- Учителю
- 8 - сыныпқа арналған 'Қызға - нәзіктік, ұлға - батылдық' тәрбие сағатының жоспары
8 - сыныпқа арналған 'Қызға - нәзіктік, ұлға - батылдық' тәрбие сағатының жоспары
Бекітемін:
ДТІЖО: А.Б.Муканова Мұғалім: Л.М.Хамитова
Сыныбы: 8
Күні:2.11.
Тәрбие сағытының тақырыбы: «Қызға - нәзіктік, ұлға - батылдық»
Тәрбие сағытының мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қыздар мен ұлдар туралы түсінік бере отырып, өз ойларын жеткіздірту арқылы қыздар мен ұлдар қандай болу керек екенін тереңірек түсіндіру
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, жан-жақтылықтарын, дүниетанымдарын, ескі мен жаңа ағымды ұштастыру қабілеттерін арттыру, заманауи қыздар мен ұлдар толеранттылықтарын дамыту
Тәрбиелілік: Оқушыларды жан-жақтылыққа, толеранттылыққа, тәрбиелілікке, ана сүті мен әке үмітін ақтай білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағытының типі: аралас
Тәрбие сағытының түрі: жаңа білім меңгерту
Тәрбие сағытының өту әдісі: Көрнекіліктерді пайдаланып түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, постер қорғау
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: нақыл сөздер, постер, стикерлер, түрлі - түсті бояу, суреттер, ресурстар,компьютер
Тәрбие сағытының өту барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды тексеру, түгендеу, сыныптың назарын сабаққа аудару.
Топқа бөлу: қыздар, ұлдар
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1-тапсырма: топ атын құру, ережесін құру
2-тапсырма: әр топ өздерінің бас әріптерінен өз ерекшеліктерін жеткізу
3-тапсырма: «Қызға - нәзіктік, ұлға - батылдық» қыздар, ұлдар туралы нақыл сөздер
4-тапсырма: «Қазіргі қыздар», «Қазіргі ұлдар» атты постер қорғау
5-тапсырма: «Бұрынғы+қазіргі=?» шығармашылық жұмыс (постер, презентация, т.с.с.)
Қорытындылау:
1-қарама - қарсы топ бір - бірін бағалау сөзбен
2-Рефлексия «Маған ұнады..., мен ұсынамын....»
Үйге тапсырма:
Мақала жазу: қыздар, ұлдар туралы
Сыныптағы ұл-қыздар жетістігін жазу
Қазақстанның ұл-қыздарының жетістігін жазу