7


  • Учителю
  • 'Тіл мерейі - ел мерейі' тәрбие сағаты

'Тіл мерейі - ел мерейі' тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Тілдің мерейі - елдің мерейі»

Тіл - әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы - сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан - тіл. Ендеше ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің еншілеріңізде. Тәрбие сағатымыз оқушылардың ана тіліне деген құрметін, қазақ тілін меңгеруін байқап, тіліне деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында екі топтың жарысы түрінде өтеді.

І. Көрініс. Ашылуы. Тіл жайлы бірер сөз.

  • Бәрекелді, балалар, тіл туралы қаншама пікірталас, әңгіме жүргізіп тұрсыңдар. Оларың дұрыс екен. Ал мен сендерге тіл жайлы түсінік берейін.

Дүние жүзінде халық та, тілде көп ұлттарды бір-бірімен ажыратып бөлетін де, жақындастырып туыс ететін де басты белгісі - оның тілі. Тіл әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі.

ІІ. Сұрақ-жауап.

1. ҚР қашан тәуелсіздік алды?

2. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

3. Қазақ тілі алғаш мемелекеттік тіл мәртебесін қай жылы алды?

4. Қазақ әліпбиін жасаған ғалым кім?

5. Абайдың әжесі?

6. Балаларды оқуға шақырған Ы.Алтынсариннің өлеңі қалай басталады?

7. Күй атасы кім?

8. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

9. «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деп кім айтты?


(Осыдан соң лента арқылы топқа бөлінеді.)


Қандай тілдерді білесіңдер?

Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үш тілді бірдей меңгер дейді. Ол қандай тілдер?

Бірақ Қадыр Мырзаәлі былай дейді «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Біздің ата жазушыларымыз, данышпандарымыз Әл-Фараби, Олжас Сүлейменов, Шоқан Уалиханов, Мұхтар Әуезов бірнеше тілді меңгерген. Барлық мемлекеттік Президенттері негізгі 7 тілде бір-бірімен қарым-қатынас жүргізеді: орыс, ағылшын, араб, қытай, француз, япон, испан.


ІІІ. Пікірталас.

1.Тіл тағдыры - ел тағдыры.

2. Қазақстан азаматына орыс, ағылшын тілін білудің қажеттілігі бар ма?

3. Қазақ тілінің бүгінгі жағдайына көңіліңіз тола ма?

4. Қазақ тілінің дамуының кенжелеп келе жатқанына кім кінәлі?


ІҮ. «Мақал - сөздің мәйегі»

(Өздері білетін мақал-мәтелдерді жазып тақтаға ватманды ілу, ұнаған мақалдың мағынасын тарқату)


Ү. Видео.

Қазақ тілі туралы бейнеролик.


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деп айтқанындай сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал