7


  • Учителю
  • Сценарий вне классного мероприятия на тему 'Менің Отаным-Қазақстан'

Сценарий вне классного мероприятия на тему 'Менің Отаным-Қазақстан'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№25 ші Красноярка орта мектебі

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі : Аскарова Рыскуль Алпысбайқызы

Сынып:2«а»

2015 -2016 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты:
1.Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
2.Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана және Арал қалаларына байланысты суреттер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және мәдениеттік тәрбие беру.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық;
«Шаттық » шеңбер:
Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
Құт, береке-шаңырақ,
Орын алған ол төрде.
Билігім өз қолымда-
Еркіндігім- Елімнің!

ll.Кіріспе

Әнұранды оқушылар орындайды





Мұғалім: Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Армысыздар! Қадірлі де ұлағатты ұстаздар.
Қош келіпсіздер бүгінгі тәрбие сағатына,
Бас иіп сәлем бердік баршаңызға.

ӘНҰРАН орындалады.

Мұғалім: Балалар, «Отан дегеніміз не?»
Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан- ҚР-сы.

  1. оқушы
    Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.

  2. оқушы
    Осы ҚР-ның жас ұланы екенімді мақтан етем. Оның бай тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматы болу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін.

  3. оқушы
    Отаным менің кең- байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы ешуақытта соғыс тілемейді бейбітшілік үшін күреседі.

Мұғалім:

Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын, өлең өрнектерімен өрнектеп терең мағыналы сөз өнері арқылы, өлең-жырымен тәлім-тәрбиесін зор ойлар айта білген.Қазақтың мақал-мәтелдерінің айтары- өсиет, ұлағат, тәлім, парасат.

lll.Көрнекті құралдармен жұмыс

Ведиоролик көріп,тақтада ілінген суреттер ,нақыл сөз, өлең жолдарының мағанасын ашу

lV.Әдеби-монтаж

«Отан» туралы әнді орындау
Отан деген- атамекен,

Отан деген- туған жер.

Отан - деген ана, пан,
Қазақстан-туған ел.
Отан- менің ата-анам,

Отан -досым, бауырым

Отан -өлкем астанам,

Отан- аудан, ауылым.

1.Шырын

Отанды біз атамекен, Деп аялап өтем Өйткені оны мекен еткен. Бабамыз бен атамыз.

2.Шұғыла

Отан -деген атамекен,
Отан деген- туған жер.
Отан- ана,
Отан -үлкен
Қазақстан -туған ел.
Отан- атам,
Отан -әкем.
Осы сөзім қатемекен?!
Қате болса,Неге біздер Дейміз оны Атамекен? Отан- әжем Отан -анам! Туған ел деп,
Туған жер деп,
Ол бекерге аталмаған.
Атам, әжем, әкем, анам-
Төртеуіде Отан маған.
Төртеуіде ботам дейді,
Ер азамат атан дейді.

ІІ. Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері- Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. ІІ. Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері- Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар

.1994 ЖЫЛЫ 1- ЖЕЛТОҚСАНДА РЕСПУБЛИКАМЫЗДА БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ Президент сайлауы болып өтті.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.
Қазақстан Р-ның тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
Арай:1996 жылы 16 желтоқсан күні біздің еліміз Тәуелсіздігін жариялады. Елбасымыз Н.Ә:Назарбаев қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы жүзеге асты.
Ерасыл:Егеменді болмай ел болмас, тәуелсіз болмай жер болмас- демекші, егеменді ел ,тәуелсіз мемлекет болдық. Қазақстан өзінінің табиғи байлығына, жеріне ие, басқа мемлекеттермен сауда- саттық қарым-қатынас жүргізе алады.
Жанболат:1992 жылы 4 маусымда Президент ҚР-ның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы ҚР-ның заңдарына қол қойды.
Айнұр:Алтың заңда парасатым, пайымым,
Алтын Заңда күш-қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың,
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаңа күні

1995 жылы30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымыз қабылданды.

Биыл қазақ хандығының 550 жылдық Ата заңымызға .Ұлттар Ассамблеясы 20 жыл тұспа тұс келіп отырғанын атап өтуде

Абылай сынды ақылгөй ханы бар қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер билері- Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік сөз үлгілерін тыңдайық.

Қорытынды : Бүгінгі сынып сағатымызды М.Мақатаевтің мына өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр. Хадылбек Шұғыла

Үш бақытым.
Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кеңін.
Ол бар болмаса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым-тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші -Отан деген.
-Кім мықты? - десе біреу «Отан» дер ем!

Осымен бүгінгі тәрбие сағаты аяқталды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал