- Учителю
- Сценарий вне классного мероприятия к 70-летию Победы
Сценарий вне классного мероприятия к 70-летию Победы
«Ерлікке тағзым - елдігіміздің белгісі »
Мақсаты:
Оқушыларды сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.
І жүрг: Армысыздар, құрметті ардагерлер, оқушылар, ұстаздар, қонақтар!
Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырғын соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған кешін ашық деп жариялаймыз!
Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)
Немересі: Әже, әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)
Әжесі: Талабына нұр жаусын, арманыңа жет, балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымыип, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып келе жатып, радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады).
Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабуыл жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің территориясына басып кірді.
(Ән «Священная война», қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).
Немересі:
Аттан, әке,жолыңнан кешігесің.
Кеуйдесінде жаны бар пақырларың
Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)
Әкесі:
- (әкесі қолындағы бір жасар баласын қызына беріп тұрып)
Тыңда, балам, тыңда ,күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің,
Барлығы саған аманат.
Әжесі: