- Учителю
- «Жұлдызды сәт»
«Жұлдызды сәт»
№46 А. С. Пушкин атындағы мектеп - лицейі
Сыныптан тыс жұмыс
«Жұлдызды сәт»
5 сыныптар
Күні: 26.11.2014ж
Орындаған: Әбдиева С
Нүркеева Ә
Мақсаты:
-
Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту.
-
Ұйымшылдыққа, топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене білуге, ой қортындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа, дағдыландыру.
-
Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.
Типі: Білім дағдыларын жетілдіру сабағы
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: буклеттер, интерактивтік тақта
Барысы:
Ойын түрінде өткізілетін сыныптан тыс жұмысқа 5«а», 5«ә», 5«б», 5«в» сынып оқушылары 4 топқа бөлініп қатысады.
Дарындылар тобы.Тапқырлар тобы.Ұшқырлар тобы.Қырандар тобы
Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және төсбелгісін көрсетеді
Ойын шарты:
Жүргізуші: Құрметті аяулы көрермендер,
Білімменен сусундаған жас өрендер,
Қош келдіңіз бүгінгі ойын сайысымызға
Бұл күн қалсын мәңгіге есімізде
Жүргізуші: Шақырамыз 4 топты ортаға
Қол соғады көрермендер таңдана
Сайыскер өнеріңді ортаға сал,
Осы кеште біліміңді сынап ал
Білмегеніңді осы бүгін біліп ал.
Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!
(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)
Жүргізуші: Ал, кәнекей сайысты біз бастайық
Ұрандарымызды айтып,
Өзімізді таныстырып тастайық.
( сөз кезегін әр топқа береміз)
-
Топтар өздерін таныстырып, ұрандарымен төс белгілерін таныстыру.Буклеттерін таныстыру
-
"Математика" сұрақтары
-
Бұрышты өлшейтін құрал? ( транспортир)
-
Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі?( 180)
-
Теңдеу дегеніміз не?
-
Шеңбердің диаметрі неше радиусқа тең?
-
Квадраттың ауданының формуласы?
-
Периметр дегеніміз не?
-
Ең кіші жай сан?
-
Құрама сан дегеніміз не?
-
Викториналық сұрақтар (сандардан тұратын жұмбақтар)
1.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында
Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш)
2. Бір тонна мақта ауыр ма?
Бір тонна темір ауыр ма?(бірдей)
-
Бес ін, бес іннің айызы бір ін (қолғап)
-
Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр жолы көп (қалам)
-
Елу тісті, екі қолды ( екі кісілік ара)
-
Бөлмеде 2 ит, 3құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?(20)
-
Түйе бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі.
Екі қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой(15)
4.Өз өнерін көрсету
5.жүргізуші: Ал кәнекей балалар
Құлақ салшы сөзіме
Сұрақ берсем берейін
Логикадан өзіңе
-
Жүздің жартысын 2-ге бөлгенде неше болады?(25)
-
Екі жарым кг ет 2,30 сағатта піссе, жарты кг ет неше сағатта піседі?(2,30)
-
1,2,3.... 99 сандарында 5 цифрі неше рет кездеседі?(20)
-
Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сан?(1,2,3)
-
Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма?( жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)
-
Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады?(4 сағат)
-
Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар?(4)
-
Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?(5)
6.Жүргізуші: Математикалық мақал- мәтелдер.
1. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас
2. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді
3. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл
4.Досыңды 3 күн сынама, 3 жыл сына.
Алтау ала болса ауыздағы кетеді
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
-
Алты аға бірігіп әкең болмас, жеті жеңгең бірігіп шеше болмас
-
Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі
-
Қырық кісі бір жақ , қыңыр кісі бір жақ
-
Жалқаудың екі досы бар:
Бірі- ұйқы, бірі- күлкі.
8.Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды
7. Жүргізуші: топтар жаңылтпаштарды айтады
Сабақты қортындылай келе әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз. Оқушыларды марапаттаймыз.