7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: 'Қыз- еркем, өнерімен көркем' (4 сынып)

Сыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: 'Қыз- еркем, өнерімен көркем' (4 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ҚЫЗ - ЕРКЕМ, ӨНЕРІМЕН КӨРКЕМ!

Барысы:

Интерактивтік тақтада ана жайлы әуенмен слайд-шоу жүріп тұрады.

Жүргізуші: Құрметті аналар, арулар, қыздар!

Сіздерді 8-наурыз Халықаралық Әйелдер мейрамымен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, мол бақыт, таусылмас қуаныш тілейміз.

Бүгін міне, балаларыңыздың дайындаған шағын мерекелік бағдарламаны қабыл алыңыздар.

Бағдарламамыз 2 бөлімнен тұрады.

І бөлімде балаларыңыздың дайындаған шағын құттықтауы.

ІІ бөлімде сыныптағы қыздарымыздың арасында «Қыз - еркем, өнерімен көркем » атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.

І бөлім:

Азамат: Ана туралы монолог оқиды.

Бектас: «Ана» жайында өлең оқиды

Мерген: «Ана» өлең

Арсен, Бейбарыс, Саят: «Анашым» мәнерлеп өлең оқиды.

Алтынбек: Ана жайлы жатқа шығарма оқиды.



Хор: «Ана - өмір шырағы»



Ал енді балаларыңыздың сіздерге арнап дайындаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

Сыйлықтарды тапсыру.

ІІ бөлім:

Жүргізуші:

Құрметті жиналған қауым!

Бүгін біздің сыныпта дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді ғой.

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,

Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.

Сәлеметсіз бе, өнерсүйер асыл халқым,

Мереке құтты болсын ата-аналар,

Тағы да келіп жетті сайысымыз.

Жырлайтын қазағымның салт-дәстүрін.

«Іске сәт» дей келе байқауға қатысатын аруларды ортаға шақырамыз.

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар.

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.

Кім өнерлі, кім тапқыр, шешу қиын.

Әділ қазылар болмаса сынға алар.



Сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылар алқасын сайлап алайық.

Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады:

  1. «Мен қазақтың қызымын!» өзін-өзі таныстыру.

  2. «Білім және дәстүр» салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру.

  3. «Өнерліге өріс кең» өз өнерлерін көрсету.

  4. «Ою қию» тапсырма

  5. «Өнер тамған он саусақ» үйде даярлап әкелген бір тағам түрін қорғау.

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Қошеметпен аруларды қарсы алайық.

Сайысқа келген қыздарымыз кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе де

  1. «Мен қазақтың қызымын!» өзін-өзі таныстыру

Әділ қазы алқасына сөз берейік.

Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың,

Жарасымды, үйлесімді ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап жаңартудан қашпайық.

  1. «Білім және дәстүр» сұрақтарға жауап беру

1.«Бесікке салу» дәстүрін білесің бе?

  1. «Тұсау кесер» дәстүрі жайлы айтып бер.

  2. Ұлттық аспаптарды ата.

  3. «Сәукеле» қандай бас киім?

  4. «Тоқымқағар» дегеніміз не?

  5. «22-наурыз» қандай мейрам?

  6. «Бәсіре» дегеніміз не?

  7. Ұлттық ойындарды атап шық.

Әділ қазылар алқасына сөз беру.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайрандаған.

«Қыз өссе - елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам!

ІІІ. «Өнерліге өріс кең» өз өнерлерін көрсету.

Қазылар алқасына сөз беру

Бармақтарың майысып, түрлі ою ойысып,

«Шебер болар ма екенсің» дегендей,

Арулардың шеберлігін көрейік,

Ал қазылар әділ баға берейік.

Сайыскерлеріміз берілген тапсырманы орындасын.

ІҮ.Тапсырма «Ою қию»

Қазылар алқасына сөз беру

Әсемдік, сұлулықты жиған бойға,

Қыздар ғой көрік берген кең далаға.

Қыздар - гүл, қыздар нәзік бұл әлемде.

Қыздар ол - болашақта асыл ана!

Ү. Келесі кезекте «Өнер тамған он саусақ»сайысына берейік, бір тағам түрін қорғау

Әділ қазылар алқасына сөз беру.

Марапаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал