7


  • Учителю
  • План воспитательного урока на тему «Менің отаным -Қазақстан»

План воспитательного урока на тему «Менің отаным -Қазақстан»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Менің Отаным -Қазақстан

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру.

Балалардың тіл байлығын ,сөзді бйланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, туған елін,жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Қазақстан картасы,рәміздер,суреттер,отан туралы мақал-мәтелдер.

-Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз

Біз бақытты баламыз,-дей отырып, « Менің Отаным -Қазақстан » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Қазақстан Респуликасының мемлекеттік әнұраны орындалады.

-Балалар ,сендер қандай ән орындадыңдар?

-Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.

Дұрыс айтасыңдар,балалар .Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны,туы,елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атймыз.Осы рәміздер туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін.

-Мынау - біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк аспандай көгілдір,ортасында күн,астында бүркіт ұшып келе жатыр.

-мынау-елтаңбамыз.Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі,бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.

-Балалар,біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?

-Астана қаласы

-Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз,

Астанамыз Астана -бас қаламыз.

-балалар, үлкен мерекелерде туымыз көтеріліп,әнұранымыз орындалады.Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс.Ал әнұранды біз білеміз.Сендер елтаңба мен туды әрқашан қастерлеуге тиіссіңдер.Қазақстан республкасының рәміздері туралы кім тақпақ біледі?

Әділет:

Көк туымыз бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.

Айжан.

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Яна:

Елтаңбасы елімнің ,

Қандай әйбат әдемі

Тұнығындай көңілдің ,

Ортада аспан әлемі

Нұржол:

Құт береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

-Жарайсыңдар, балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз,демек, Отанымыз -Қазақстан.халқымызда « Отан отбасынан басталады» деген мақал бар.Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар.Отан деген не?Қалай түсінесіңдер?

Айзат: Отан деген менің үйім,туған жерім.

Айшат: Менің жүрегім Отан деп соғады.

Рүстем:

Азаматқа лайық ,

Отанымның ұлымын.

Отанымды қорғайтын,

Азаматтың бірімін.

Отан деген -Атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан -ана,отан -үлкен,

Қазақстан - туған ел.

-Балалар ,Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?

-Нұрсұлтан Назарбаев атамыз

Елбасымыз туралы кім тақпақ біледі ?

Дильяра :

Шықты тарап ой данадан,

Бер қарады жұлдыз беті,

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар президенті.

-Балалар,өте жақсы.Егеменді елдің басты белгісі-тіл.қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады. Қазақ тілі -біздің ана тіліміз.

Армат:

Тілім барда мақтанам,

Тілім менің аппақ ән

Бірлігім бүгінгі,

Ана тілім сақтаған.

Досымжан:

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

-Балалар,сендер отан туралы жан-жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер.Енді сендер Отан туралы мақал-мәтел айтайық.

Отан -оттанда ыстық.

Отан -елдің анасы,

Ел-ердің анасы.

Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас.

-Міне , балалар , өміріміздің жалғасы ,еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.

Құрметті ұстаздар!Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тапта ,бар қалан»деп ,бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал