7


  • Учителю
  • План урока по воспитательному работу на тему 'Мардлар қўриқлайди - Ватанни'

План урока по воспитательному работу на тему 'Мардлар қўриқлайди - Ватанни'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мардлар қўриқлайди - Ватанни

  • 0


Мақсаты: 1. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән - маңызы туралы мағлұмат беру.
2. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу дағдыларын ұштау.
3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу;
Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншылдыққа баулу.
Көрнекіліктер: плакатка жазылған нақыл сөздер, батырлардың суреттері, буклеттер, оқушылар салған суреттер, белгілі даталар, слайд

Тәрбие сағатының барысы:
- Құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер!
Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне санаулы да күндер қалды.
Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.
1 - жүргізуші: Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі, бұл - біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!

2 - жүргізуші: 1941 жылы маусымның 22 - сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады.
Мұғалім: Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.

«Сарбаздар» әні орындалады.
1 - жүргізуші: Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды. 1945 жылы 8 - мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 - ында бұрын - соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.
2 - жүргізуші: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Биыл Ұлы Жеңіске 70 жылдығын атап өтеміз.
1 - оқушы. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштерінеде қашалып жазылған.

2 - оқушы.
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

3 - оқушы. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен күнге 1945 жылдың 9 - мамырына қайта оралтады.

2 - жүргізуші:

Жауынгер біздің саңлақтар,
Жауды жеңген солдаттар.
Ардақты Отан - ел үшін,
Бақытты туған жер үшін.

- Құрметті ұзтаздар, оқушылар сол ағаларымыздың рухына бас иіп 1 минут еске алайық.

5 - оқушы. 9 мамыр - Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.

6 - оқушы.
Оқ борады күні - түн
Жатты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ оқты алып.

7 - оқушы.
Туын жықпай қолдағы,
Опат болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Азаттықтың жемісін.

8 - оқушы:
Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.

9 - оқушы.
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап снарядтар қаққан да ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

10 - оқушы.
Жас ұрпақ, асыр сап
Шырқайды Ерлікті ән қылып,
Небір заңғар таулар құлазып шөксе де,
Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік

11 - оқушы.
Қасарысты жиырма сегіз,
Тынбай атты гранатты.
«Отан» деген отты лебіз -
Жандарынан жалын атты.

12 - оқушы:
Кетпес олар естен мәңгі,
Кектері тұр кеудемізде,-
Ерлік даңқы - жеңіс таңы
Жарқыратып келді бізге.

13 - оқушы. Орыс, қазақ, қырғыздан,
Құрылған бұл шағын топ.
Жауға үрей туғызған

Жайпап түсер жалын боп.

14 - оқушы
Жиырма сегіз, жиырма сегіз - бір ғалам,
Анау жаудың танктері лаулаған.
Ресей кең, Отан кең, артымызда Москва.
Шегінуге хақымыз жоқ, хақымыз жоқ бір қадам.

1 - жүргізуші: Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қару шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5, 5 миллион адамға жетті.

2 - жүргізуші: Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының бостандығы үшін күресті.

«Атамекен» әні орындалады.
1 - оқушы. Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанованың есімдерін мақтанышпен атайды.

2 - оқушы: Мәншүк Мәметова 1922 жылы дүниеге келді. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал облысы, Орда ауданында туылған, ал 1943 жылдың 16 - шы қазанында қайтыс болды. 1944 жылдың 1 наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100 - бригадасы құрамында майданға аттанды.

Мәншүк Мәметова - Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза тапты. Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған. Каһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

3 - оқушы: Әлия Молдағұлова (1925 - 1944) Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. Әке - шешесінен жастайынан айырылған ол ағасының тәрбиесінде болып, олармен бірге Ленинградқа көшіп келеді. Кейіннен Ленинградтағы балалар үйінде тәрбие алады.

«Отан үшін алға!»- деп, барлық жауынгерлерді соңынан ертіп, жауға қарсы ұмтылды. Жаудың бораған оғына қарамастан қыстаққа бәрінен бұрын кіріп, бірнеше жаудың көзін жояды.
Әлия соғыс жылдары ірі - ірі шайқастарға қатысып, мергендігімен аты шықты. Ер жүрек мерген қыз 20 - ға толмаған қыршын жасында жау оғынан көз жұмды.

4 - оқушы: Хиуаз Доспанова (19 - 19)
«Ана туралы» бейнеклип
1 - оқушы: Бауыржан Момышұлы (1910 - 1982) - жазушы, қазақ халқының аты аңызға айналған атақты Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, гвардия полковнигі. 1941 жылдың күзінен бастап, соғыс аяқталғанға дейінгі барлық шайқастарға қатысқан.

2 - оқушы: Талғат Бигелдинов ұшқыш болуды жастайынан армандап аэроклубта оқыды, кейін авиация училищесінде білім алып шығады. 1943 - 1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Жаумен 305 рет әуе шайқасына түсіп, 800 - ден астам техникасы істен шығарып, 7 ұшағын атып түсірді. Жаудың жүздеген танкілерін, зеңбіректері мен солдаттарын жойды. 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын алса, соғыстан кейін екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
3 - оқушы: Қасым Қайсенов (1909 - 2003 жылы) Соғысқа 1941 жылы шақырылды. Смоленск түбінде соғысты.«Отан соғысы» орденімен марапатталған, «Маршал Жуков» медалімен, «1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40жыл», «КСРО - ның Қарулы Күшіне 60 жыл»

4 - оқушы: Қабиденұлы Төлеген Тоқтаров Қатардағы жауынгер. 1942 жылдан бастап 1943 жылға дейін Сталинград майданында соғысқан. «Германияны жеңген үшін» медалімен марапатталған.

5 - оқушы: Нұркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808 - ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. Ленинград үшін шайқаста ерлік көрсеткен. Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31 - де еліміздегі ең мәртебелі атақ - Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді

6 - оқушы: Мәлік Ғабдуллин 1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8 - гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі танкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30 - қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады.

7 - оқушы: Махмет Қайырбаев 1925 жылы қаңтардың 1 - і күні Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Семиярка селосында дүние есігін ашып, 1996 жылы Павлодар қаласында өмірден өткен. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға лейтенант, артиллерия командирі.
Қазақ баласы мектептен кейін Павлодар педагогикалық училищесін бітірді. Соғыс басталғанға дейін Семиярка селосындағы мектепте мұғалім болды. Кеңес әскері қатарына 1942 жылы тамызда шақырылып, артиллерия училищесіне жіберілді. Ұлы Отан соғысына 1943 жылдан бастап қатысты. 17 - ші танкіге қарсы ататын артиллериялық жеке бригаданың құрамында болған.

Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін ол Павлодар облысында партия қызметінде болды. Тың жерлерді игерудегі еңбегі үшін екі рет Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталды.

«Алға, қазақ жігіттері» әні орындалады.

8 - оқушы: Сұрағанов Құдайберген Мағзұмұлы 1921 жылы 25 мамырда Павлодар облысының Қашыр ауданының Сұлуағаш ауылында дүниеге келген. Анасы Кәмила Бетімқызы бір жасында қайтыс болып, атасы Сұраған мен әжесі Жәникенің тәрбиесінде өседі.

Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңестер Одағының Батыры, физика - математика ғылымдарының кандидаты, доценті.

1935 жылы Байғаныс бастауыш мектебін бітіріп Октябрь таңы орталау мектебіне түседі. Зерек оқушы 1935 - 1936 оқу жылында 5 - ші және 6 - шы екі класты бір жылда бітіріп, Павлодар қаласындағы В. В. Воровский атындағы Педагогикалық училищеге оқуға түсіп, оны 1940 жылы қызыл дипломмен бітіреді. 1940 жылдың 9 ақпанынан 14 қазан аралығында Павлодар қаласынан 7 шақырым жердегі Жаңа ауыл орталау мектебінде мұғалім болып, математика және физика пәндерінен сабақ береді. Сол мектептен Қызыл Армия қатарына кетеді. 1942 жылдың наурыз айына дейін 185 - артиллерия полкында оқу батареясының курсанты болады

9 - оқушы: Серікбай Мүткенов 1913 жылдың 16 ақпанында Ертіс болысы №16 ауылда (С. Мүткенов ауылы) болашақ батыр дүниеге келді.

1932 жылы ауылындағы мектепке мұғалім болып орналасады. 1934 - 1935 жылдары Ертіс ауданына қарасты 18 - партсъезд атындағы колхозда, Рассвет совхозында жұмыс істейді. 1936 жылы ауылға қайта келіп ( Чкалов атындағы совхоздың №4 бөлімшесі), осы ауылда соғысқа кеткенге дейін мұғалім болады

1942 жылдың қаңтарында Серікбай Мүткенов Куйбышев әскери комиссариатына келіп, өзін майданға жіберуде өтінеді. Оны тәмамдағаннан кейін аға сержант С. Мүткенов Воронеж майданындағы (кейін 1 Украина болып өзгертілді) 38 - ші армияның 136 - атқыштар дивизиясы 342 - атқыштар полкінің құрамында зеңбірек командирі болып соғысқа енді.

1943 жылы Сталинград пен Курск шайқастағы Днепр өзеннің шайкасында ерлігімен көзге түсті.

1944 жылдың 15 қаңтарында Серікбай Мүткенов Украинаны азат ету жолында қаза тапты. Ол Черкасск облысы Звенигородский ауданы Ризино селосында жерленді. Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

10 - оқушы: Қанаш Камзин 1919 жылы 29 қарашада Павлодар облысы Ақсу ауданы Жолқұдық ауылында(бұрынғы Ермак) қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген

1931 - 1934 жылдар аралығында Павлодар қаласының қазақ - коммуна мектебінде оқыған. Оқуын Алматы қаласында одан әрі жалғастырды. 429 - шы ату полкінің рота командирі (52 - ші ату дивизиясы, 57 - әскер, 3 - ші Украина майданы), лейтенант. Ол 1938 жылы жұмысшылар факультетін тәмамдап, 1941 жылы Абай атындағы Алматы педагогикалық институтын бітірді. 1941 жылың шілдесінде Алматы қалалық военкоматымен қызыл Армия қатарына шақырылды. Сталинград жаяу әскерлер училищесінің жедел курсын аяқтаған. 1943 жылдан бастап, қан майданда болды. 1944 жылдың жазына қарай лейтенант Камзин 52 - ші ату дивизиясының 429 - шы ату полкіне басшылық етті. Молдавияны жаудан босатуда және Днестр өзенінің маңында өткен шайқаста ерекше көзге түсті. 1944 жылдың 13 сәуірінің түнінде лейтенант Камзин ротамен бірге бірінші болып, Днестр өзенін Бычок ауылы маңында босатты(Молдавияның Григориополь ауданы). Плацдармды басып алып, рота қарсыластың мықты бекінген қорғанысын бұзып өтеді. Батырлығы мен ер жүректілігі үшін Қанаш Камзинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталған.

«Ел қорғауға әзірміз» әні ұлдар орындайды

1 - жүргізуші: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын тікті 1945 жылы 30сәуірде.

14 - оқушы: Рақымжан Қошқарбаев
Қазақтай ел қайда? әні орындалады.
Мақал: Мақал - мәтелдер жалғастыру
1 - жүргізуші: Ия, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсеткен Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған аталарымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.

2 - жүргізуші: 1945 жылдың 9 мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс!

Ұлы Жеңіс!

Сүйінші, халқым сүйінші,
Сүйіншіге - сүйінші!
Шаттан ата - анамыз!
Шаттан ата - бабамыз!

1 - жүргізуші:
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен.
Жеңдік жауды күресте,
Жасалсын той мереке!

2 - жүргізуші:
Жеңістің туы жалтылдап,
Жығылмай мәңгі тұрады.
Сол тумен өскен аршындап,
Ерлердің бізбіз ұланы!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал