7


  • Учителю
  • 'Менің Отаным - Қазақстан' атты тәрбие сағаты

'Менің Отаным - Қазақстан' атты тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

КММ «ЕГІНДІ-АҒАШ ОРТАЛАУ МЕКТЕБІ»












Тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан»


Өткізген: 7-8 сынып жетекшісі Кожабеков М.Д.

2015-2016 оқу жылы

Тәрбие сағаты


Күні: 01.09.2015 ж.

Тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан»

Мақсаты:

  • Оқушылармен халқымыздың өткен және бүгінгі тарихына қысқаша шолу жасау, еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімен таныстыру, Конституция, мемлекеттік нышандар және Астана қаласы туралы, «Мәңгілік Ел» доктринасы мен «100 нақты қадам» реформасы туралы түсінік беру;

  • Оқушылардың өз Отанына қатысты танымдық қасиеттерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;

  • Туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өзіндік көзқарасы бар толерантты, тәртіпті, жауапкершіл азамат тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қазақстан саяси картасы, Қазақстан Республикасының Президентінің портреті, «Тарих толқынында» кітабы, қанатты сөздер жазылған плакаттар, слайд материалдары.

Тәрбие сағатының барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі;

  • Кіріспе бөлім (елдің өткені мен бүгінгі тарихына қысқаша шолу);

  • Негізгі бөлім.

  • Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы;

  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев;

  • Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығы;

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары;

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы - Теңге;

  • Қазақстан Республикасының Елордасы - Астана қаласы;

  • «Мәңгілік Ел» доктринасы;

  • «100 нақты қадам» реформасы;

  • Қазақ хандығының 550 жылдығы;

  • ҚХА 20 жылдығы;

  • Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары.


1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, жеке мемлекет болды. Әлем картасында жаңа Қазақстан Республикасы деген мемлекет пайда болды.

Қазақстан Республикасын бүгінде әлемнің 120-дан астам мемлекеті мойындаған. Еліміз көптеген мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орнаткан.

1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш Қазақстанда бүкілхалықтық Президент сайлауы өтіп, көпшіліктің қолдауымен Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Ата Заң бойынша Президент - татулық пен бірліктің кепілі. Халықаралық аренада Қазақстан атынан өкілдік етеді. Сонымен қатар Президент қарулы күштердің бас қолбасшысы болып саналады.

Конституция - мемлекеттің негізгі заңы. Мемлекетте қабылданатын барлық заңдар, ережелер, қаулылар, құжаттар конституция негізінде ғана жасалады. Осылардың барлығы конституция талаптарына қайшы келмеуге тиіс.

«Конституция» термині латын тілінде «құрылым» деген мағынаны білдіреді. Қазақстан Республикасының Конституциясы - бұл еліміздің басты саяси-құқықтық құжаты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Тарих толқынында" атты еңбегінде "Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр", - деген сөзі бар.

Республиканың Конституция тарихына үңілгенде тарих толқынындағы айтылған қазақ құқығының тарихында бізге аңыз бойынша жеткен Қасым мен Есім хандардың есімдеріне байланысты айтылатын "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" және Тәуке ханның "Жеті жарғысы". "Жеті жарғыға" ХVІІ ғасырдағы қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік өмір қажеттілігінен туған қаулылар еніп, қазіргі көзқараспен айтқанда дала конституциясы құқығына ие болған.

Қазақстан теңгесін Ұлыбританияның «Харрисон» фирмасы жасап шығарған. Қазіргі кезде теңгені өз елімізде жасалады. Теңгенің еліміз аумағында айналымға енген уақыты -1993 жыл 15 қараша. Теңге металл және қағаз түрінде болады. Алғашқы шыққан теңгелерде белгілі тұлғалардың суреті салынған. 3 теңгелікте Сүйінбай, 5 теңгелікте Құрманғазы, 10 теңгелікте Шоқан, 20 теңгелікте Абай, 50 теңгелікте Әбілқайыр, 100 теңгелікте Абылай суреттері, ал 1, 200, 500, 1000, 2000, 5000 теңгеліктерде әл-Фарабидің суреттері бейнеленді.

Ақмола Қазақстаннын орталығында (Еуразияның кіндігінде) орналасқан. Тоғыз жолдың торабы. Төрт жағынан электрлендірілген темір жол келіп кіреді. Жері өте қолайлы, жазықта далада, Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астананы Ақмолаға көшіру туралы жарлық 1996 жылы 6 шілдеде шықты. 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола Қазақстан астанасы болып жарияланды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды. Осы жылы Ақмола қаласына Астана атауы берілді.

ҚР Президенті өзінің кезекті Жолдауында «Мәңгілік Ел» туралы былай деген: «Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу - ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз. Сондықтан барлық буын өкілдеріне үн қатамын! Алдымен, алдыңғы толқын - аға буын! Сіздердің көрегендіктеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз кейінгі буынның ақиқат жолынан адаспай, алға басуына септігін тигізеді. Ортаңғы буын отандастарым! Сіздердің еншілеріңізге алып империяның күйреп, жас, тәуелсіз мемлекеттің түлеген кезеңі дөп келді. Сіздердің күрделі де қиын шешімдер арқылы жинаған өлшеусіз тәжірибелеріңіз - қиындықтардан қыңбай өтуімізге қажетті баға жетпес қазына. Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер - болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда. Сендер тәуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер. Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің - елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш. Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары - ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын».

Қорытынды: Отанымыздың даңқы - ерлік пен қаһармандықтың даңқы. Отанды сүю от басынан басталады. Отанға деген сүйіспеншілікті патриотизм, Отанды сүйетін адамдарды патриот деп атайды. Біздің міндетіміз - болашақ Қазақстанды өркендету үшін барынша аянбай еңбек терімізді төгіп, атсалысу. Ұлт болашағы жас ұрпақтың қолында!

1 қыркүйек - Білім күнімен ұстаздар мен оқушыларды құттықтаймын. Елбасы өзінің бір Жолдауында «ХХІ ғасыр - білім ғасыры» деген екен. Олай болса елімізді өркендету үшін білімді жастар керек. Сондықтан да сіздер, келешектің ірге тасын қалайтын жастар жақсы оқып, сапалы білім алуға ұмтылыңдар! Өз Отанымыз Қазақстанды болашақта гүлденген, дамыған елдердің қатарында көру үшін барлығымыз үлестерімізді қосайық!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал