7


  • Учителю
  • КЕҢЕС САБАҚ 2-сынып бойынша оқушылардың жұмыс дәптерлеріне қойылатын талаптар

КЕҢЕС САБАҚ 2-сынып бойынша оқушылардың жұмыс дәптерлеріне қойылатын талаптар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ата -аналарға арналған кеңес сабақ



Пәні: ҚАЗАҚ ТІЛІ, МАТЕМАТИКА

Көрнекіліктері: слайд, қима суреттер.

Кеңестің ұзақтығы: 20 минут

</ Тақырыбы: 2-сынып бойынша оқушылардың жұмыс дәптерлеріне қойылатын талаптар

Мақсаты: Жұмыс дәптерлеріне қойылатын талаптармен таныстыру.

Жазаба жұмыстары арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру.

Жазба жұмыстарында жіберілген қателерімен жұмыстануға дағдыландыру.

Барысы:

«Өрмекші торы» тренинг.

Ата-аналар шеңбер жасап тұрады. Өрмекші торын құра отырып бір-біріне тілектер айтады.

Топпен жұмыс

2-сынып бойынша оқушылардың жұмыс дәптерлеріне қойылатын талаптарды талқылау.

1-топ (достық)

Математика пәні бойынша:

1.Күннің жады 11 торкөз тасталынып, 12 торкөзге «12-қазан» деп көрсетілуі керек.10 торкөз тасталынып, «Сынып жұмысы» деп жазылады. 8 торкөз тасталынып, тақырып мысалы: «Үлес» деп жазылады.

2.14 торкөз қалдырылып, 5-мысал деп нөмірленеді.

3. Әр баған арасына 4 торкөз, әр тапсырма арасы 2 торкөз тастап жазу керек.

4.Үй тапсырмасы мен сынып жұмысы арасында 4 торкөз тастап жазылады.

5. Бақылау жұмысы бір бағамен бағаланады.

2-топ (сыйластық)

Қазақ тілі пәні бойынша:

1.Күннің жады сөзбен үш саусақ тастай отырып «Он алтыншы қазан» деп жазылады.

2.Үй жұмысы мен сынып жұмысының арасында 2 жол тасталынады. Үүйге берілген тапсырма үй жұмысы деп көрсетіледі.

3.қазақ тіліндегі тапсырмалар, талдау жұмыстары қарындашпен толтырылады.

4. жазба жұмысында 2 баға түсіріледі.

Жұмыс дәптерлерінің сырты толық толтырылады. Ақ бетпен және дәптер қаппен қапталады.

Сынып оқушылары «Сүйікті іс» тақырыбында диктант жазады, ол диктантты кеңес сабақта ата-аналары тексеріп төмендегі бағалау мөлшері бойынша өз балаларын бағалайды, талдайды.

Диктант жұмысын бағалау мөлшері.

«5» - Қатесі жоқ. Жазуы көркем, таза, анық, каллеграфиялық нормаға сай. Түзету саны екіден артық емес.

«4» Емле қатесі -2, тыныс белгі қатесі - 2: жазу көлбеулігі сақталмаған, әріптер биіктігі әртүрлі.

«3» - 2-3 емле қатесі, 2-3 тыныс белгі қатесі бар. (|4 емле, 2 тыныс белгі не 5емле, 1 тыныс белгі) жазу көлбеулігі сақталмаған, әріптер дұрыс таңбаланбаған, әріптер биіктігі әртүрлі.

Кері байланыс: Не үйрендім?

Нені ескеруім тиіс?



КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Жұмыс дәптерлеріне қойылатын талаптарды ескере отырып, тазалыққа, сауаттылыққа үйрену.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал