7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Менің Отаным -Қазақстан -мәңгілік ел' 7-сынып

Тәрбие сағаты 'Менің Отаным -Қазақстан -мәңгілік ел' 7-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 6

Күні: 01.09. Бекітемін:

Тәрбие сағатының тақырыбы


Менің Отаным Қазақстан -Мәңгілік ел

Мақсаты

Жас жеткіншек бойына Отанға деген сүйіспеншілік , Қазақстан елінде тұратын барлық халықты, ұлт өкілдерін құрметтеу, толеранттылыққа тәрбиелеу, бала бойында патриоттық сезімін қалыптастыру

Күтілетін нәтижелер

Бейбітшіліктің мән-мағынасын біледі , ауылымызда тұратын басқа ұлт өкілдерін құрметтейді.

Керекті жабдықтар,көрнекіліктер

Презентация, қанатты сөздер, интер белсенді тақта, флипчарт, маркер, ақын -жазушылардың кітаптары,т.б.

Барысы:

Тәрбие сағатының кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


-Сәлематсыздар, ма оқушылар, ата-аналар.

-Бүгінгі алғашқы сабағымызға қош келдіңіздер

Шаттық шеңберіне тұрып, топқа бөліну.

Топқа бөліну үшін әр оқушы сөздер суырады .

Ел, туған жер, жайлау, ауыл, діни келісім, съезд, толеранттылық , елбасы, қазақ тілі ,заң, бап, тармақ.

Үш топқа бөлінеді.

Ассамблея, Отан, Ата заң.

-Құрметті оқушылар бүгінгі алғашқы сабағымызды осы әр топтың атына сай шолу жүргіземіз.

-Ассамблея сөзін қалай түсінесіңдер?

-Біздің ауылымызда қандай ұлт өкілдері тұрып жатыр?


Амандасады. Шаттық шеңберіне тұрады. Сөздерді суыырып, оқушылар оқиды да үш топқа бөлінеді. Әр сөздің мағынасын айтады.

Тұсаукесер

Әр топ мүшелері өздері тақырыпқа сай кластер құрады.

1 топ- Ассамблея

2 топ-Отан

3 топ- Ата Заң

«Айналмалы бекет» әдісі бойынша әр топқа таратылады.

Әр топ өздері тақырыпқа сай кластер құрады. Айналмалы бекет әдісі бойынша әр топ мүшелері толықтырады. Соңында әр топ өздерінің кластерлерін қорғайды.

Негізгі бөлім

Презентация.

Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған. 2015 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының 22 сессиясы өтті. Бірлік - барлық қиындықтарды жеңуге қабілетті күш. Ортақ міндеттерді шешу кезінде әркім өз өмірін жақсартуға тырысады. Ынтымағы жарасқан ел ғана ертеңгі күнге сенімді. Біртұтас мығым ұлт - кез келген тарихи жағдайларда өркендеудің кепілі. Сонымен бірге, озық елдер қатарына қосылуды сезіну әрбір қазақстандықта бейбітшілік пен тұрақтылық үшін ортақ жауапкершілік туындатты.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жолдауында: «Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар - Қазақстанның болашағына кілттер. Этносаралық келісім - ол өміршеңдік оттегі», - деп ерекше атап көрсетті.


«Менің Қазақстаным-мәңгілік ел» деген сөзге постер жасаңыздар.
Әр топ постер жасап қорғайды.

Постер жасап жатқан кезде «Жаса Қазақстан» әнін тыңдау.

Стендтегі мәңгілік ел туралы нақыл сөздермен таныстыру.

Презентация арқылы тақырыпты пысықтайды.


Мәңгілік ел» тақырыбында постер қорғау.

Қорытынды

Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда бірегей және халық бірлігінің осы кезге дейін еш жерде қайталанбаған моделі қалыптастырылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жиырма жыл аралығында қазақстандағы барлық этностардың достық, тағаттылық және мәдениеті мен дәстүрін бірге дамыту идеясы іске асырылған қоғамды үйлестірудегі өзекті тетік қызметін атқарып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа Қазақстан Конституциясын қабылдау бойынша бүкілхалықтық референдум бастамасын көтерді. Осы жылдар ішінде Ассамблея Мәжіліс депутаттарын сайлау құқына ие конституциялық органға айналды. «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды, әлемде баламасы жоқ және ол еліміздің болашағы үшін өте маңызды, себебі оның нормалары біздің ұлтаралық саясатымыздың негізін қалыптастырады.



ЖОББ Шежін орта мектеп-балабақшасы







«Менің Отаным Қазақстан -Мәңгілік ел»

алғашқы сабақ

7 «А» сынып






Сынып жетекшісі: Ахметова С.Б.








2015-2016 оқу жылы











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал