7


  • Учителю
  • Ата – аналар жиналысының тақырыбы: «Балалардың құқықтық тәрбиесіне жауапкершілігі»

Ата – аналар жиналысының тақырыбы: «Балалардың құқықтық тәрбиесіне жауапкершілігі»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№ 25 жалпы орта білім беру мектебі


Ата - аналар жиналысы


Тақырыбы: «Балалардың құқықтық тәрбиесіне жауапкершілігі»

Сынып жетекші: Жумалинова З.А.

1 «Ж» сыныбы



2015 жыл

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Балалардың құқықтық тәрбиесіне жауапкершілігі»

Мақсаты: Ата - аналарға балаларының құқықтық тәрбиесі жайында толық мағлұмат беру, әр баланың мінез-құлық ерекшеліктеріне сай қоғамда өзін-өзі ұстауы, үлкенге құрмет көрсетуі, құқық бұзбау әрекеттері жөнінде ой бөлісу.

өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін еріксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу. Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу жолында құқықтық тәрбиенің маңызын аңғарту.

Түрі: баяндама.

Әдісі: түсіндіру, талқылау, пікірлесу, ой бөлісу.

Жиналыстың барысы:

- Сәлеметсіздер ме, ата-аналар. Бүгінгі біздің ата-аналар жиналысымыздың тақырыбында «Балалардың құқықтық тәрбиесіне жауапкершілігі» жайында талқылайтын боламыз. Ең бірінші кезекте қысқаша мәлімет беріп өтейін. Құқық дегеніміз не? Баланың қандай құқықтары бар?


ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ

Бала - біздің болашағымыз, балаға жақсы тәрбие беру,дамуына мүмкіндік беру, оларға қуаныш сыйлау және толық құқылы еркін тұлға етіп жетілдіру біздің міндетіміз.
Ұрпақ тәрбиесіндегі басты мақсат - жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Негізгі тұлғаның өз өміріндегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниесінің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін еріксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу.

Тәуелсіз мемлекет ретінде елімізде көптеген өзгерістер болуда. Елдің ертеңі - жасөспірімдерге ғасырға лайықты тәрбие беру басты міндет болмақ. Елімізде жастарға құқықтық тәрбие беру барысы өз деңгейінде жүргізілсе, соғұрлым құқықтық білім алған жастарымыз мемлекетіміздің көркеюіне, дамуына үлес қоса алатын болады. Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Заңдарға терең құрмет сеземін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау - ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендігі, материалдық және рухани игіліктердің не екені жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады. Жасөспірімдердің мектептегі өмірі тұлғаның қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады.
Құқықтық тәрбие негізі отбасынан басталады. Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Бізде отбасы әр қилы. Маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс-керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін отбасылар бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тәрбиеленген бала қылмысқа бір табан жақын тұрады. Арам тамақтықтан өмірді жақсы көреді, өзімшіл болады.
Оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын-алу үшін жүргізілетін шаралар:
1.Тәртіп бұзуының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайды жою;
2. Оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру;
3. Оқу, еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
4. Отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту, сөз бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік іс-шараларды өткізу;
Адамның құқықтық мәдениеті күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлық, жүріс-тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды дегенмен қоғам болашағын құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра қарап отырған шағымызда аға ұрпақ тәжірибесі мен қарым-қатынасы тәжірибесін негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесі мәселесін педагогика ғылымы мазмұнда қарастырғанымыз жөн. Жастарға құқықтық тәрбие беру жөніндегі билер өнегесінің маңызы зор. Әсіресе бүгінгі таңда жастар арасында өріс алған қылмыс пен бұзақылыққа тұсау болар құқықтық тәрбиені күшейту үшін, сан ғасырлық тарихы бар билер тәлім тәрбиесін оқу-тәрбие ісіне қолданудың нәтижесі зор болары сөзсіз. Қоғамда өмір сүру әрбір жастар сол қоғамның іс әрекеті, межелері, мәдени дәстүрлерінің құрсауында болады. Заңдарды білмеу - құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Әрине, қоғам өмірінде қабылданған заңдардан хабардар болу құқықтық ұғынудың жоғары деңгейі. Адамның құқықтық мәдениеті мектеп жасынан бастап қалыптасатынына көз жеткізу қиын емес. Осыған қарамай оқушылардың біраз бөлігі көп жағдайда қылмысқа тартылудың шектеулі жас кездері бар екенін біле бермейді. Құқықтық тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әдептілік әдістеріне сүйенеді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді. Оқушы өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның өзі оның көбіне көп құқықтық тәрбиенің бұзылуына әкеп соғады.
Жастар тәрбиесі қай кезеңде де отбасына және білім ордасы мектеппен тығыз байланысты. Жұмысыңның адал жемісі - алдыңа келген көмекке мұқтаж және дәріс алған оқушының дұрыс тәрбиеленуімен, білім алуымен қатар азаматтық, адамгершілік тәрбиенің бір саласы - құқықтық тәрбиені қоса игеру болып саналады. XXI ғасырдың лайықты азаматы етіп қалыптастыру ұстаздар мен ата-аналардан сындарлы жауапкершілікті талап етеді. Еліміздің өркендеуіне сай, заман талабына жауап беретін рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастырған, қоғамдық өмірге икемделген, біліммен өмір заңдылықтарын түсінген, қоғам мен мемлекет және отбасы алдындағы жауапкершілігін сезінетін, салауатты өмір салтын саналы түрде таңдаған өркениетті елдің азаматын тәрбиелеу.
Қорытындылау: Жиналысқа қатысып, ой бөліскендеріңізге рахмет!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал