- Учителю
- Сценариц для праздника 'Наурыз'
Сценариц для праздника 'Наурыз'
Армысың Әз-Наурыз
Флешмоб қыздар «Қамажай», ұлдар «Қара жорға»
Жүргізуші: Армысыздар аса құрметті «Әз Наурыз» мерекесіне жиналған қазақ елі!
Жүргізуші: Бүгін Көктем берекесі, жыл басы, ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі!
Жүргізушілер: Ендеше мерекеде осында, берекеда осында
Ән «Наурыз-думан» БАРЛЫҒЫ БІРГЕ,
Жүргізуші Жұтқанда қуанасың таза ауаны
Құлаққа естілгендей дей жах әуені
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи
Наурызың құтты болсын қазақ елі!-дей келе бүгінгі ұлыстың ұлы күні «Әз Наурыз» мерекесін ашу үшін алғашқы сөз кезегін мырзаға береміз
Жүргізуші: «Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар». Батаменен ел көгерер жаңбырменен жер көгерер демекші келесі сөз кезегі бізге қонаққа келген Қыдыр атамызға беріледі. Біз ол кісіні арнайы шақыртқан болғанбыз яғни ол кісі біздің арамызда отыр. Қыдыр ата! Бүгінгі думанға сонау алыстан ат арылтып келгеніңізге орай ала келген ақ БАТАңыз бар болар. Мына отырған халыққа ақ батаңызды беріңіз!
Жүргізуші: Наурыз менің елімнің берекесі,
Жаңа жылы қазақтың мерекесі.
Шаңырағы биіктеп күнге жақын,
Ұлаңғайыр керілсін керегесі.
Ел-жұртымның тілеуін тілесейік,
Жаңа жылда қалайық бір есейіп.
Жүргізуші: Ия дұрыс айтасын. Бүгін Жер-Ананы мекен еткен барша мұсылмандардың жаңа жыл мерекесі. Ал жаңа жыл жаңа мақсаттардың жаңа белестердің бастау алуға үлкен мүмкіндік. Осы орайда мектебімізде ашылайын деп отырған------------------------------------------------------------ тұсауын кессек.
Жүргізуші:Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ
Қалыс адам болмасын некен-саяқ
Ән шырқап, би билейік қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп
Жүргізуші: Ендеше келесі кезекте мектеп оқушыларының сайысына берсек оның ішінде бірінші болып «Ұлттық ән» сайысы. Ортада -------------------------------------ауылы.
Жүргізуші: өте керемет ----------------- ауылына үлкен алғыс көтеріңкі көңіл күй сыйладыңыздар!
Жүргізуші: ----------------------- сен үшін өткен жыл қандай жаңалықтарымен есте қалды.
Жүргізуші: Әрине өткен жылға реніш жоқ. Баршамымыздың есімізде қалатындай естеліктерге толы жыл болды. Атап өтетін болсақ нұрлы жол атты әуе, темір, көлік жолдары іске қосылды. Еліміздің бір қатар өңірлерінде медицина, спорт, білім саласындағы өндіріс ошақтары бой көтерді. Жалпы түркі әлемі бойынша ең үздік дауыс иесі қазақстандық бойжеткен Жанар Дұғалова атанды, ал әлемнің 4 дүркін ауыр атлетикадан чемпионы жерлесіміз Илья Илин атанды, ---------------------------Генадий Головкин атанды. Бір сөзбен қорытатын болсақ Жылқы жылында табысқа берекеге толы мамыражай заман болды.
Жүргізуші: Кел, наурызым, самалыңмен еркелет,
Қырға шығар, жамағатты жетелет.
Бала біткен болып жүр ғой мәз-мәйрам,
Наурыз келген, көктем келген екен деп.
Кел, наурызым, берекелі жыл басым,
Мәңгілікке замананың құрдасы.
Жылда мені қуанышқа бөлейсің,
Ғасырлардың және менің сырласым.-дей келе келесі кезекті --------------------------ауылына береміз
Жүргізуші: рахмет -----------------ауылы. Ауыл жастары қандай өнерлі иа?
Жүргізуші: иа себебі бүгін жыл 12 ай, 365 күн асыға , аңсай күткен, жер жүзі мейірге, жылылыққа шомылған ұлыстың ұлы күні. Сондықтан бүкіл мұсылман жұрты шат-шадыман көңіл-күйде болар.
Жүргізуші : Әз Наурыз келген болсаң төкші нұрды,
Естіртпе сен әзірше әнді мұңды.
Бағзыдан әдетіміз бойға сіңген,
Күтетін зор үміттен Жаңа жылды.
Сен бізге құт болып кел, бақ болып кел,
Адалға ақиқатқа жақ болып кел.
Жамандық, қасіреттен ауылы алыс,
Жыл болшы бетегіне шаттық ерер.-дей келе келесі кезекті ------------------ ауылына береміз.
Жүргізуші: Жарайсыңдар ауыл жастары!
Жүргізуші: Қазақ халқы - салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл - оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігіннің айғағы. Біздің халқымыз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдеп-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым-тыйыммен тәрбиелеп, аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған.
Жүргізуші: Дұрыс айтасын, олай болса ауыл жастары қандай салт дәстүрлерін біледі екен. Кезек берейік. Ортада «Ұлттық салт-дәстүр» байқауымен --------------- ауылы
Жүргізуші: кезек ---------------- ауылында
Жүргізуші: кезек ----------------- ауылында
Жүргізуші: Әр халықтың өзінше дәстүрі бар. Дәстүрдің де жақсы-жаманы болады. Жаманы жолшыбай қалып қояды, жақсысы ғасырға кете барады.
Жүргізуші: Иа, халықтық жақсы дәстүрлерді ешбір ұлы адам аттаған емес, әрбір жас дәстүрді қорғаушы, орындаушы әрі дамытушы болғай-ақ
Жүргізуші: Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!
Ел де тыныш!
Жер де тыныш - бұл күні,
Көреміз тек қуаныш пен күлкіні-дей келе келесі кезекті «Ұлттық би» сайсына берсек. Ортада ---------------------- ауылы
Жүргізуші: кезек ---------------- ауылында
Жүргізуші: кезек ---------------- ауылында
Жүргізуші: Келдің бе, Әз Наурызым - Жаңа күнім!
Оятып бәйшешекті - дала күн.
Көп болса қандай жақсы болар еді,
Жүректі жадыратар жаңалығың.
Жүргізуші: Иә келер жылдан күтеріміз көп. жылымыз жайлы болып, еліміз өркендеп, жеріміз ырысты бола берсін. Қой жылы мерейліде шырайлы болсын!
Жүргізуші: ----------------- көрерменді көп күттірмей соңғы сайысымызға кезек берсек. Келесі «Ұлттық ойын». Ортада ----------------- ауылы
Жүргізуші: наурыз мерекесі әрқайсымызға көтеріңкі көңіл күй, қажымас қайрат, өшпес үмітпен шексіз махаббат әкелсін
Жүргізуші: бұл жыл баршамызға естеріңізде қаларлықтай қымбат естеліктерге толы болсын! Көңілдеріңізге береке, ынтымақ, достықпен күлкі ұяласын! Ұлыс оң болсын. Келесі Наурыз тойына аман-есен жетейік