7


'МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР'М

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер»Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің ерекшелігін зерделей отырып, халқымыздың ұлттық мұрасын жалғастырушы, оны әрі қарай дамытушы, патриот тұлғаның қолында екендігіне сендіру үшін жағдай орнату.Міндеттері:-Оқуш
предварительный просмотр материала


Астана қаласы

Білім басқармасы

Назарбаев Интеллектуалдық мектеп







Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы,

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-кешенінің 10 жылдығына арналған

«Тәуелсіздіктің 20 жылдық шыңы» атты ашық сабақтың


ЖОСПАРЫ


ТАҚЫРЫБЫ:


«МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР»





3 «С» сыныбы









Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі

Жукенова Асем Абилгалықызы







Астана - 2014ж

Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер» 22 қазан 2014ж

Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің ерекшелігін зерделей отырып, халқымыздың ұлттық мұрасын жалғастырушы, оны әрі қарай дамытушы, патриот тұлғаның қолында екендігіне сендіру үшін жағдай орнату.

Міндеттері:

  • Оқушылардың сезімдерін ояту арқылы өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды патриот сезімі ұялаған, өз ойын көркем толық жеткізе алатын жеке тұлға етіп тәрбиелеу;

  • Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық қарсаңында еліміздің қол жеткен табыстарын насихаттау;

  • «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-кешенінің еліміз үшін атқарған еңбегімен таныстыру.

Көрнекілігі: слайд, жер шары макеті, «Бақытты болашақ» моделінің бөлшектері, «Көшпенділер» фильмінен үзінді.

Барысы:

І. Ұйымдастыру. Мұғалім сөзі:

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далаға жылап келіп уанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман - деп қайсар ақын Қасым Аманжолов айтқандай, туған жеріммен мақтанамын. Бірақ, бұл күнге жеткізген кімдер? Осынау ұлан-байтақ жерде ата-бабамыз қандай күн кешкен? Өткен күндерге шолу жасап, тарихқа көз жүгіртелік. Мұқият тыңдап, ата-бабамыздың арманын, өсиетін тыңдайық сабағымызды бастайық. Экранға назарымызды аударайық. («Көшпенділер» фильмінен үзінді көрсетіледі)

ІІ Негізгі бөлім.

  • Балалар, бұл фильм Сіздерге қандай ой берді? (Қазағымыздың өткен өмірдегі тіршілігі)

  • Қазақ халқы жүзге, руға бөлінген екен. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» дегендей қазіргі уақытта қай жүзден, қай рудан тарағанын осы отырған оқушыларымыз біле ме екен? (Әр оқушы өзін, қай жүзге, руға жататынын атап, тақтаға таңба жабыстырады)

  • Абылай хан туралы не білесіңдер? (Қазақтың басын біріктірген хан)

  • Абылай хан тұсында кеңесші билері болған еді. Олар кім еді? (Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би)

  • Олай болса, мына көрініс арқылы Төле бидің даналығын байқайық.

Көрініс «Бір тал шыбық»

  • Төле бидің даналығы неде? (Бұл көрініс арқылы халықтың бірлігі мықты болса, оны ешкім жеңе алмайды деген ойға келуі керек)

  • Бірлігі жарасқан, қандай (тәуелсіз) елміз! Бәріміз де бірігіп, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын табайық.

(Ребусты шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу «Рәміздер»)

  • Әрбір азат елдің өзінің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Басты белгілер деп нені атауға болады? (мемлекеттік рәміздер)

  • Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Мемлекеттік рәміздер»

  • Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына өз білімімізді, өнерімізді тарту етейік.

  • Балалар, мына белгілерді біріктіру арқылы таңба құрауымыз қажет. Ол үшін 3 маңызды тапсырманы орындауымыз керек.


1-тапсырма. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы не білесіңдер?

1-оқушы: Ерасыл

Мемлекеттік Ту - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнектік жолақ түрінде нақышталған. Тудың ені 1м, ұзындығы 2м. Шұғылалы күннің, қыранның және ұлттық өрнек бейнеленген тік жолақтың бейнесі алтын түсті.


2-оқушы Жанель: Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Көгілдір түсті таңдауы - Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолында адалдығын білдіреді.


3-оқушы Алмаз: Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн - қозғалыс, даму, өркендеудің және өмірдің белгісі.


4-оқушы Айша: Қанатын жайған қыран құс бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Күннің астында қалықтаған қыран қазақ халқының еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін паш етеді.


5-оқушы Адиль: Мемлекеттік Туды қабылданған күн: - 1992 жылғы 4 маусым.

Ресми тұсауы кесілген күн: - 1992 жылғы 6 маусым, Алматы қаласы.

Авторы: Шәкен Ниязбеков болды.


6-оқушы: Т.Әділ

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Ақ ниеті - алтын күн,

Асқақа арман - қыраны,

Жалауы бұл халқымның,

Мәртебесі мақтаны. (С.Қалиұлы)


7-оқушы: Сержан

Көк байрағым көрінсін тек биіктен,

Өтемін ғой оны мәңгі сүйіп мен

Қыран құстай самғаған біз елміз,

Тату-тәтті өмір сүрейік көп ұлтпен


Тапсырманы орындап болғанда дөңгелек белгіні ілу


  • Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы әні мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй -деп Абай атамыз айтқандай, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған Фахруддинқызы Айшаның орындауында «Біз бақытты баламыз» әнін қабыл алыңыздар


2-тапсырма. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы не білесіңдер?

1-оқушы Қарасай: Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары Жандарбек Мәлібеков пен Уәлихан Шот-Аман Ыдырысұлы. Елтаңбаның негізі - шаңырақ. Шаңырақ мемлекеттің түп негізі - отбасының бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, 72 уық шаншылған.


2-оқушы Бейбарыс: Шаңырақтың айналасындағы уықтар пырақтардың қанаты көмкеріп тұр. Қанатты тұлпар аңыз әңгімелерден туған ұшқыр арманның, талмас талаптың, жақсылыққа құштарлықтың белгісі.


3-оқушы Наргиз: Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын суреттейді. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бесбұрышты жұлдыз оның тәжі іспетті.


4-оқушы: Мәди

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің,

Ортада - аспан әлемі


5-оқушы: Амаль

Құт береке -шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты құс - қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

6-оқушы: Арман

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім - Елтаңбам. (С.Қалиұлы)


Тапсырманы орындап болғанда айқасқан таяқшалары бар белгіні ілу


Тәуелсіздік тойына

Тарту болсын бұл сабақ

«Қаражорға» биімен

Ашық болсын әр қабақ, - дегендей биді тамашалаңыздар!


3-тапсырма. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні туралы не білесіңдер?


1-оқушы: Мирас


2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Гимні қабылданды. Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының әнұраны деп жарияланды.


2-оқушы: Жамиля

Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді. Елбасының ұсынысы бойынша біріншіден, әнұранның мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздіку үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс тапты.


3-оқушы: Дильназ

Екіншіден, мәтінде асыл мұрамыз - еліміздің кең байтақтығы, үшіншіден, жер мен ел байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан. Ең бастысы - тәуелсіздігіміздің алытн діңгегі - ел бірлігі баса айтылған.


4-оқушы: Жания

Әнұран салтанатты жиналыстарда, мәжілістерде, жаңа ғимараттар, екерткіштер ашылғанда орындалады. Әнұранды орындағанда міндетті түрде тұрып, қолыңды жүрек тұсына қойып айту елге құрмет болып саналады.


5-оқушы: Амира

Әнұраным - жан ұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым.

Жүрсем егер дүние кезіп.


6-оқушы: Бадинұр

Бақыт, бірлік - күн талабы,

Тоқтамайды дабыр әні.

Мәңгі бақи жыр қалады -

Республикамның Әнұраны


7-оқушы: Бекзат

Батырлық бар тегімде,

Көк байрағым көгімде

Әнұранды жатқа айтам,

Елтаңбам тұр төрімде


Елордасы - Астанам,

Саған айтам асқақ ән

Дүниеге қазақ боп,

Туғаныма мақтанам!


Тапсырманы орындап болғанда 2 санын ілу


Мұғалім:

  • Ендеше, Қазақстан Республикасы:

Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен елеулі,

Әнұранымен айбатты.


Тапсырмаларды орындау барысында Тәуелсіздіктің

20 жылдық таңбасы шығады.


Мұғалім:

  • Ұлан -ғайыр кең жерімді басқарып отырған кім? (Президент)


Т.Әділ

Құлақ түрем елімнің тынысына,

Мақтанам, қуанамын табысына.

Елбасы мен халқымыз аман болса,

Айналар Орта Азия барысына


Сержан: Барыс - биік тауда мекендейтін, өзінің тектілігімен, мәрттілігімен бағаланған аң. Елбасымыз Қазақстанды Орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған «Қазақстан - 2030» стартегиялық бағдарламасы бүгінгі күні кең байтақ өлкемізде орындалып жатыр.


Оқушы: Жамиля

Ел болдық,еркін болдық Астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады?!

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі

Президенттің атымен басталады


Оқушы: Қарасай

Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Ақ ниетті халық деген данам бар.


Мұғалім: Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының еліміз үшін атқарған ерен еңбегі халқымыз бағалап, құрмет тұтады. Оның ойы халық арманынан туған туындылар Еңселі Астана шаһарында көрініс тапқан. Біз де бүгінгі сабақта өз таңбамызды «Бақытты болашақ» таңбасын құрастырайық


Шығармашылық тапсырма

«Бақытты болашақ» таңбасы оқушылардың алдарына әр элементі қойылады да, олар элементтерді біріктіру арқылы таңбаны құрастырады. Ол элементіне түсінік беруі тиіс.


1-элемент. Қазақстан жері белгіленген жарты жер шары.

2-элемент. Гүл.

3-элемент. Денсаулық

4-элемент. Механика бөлшегі.

5-элемент. Тұрғын үйлер.

6-элемент. Барыс.

7-элемент. Кітап. Ғаламтор

8-элемент. Көгершін.


Оқушы: Наргиз

Қазір елім - достықтың гүлстаны,

Қуаныштың, бақыттың ырыс-бағы.

Мерекесін елімнің бірге тойлап,

Мұнда сан ұлт қосылып ту ұстаған


«Атамекен» Қазақстан картасы» этно - кешеніннің 10 жылдық мерейтойына Біздің сыйымыз:


Бекзат: «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-кешені - халық тарихы, қоғам өмірімен біте қайнасып, ата жұрытымыздың киелі мекенін ұрпақтан ұрпаққа мирас болып таныстырып отырған мәдени кешен. Елбасымыз айтқандай «Еліміз қайтіп күй кешсе, «Атамекен» Қазақстан картасы» да солай тыныс алуы тиіс» деген ойы бүгінде іске асуда. Мерейтойларыңыз құтты болсын!

Хор. «Атамекен» әнін орындауда «Бақытты болашақ» таңбасы бар композиция құралып, әнмен аяқталады. Композицияда жер шары мен айналасында әр түсті таңбалары бар матамен айнала оқушылар шеңбер құрайды.

6




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал