7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку для 7 класса «Сыйлықтар»

Урок по казахскому языку для 7 класса «Сыйлықтар»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мен, Бурабаева Молдир Ерлановна  7-сыныпқа арналған «Сыйлықтар» атты сабақ жоспарымды жаздым. Сабақ мақсаты; сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін пысықтау, біріккен сөздер емлесін білу және тақырып бойынша өз ойларын айта алуға үйрету.     Сабақ түрі ; жаңа сабақ. Сабақтың
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары


Пән; қазақ тілі

Сынып: 7 Сабақ: Сабақтың тақырыбы: Сыйлықтар


Сабақтың мақсаттары:

А) Білімділік: мәтінді оқу, мазмұнын айту; сұрақтарға жауап беру; сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін пысықтау; біріккен сөздер емлесін білу

Ә) Дамытушылық: тақырып бойынша өз ойын, пікірін айта алады және лексикалық бірлікті меңгере алады.

Б) Тәрбелік: Сыйлық беру және сыйлық таңдау туралы айту.

Сабақтың түрі; жаңа сабақ.

Көрнекіліктер; суреттер, сызбалар


Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі;

Міндеттері:

  • Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету:

  • Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау:

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру:

  • Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру:

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі;

Міндеттері:

  • Үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру:

  • кемшіліктер мен қателіктерді анықтау:

қатемен жұмыс: 3-тапсырма.Сөйлемдерге тиісті сөздерді қойып жазу.

  • Сұрақ-жауап тәслі арқылы өтілген ережелерді еске түсіру.

3.Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру;

Міндеттері:

  • өткен сабаққа шолу

  • өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыру

  • жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту

1.сұраулы сөйлем деген не?

2.шылау сөздердің түрлері қандай? Мысал келтір.

3.Отбасы тақырыбына мақал-мәтел айту.

4.Абайдың жетінші қара сөзінде не айтылған?

4.Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі;

Міндеттері: грамматикалық форманы, жаңа сөздерді, жаңа материалдарды таныстыру, меңгерту.

1-тапсыма. Мәтінді түсініп оқып, өз ойларын айту. Сұрақтарға жауап беру.

1) Адамдар түлі мерекелерде, мерейтойларда неге ие болуды жақсы көреді?

2) Сыйлық беру неге жатады?

3) Сыйдытартуға қандай кезден үйрену керек?

4) Шын пейілден жасалған сыйлық қандай жақсы қасиеттерді туғызады?


БІРІККЕН СӨЗДЕР

Біріккен сөздер

Кіріккен сөздер

Түбір тұлғалары сақталады

Түбір тұлғалары сақталмайды

Тасбақа, итмұрын, Екібастұз, және т.б.

Бүгін (бұл + күн)

Биыл (бұл + жыл)

Білезік (білекке тағатын + жүзік)


Біріккен сөздер емлесі


Бірге жазылады

Айтылуынша жазылады

Еш, бір, әр, кей, әлде + есімдік

Ақбозат, Сарысу, Қызылорда, шекара

Ендігәрі, әнеугүні

Ешкім, ешқандай, ешқашан, бірнеше


ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК ТУРАЛЫ ЕТІСТІК

Тұйық етістік (не істеу?) -у жұрнағы арқылы. Мысалы: туынды-шегелеу, етіс-сөйлесу, болмсыз-келмеу.


ЛЕПТІ СӨЙЛЕМ

ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ

Одағай сөздер арқылы

Күшейткіш мәнді сөздер арқылы

Демеулік шылаулар арқылы

Интонация арқылы

Қап, әттеген-ай

Не деген, не еткен, шіркін

-ау, -ақ, -ай

Сені ме, бәлем!


5.Жаңа материалдарды меңгеру дәрежесін тексеру кезеңі:

Міндеттері: жаңа материалды оқушының қаншалықты меңгергенін тексеру.

3-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлемдер құрау, оларды лепті сөйлемнің төрт түріне өзгерту.

1. Адамның, міндеті, бар, жақсы.

2. Өмірде, көп, мүмкіндіктер, әкелетін, қуаныш.

3. Мейірімділік, туғызады, адамның, бойында, жасаған, сыйлық, шын пейілден.

6.Жаңа материалдарды бекіту кезеңі;

Міндеті: жаңа материалды ауызекі және жазба тілде қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.

Еңбек, тазалық, балалар сөздеріне фонетикалық талдау жүргізу.

7.Жаңа сабақты қорытындылау;

Міндеті: Сабақтың тәрбиелік мақсатын ашу: жаңа материал бойынша ойын қорытып айта алуға дағдыландыру.

4-тапсырма: Берілген үлгілерді пайдаланып, ата-аналарыңа, достарыңа құттықтау жазу.

  • Мерекеңізбен құттықтаймын!

  • Мерекеңіз құтты болсын!

  • Туған күніңізбен құттықтаймын!

  • Сізге табыс тілеймін!

  • Отбасыңызға бақыт тілеймін!

  • Бақытты болыңыз!

  • Еңбектегі табысыңызбен құттықтаймын!

  • Зор денсаулық тілеймін!

8.Бақылау және өзін-өзі бақылау;

Міндеттері: Оқушылардың материалды меңгеру сапасын анықтау және өзін-өзі бақылаушылық мүмкіндігін дамыту.

Мәтінге дайындаған сұрақтарды бір-біріне қойып, оларға жауап беру.

9.Үй тапсырмасы;

Міндеттері: Оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру.

Ереже жаттау және мысал келтіру. Сөздік жаттау - 27 бет

10.Сабақтың бағалау кезеңі;

Міндеттері: Өзара бақылау; жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру (ынталандыру, мадақтау, ескерту).

11.Рефлексия кезеңі:

Міндеттері: Оқушының көңіл-күйін, іс-әрекетін, оқушылар мен мұғалімнің өзара қатынас рефлексиясына жағдай жасау;

Оқушылардың өзін-өзі ұстай білуі және ынтымақтастық қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету

1.Сабақта нені үйрендік?

2.Нені білдік?
















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал