі зор, аса бай тіл. Сондықтан да оны көзіміздің қарашығындай қастерлейік.

1 - жүргізуші:

Әділ қазылар алқасы әділ шешімдерін қабылдағанша, жеңімпаз топты анықтағанша, құттықтау сөзі.


1 - жүргізуші:

Жеңімпаз топ анықталды. Рахмет достар! Бүгін тілдер туралы біршама деректер алдық деп ойлаймын.

Ана тіліміз қазірде үлкен өріске жол тартты. Дегенмен «Ана тілі - қазақ тілі» деген сөзді қағазға емес көкірегімізге жазатын уақыт жетті.

Олай болса, біздің мақсатымыз - Ана тілімізді қадірлеу!

Мемлекеттік Тіл мәртебесін көтеру!

Атамекен әні (барлығы)

1 - жүргізуші:

2 - жүргізуші:

Сау болыңыздар!

- Бүгінгі біздің бағдарлама 7 кезеңнен тұрады. Олар:

  1. Таныстыру (топтың аты, топ басшысы, ұраны)

  2. Білімді мыңды жығар (сұрақ-жауап)

  3. Өнерлінің өрісі кең (шығармашылық тапсырма )

  4. Мақал - сөздің мәйегі (мақалдарды жалғастыру)

  5. Көрермендермен сұрақ-жауап?

  6. Жеті жұрттың тілін біл

  7. Топ басшылар сайысы (сөзжасам)

№1 таныстыру

5 «А»сыныбы «Ұлан» тобы

Ұраны - Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр

Үйренгенді желге ұшырмай, іске асыр

6 «А» сыныптары «Ұлағат» тобы

Ұраны - Белгісі болса - жолдан жаңылмас,

Білімі болса - сөзден жаңылмас.

7 «А» «Айбын» тобы

Ұраны: Адамды мұратқа жеткізетін -

ана тілі мен ата дәстүрі.


№2 сұрақ жауап

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? Н.Назарбаев

Тіл туралы Заң қашан қабылданды? (1989 жылы,22 қыркүйек, екінші рет 1997 жылы, 11 шілде

Қазақ тілінде неше септік бар, оларды атап шығыңыздар?

(7септік: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес)

Көптік жалғауларын атаңыздар? (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер)

Бес асыл істі атаңыз. (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

Бес дұшпанды атаңыз. (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ).

Қазақтың бес арысы кім?

(Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов).

Қазақтың үш данасы кім?

(Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин).

Жеті қазынаны атаңыз.

1. Сұлу әйел

2. Ер жігіт

3. Қыран бүркіт

4. Берен мылтық

5. Жүйрік ат

6. Құмай тазы

7. Ақыл, білім

Жеті жетімді атаңыз.

Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу, қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ел жетім,

Замандасы қалмаса,

Бәрінен де сол жетім.


№3 шығармашылық өнерлінің өрісі кең

«Ұлан» тобының атынан _________________ орындауында «Қазағымның тілі»өлеңі.

Енді «Айбын» тобынан ______________ «Қазақ тілі» өлеңі.


№4 «Мақал-сөздің мәйегі» дегендей, бұл бөлімде берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табуы керек.

Тіл жүйріктен де ………………… (озады).

Тіл жүйрік емес,………………(ой жүйрік).

Шебердің қолы ортақ,………….(Шешеннің тілі ортақ).

Басқа бәле ………………….. (Тілден)

Піл көтермегенді, …………….(Тіл көтереді).

Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,………… (Тілімнен сүріндірме).

Бал тамған тілден ……….. да тамар. (у)

Тілдің көркі - ……………….. (Сөз)

Ойнап сөйлесең де, …………………….. (Ойлап сөйле)

Тілі жеткенше сөйлеген шешен,………….. (Қолы жеткенше нұсқаған көсем)


№5 Көрермендермен сұрақ-жауап?


Логикалық сауал.

Тамақ пісірер алдында ең бірінші қазанға не салады? (Көз)

.

Тауық бір аяғымен тұрғанда, оның салмағы 2 кг болады. Ал екі аяқпен тұрғанда оның салмағы қанша болады? (2 кг)


№6 «Жеті жұрттың тілін біл» сайысы. Бұл сайыстың шарты: жұмбақты шешіп, жауабын үш тілде айту: қазақша, орысша, ағылшынша.

Жүз теңгең болғанша,

Жүз …………. болсын. (Дос - Друг - Friend)

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама. (Кітап - Книга - Book)

Көз қорқақ, ……….. батыр. (Қол - Рука - Hand)


Жеті қазынаның бірі, адамды қорғап жүретін досы. (Ит - Собака - Dog)

…………….. алма, білім ал. (Алтын - Золото - Gold)


Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,

Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.

Пайдасы үй ішінен табылған соң,

Далаға кіріп-шығар сапары жоқ. (Мысық - Кошка - Cat)

Көңіл сырын ………………. білдіреді. (Көз - Глаза - Eye)

……………… дос үшін жан пида. (Жақсы - Хорошо - Good)

…………… басы - бұлақ, сөздің басы - құлақ. (Су - Вода - Water)


Айдың он бесі …………….. , он бесі қараңғы. (Жарық - Свет - Light)


№7 Топ басшылар сайысы

Енді 2 топқа тапсырма, 1 минут дайындыққа беріледі. Тіл туралы көрініс дайындаңыздар. Көрініс 3 минуттан аспауы қажет.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал