7


  • Учителю
  • Ұлы жеңіске-мың тағзым /ғылыми жоба/ руководитель педагог-организатор Джебетаева А. И.

Ұлы жеңіске-мың тағзым /ғылыми жоба/ руководитель педагог-организатор Джебетаева А. И.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: «Ұлы жеңіске- мың тағзым! »«Бұл күн –сол қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні.Бұл күн –әділеттің әділетсіздікті жеңген күні. Бұл күн –бүгінгі ұрпақтың соғыс ардагерлері сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғ
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Ұлы жеңіске- мың тағзым! »

«Бұл күн -сол қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні.Бұл күн -әділеттің әділетсіздікті жеңген күні. Бұл күн -бүгінгі ұрпақтың соғыс ардагерлері сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күн».

Н.Ә.Назарбаев.

I.Кіріспе

Тарих тізбегіндегі адамзат басынан өткізген соғыстың ең сұрапылының біткеніне де,міне 70 жыл өтті.Бұл халықтар бірлігінің жеңісі,бұл қайталанбас ерлік пен батырлықтың жеңісі ,бұл тылда қалған аналар мен балалардың жеңісі болды.Бұл соғыста әлем халқы сұрапыл соғыс деп мойындады.Себебі,ол адам баласының қол жеткізген техникалық,білімдік,ғылымдық табыстарының ең соңғы жетістіктерінің соғысы болды.Бұл соғыста басынан аяғына дейін өткізген,Жеңіс үшін күндіз-түні еңбек еткен ардагерлері туралы нақты мәліметтер,естеліктер жинау.

Батыс Қазақстан облысындағы 22 мың шаршы шақырым жерді алып құмды жазық даламен ұштасып жатқан,құт береке дарыған,қара шаңырақ,саба исі аңқыған мекенге жайлы өңір аудан болып қалыптасқанға дейін Бөкей губерниясына қарасты жеті территориялық бөліктерінің бірі он алты болыстан тұратын Қарасамар қыйсымы уез әуелде,кейін Жаңақала ауданы болып қалыптасты.

Ұлы Отан соғысы қарсаңында ауданның халқы 25 мың шамасында болды. Ұлы Отан соғысы басталған кезде қорғау үшін аудан бойынша әскерге адамды шақыру 1942 жылдың қаңтарында басталды.Әскерге шақырылғандардың алғашқы легі сол жылдың қаңтар,ақпан,наурыз айларында жөнелтілді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында ауданнан майданға 4599 адам аттанды. Майданға аттанғандардың басым көпшілігі фашист басқыншыларымен Сталинград,Воронеж,Калинин майдандарында Псков,Новгород облыстарында,Ленинград түбінде шайқасты.Майданға аттанып ұрыстың алғашқы шебінде ерлікпен шайқасқан боздақтардың 2266-сы майданнан оралмады.Олардың 1168 -і ұрыс даласында қаза тапты.Ал 1098 боздақ соғыстың алғашқы шебінде хабар-ошарсыз кетті.

Түйін:

«Ұлы жеңіске мың тағзым» тақырыбында жазылған бұл еңбегімде Қарасамардан ҰОС қатысқандардың тізімін іздестіру арқылы « Қызыл -кітап» құрастыру. Отан үшін от кешкен ауыл майдангерлері мен тыл еңбеккерлерінің із жолдарын терең іздене отырып, бейбітшіліктің қадір- қасиетін сезінуге, тарихи жылдардың куәсі болатын сол жылдардағы ауылдың үлкен-кіші еңбектерін үлгі етіп, оларды құрметтеу туралы айтылады.

Жобаның мақсаты:

1.Ұлы Отан соғысына жергілікті жерден қанша адам аттанғаның,ата-бабаларымыздың ерлік істерін паш етіп отырып еш жерде жарияланбаған, таныс емес тұлғаларды табу,сол туралы фотосуреттер және мәтіндік ақпарат жинау .

2.Ұлы Жеңістің елімізге қалай келгендігі жөнінде ұғыну, тарихи кезеңнің куәгерлерімен кең танысып,көнекөз қариялардың өткен өмір жолдары мен еңбектерін,көрген-білгендерін жинақтап өнеге қылу,мектеп мұражайына тың дәйектемелер жинақтау.

3.Қару орнына күрек ұстаған, тылға қатысып жеңіске үлес қосқан, мақтан тұтарлық ардагерлердің тамаша еңбек жолы жайлы толық деректер, фотосуреттер жинау.

4.Өлке тарихы туралы материалдарды жинақтай отырып,оны ғылыми тұрғыдан зерттеп, шығармашылықпен қолдана білу іскерліктерін дамыту.

Жобаның міндеті:

1.Оқушылардың Ұлы Отан соғысы жайлы түсініктерін кеңейте отырып, жеңістің оңайлықпен келмегеніне көздерін жеткізу және шығармашылық жұмыспен шұғылдануына бағыт беру.

2.Отанға,туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3.Оқушының өзіндік іс-әрекет жасауға үйрету,оның интеллектісін дамыту.

Күтілетін нәтиже:

1.Өз Отанын сүйетін,оның тарихын,тілін,әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді.

2.Оқушы бойында оқулықтан тыс материалдармен шығармашылық жұмыс істеу қажеттілігі пайда болады.

3.Оқушылардың Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне деген қадір-құрметін оята отырып,сол арқылы туып өскен өлкеге,Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастырады.

4.Отанымыздың тарихына жаңа беттер қосылады.

II.Негізгі мазмұны

Жоспары:

1.Ұрыс даласында қаза тапқандармен соғыстың алғашқы шебінде хабар-ошарсыз кеткендер.

2.Ұлы Отан соғысынан аман-есен оралғандар.

3. «Барлығы майдан үшін» деген ұранмен еңбек еткендер.

1.Ұрыс даласында қаза тапқандармен соғыстың алғашқы шебінде хабар-ошарсыз кеткендер.

1.АЛМАНОВ Әлмағамбет 1905 жылы Қарасамар ауылдық кеңесінде туған.Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 жылы қаңтарда шақырылды.Қатардағы жауынгер.1943 жылы Харьков обл Петров ауд.Большая Горловка дер жерленді.

2.АХМЕТҚАЛИЕВ Құмар 1912 жылы Қарасамар ауылдық кеңесінде туған.Қазақ әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.қаңтарда шақырылды.Қатардағы жауынгер.Хабарсыз кетті.

3.ӘБДІРОВ Жоламан 1925 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1943 ж.қаңтар айында шақырылды.Қатардағы жауынгер.1943 ж.қыркүйекте қаза тапты.Харьков обл.Валков ауд.Доброполье сел жерленді.

4.БАКАБАСОВ Сартай 1904 ж.ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.қаңтар айында шақырылды.Қатардағы жауынгер.1942 ж.қыркүйекте хабарсыз кетті.

5.БӘТЕСОВ Өтепберген 1914 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.қаңтарда шақырылды. Қатардағы жауынгер.1942 ж.тамызда хабарсыз кетті.

6.БЕКЕШОВ Құрман 1911 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.қаңтар айында шақырылды.Қатардағы жауынгер.1942 ж.тамызда қаза тапты.

7.БЕКҚҰЛОВ Шайхы Салахович 1908 ж.Мухор селосында туған.Татар,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.қаңтарда шақырылды.Қатардағы жауынгер.1942 ж.маусымда хабарсыз кетті.

8.БЕКМАҒАМБЕТОВ Бижан 1919 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1940 ж.қарашада шақырылды. Қатардағы жауынгер.1945 ж.мамырда хабарсыз кетті.

9.БИСЕНҒАЛИЕВ Молдамұрат 1918 ж. Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1939 ж.қарашада шақырылды. Қатардағы жауынгер.1941 ж.желтоқсанда хабарсыз кетті.

10.БИСЕНОВ Қайыр 1918 ж. Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1940 ж.қарашада шақырылды. Қатардағы жауынгер.1942 ж.тамызда хабарсыз кетті.

11.БИСЕНҒАЗИЕВ Ихсан 1899 ж.Мәстексай ауылдық кеңесінде туған.Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж. қаңтарда шақырылды.Қатардағы жауынгер.1942 ж.сәуірде хабарсыз кетті.

12.БІРМАҒАМБЕТОВ Құбай 1900 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.желтоқсан айында шақырылды.Қатардағы жауынгер.1944 ж. мамырда қаза тапты.

13.ҒИЛМАНОВ Айтқали 1907 ж. Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.қаңтарында шақырылды. Қатардағы жауынгер.1942 ж. желтоқсанда хабарсыз кетті.

14.ДӘРИЕВ Аманғали 1921 ж. Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.ақпанда шақырылды. Қатардағы жауынгер.1945 ж. мамырында хабарсыз кетті.

15.ДЕМЕСІНОВ Ерекеш 1900 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.қаңтар айында шақырылды.Қатардағы жауынгер.1943 ж.шілдеде қаза тапты.

16.ДОСМҰҚАНОВ Зинолла 1907 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.қаңтар айында шақырылды.Қатардағы жауынгер.1943 ж.мамырда қаза тапты.

17.ЕРҒАЛИЕВ Ихсан 1912 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.қаңтар айында шақырылды.Қатардағы жауынгер.1943 ж.ақпанда хабарсыз кетті.

18.ЕРЕКЕШОВ Байтұрған 1903 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.қаңтар айында шақырылды.Қатардағы жауынгер.1944 ж.қаңтарда қаза тапты.Полтаваобл.Кременчукм қал.жерленді.

19. ЕСКЕНДІРОВ Қанапия Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы шақырылды.Қатардағы жауынгер.1942ж.қыркүйекте хабарсыз кетті.

20. ЖАҚАНОВА Файзолла 1899 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.қаңтар айында шақырылды. Қатардағы жауынгер.1943 ж.ақпанда ұрыс даласында қаза тапты.Ленинград обл.Синявск Шымтезек кәсіпшілігі маңына жерленді.

21.ЖАҚАШЕВ Мизамғали 1915 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.қаңтар айында шақырылды.Қатардағы жауынгер.1942 ж.мамырда хабарсыз кетті.

22.ЖАЛҚАТОВ Қуан 1898 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.тамызда шақырылды. Қатардағы жауынгер.1942 ж.қазанда қаза тапты.

23.ЖОЛДАСҚАЛИЕВ Зейнолла 1924 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.қаңтар айында шақырылды.Қатардағы жауынгер.1942 ж.мамырда хабарсыз кетті.

24.ЖОЛДАСҚАЛИЕВ Қуанышқали 1911 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.қаңтар айында шақырылды.Қатардағы жауынгер.1942 ж.наурызда хабарсыз кетті.

25.ЖҰМАҒАЗИЕВ Зайыр Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.қаңтар айында шақырылды.Қатардағы жауынгер.1942 ж. желтоқсанда хабарсыз кетті.

26.ЖҰМАЛИЕВ Дүйсен 1909 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.ақпанда шақырылды. Қатардағы жауынгер.1942 ж. сәуірінде хабарсыз кетті.

27.ЗАЙЫРОВ Назар Закарияұлы 1917 ж.Мухор селосында туған.Татар,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1939 ж.қарашада шақырылды.Қатардағы жауынгер.1942 ж. қыркүйекте хабарсыз кетті.

28.ЗЕЙНЕШОВ Өмір 1899 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.ақпанда шақырылды. Қатардағы жауынгер.1943 ж.тамызда қаза тапты.Смоленск обл.Елянин ауд.Шимена дер.жерленді.

29.ИМАНҒАЛИЕВ Қайырғали 1923 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.наурызында шақырылды. Қатардағы жауынгер.1945 ж. наурызында қаза тапты.

30.Имашев Шағуаз 1915 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.қаңтар айында шақырылды.Қатардағы жауынгер,хабарсыз кетті.

31.ИШКАЕВ Хасен 1926 ж.Мухор селосында туған.Татар,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1943 ж.қарашада шақырылды.Қатардағы жауынгер.1944 ж. қаңтарда қаза тапты.

32.КЕРЕЕВ Қасым 1915 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ, әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1939 ж.шақырылды.1942 ж. хабарсыз кетті.

33.КҮНТУДАЕВ Ғаббас 1920 ж.Мухор селосында туған.Татар,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1940 ж.желтоқсанда шақырылды.Қатардағы жауынгер. 1941 ж. желтоқсанда хабарсыз кетті.

34. КҮНТУДАЕВ Зайыр 1915 ж.Мухор селосында туған.Татар,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.сәуірінде шақырылды.Қатардағы жауынгер. 1943 ж. қарашасында хабарсыз кетті.

35. КҮНТУДАЕВ Лукат Мухор селосында туған.Татар,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж. шақырылды.Қатардағы жауынгер. 1942ж. қаршасында оқ жарақатынан 133 далалық емханада (госпитальда) қайтыс болған.

36. КҮНТУДАЕВ Хамза Мухор селосында туған.Татар,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж. шақырылды.Қатардағы жауынгер. 1942 ж. маусымда хабарсыз кетті.

37.ҚАРАШЕВ Биғали 1917 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1939 ж.қарашада шақырылды. Қатардағы жауынгер,1941 ж.хабарсыз кетті.

38.ҚҰРМАШЕВ Ізім Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж. шақырылды.Қатардағы жауынгер,1943 ж. желтоқсанда қаза тапты.

39.ЛҰҚПАНОВ Айтқазы 1897 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.қаңтар айында шақырылды. Қатардағы жауынгер,1944 ж.сәуірде 36 ГВОМСБ оқ жарақатынанқайтыс болды.Днепропетровск обл.Каменка сел жерленді.

40.ЛҰҚПАНОВ Құбай 1911 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.ақпанда шақырылды. Қатардағы жауынгер,1942 ж.маусымда қаза тапты.Адагум.Неберджей өзендерінің Қырым Смяниесінің оңтүстік,батысынан 3 км,жерге жерленген.

41.ЛҰҚПАНОВ Сәлимат Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж. шақырылды. Қатардағы жауынгер,1944ж.сәуірде қаза тапты.

42.МЕНҒАЛИЕВ Диман 1917 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1939 ж.қаршада шақырылды. Қатардағы жауынгер,1945 ж.ақпанда қаза тапты.

43.МЕҢДІҒАЛИЕВ Шайдолла 1926 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1944 ж.қарашада шақырылды. Кіші лейтенант.19425ж.сәуірде қайтыс болды.Гомель обл.Порег ауд.Еланы дер.жерленді.

43.МОЛДАҒАЛИЕВ Әліпқали 1921 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.ақпанда шақырылды. Қатардағы жауынгер,1943 ж.ақпанда қаза тапты.Курск обл.Горчешен ауд.Рындино сел жерленді.

44.МОЛДАҒАЛИЕВ Төлеш 1902 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған.Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.қаңтарда шақырылды.Қатардағы жауынгер.1942 ж.желтоқсанда хабарсыз кетті.

45.МУСАҒАЛИЕВ Хаби 1906 ж. Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 19423ж.сәуірде шақырылды. Қатардағы жауынгер,1944 ж.маусымда қаза тапты.

46.МҰҚАМБЕТИЯРОВ Жұмағали 1903 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1943ж.мамырда шақырылды. Қатардағы жауынгер,1945 ж.ақпанда хабарсыз кетті.

47.МҰҚАМБЕТИЯРОВ Кенже 1915 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942ж.қаңтарда шақырылды. Қатардағы жауынгер,1944 ж. желтоқсанда хабарсыз кетті.

48.МҰҚАНОВ Жексенғали 1911 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942ж.қаңтарда шақырылды. Қатардағы жауынгер,1942 ж.қарашада қаза тапты.Волгоград обл,Красно армейск ауд.Цибенко пос.оңтүстік батысынан 800 м жерге жерленді.

49.МҰҚАНОВ Жұмағали 1910 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.қаңтарында шақырылды. Қатардағы жауынгер,1943 ж.қыркүйекте хабарсыз кетті.

50.НАУРЫЗҒАЛИЕВ Досмұқан 1903 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942ж.қаңтарда шақырылды. Қатардағы жауынгер,1942 ж.қарашада хабарсыз кетті.

51.НЕГАЕВ Хайролла 1907 ж. Мәстексай ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы1942 ж. қаңтарда шақырылды. Қатардағы жауынгер.1943 ж.наурызда хабарсыз кетті.

52.НҰРҒАЛИЕВ Алдан 1914 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы1942 ж.қаңтарында шақырылды. Қатардағы жауынгер,1942 ж.желтоқсанда хабарсыз кетті.

53.НҰРПЕЙСОВ Бақтыгерей 1918 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы1942 ж.қаңтарында шақырылды. Қатардағы жауынгер,194 ж.сәуірде хабарсыз кетті.

54.ОМАРОВ Зинолла 1926 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы1942 ж.қарашада шақырылды. Кіші сержант.Оқ жарақатынан 1943 ж.қыркүйекте қайтыс болды.Ленинград қал.Пискарев зиратына жерленді.

55.ОМАРОВ Кенжеғали 1910 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы1942 ж.ақпанда шақырылды. Қатардағы жауынгер,1944 ж.ақпанда қаза тапты.Витебск обл.Рассан ауд.Скрабуны дер.оңтүст.шығыс жерленді.

56.ӨЗБЕКОВ Минин Сәлімұлы 1919 ж.Мухор селосында туған.Бат.Қаз.обл. Татар,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1939 ж.қарашада шақырылды.Лейтенант.1942 ж.желтоқсанда ұрыста қаза тапты.Воронеж обл.Таврово сел.жерленді.

57.ӨТЕБАЕВ Өтеген 1904 ж.Қисыққамыс ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы1942 ж.қаңтарында шақырылды. Қатардағы жауынгер,1944 ж.наурызда ұрыста қаза тапты.

58.ӨТЕЕВ Нәби 1923 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы1942 ж.желтоқсанда шақырылды. Кіші сержант.1943 ж.қыркүекте қаза тапты.Смолинск обл.Еленск ауд.Петрова дер.солтүстік.1 км жерде жерленді.

59.ӨТЕПОВ Уәкіл 1923 ж. Мухор селосында туған.Татар,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж. мамырда шақырылды.Гв.лейтенант,1945 ж.ақпанда ұрыста қаза тапты.Германия Шығыс Силлезия Седлец сел.жерленді.

60.ӨТЕПОВ Ғалім 1903 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы1942 ж.сәуірде шақырылды. Кіші сержант.1942 ж.мамырда хабарсыз кетті.

61.ӨТЕПОВ Хакім 1906 ж.Мухор селосында туған.Бат .Қаз.обл. Татар, әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.ақпанда шақырылды.Қатардағы жауынгер.1942 ж.желтоқсанда хабарсыз кетті.

62.РАИСОВ Ізим 1918 ж. Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы1942 ж.мамырда шақырылды. Қатардағы жауынгер.1944 ж.қаңтарда хабарсыз кетті.

63.САГИТОВ Нұғман 1915 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы1942 ж.мамырда шақырылды. Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы1942 ж.сәуірде шақырылды. Кіші сержант.1942 ж.мамырда хабарсыз кетті.

64.СӘКЕНОВ Файзолла Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы1942 ж.қаңтарда шақырылды. Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қатардағы жауынгер.1942 ж.қазанда хабарсыз кетті.

65.СӘТИЕВ Жұмаңияз 1898 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы1942 ж.қаңтарында шақырылды. Қатардағы жауынгер.1944 ж.ақпанда қаза тапты.Эстония .Руверот Ямал манына жерленді.

66.СЕЙТҚАЛИЕВ Сатқын 1922 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы1942 ж. қаңтарда шақырылды. Сержант. 1944 ж.қаңтарда қаза тапты.Псков обл.Неввело ауд.Червоеды дер.жерленді.

67.СЕКСЕНОВ Бақтыгерей 1903 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы1942 ж. қаңтарда шақырылды. Қатардағы жауынгер.1942 ж.сәуірде хабарсыз кетті.

68.ТӨЛЕГЕНОВ Өтеғали 1898 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы1944 ж. қарашада шақырылды. Қатардағы жауынгер.1945 ж.сәуірде ұрыста қаза тапты.

69.ТУМАҒАНОВ Өтеген 1898 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы шақырылды. Қатардағы жауынгер. 1945 ж.сәуірде қаза болды.Австрияның Обершютцен сел.жерленді.

70.ТҰЙҒЫНОВ Мизамғали Қатардағы 1925 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1943 мамырда шақырылды. Қатардағы жауынгер. 1943 ж.желтоқсанда ұрыста қаза тапты.Житомир обл.Радомыш ауд.Малье Речи сел.оңтүстік шетінде жерленді.

71.ШАНЫБАЕВ Меңдеш 1905 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж.қаңтарында шақырылды. Қатардағы жауынгер. жауынгер.1942 ж.сәуірде хабарсыз кетті.

72.ШИТАНОВ Хайролла 1942 ж. Мухор селосы.Батыс.Қаз. обл.туған. Қазақ ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж. ақпанда шақырылды. Қатардағы жауынгер. жауынгер.1942 ж.қыркүйекте оқ жарақатынан қайтыс болды.Воронеж.қал.туысқандар зиратына жерленді.

72.ШОМБОЛОВ Еділбай 1900 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы1942 ж. қаңтарында шақырылды. Қатардағы жауынгер.1942 ж.хабарсыз кетті.

73.ЮСУПОВ Файз Рамазанұлы 1910 ж.Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж. қаңтарында шақырылды. Аға сержант.1944 ж.ақпанда ұрыста қаза тапты.Кривой -Рог обл.Новоселовка дер.солтүс. шығысынан 1,5 км.жерде жерленген.

2.Ұлы Отан соғысынан аман-есен оралғандар.

1.АЙТҚҰЛОВ Сәлім (1913-1975) Жаңақала ауданы Мұқыр ауылында дүниеге келген.Барлаушы,Кеңес Одағының Батыры (1943 ).Балалар үйінде тәрбиеленді.1943 жылы 29 қыркүйекте Днепр үшін болған ұрыста 231-гвардиялық атқыштар полкінің кіші лейтенанты Айтқұлов бастаған взвод жаудың 2 взводын жойды.Жараланғанына қарамастан,Айтқұлов өз взводын жау қоршауынан алып шықты.Жеңіс күнін Польша жерінде қарсы алып,елге оралған.

2.АЖҒҰЛОВ Өтеш(1910-1984)Еңбек ардагері.Әкеден ерте айырылып,еңбекке жастайынан араласады.1929-1949 жылдары Кеңес,шаруашылық жұмыстарында болады.Ұлы Отан соғысында жараланып елге оралғаннан кейін Шалқар,Таубұйрат,Бөрлі,Киров атындағы Ұжымшарда төраға,1963-1970 жылдары «Мәстексай» кеңшары №3 бөлімшесінде меңгеруші қызметтерін атқарған.Ұзақ жылғы жемісті еңбегі лайықты бағаланып Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен,көптеген жауынгерлік және еңбек медальдарымен марапатталған.

3.АЙДОШОВ Қойшығали (1911-1985) Қарасамар ауылдық кеңесінде туған. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы 1942 ж. қаңтарында шақырылды. Қатардағы жауынгер. 1946 жылдары соғыстан оралды.

4.БИЖАНОВ Құспан Жүсіпұлы (1924-1996) қазіргі Жаңаталап маңында дүниеге келген. Қазақ,әскерге Жаңақала АӘК арқылы шақырылды. Қатардағы жауынгер. Бірнеше құрмет медальдарымен марапатталған.

5.ЕШКАЕВ Кәрім Ахметжанұлы 1925 ж.Мұқыр ауылында дүниеге келген.Ұлы Отан соғысына қатысқан.1943ж.майданда ауыр жараланып елге оралған.Зейнеткерлікке шыққанша мал дәрігері болып қызмет атқарды.Көптеген жауынгерлік орден,медальдармен марапатталған.

6.ЖӘРДЕМОВ Ахон (1914-1984) 1914 ж.Жаңақала ауылының Қарасамар ауылдық Кеңесінде дүниеге келген.Жасында ауыл молдасынан арабша сауат ашып,кейін кеңес өкіметінің мектебінде оқып білім алған.Туған ағасы Жардемов Қапсенмен бірге Жаңақала ауданының Қарасамар ауылдық кеңесіне қарасты елді мекендерде мұғалім болып қызмет жасаған.1942 ж.қаңтарында майданға аттанып,Сталинград бағытындағы шайқастарға қатысқан.Соғыстан оралған соң Қоскөл елді мекеніндегі Чапаев бастауыш мектебінде мұғалім болып,1959 ж.дейін қызмет жасаған.1959-1960 ж. Мұқыр ауылындағы 8 жылдық мектебіне қазақ тілі пәнінің оқытушысы болып жұмысқа орналасқан.1953 ж.Орал педагогикалық институтын қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша бітірген.1968 ж.бастап оқытушылық қызмет атқара жүріп,жатаханада тәрбиешілік қызмет атқарған.1970 ж.зейнеткерлікке шықты.Бірнеше медальдармен наградталған.

7.ЖӘРДЕМОВ Қапсен 1911 ж.Қарасамар ауылдық кеңесіне қарасты Байжігіт елді мекенінде дүниеге келген.Ол діни мектепте оқып сауат ашты.Еңбекке 17-18 жасында араласып,Қарашағыл (Факеев) деген жерде,Айтпай,Қызылоба,Әукетай,Мұстапа елді мекеніндегі бастауыш мектепте мұғалім болды,ересектерді сауаттандыру ісіне белсене араласты.1942 ж.әскерге алынып,16 наурыз күні танкке оқ ататын 592 артеллерия полкінің құрамында 78 мм зеңбірікшілер тобында ұрысқа кірісті.Белая қаласын алудағы ерлігі үшін қатардағы жауынгер аға сержант шенімен топ камандирлігіне жоғарлатылып, «Қызыл Жұлдыз»орденімен наградталды.1944 ж.3-Беларус майданында 39 армияның 5 гвардиясы,1-Балтық жағалауы майданында 43 армияның 60 атқыштар курпусы жауынгерлерімен Витевскіні азат етудегі ерлігі үшін III дәрежелі «Даңқ» орденін иеленді.Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталса да Қ.Жардемов үшін жорық әлі аяқталған жоқ-ты.1945 ж.жеңістен соң Забайкал майданының құрамында Жапон жеріне аттанды.Онда Маньчжуро және Халун-Аршан аудандарындағы бекіністерді бұзуға қатысып,Үлкен Хингал таулы жоталарын,Монғолияны шөлді далаларын жүріп өтіп,Жапонияның атышулы Квантун армиясын талқандауға қатысты.Ерлігі үшін II дәрежелі «Даңық» орденімен марапатталды.Елге оралғаннан кейін еңбек ете жүріп1946-47 ж.Орал педагогикалық училищесін,1951-57 ж.педагогикалық институтты тәмамдады.Ұрпақ тәрбиелеу ісінде ұзақ жыл еңбек етіп,құрметті еңбек демелысына шықты.

8.САПАРОВ Сырым Сапарұлы 1924жылы 28 тамызда Жуантөбе ауылдық кеңесіне қарасты Қаншағыл елді мекенінде дүниеге келген.Мектеп бітіргеннен кейін бригада табелшісі,есепші қызметтерін атқарған.1941 жылы Кеңес Армиясы қатарына алынып,Уфа қаласындағы 1 жылдық әскери училищеде оқып,кіші командир атағын алады.1942 жылы Украина майданына аттанады.Ұлы Отан соғысы кезінде 1-Украина,1-Белоруссия,Чехославакия майдандарында,Прага жерінде шайқасады.1946-1984 жылдары Айдархан,Жігер,Казарма елдімекендерінде,Чапаев,С.Меңдешов орта мектептерінде мұғалім,1984 жылы зейнеткерлікке шыққан.Сырым Сапарұлы бірнеше құрмет грамоталарымен марапатталған.Мәстексай ауылында Сырым Сапарұлы атында көше бар.

9.САРКЕНОВ Құрманғазы Біләлұлы 1923 жылы Батыс Қазақстан облысы,Орда ауданында дүниеге келген.1942 ж.Ұлы Отан соғысына алынып Донбасты,тұтас Украинаны,Польшаны азат етуге қатысқан.1944 ж.Польшаның Синфомир қаласындағы ауыр шайқастардың бірінде қатты жараланып елге оралды.Қзақ жылдар оқытушылық қызмет атқарды. «Отан соғысы» ордені және көптеген медальдармен марапатталған.

10.СЕРТЕКОВ Тұяқ (1922-2009) 1922 жылы дүниеге келген.Ұлы Отан соғысына қатысқан.Прага,Варшава,Даиг-Пренс,Бервальде,Драмбург қалаларын жаудан азат етуде ерлікпен шайқасқан.Құдіретті «Катюшаның» командирі.Майдандағы ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз», «Отан соғысы» ордендері, «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен марапатталған.Ұзақ жылдар халық ағарту саласында еңбек етті.

11.ТІЛЕПБЕРГЕНОВ Нағым 1926 ж.Қарасамар ауылдық Кеңесінде дүниеге келген.1945-1950 ж.ж.Кеңес әскері қатарында болған.Ұзақ жылдар «Мәстексай» кеңшарында жүргізуші қызметін атқарған.ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордені,медальдармен марапатталған.

12.ТЛЕПОВ Нағым 1925 ж.Мұқыр ауылында дүеиеге келген.Ұлы Отан соғысына қатысқан.Ұзақ жылдар «Мәстексай» кеңшарында аға малшы болды.ІІ жәрежелі «Отан соғысы»,Ұлы Қазан Революциясы ордендерімен және медальдармен марапатталған.

13.ИМАНҒАЛИЕВ Өтеш (1914-1997) 1914 ж.Сарыкөл ауылында дүниеге келген.Ұлы Отан соғысына қатысып Ленинград қоршауында фашистерге қарсы ерлікпен шайқасқан.Ұзақ жылдар бойы «Мәстексай» кеңшарында механизаторлық қызмет атқарды.

14.АЖҒҰЛОВ Өтеш(1910-1984)Еңбек ардагері.Әкеден ерте айырылып,еңбекке жастайынан араласады.1929-1949 жылдары Кеңес,шаруашылық жұмыстарында болады.Ұлы Отан соғысында жараланып елге оралғаннан кейін Шалқар,Таубұйрат,Бөрлі,Киров атындағы Ұжымшарда төраға,1963-1970 жылдары «Мәстексай» кеңшары №3 бөлімшесінде меңгеруші қызметтерін атқарған.Ұзақ жылғы жемісті еңбегі лайықты бағаланып Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен,көптеген жауынгерлік және еңбек медальдарымен марапатталған.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал