7


  • Учителю
  • ' Бозбала мен бойжеткен' іс-шара

' Бозбала мен бойжеткен' іс-шара

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бозбала мен бойжеткен

Мақсаты: қазақ халқының дәстүріне сай «Қозы Көрпеш- Баян Сұлу» күніне 15 сәуірде тойлауды жастар арасында дәстүрге айналдыру.

  1. ЖҮР: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар! Бүгінгі біздің мектепте оқушыларының арасында «Қозы- Көрпеш - Баян Сұлу» күніне орай ұйымдастырылып отырған « Бозбала мен бойжеткен» сайысына қош келдіңіздер!

  2. ЖҮР. Ғашықтар күні десе, бәріміздің ойымызға 14 ақпан, яғни, «әулие Валентин» деген атпен белгілі күн келетіні жасырын емес. Дінімізге, ділімізге жат мерекені қазақ жастары да тойлауды әдетке айналдырған. Қазақ халқының да махаббаттың қос шынарына айналған қос ғашықты дәріптейтін « Қозы Көрпеш- Баян Сұлу» күніне бүгінгі қоғамымыздар бірі білсе бірі біле бермейді. Дүние жүзі бойынша ғашықтар бейіті екеу ғана болса, оның бірі әлемге әйгілі Үндістандағы Тәж- Махал, екіншісі қазақтың Қозы Көрпеші мен Баянына арналған ескерткіш.

  1. ЖҮР: Махаббаттың сан түріне арнап оқушылар өлең шумақтарын оқиды.

  1. Ата- анаға деген махаббат. / Төлеген Айбергенов « Ана»/

  2. Отанға, туған жерге деген махаббат. / Қасым Аманжолов « Туған жер»/

  3. Ұстазға деген махаббат: / Жұлдызай Ысқақ, « Шәкірт тілегі»/

4.Ғашық жандардың махаббаты туралы. Махаббатқа мың өртеніп, мың күйіп/ Қадыр Мырзалиев/

  1. ЖҮР: Міне, махаббаттың сан түрін сіздер сезіп, біліп, көріп, естіп жүрсіздер. Қазіргі оқылған ақындардың жырларына арқау болған тақырып- махаббат сезімі. Сондықтан да махаббат- мәңгілік тақырып.

1-ЖҮР: Ал, ендеше « Бозбала мен бойжеткен» сайысына қош келдіңіздер!

2-ЖҮР: Бүгінгі сайысымыз 5 бөлімнен тұрады: 1- бөлім. . Жүректі жинау.

2.- бөлім: «Өнерің болса, қанекей!»

3.- бөлім: О, махаббат, Махаббат!

4- бөлім . Жарнама

5- бөлім: Балет тілінде...

  1. ЖҮР: Бүгін біздің орталықта дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, ән төгілсін

Қош келіпсіз көрермендер, сергісін бой,- демекші, сайысымызды бастамас бұрын ортаға осы сайысқа қатысушы жұптарды шақырамыз.

  • 1.Жұп: « Екі лебіз», 2-жұп « Мөлдір сезім»,3-жұп: « Достық қиял», 4-жұп: « Қос жұлдыз», 5-жұп: « Пәк көңіл»,6-жұп: « Асыл жүрек»

2-ЖҮР. Шын жүйрік сыналатын кезең келді,

Көрейік тамашалап сайысты енді.

Әділқазы ойы терең, ақылы кең.

Саралап, әділ баға берсін енді,- дей келе алдымен әділқазы алқасымен таныс болайық. / ЖЮРИ/

1-ЖҮР: Ал, ендеше бастайық.

  1. ЖҮР: 1- бөлім. Берілген қиындылардан жүректі жинау. -------------------

  2. ЖҮР: Уа, халайық, қарандар,

Үлкен-кіші жарандар

Еліктірер адамды.

Өнерімен әп-сәтте-ақ.

Жаңды жаулап алатын,

Өнерлі жұпқа қарандар,- демекші, өнерлі өрге жүзетін, мақсатына жететін, « Өнерің болса, қанекей!» атты өнер бөліміне де келіп жеттік. Бұл бөлімде әнші жұптарымыздың пародиялық көрініс қөрсетеді----------------/ исполнения песни плюсовка породия на певцов/

Көрермендермен сайыс: /6 өқушы керек/ тапсырма/ твист, вальс, танец утят, тин тоник., клубный, .рэп.



1-ЖҮР: Келесі бөліміміз: О, махаббат, махаббат!Махаббат жайлы қанатты ойларға ойтүйін айтады.

1.Махаббат - бұл бақыттан басың айналу.

2. Махаббат - бұл көз жасынсыз болмайтын сезім.

3. Махаббат - бұл сүйіктіңе жақсылық жасау.

4. Махаббат - бұл сезімді ақшаға сатып алу мүмкін емес

5. Махаббат - бұл сөзсіз сезінетін сезім.

6. Махаббат - бұл дене қызуыңды көтеретін сезім.----------------------

2-ЖҮР: 4-бөлім: Жарнама

Егер көңіл күйің болмаса, өзіңе сыйлық жаса, қазір біз жарнамалайтын затты қолдан, жақсы саз тыңдап, өмірдің қызығын таны.--------------------

1-ЖҮР: 5- бөлім: Балет тілінде... Құрметті бозбала мен бойжеткен! Егер ғашықтық сезіміңді білдіруге қиналсаң, гүлдер немесе би тілін қолданыңдар! Өз сезімдеріңді би қозғалыстары арқылы да білдіруге мүмкіндік бар.

Бүгін бозбалалар өздері көңілін білдіргісі келген бойжеткенге сөзбен емес би қимылдары арқылы сездіреді.Сонымен балалар балет биінің әр алуан қимылы арқылы қазір «Бойжеткенге сөз салу» композициясын көрсетеді.-----------------------

  1. ЖҮР: «Бозбала мен бойжеткен» сайысының қорытынды сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

  1. ЖҮР: Осымен 15 сәуір- махаббат күніне арналған орталықтың « Бозбала мен бойжеткен» сайысы аяқталды. Адам атаулының туған жерге, ата- анаға, досқа, мектеп, ұстазға ғашық жандардың таза, мөлдір, мәңгілік махаббатына еш қылау түспесін! Сезімдерінің баянды болсын!

Туған жер « Қасым. Аманжолов»



Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға,

Ол шетімен, бұл шетіне жүгірсең,

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

Уа, дариға- алтын бесік туған жер,

Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!

Жата алмас ем топырағында тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер.

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің!

Нендей күйге жүрегімді бөледің?

Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,-

Арманым жоқ бұл дүниеде- дер едім,

Мен де өзіңдей байтақ едім,кең едім

Қызығыңды көріп еркін келемін,

Сен де аямай бердің маған барыңды,

Мен де аямай барым саған беремін.

Болдым ғашық, туған дала, мен саған,

Алыс жүрсем арманым-сен, аңсаған.

Жақын жүрсем,мен- төрінде рахаттың,

Алтын діңгек- өзім туған босағам!



« Екі лебіз» « Мөлдір сезім» « Достық қиял»

« Қос жұлдыз» « Пәк көңіл» « Асыл жүрек»



« Екі лебіз» « Мөлдір сезім» « Достық қиял»

« Қос жұлдыз» « Пәк көңіл» « Асыл жүрек»

1.Махаббат - бұл бақыттан басың айналу.



2. Махаббат - бұл көз жасынсыз болмайтын сезім.



3.Махаббат - бұл сүйіктіңе жақсылық жасау.



4. Махаббат - бұл сезімді ақшаға сатып алу мүмкін емес



5.Махаббат - бұл сөзсіз сезінетін сезім.



6. Махаббат - бұл дене қызуыңды көтеретін сезім



Төлеген Айбергенов « Ана»



Арманынды ақтармын ба жүрегімде тербесем,

Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.

Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,

Сендік қуат мың сұлу сен жаратқан адаммен,

Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.

Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған.

Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.

Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,

Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,

Жетім емес қей ананың жетімдігін көргенде,

Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан,

Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.

Бұл дүниеге онсыз дағы кеткен жоқ па көп есең!

О,аналар,кей пасықты жартасың неге сен!

Тасбауырлар дуниеге келсін де,тез кетсін де,

Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?

Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,

Өз кеудесін жылытуға құдіретті жетреген.

Анаң саған керек болса,балаға да сен керек,

Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.

Ана керек!О,адамдар,ана керек адамға,

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.

Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.

Махаббатқа мың өртеніп, мың күйіп/ Қадыр Мырзалиев/



Махаббатқа мың өртеніп, мың күйіп,

Мөлдір көзге алғандай бір мұң құйып.

Көз дейміз-ау, көз емес ол,

Талайды

Тереңіне тартып жатқан тұңғиық.



О!- дегеннен басқа қолдан не келер!

Ол қараса, орыныңа шегелер.

Кірпіктері- Күн нұрынан суырып,

Қою түнге малып алған жебелер.



О, бозбала алынбаған мұрты әлі!

Оны көрсең, жығыласың бір талып.

Батырларды матап- байлап тастауға

Жетіп жатыр қара шаштың бір талы.



Ғашық болсаң әрі суып, әрі ысып,

Жаттым дей бер ертелі-кеш дәрі ішіп.

Қыпша белге жетпейді ғой, жетсе бір

Құмар құшақ қалар еді қарысып.



О, жігітім! Босамашы, босама!

Жалынғанмен жүрегін ол тоса ма!

Анар емес- кеудедегі екі анар-

Бекежандар бұғып жатқан Қособа!



Қайран сұлу Күн келбетті, Ай мүсін!

Көзін сүзбей қалады оған қай кісі?!

Бір адамның, бір адамның бақыты ол,

Мың адамның, мың адамның қайғысы!



Шәкірт тілегі / Жұлдызай Ысқақ/



Ұстазым, тұлға болған жалпыға асыл,

Өзіңді елемесек, халқына сын.

Өмірдің сан белесін келдің өтіп,

Қол бұлғап қалды артыңда жарты ғасыр.



Не демек шәкірт көңіл алып-ұшып,

Өзіңнен өткем білім балын ішіп.

Білімнен сусындауға, мүмкін болса,

Барар ем бауырыңа тағы да ұшып.



Иә, рас білім атты бал ішкенім,

Санамда жаңғырады әлі істерің.

Ұстаздықтың қыр-сырын танытқан ең.

Оқытудың меңгертіп әдістерін.



Бойыңда бір қуат бар анық тылсым,

Өнегең жүректерден тауып тұр шың.

Өзің қанат қақтырған шәкіртіңнің

Ұлағатты ұстазы болып тұрсың



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал