7


«Ақ мамам» тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты:Оқушыларға 8-наурыз мерекесі жайында мағлұмат беру. Оқушыларды аналарды құрметтеуге, ана еңбегін ардақтауға баулу, қыздарды әрдайым сыйлап жүруге тәрбиелеу. Оқушылардың тіл байлығын, өзін көпшілік алдында еркін ұстауға,ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу.Сабақтың т
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Ақ мамам».

Мақсаты:Оқушыларға 8-наурыз мерекесі жайында мағлұмат беру. Оқушыларды аналарды құрметтеуге, ана еңбегін ардақтауға баулу, қыздарды әрдайым сыйлап жүруге тәрбиелеу. Оқушылардың тіл байлығын, өзін көпшілік алдында еркін ұстауға,ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Ертеңгілік,концерттік бағдарлама бойынша құрылған.

Көрнекіліктері:Шар,гүлдер,үнтаспа,аналаржайлы қанатты сөздер.

Ертеңгілік барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Актовый зал безендіру.

2.Балалардың киімдерін реттеу,бантик тағу.

II.Жүргізуші:Армысыздар ардақты ұстаздар,аяулы ата- аналар! «Ана-күннің шуағы» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! Адам үшін ең аяулы,ең қастерлі жан-ана.Сіздердің алдыңызда мектепалды даярлық сынып балалары өз өнерлерін,сыйлықтарын тарту етеді.

Ана-біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Ән: «Құттықтаймын мама,туған күніңмен»-хор.

Сөздерді ең аяулы,

Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды,

Кімнің ойлап тапқанын.

Аналардың әр қайсысы төмендегі сөздерді айтып шығады.

"Күнім", "Жаным", "Құлыншағым," "Ботақаным", "Қошақаным", "Айналайын", "Толған айым", "Асылым", "Ақылдым", "Жұлдызым" т.б.

Балалар барлығы бірге : Ойлап тапқан аналар!

Қымбатты аналар мен әжелер балаларыңыздың тартуын қабыл алыңыздар.

Балалар өлеңдері (Аналарға сыйлықтарын табыс етеді) .

1.Шуқты көктем келді гүлін алып,

Көктенің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де,гүлі-аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық.


2.Біздің ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген-тіршіліктің тірегі

Армысыздар, қасиетті аналар!


3.Құтты болсын,ардақты анам,

Асыл анам,мерекең.

Құтты болсын теңдік алған

Қуанышты мерекең.


4.Сеннен өскен балалар,

Батырлар мен даналар,

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар!


5.Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым!


Жүргізуші:Үйдің алтын қазығы кім?-ол ана!

Жоқты бар,ашты тоқ ететін кім?-ол ана!


6.Ақ жүректі сақтаған

Жарқын күлкі бақ маған

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші,келші ақ мамам!


Құтты олсын, ардақты анам,

Асыл анам мерекең!


8.Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз,

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.


9.Әлпештеген баласын

Ана бақыт, ана-күн.

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын!


10.Менің әжем, гүл әжем,

Алтын әжем,күн әжем.

Анам үшін,мен үшін

Нағыз ана сен әжем.


11. «Балапаным» дейді әжем,

«Балақаным» дейді әжем.

Ұзақ күнге бүкшеңдеп

Біздің қамды жейді әжем!


12.Ақ қабақты анашым,

Күн көкірек мамашым.

Ақ сүтіңмен суардың

Бөбегіңнің санасын


13.Алақаны ақ самал,

Мәпелеген жан ана.

Көкте күнім батса да

Өзің күнсің балаңа.


14.Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым!


15.Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсақ шаттанған,

«Алтыным» деп мақтаған

Айналайын, ақ мамам!


16.Ана-көркі көгімнің,

Ана- нұры жерімнің,

Ана- бағы баланың

Мақтанышы елімнің!


17.Айтса болды тіл алам,

Әйбат мамам,ай мамам.

Сені көрсем қуанам,

Сен керексің қайда да.


18.Кір түсірмей жағама,

Шашымды да тарайсың

Мектебіме барарда

Мейірлене қарайсың.



19.Мамам менің ,ақ мамам,

Менсіз таңы атпаған

Менсіз күні батпаған

Мен ұйықтамай жатпаған.


20.Шалқап-тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Ана сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.


21.Ана- өмір!

Ана- нұр!

Ана- бақыт!

Ана- гүл!


22.Ерлік еткен біз үшін,

Еркелеткен біздерді.

Еркіндеткен біздерді,

Анамызға мың алғыс.


Ән: «Ақ мамам».

Ән:

Би

Би:

Ойын:

Би











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал