7


  • Учителю
  • 'Имандылық инабаттылық тәрбиесі' сабақ жоспарлары 11 сынып

'Имандылық инабаттылық тәрбиесі' сабақ жоспарлары 11 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Cабақтың тақырыбы: «Қамар сұлу» романы

Сабақтың мақсаты: романның мазмұнын меңгерту.

Міндеттері: 1) романдағы негізгі әлеуметтік ой түйіндерін ашу; 2) оқушыларды адами қасиеттерге баулу,автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету; 3) тақырыптас шығармаларды салыстыра оқуды дамыту,өздерінше ой түюге дағдыландыру.

Түрі: дамыта оқыту.

Типі: жаңа ұғымды меңгерту.

Әдісі: түсініктемелі,баяндау.

Көрнекілігі: Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылық жинағы.

Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.Актуалдау: - Біз,Сұлтанмахмұт Торайғыровтың поэзиялық шығармаларымен таныстық.Прозалық шығармасы да бар: (Қамар сұлу» романы.

IV. Жаңа сабақ.Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы.

Кіріспе

Қамар мен Ахмет бейнесі

Оқиғаның басталуы

Ахметтің Қамарға ғашық болуы. Қамарды Жорға Нұрымға атастыру

Оқиғаның байланысуы

Олардың қарсылығы,Қалтан қажы мен

Оспан бидің әрекеттері

Шиеленісуі

Қамардың бай туысқандарының ырқымен Нұрымға ұзатылуы

Шарықтау шегі

Сырқатқа шалдыққан Қамарға надан молданың ем-дом қолдануы

Шешімі

Ахметтің кегі,жастардың ажалы

V.Дамыту. а)Қамар,Ахмет,Нұрым бейнелерін талдау (портрет,мінездеме беру,тақырыптас шығарма кейіпкерлерімен салыстыру)

І қатар: Қамар бейнесі (Мамыр)

ІІ қатар: Ахмет бейнесі (Қалқаман)

ІІІ қатар: Нұрым бейнесі (Жиенқұл).

ә) Омарды қандай әке деуге болады?

Омар Қарабай



Қамар


VI.Бекіту.

Ахмет

Омар

Жанашыр

адамы

Нұрым

Оспан

Қалтан

Қара күш,

зұлымдық

иелері

Шешесі,

молда,

өзге халық

Надандық

шырмауындағы

адамдар

V

Реализм

Ахмет

Қамар

Сұлтанмахмұт

Торайғыров

«Қамар сұлу»

Автор тілі

Мақал-мәтелдер

Араб

парсы,орыс

Бас

кейіпкер

Омар

Қасен

Оспан

Нұрым

Қалтан

Қосалқы

кейіпкер

Тартыс

Әлеуметтік

Ескілік-жаңашылдық

салт-дәстүр

жанры

Прозалық шығарма

ПоэзияII.Қорыту. Не білдік?

VIII.Үйге тапсырма.

а) «Қамар сұлу» романын оқу.

ә) Оспан би,Қалтан қажы бейнесін талдау.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасы

Сабақтың білімділік мақсаты: шығарманы оқи отырып,екі ақынның ортақ тақырыпты ашудағы көркемдік әдіс-тәсілдерін талдау.

Тәрбиелік мақсаты: эстетикалық сезім тудыру,туған жер табиғатының сұлулығынан нәр алу,адалдыққа баулу.

Дамытушылық мақсаты: қоршаған ортаға жанашырлық көзқарасын қалыптастыра отырып,оқушы қиялын ұштау,сөйлеу мәдениетін дамыту.

Көрнекілігі: үнтаспа, «Айнала көл» тақырыпта сурет,сызба.

Пәнаралық байланыс: биология,география,бейнелеу өнері.

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың түрі:проблемалық әдіс,салыстыру әдісі.

Сабақтың барысы.Ұйымдастыру кезеңі.Берілген тапсырманың орындалуын тексеру.

С.Сейфуллин «Тұлпарым» (Тұтқын)

1.Әр шумақтан ақын көңіл-күйін саралау.

2.Оның арман-тілегі.

3.Өз ойының қалай болғанын қалар еді?

Р/с Ақынның көңіл-күйі

Арман-тілегі

Өз ойым

1.Қамаудағы ақын ойы

Сарыарқаны шарлайды.

2.Тұлпарым жетсе,қамауды

бұзып шығып,желмен жарыса еліме жетсем ...

1.Жаңа өмірді орнатуға асық.

2.Жүрегі елім деп соғады.

1.Тезірек қамаудан шығып, асау жүйрігімен еліне жетсе.

2.Ешуақытта еңсесі түспесе екен.

3.Елін сүйген ер ғана осылай етпек.

Тапсырманың орындалуын бірнеше оқушыны сөйлету арқылы толықтыра түсіп бағалаймын.

Жаңа сабақ:С.Сейфуллиннің «Аққудың айрылуы» поэмасы.

Оқушыларға осымен тақырыптас тағы кімнің қандай шығармасы барлығын анықтау мақсатында «авторлық шегініс» әдісін пайдалана отырып,Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының барлығы,оның тақырыбы - сұлулық пен адалдықтың рәмізіндей,көл еркесі,табиғат көркі аққуға оқ ату екендігі айтылады.

Заманымыздың ғажайып ақындарының бірі,алауратқан таңдардан,қарауытқан таңдардан түйсік алатын,көрінбейтін сиқыр бояулардан,естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын Мұқағали мұрасының таза мөлдір шынайы поэзиясынан «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыбын,идеясын оқушылар көмегімен аша түсемін,кезінде жаттаған,өздеріне ұнаған шумақтарын еске түсіре отырып,осымен тақырыптас «Аққудың айрылуы» поэмасына қысқаша шолу жасаймын.

Сәкеннің терең де мазмұнды,көркем суреті,терең сезімі ойға толы,сиқырлы ұйқаспен жазылған лирикалық шығармалары оқырманын тез баурап алады.

Ақын шығармаларының бір алуаны ғажайып табиғат суреттері,қайталанбас сұлу көрініс,өйткені табиғат ақынға қанатты шабыт береді.

Сәкен жырларының ерекшелігі - оның шынайы құдіреттілігінде.


М.Мақатаев пен С.Сейфуллиннің шығармаларындағы ортақ тақырыптың екі алып жүректің лүпіліндей,теңдесі жоқ ыстық қанында қайнап,ерекше сұлу сезімінде тербеле пісіп туылған шығарма екендігі айтылып, (сызба) шығарманы оқыта отырып,төмендегіше сұрақ қойылады.

І топқа

1.Рең әсемдігін білдіретін сөз тіркестері

2.Су тазалығын бейнелейтін ...

3.Пішін келістілігін ...

4.Сезім сиқырлылығын ...

5.Әсем қозғалысын ...

6.Дыбыс ерекшелігі: келісті үндестік

7.Эпитет,метафора,теңеулерді белгілеу.

ІІ топқа

1.Жайсыз қозғалысты

2.Жағымсыз дыбыс,немесе аянышты үнді ...

3.Құс ұшуын ...

4.Құсқа адам әрекетін беруді ...

5.Күнәсіздік,пәктік белгісін ...

6.Қызыл қан айна көлге жылап ақты

7.Эпитет,метафора,теңеулерді белгілеу.

Берілген белгілеу ақ парақтар мен сұрақтар оқушылардың өз бетінше ізденуіне бағыттайды.

Оқушы мұғалім ақпаратымен,өз ізденістерімен оқып талдай отырып,пайымдайды.Оған біршама уақыт беріледі.Нәтижесінде оқушылар өз пайымдауы мен тұжырымдарын сұхбаттаса отырып,поэма бойынша талдап шығады. (сызба)

Мұғалім:

Ақындар аққуды неге жоғары бағалайды?

  • Аққудың сұлулық рәмізі,табиғат еркесі мен көл көркі екендігі

  • Бір-бірінен адалдық,тазалық,шынайылық,тәкәппарлық,тектілік қасиеттерді көретіндігін

  • Аққу жарасқан қос жүректі лүпілі,ақ махаббат иесі екендігін

  • Ел арасында «Аққуды атуға болмайды,махаббатты қорлауға болмайды» деген қағида барлығын айтып дәлелдейді.

  • Онда көркем сөзбен аққуды сипаттайық.

Оқушы «Сөз-сурет» әдісін пайдалана отырып,аққудың сыртқы сұлулық қасиетін ішкі жан дүниесімен,сезімталдық мінез-құлқымен,көркем сөздермен көмкеріп портретін жасайды.

2-сұрақ. Оларға қастандық неге адамзат қолымен жасалады?

Оқушы. - Мұқағалидың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасында қиянат жасаушы - ана.Ана бауыр еті баласы үшін сәуегейдің сөзіне сеніп,отқа түсті.Итермелеуші күш - ана махаббаты.Құс төресі киелі аққу мен бала бір мезетте жан тапсырды.Ананың да көз алдында ақ төсінен қызыл қан ағып дір-дір еткен аққу мен ақ жөргекте екі беті албырап жанары сөніп бара жатқан бала елесі,екі сурет қатар тұрып қалды.жақындауға,мылтығын жерден көтеруге дәті бармады,есалаң күйде ...

Оқушы. - Сәкеннің «Аққудың айрылуы» поэмасындағы қиянат жасаушы сұр мерген,итермелеуші күш - қараниеттік.Жасырынып тұрып,жағаға жақындауын күтіп тұрып әдейі атты.Мұндай қараниетті,қаныпезер адамдар сирек болса да кездесіп қалып отырады.Ол қаныпезер мерген кеш те болса,өз ағаттығын сезген сияқты.Екінші аққу жалынып,»Мені де ат!» деп алдына келіп жығылса да,екінші рет атуға дәті бармады,ата алмады, - дей отырып,аққуды атушыны өткір сынға алады.

Оқушылар ойын қорыта келіп,Нұрғисаның «Аққу» күйін үнтаспадан тыңдатамын.Бүгінгі сабақтан қандай әсер алғандығын байқау мақсатында эстетикалық сезім,талғампаздық,тәкаппарлық сөздерінің астарында не жатқандығын екі шығарманы салыстыра отырып суреттейді.

Ү

П

А Й

Ы

М

Д

А

У

Ы



йге тапсырма: Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айрылуы» поэмасы бойынша аққулы айдын көлді бейнелеу.

М

Ұ

Ғ

А

Л

І

М

А

Қ

П

А

Р

А

Т

Мұғалім арқылы

Ізденістер

О

Қ

У

Ш

Ы


Ізгілік

Адалдық

Махаббат

Сұлулық

Қиянат

Жасаушы

Итермелеуші

Әйел

Ана махаббаты

Сұр мерген

Қараниеттілік

Ой қорытындысы


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: «Поэзияның асқар шыңы - Мұқағали Мақатаев»

Сабақтың мақсаты : білімділік - оқушыларды ақын өлеңдерін сүйе білуге,өлеңдерінің мазмұнын терең ұғына білуге үйрету; дамытушылық - сөйлеу тілдерін жетілдіру,өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқу,сүйсіне білу сезімдерін ояту,талдаулар жасай білу,оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру;

тәрбиелік - оқушыларға эстетикалық тәрбие беру,өз ұлтын,елін жерін,отбасын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: магнитофон таспасы,кітап көрмесі,плакат-таблицалар.

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру;оқушыларды топтарға бөлу;топ жетекшілерін сайлау.

Поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен,асқан шеберлікпен бере білу екінің бірінің қолынан келе бермейді.Бұл тек шабыты өте жоғары,өлең шығару дарыны бр үлкен талант иесінің қолынан ғана келеді.Сондай таланттардың бірі,поэзия әлемінің асқар шыңы - Мұқағали Мақатаев.

Мұқағали аға - өмірінің соңына дейін қолынан жүйрік қаламы түспеген,қазақтың қара өлеңінің құдіретіне,терең сырына қаныққан ақын.Сөз құдіретінің мән-мағынасын терең түсініп,сөз маржанын бейнелі өрнекпен кестелейтін Мұқағалидай ақын кемде-кем.

Балалар,сендерге сабақтың тақырыбын қалай деп ойластырып алсақ жөн болады деген едім.қане,сол туралы айтып,онан соң дайындаған леңдерді талдаңдар.

1-топ жетекшісі: Бүгінгі сабақтың тақырыбын «Менің Мұқағалиым» деп алуды жөн көрдік.Себебі біз Мұқағали ақынның өлеңдеріне оқығанда өзімізге керектісін алып,сүйсініп жатамыз.Осыған дәлелге Жұмаш Сомжүрекұлының «Мұқағали» атты өлеңі жатқа айтылады ...

Келесі топты оқушысы: Біз бұл сабақтың тақырыбын «Бізде поэзия дәуірі басталды» деп алдық.Бұл сөз бділда ағамыздікі ғой.Ол кісі «Мұқағали - құдіретті ақын.Оның поэзиясы - даналықтың көзі.Бізде поэзия дәуірі басталды» дейді.Ия,Мұқағали ағаның кез-келген өлеңін оқысаң Гауһар айтып кеткендей:

Бір өлең жоқ қайығы қалтылдаған,

Төрт тұяғы тайпалған жорға кілең,

Астарына тысы сай алтынданған.

«Поэзия» атты өлңі оқылып,поэзия - өмірдің көркем бейнесі екені,поэзияның өзі адамның өмірімен тұтасып жатқандығын айтып,мұнда ақынның сөз қолданысында эпифоралар басым екендігі талданады.

3-топ жетекшісі: Сабақтың тақырыбын «Мұқағали - қайта туған ақын» деуді ұйғарып отырмыз.Мұқағали поэзиясы - тірі поэзия.Оның өлеңдерін білмейтіндер,әнмен орындамайтындар кемде-кем шығар.Бұл туралы Роза Қунақова «Жыр басы Қарасаздан басталған М.Мақатаев бүгінде ән болып,аспанда қалықтап,жыр болып жұлдыздармен сырласып,сонау аспан әлемінде шырқап барады» дейді.

Мұғалім: 3-топтың да тақырып таңдағндарына риза болып,дұрыс деп бағаладым.

Ары қарай топ-топтағы оқушылар өлеңдерін оқыды.

1-топ: Мұқағалидың атаанаға,туған жерге,Отанына деген сүйіспеншілігі шексіз еді,сондықтан «Көзің нұрсыз дейсің сен», «Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген», Сағынып аңсап барғанда» өлеңдері оқылып,оның айрықша сүйіспеншіліктерін жыр өрнегінде әсем кестелей білгендігі талданады ...

2-топтың оқушылары сөз алып,лоар махаббат,достық тақырыбындағы жазған өлеңдерін оқып,талдады.

«Ғашықпын! Шын ғашықпын,сол адамға», «О, махаббат, сен әлі тірі ме едің», «Дариға,домбырамды берші маған», «Бала едік, ә», «Сәби болғым келеді», «Арулар», «Армысыңдар,адамдар» өлеңдерінің қалай өмірге келгендері айтылады.

1-топ оқушыларды 2-топ оқушыларына сұрақтар қойды.

Оқушы: Жастар,қазіргі кезде шынайы махаббат бар деп ойлайсыңдар ма?

Оқушылар: Әрине,бар деп ойлаймыз.Әрбір адамның өмірінде махаббат сезімі кездеседі ...

Махаббат - мәңгілік,ешқашан өлмейтін сезім деп ұғатындарын айтты.

Оқушы: Тойға шақыру билеттерінде қос аққу салынады.Неге деп ойлайсыдар?

Жауаптар: Аққу - махаббаттың рәмізі ...

Әсет дұрыс айтады.Аққулар бір-бірінен айырылмайды.Біреуі өлсе,екіншісіде өледі.Жастардың махаббатын осы аққулардың махаббатына теңеген ғой.

Оқушы: «Арулар» атты өлеңін оқиды.Бұл өлеңде арулардың қоғамдағы рөлі,әйел есімі,ең алдымен адамды жаратушы ,отау иесі,бала тәрбиешісі, аруларға деген махаббат сүйіспеншілігі талданып,өлеңнің көркемдігіне ерекше мән берілді.

Поэзияның асқар шыңы

сыршыл ақын

қайта туған ақын

лирик ақын

қара өлеңнің шебері

патриот ақынКелесі 3-топ Мұқағалидың әр түрлі тақырыптағы өлеңдерін оқыды. «Сіздер», «Солдат сөзі», «Шындық туралы» өлеңдері оқылып талданады.Өлеңдер талданып болған соң «Топтастыру» әдісі бойынша «Мұқағали қандай?» екендігі толтырылды.


Мұқағали поэзиясынан нені білемін?

Нені білгім келеді? Өлеңдерінде сүйсіну,

рахаттану сезімі байқалды ма?

Нелерді білдім? Қай өлеңдерінде қандай көркемдік құралдары қолданылған?

Мұалім : Мұқағали өмірде көп қиыншылықтарды басынан кешірген,өмірінің рахаты аз болған ақын.Бірақ,шындап ұққан адамға ол өмірдің шын рахатын сезініп кеткен жұмбақ ақын.Балалар,Мұқағали ағаларыңның барлық өлеңдерін жаттап алсаңдар да сендерге артық болмайды.Ағамыздың рухани қазынасын ұлт игілігіне асыратын ХХІ ғасырдың жастары - сендерсіңдер.

Кітаптар көрмесіне тоқталып,оның «Аманат» атты өлеңдер жинағы жарық көргендігі,ғасыр ауысқан кезде «Ғасыр ақыны» атағы берілгендігі айтылды.


Үйге: «Ғасыр ақыны - Мұқағали» атты шығарма жазу тапсырылады,баға қойылады.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллинің «Көкшетау» поэмасы

(Қалмақ қызы мен Адақ образы. Ақынның портрет жасау шеберлігі)

Сабақтың мақсаты: Білімділік: поэманы түсініп,мәнерлеп,көркем оқи білуге баулу;поэманың көркемдігін,әдебиет тарихында алатын орнын,ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру; сабақтың жаңа әдістерімен жұмыс жасауға үйрету. Дамытушылық: поэманы талдай білуге төселдіру;түсініп оқу,сөз астарына үңіліп,мағынаны түсіндіру,сын тұрғыдан ойландыру,түйінді ой айта білуге,өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу. Тәрбиелік: туған жерге деген сезімдерін тәрбиелей отырып,сүйіспеншіліктерін арттыру,шығармашылық ізденіске жұмылдыру,елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мұғалім сөзі,сұрақ-жауап,прблемалық сұрақ,көрнекіліктер,шығармашылық жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: хронологиялық кесте,Венн диаграммасы,суретер,ауызша журнал.

Сабақтың жүргізілу барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушызейінін сабаққа аудару.

2.Сабақтың мақсатымен,тақырыбымен таныстыру.

ІІ.Үй жұмысы.

С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы төмендегі үлгі-жоспар бойынша сұралады.

1. «Көкшетау» поэмасының мазмұнына шолу.

2. Поэманың тақырыбы,сюжеті,композициялық құрылысы.

3. Көкшетаудың өткені,қазіргісі және болашағы.

4. «Ауызша журнал» арқылы жан-жақты мағлұмат тексеру.

Түсініктері бойынша сабақ сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқушылардың назарын жаңа сабақ тақырыбына аудартамын да,төмендегі сұрақтарды қоямын.

-«Көкшетау» поэмасы қайжылы жазылды?

-«Көкшетау» поэмасы 1928 жылы жазылды.

-Ол қандай поэма?

-«Көкшетау» - туған жер туралы,оның ғажап сұлулығы мен тарихы жайлы поэма.

-Поэманың «Оқжетпес» тарауында таудың зәулім екенін танытатын сөздер мен сөз тікестерін кім тауып оқиды?

Сүп-сүйір бейне найза шың,құз биік,

Төбесі кейде тұрар бұлтқа тиіп.

Қарасаң етегінен шың басына,

Тақияң жерге түсер тұрған киіп.

Тіп-тік шың көкке қарай кеткен бойлап,

Тұрғандай таусылмайтын бір ой ойлап.

  • Таудың биік екенін төбесі бұлтқа тиюінен және көкке қарай бойлап кетуінен көреміз.

  • Ал балалар,тік екенін қайдан байқадыңыз?

  • «Сүп-сүйір бейне найза...» тіркесінен және шың басына қарағанда тақияның жерге түсуінен.

Міне, балалар, ақынның тауды кескіндеуі бұл айтылғандармен шектелмейді.Біз оны өткен сабақтарда көріп,білген едік

Біз бүгінгі сабағымыда роэмадағы қалмақ қызы мен Адақ образына және ақынныңпортрет жасау шеберлігіне тоқталамыз.

-Портрет дегеніміз не?

-Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін,кескін-кейпін,жүріс-тұрысын суреттеуді портрет дейміз.

-Біз бұл суреттеулерді қай шығармалардан кездестірдік?

Кім айтады?

  • Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар», Б.Майлин «Шұғаның белгісі», М.Әуезов «Әжемнің әңгімесі», Ж.Аймауытов «Ақбілек»,т.б.

  • Ақын суреттеуіндегі қалмақ қызы қандай?

  • Сұлу,ақылды,мінезді,адамгершілігі мол,сүйіспеншілігі тұрақты,байсалды,тапқыр.

  • Қыздың ақылдылығы қай жерде байқалады?

  • Қыздың ақылдылығы кімге баруды таңдау өзіне берілген кезде көрінеді.Ол көл жағасындағы биік шыңның басына орамал байлатып,кімде-кім соны атып түсірсе,соған бармақ ойын білдіреді.

  • Ақын оның көркін қалай суреттейді,оқулықтан тауып оқыыз.

Сол қыздың он жетіге келген жасы

Оралған аш беліне қолаң шашы.

Қап-қара қарлығаштың қанатындай

Иілген ақ маңдайда екі қасы.

Аш белі көк шыбықтай солқылдайды,

Қолаң шаш бейне жібек толқындайды...

Батырлар сол сұлуға салыстырған

Жалғыз ақ аспандағы күн мен айды.

  • Осы суреттеуде ақын қандай бейнені ұсынады?

  • Ақын портрет жасау бейнесін ұсынады.

  • Ақын тұтқын қыздың бейнесін неге теңейді?

  • Оның тұтқындағы солғын өңін үзілген қызғалдаққа теңейді.

  • Тағы неге балайды?

  • Мергеннің оғы тиіп,әлсіреп қолға түскен бала киікке балайды.

Сұңқардың баласындай қолға түскен,

Құланның құлынындай қолға түскен.

Тұтқын қыз жауларына жалтаңдайды

Киіктің лағындай қолға түскен

Оқушылар ақын қызды тек асқан сұлу едідеп сырттай тамсанып,құрғақ баяндай бермейді.Бірер деталь,аз суретпен оның келбнтреңін көріктендіре ашады.Жоғарыдағы өлең жолдарын жеке талдауға көшейік.

  • Қыз шашының ұзындығын қай сөзденқай сөз тіркесінен көреміз?

  • «Оралған аш беліне».

  • Толық түсіндіріп, талдасақ.

  • Егер шаш белге жетіп,онымен қойма,оралып жетсе,шашының соншама ұзын болғандығы.

  • Айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?Қыз шашының ұзындығын құр дәлелдеуде әдемілік бар ма?Әлде «оралған аш беліне» әсем бе?

  • Әрине, «Оралған аш беліне» әсем.

Міне,оқушылар образдың күші.Ақын тек құбылыстың картинасын көруші емес,соны лирикалық қаһарман сезіміне,талғамына сай өрнектеуші.Сол себептен де көркем әдебиеттегі әр сәтті деталь,образ әсерлі болады,сондықтан біз шығарманы қызыға оқимыз.

Мен оқушыларды одан әрі талдауға төселдіремін.

-Ал қыздың қасын қалай бейнелеген?

-Қап-қара қарлығаштың қанатына теңейді.

-Ал,оқушылар,осы айтқанымыз жеткілікті ме?

-Ақын тек теңеумен шектелмейді,қарлығаштың қанатындай болып келуін көрсетеді.

-Бірінші жолдағы «қап-қара» сөзі мен екіншідегі «ақ» сөзінің бір-біріне ықпалы бар ма?

-Бар.

-Қалай?

Өзім түсіндіріп өтемін.

Оқушылар,алдымен ақын «қап-қараны» көрсетіп алды да,содан соң ақ маңдайға орануына назар аударды.

  • «Аш белі көк шыбықтай солқылдайды» деген жолдан не көруге болады?

  • «Қыз белінің жіңішкелігін және жарасты қимыл-қозғалыс үстіндегі қалпын тамашалауға болады.

  • «Қолаң шаш бейне жібек толқындайды» жолына үңілсек ше?

  • Қыз шашы жұмсақ әрі қалың.

  • Оқушылар,оны тек қана жұмсақ,қалың деп хабарлай салып тұр ма? Ойланыңдаршы.

  • Жоқ оның толқындануын,толқынданғанда да жібектей жұмсақ боп толқындануын құлпырта нақыштап тұр.

  • «Жаутаңдайды»сөзінен не түюге болады?

  • Қыздың әрі қорқып,әрі үміттене қарауын аңғарамыз.Сонымен қатар онда сондай бір мөлдірлік,сүйкімділік бар.

  • Оқушылар,әсемдікті сақта деп,он рет,тіпті жүз рет жалаң ақыл айту әсерлі ме,әлде,жоғардағыдай бірер әсем сурет әсерлі ме?

  • Бірер сурет әсерлі.

  • Міне,өнер құдіреті,оның адам сезіміне әсер ету күші образ мәні осындай.

  • Адақ поэмада қалай суреттеледі?

  • Ол поэмада кең пейілді,адал,ер жүрек,қайырымы мол адам болып суреттеледі.

  • Ақын тағы оның қандай қасиеттерін толықтыра түседі?

  • Іске тиянақты,әділ,кішіпейіл,елге жаққан ер мінезді,оның үстіне ол - әнші.

  • Ақын оның ұнамды портретін қалай бейнелеп береді?

Кім тауып оқиды?

- Қара сұр ұзын бойлы,емес талпақ.

Денесі көк құрыштай,өрдей шалқақ.

Қыр мұрын,қарагер көз,қара мұртты,

Қақпақтай қобы жауырын, - топшы жалпақ,

Солқылдақ көк құрыштай,біткен жіптік,

Жараған аш бөрідей белі жіптік..

Ыңғайлы,сұлу сида,сұңғақ дене,

Жараған бәйгі кердей ықшам сыптық

Білінген шиыр дене,бейне шойын,

Жұп-жұмыр сом боп біткен жігер мойын

Денесі бұлшық етті,терткен күшті,

Бәйгі атша ширатады тұла бойын.

  • Адақтың күшті екенін сыртқы келбетінен-ақ аңғаруға бола ма? Кім айтады? Біз ол келбетті қай сөздерден аңғарамыз?

  • «Көк құрыштай». Бұл тіркес оның денесінің пісіп,қатқаны сондай,тығыз,қатты екені білінеді.оның бейнесін одан әрі «бейне шойын» тіркесі дамыта түседі.Тіпті саусақпен түртсең,қол батпайтындай әсер қалдырады.

Оқушылар,ақын осы іспеттес суретті кейін Балуан Шолақ,Қажымұқан бейнесін көруде де қолданылады.Міне, «Жалаңаш денесіне тіс батпайды» деген суреттеме бар.

Көкше бойында ерекше күшті адамдар болған,оны әріден ұйықтап жатқан «Жеке батыр» және Адақ бейнесінен,беріден Балуан Шолақ,Қажымұқан бейнелері арқылы көріп отырмыз.

Оқушылар,поэмапның «Бүркіт пен аққу,мерген» бөлімінде ақын Адақ батыр бітіміне тағы назар аудартады.қараңыздаршы, «Бұлтиған бұлшық етті құрыш білек,жиырылып ырғалтады күшін білеп» сөздеріне үңіле білуіміз керек.

Ойлаңыздаршы,бәріне пішін келістілігі,қимыл әдемілігі жарасып,үндесіп тұр емес пе?

  • Оқушылар,бәріңе ортақ сұра:Биіктегі орамалды атып түсіру кезінде Адақ қай сипаттармен танылады?

  • Мергендігі мен күштілігі.Мерген болмаса,дәл тигізе алмас еді.Қарулы болмаса,садақ оғын сонша алысқа жеткізе алмас еді ғой.

  • Ал,жұмбақ шешуінен нені аңғарамыз?

  • Ақылдылығы,данышпандығы танылады.

  • Өзінің үйлену мүмкіндігі бола тұра,қызды азат етуді өтінуі кезінде Адақ қандай сипатымен ерекшеленеді?

  • Мейірімділігімен.

Сонымен оқушылар,поэмада көп түрлі әсемдіктер осылай толыса,өріле келе,жалпы сұлулық,пәктік атаулыны аялай білу идеясына жетелейді.

IV. Бекіту.

Оқушыладың сабақтан алған білімдерін тиянақтау мақсатында «Венн диаграммасын» пайдаланам.


V.Қорытынды.

Оқушылар,біз бүгінгі сабағымызда табиғат пен адам бойындағы сан түрлі сұлулық,тазалықт көрсете білу мен олардың бойындағы адал да,қарапайымдылықты талдап,өзкөзімізбен көре білдік.Сол адал жанды,ақылды адамдар сияқтыбіз де білімді,адал бола білейік.

Мен бұл сабағымда образ талдауды жалай күйде емес,көбінесе сұрақ-жауап әдісін,сұрақ арқылы ойланту әдісін қолданып,іздендіре оқуға тәрбиелеймін.

VII. Үйге тапсырма.

Шығарма жазу: «Сәкен - табиғат пен адам өмірінің жыршысы».

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбектің «Ақбілек» романы.

(ХІ сынып.Көркем шығарманы талдау сабағы)

Сабақтың мақсаты:Ақбілек образының қайшылықты тағдырының психологиялық образ дәрежесіне көтерілуін,сондай-ақ бейнеттен,қорлықтан құтылған,»күнәдән» тазарған Ақбілектің психологиялық жан сезімін ұғындыру;адам мен табиғат,өмір мен өлім арасындағы табиғи заңдылықты басты кейіпкер басына түскен ауыртпалықпен байланыстыра түсіндіру (психологиялық параллелизм(.

Әдістмелік мақсаты: көркем шығарманы талдауды үйрету,сол арқылы талдауды үйрету,сол арқылы өмірді таныту;өмірге көзқарасын қалыптастыру,мінез-құлқына ықпал ету.

Сабақ көрнекілігі: Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы,романнан үзіндіні магнитофоннан тыңдату,тірек схемасы.

Сабақ барысы.

І. «Ақбілек» романын бастамас бұрын өткен тақырыптар бойынша шегініс жасап көрейік.Бұл романды талдау барысында қажет болады.

Сұрақ:Жүсіпбек Аймауытов кім?Мағжан,Ахмет,Сәкен,Міржақыптар кім? Олардың қызметінің қай жағы басым?

Біз бұл тұлғаларды әдебиет саласына қатысы болғандықтан шығармашылықтары тұрғысынан қарастырамыз,олар ақын,жазушы ретінде танылумен қатар,көрнекті қоғам қайраткерлері,саясаткерлер,өз уақыттарындағы үкімет басында қызмет еткендер.

Сұрақ: 1. Ж.Аймауытовтың саяси көзқарасы қалай қалыптасты? Репрессияға ұшыраған Жүсіпбекке қандай айып тағылған еді?

ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

«Ақбілек» - қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы реалистік проза талаптарына,жанрдың еуропалық шарттарына жауап беретін толыққанды көркем,бастан-аяқ салиқалы,сабырлы,ұстамды проза үлгісі ретінде жазылған реалистік роман.Қазақ әдебиетінде реалистік роман ұстанымдарын алғаш меңгерген қаламгерлердің бірі - Жүсіпбек.

«Ақбілек» романы Аймауытов шығармашылығының шыққан биігі деуге болады.жазылғанына 60 жылдан асқан осы роман бүгін ғана жазылып,әлі сиясы да кеуіп үлгермегендей әсер қалдыратындығына қайран қаласың.Сыңғырлаған күмістей тап-таза шебер тіл бірден үйіріп әкетіп,еріксіз тәнті етеді.Ол стиль,композиция тәрізді көркемдік құралдарға ерекше көңіл бөлді.Еуропа,орыс әдебиетіндегі бейне жасау,мінездерді даралау дәстүрлерін еркін пайдаланды.Жазушының бар таланты биік қырынан көрінеді.

Жазушы бұрын сыры жұртқа айтылған тақырып емес,соны,мүлде тың,тіпті сирек оқиғаларады романға арқау еткен.Тақырыбы - әлеуметтік тартыстар,тап күресі,ел мойнына түскен салмақ және адамдардың тағдыры.Бұл - психологиялық роман,мұнда түрлі адамдардың психологиялық ерекшеліктерін көрсететін мінез-құлық,болмыс-бітім кеңістігі бар.

Сұрақ:Натурализм дегеніміз не?

Натурализм XVIII ғасырдың ІІ жартысында Францияда пайда болған.Натурализм - талдау,анализ жасау деген сөз,мұнда адамның өмірін сынақтан,эксперименттен өткізу арқылы оның мінез-құлқындағы,ой-санасындағы қайшылықтарды шешу,қалтарыстарын таныту ниеті байқалады.Бұл бағыттың негізін салған - белгілі жазушы Эмиль Золя Натурализмнің ерекшеліктері

  1. Кейіпкердің ғұмыры түрлі сынақтан өтеді.Сол сынақтан өту кезіндегі кейіпкердің бойында болатын психологиялық өзгерістерді бақылау идеясы.

  2. Өмір мен өлімнің күресі немесе тіршілік үшін күрес.

  3. Табиғат аңдылықтары мен қоғам заңдылықтарын қатар суреттеу.

«Ақбілек» романын ашқан кезде тамаша табиғатымен Алтай туы ққарсы алады (кітаптан үзінді ...)

  1. Біз осылай табиғатты тамашалап,мамыражай отырғанымызда ойламаған жерден оқыс оқиға,Ақбілектің әкесі Мамырбайдың аулына кіріа кеттік.

а) Ақбілектің көзінің тартуы нені аңғартады?

ә) Шұбап келе жатқан 4 атты кімдер болып шықты?

б) Келген салт аттылар бірден Мамырбайдың үйіне келуінен нені аңғардыңдар?

2.Ақбілек шұңқырда жатыр.Ақтар іздеп жүр.Анасының өлімі.Романда кездескен бірнеше қайғылы оқиғалар Ақбілектің көз алдынан өтті.

а) Ананың балаға деген махаббаты қандай оқиғамен байланысты көрінеді?

ә) Ақбілектің шұңқырда екенін кім білді?

б) «Қызын бүркітше бүріп жатқан 2 орысты анасы екпінмен келіп итеріп тастап,балапанын басқан ана құстай аласын бас салды» деген көріністің аяғы немен тынды?

в) Қазақтың бас араздығынан кек туатыны қай көрініс арқылы сипатталған?

3.Ақбілек ақтардың қолында.Ақбілекке таласып,жас жігіт мерт болады.Ақбілектің денесі түршігіп кетті.Романда бірінші өлімнің денесі суымай жатып,екінші өлімге кездестік.

4.Қарамұрт офицер 14 жасар Ақбілектің өміріне дақ түсірді.

а) Ақбілектің көрген зәбірін,арының аяқ асты болуын қай көріністер арқылы байқаймыз?

ә) Ақбілекке екі офицердің таласуы,Қарамұрттың жирен офицерді дуэльде атып өлтіруінің себебі неде?

5.Қарамұрт қоштасарда Ақбілекті атқалы тұр.Ақбілекке өлім қаупі төніп тұр.

Сұрақ : а) Өлім - суық сөз. Шығармада ол қандай образбен шендестіріледі?

ә) Ақбілектің өлімге қарсы әрекеті.

б) Оқиға барысында Қарамұрт офицер қай қырынан байқалады?

Ақбілектің азаппен өткізген түні.Табиғат көрінісі мен адам әрекетінің,көңіл-күйінің қатар суреттелуі,хикаяның психологиялық саралаумен берілуі.(Магнитофоннан үзінді)

«Ақбілектің жанын жынның ойнағындай ойрандап кеткен озбыр омырау,өксікті күндер орыс мінген аттардың аяғымен бірге алыстап бара жатты.

6. Ақбілек тауда жалғыз.Елестетіп көріңіздерші.қою қараңғылық.Түн.Су арқырап ағып жатыр.Жел гуілдеп тұр.Жапырақтар тынымсыз сыбдырлауда.Кенет ұлыған қасқырлар даусы естілді.Олар бірте-бірте жақындап,Ақбілекті қоршап алды.

Қасқыр ненің елгісі?

  1. Ақбілекті озбырлардың,қатыгездердің тобы қоршап алды.Сол топпен Ақбілек жалғыз күресуі керек.Ақбілекті олар талап жеп қоюы мүмкін еді.Егер де Ақбілек кенет аяқ астынан жылт еткен шоқты көрмесе.

Жылт еткен шоқ оқиғаны қалай өзгертті?

Шоқ ненің рәмізі деп ойлайсыз?

  1. Ақбілек жолға шығады.оған диуана Ескендір кездеседі.Диуана Ескендір Ақбілекке қандай көмек берді?

  2. Ақбілекті ағасы ауылға алып бара жатыр.Ақбілек неге мұңаяды? Қуану керек емес пе? ОЛ неге өз-өзіне ажал тілеп,өлім шақырып келе жатыр?Ақбілектің басындағы «бұлт» енді қоюлана түсті.

«. . . . бұрынғы кіршіксіз аппақ кеудесіне енді қара құзғын ұя салып кеткен тәрізді.Осы арам денеммен,арам аузыммен әкемнің иманды жүзіне қалай жақындаймын?Ойбай-ау! Менің күйеім ше?» деген жолдардағы қазақ қыздарының ар-ұжданы туралы не айтасыз?

Ақбілектің басына түскен қайғының мәні неде?

10. Ақбілек ауылға барды.Әкесі арасындағы қарым-қатынас.Медеуі - Бенкболат,Ұрқия.

Әкесінің өзгерісі мен салқындығы арқылы нені аңғартпақ?

Автор Ұрқия мен Ақбілектің жасырын сырын қандай мақсатта пайдаланған?

11.Өгей шеше.

Өгей шешенің тепкісін қандай суреттер арқылы сипаттаған?

12.Түс көру.

13.Азапты күндер.Жүкті екенін сезу.

14.Әкесінің қуып шығуы.

15.Босану сәті.

16.Қалаға келу.

17.Семей,Омбы,Ақмоладағы оқу.

18.Ақбала - Ақбілек - Балташ.

Ақбілектің Ақбаламен махаббаты.Оның сәтсіздікке ұшырау себебі неде?

Ақбілек ауылда.

Ақбілектің елге оралуы,ағасы мен жеңгесінің қарсы алуы қалай суреттеледі?

Ақбілектің Бекболат ауылына соғуы,Бекболатты пішіні Ақбілек арқылы сипатталуы неліктен?

Ақбілектің жеңісі, «тазару,жаңару» кезеңі.

Автор әке аузына «Ақбілек жат,өнерлі! Ол енді ақсақалдың ғана баласы емес,көптіңбаласы.Енді ақсақал именеді» деген сөз салу арқылы нені айтқысы келіп тұр?

« Ақбілек» натурализм үлгісінде жазылған роман

Өмір мен өлім

СынақЖазушы көздеген мақсатты дәл табу үшін осындай алгоритмдеу амалын қолдану,ойландыру әрекетін дұрыс ұйымдастыру,өз пайымдау-түсінігін қалыптастырып,оны айтқызу көп нәтиже берері сөзсіз.Оқушы мәтінді тек жай ғана оқып қоюмен шектелмей,оған өз дүниетанымы,көзқарасы тұрғысынан баға беру арқылы материалды игеруді жетілдіре түседі,әрі өзін-өзі зияткерлік жағынан дамыту,белгілі бір құбылысқа деген субьективті қарым-қатынасын қалыптастыруды жүзеге асырады.Осындай жазушы стилін меңгергеннен соң оқушылардың танымдарын дамыту үшін пікір жарыстырып,ой-түйіндерін ұйымдатырып,жауаптарын жинақтау орынды.



Табиғат пен адам



Ақбілек трагедиясы Ақбілек көңілінің тазаруы

 

Анасынан айрылуы Ақбілек ауылда

 

Ақтар қолында Балташқа қосылу

 

Қасқырлар қамауында Ақмолада

 

Әке ызғары Омбыда

 

Өгей шеше Семейде

 

Жүкті болуы Қалаға кетуі

Бекболаттан күдер үзуі

Босануы

Міне,балалар,романды оқып аяқтадық.Шығрманың шарықтау шегі қай жерде биігіне жетеді деп ойлайсыз? Қай тұстры сіздерді әр түрлі күйге салды: қуантты,ренжітті,күлдірді,жылатты,толғандырды,ойландырды.

Роман несімен ұнады немесе неге ұнамады? Бұл - қиын сауал.Алдымен осы сауалға жауап берер оқырманның әдеби сауаты қандай дәрежеде,сұлулық сезімі қандай,эстетикалық талғамы қандай,эстетикалық талғамы қандай? Әлгі оқиғаның байыбына бара ала ма? Ол үшін мына 5 түрлі сұраққа жауап іздеп табу керек.


1.Қандай оқиға болды? (Тақырыбы,идеясы)


2.Қалай өрбіді? (Сюжеті мен композициясы)


3.Кімдердің басындағы хикая? (Шығармадағы тип,характер)


4.Оқиғаның баяндалуы қалай? (Жазушы тілі,стилі)


5.Оқиға автордың жеке көзқарасы? (Суреткердің дүниетанымы).


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Мағжан лирикасындағы ақынның өз бейнесі

Сабақтың мақсаты: білімділік - Мағжан Жұмабаев шығармаларын оқыта отырып,өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу,ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту;дамытушылық - оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;тәрбиелік - ақынның бейнесі арқылы ұлтжандылыққа,елін,жерін,туған отбасын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Мағжан Жұмабаевтың портреті,ақын туралы жинақталған материал бүктемесі,үлестірмелі кестелер.

Сабақтың түрі: ізденіс сабағы.

Сабақтың әдісі:Қанипа Бітібаева технологиясы (топтық жұмыс,зерттеу(.

Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгендеу.Сабаққа әзірлік жұмысын ұйымдастыру,мақсатын түсіндіру,оқушыларды топқа бөлу.

ІІ.Өткен тақырыппен байланыстыра отырып үй жұмысын тексеру. «Кубизм» әдісімен мынадай сұрақтарға жауап алынды.

  1. Мағжанның өмірі қандай жерлерде,қай жылдары өтті?

  2. Мағжанның ата-анасы мен бауырларының аты-жөні кімдер?

  3. Мағжанның лирикасының тақырыптары қалай бөлінеді?

  4. Мағжан қандай тілдерді жетік меңгерген?

  5. Европалық және орыс әдебиетінің қандай ірі тұлғаларын Мағжан арқылы білесің?

ІІІ.Жаңа сабақ.

Суреткер шығармашылығы-оның автопортреті.Ақынның өлеңінен айна-қатесіз оның өзі танылады.Мағжан поэзиясындағы лирикалық кейіпкер - ақынның өзі.

«Ізденіс тенденциясы» сәті.

Ақынның үш өлеңі негізінде 3 топ болып бөлінеді: 1-топ «Сүйемін» өлеңі;2-топ «сағындым» өлеңі; 3-топ «сен сұлу» өлеңі.

Үш топтан шыққан оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтып,тақтаға тірек-сызба арқылы ой-толғам жасайды.

айдын көлімді анамды жер гүл май бу


елді түн ай


сайран жерімді Сарыарқаны күн жел су сен


Осы үш топтан шыққан оқушылар ақынның өз ойларын ортаға салады.

Мағжан - өлеңдерінде барлық тақырыптарды қамтыған ақын.оның лирикалық кейіпкерлері елі,жері,ата-анасы,сүйген жары,тау-тасы,орман-даласы,қазақ азаматы,ұлты, т.б. болып кете береді.

Мағжан үшін бай-кедей деген ұғым жоқ.Оның жүрегінде тек ұлт қана бар.Ол ұлты - қазақ елі.Ақынның қай өлеңін алсаң да,ақынның өз бейнесі «менмұндалап» көрініп тұрады. «Көбелек» деген өлеңін мысалға алайық.

Отқа ұшар көбелек

Қарамай сорлы алды-артын.

Ойына кіріп шықпайды

Күйдірер деп от-жалын, - деген жолдардан ақынның анық сөзі,сол кезеңдегі өмір сүріп отырған қазақ елі көрінеді.

«жазғы жолда» өлеңінде ақын:

Төрт жағы дала,жер де көк,

Дала өлік,жоқ бір от ...

Жер де жатыр тұншығып ... деп көзіне жас келеді Ақынның айтып отырғаны белгілі - қазағы.Сардалада мәдениет сәулесінен аулақ,табиғаттың тілсіз апатына құрбан болған,тұншығып жатқан қазағы.

IV. «Талдау - табыс кілті».Жаңа сабақты меңгеру.

ҚАЗАҚ - ҰЛТ - МАҒЖАН. Осы үш таған арқылы біз ақынның лирикалық кейіпкерін танимыз.

1-топ оқушысы «Қазақ» туралы мәлімет береді. 2-топ оқушысы «Ұлт» жайлы түсінік-пайымын байланыстыра айтып береді.

3-топ оқушысы Мағжанның өлеңдерінен үзінділер оқи отырып суреттеулер жасайды.

V. «Өзіндік ізденіс - білім негізі». Бекіту.

Үш топты оқушыларынан бір-бірден шығып,үлестірмелі кестеде берілген тапсырманы орындайды.

Тапсырмалар

1.Мағжанның өзің қалаған бір өлеңінің құрылысын талдап көрсет.

2.Мағжан өлеңдерінде қандай троптар пайдаланылады? Мысал келтір.

3.Мағжанның үлгісімен өлең жазу.

VI.Үйге тапсырма.

Мағжанның қай өлеңдерінің шумақтары екенін анықтау.

1.Күш кеміді,Айбынды ту құлады.

2.Күнбатысты шаң басқан.

3.Күннен туған баламын,

Жарқыраймын, жанамын.

VII. Сабақты қорытындылау. Мағжанның лирикасы жайлы қысқаша пікір жазу.

VIII.Бағалау. Топтық бағалау парағымен бағаланады.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Cабақтың тақырыбы : «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да»

(ХІ сынып,Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әйел-ана тақырыбы)

Сабақтың мақсаты: білім беру - романдағы әйелдер бейнесін ашу;танымдық - Абайдың әйел-ана,қыз-тағдыр,махаббаттағы ізгілік идеясын үлгі ету; тәрбиелік - оқушыға Абайдың адамгершілік,имандылық қағидаларын өмірлік ұстаным етуге бағыт беру.

Сабақтың әдісі: аралас сабақ,СТО технологиясы.

Көрнекілік:Абайдың портреті,иллюстративті түрлі түсті таблицалар,техникалық деректі суреттемелер.

Пайдаланылатын оқулық,көмекші құрал:М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясы; «Жарқ етпес қара көңілім ..»

(Абайдың өлеңдер жинағы); Светқали Нұржанов «Таң қауызын жарғанда» өлеңдер жинағы. «Қазақтың би-шешендері» жинағы.

Сабақтың өту кезеңдері.

І.Ұйымдастыру. Сынып оқушыларымен амандасамын.Көңіл күйлеріне,кабинеттің бүгінгі сабаққа дайындығына көңіл аударамын.Оқушыларды түгендеймін.

Светқали ақынның жаңа жыр жинағындағы Абай ұлылығын паш ететін тұстарын атап көрсетемін.

ІІ.Өткен сабақ тапсырмаларын тексеру үшін бірнеше оқушыға кеспе карточкалар таратып,сабақ барысында жауап алатынымды ескертемін.Ал бүгінгі талдау сабағы күрделі болатындықтан бірден жаңа сабақ материалына кіріспе жасаймын.

ІІІ.Бүгінгі сабақ тақырыбын тақтаға жазып көрсетемін.

Бұл тақырып ұлтымыздың әр заман талқысынан өтіп,қазір әйел-аналарымыз қоғамдық дамуда өз биік орын алып отырғанын естеріне сала кетемін.Ауыз әдебиетінің де небір үлгілері бұған соқпай өтпейді.

Бірде Орта жүздегі аржас Шорман төренің баласы Мұса бір топ кісімен атақты Саққұлақ бимен амандасқалы келе жатып,жанындағыларды сынау үшін мынадай бір сұрақ қойыпты:

Ағат деген немене?

Сағат деген немене?

Қанат деген немене?

Жанат деген немене?

Ханым деген немене?

Қасындағылар ананы айтып,мынаны айтып,бидің көңілін таба алмапты.Олардың жауаптарына көңілі толмай келе жатқан Мұса осының мәнісін өздері амандаса келген атақты би Саққұлақтан сұрапты Сонда «Арғынның ағасы» атанған қарт би былай деген екен:

Екі кісі ұрысса -

Ағат емей немене?! Тоқтышақтың терісі

Екі жақсы сөйлессе - Тоңдырмаса суыққа -

Сағат емей немене?! Жанат емей немене?!

Мінген атың болдырмай, Адал болса алған жар -

Мәре жерге жеткізсе - Ханым емей немене?!

Қанат емей немене?! Жайлы болса мінезі -

Жаның емей немене?!

Жесір дауында Ақтайлақ би қорлық көрген қыз баланың тағдырына ара түсіп,оның бас бостандығын былай қорғаған екен:

Жақсы туған қыз бала

Батыр туған ұлмен тең ...

Сатылса малға қарындас -

Есікте жүрген күңмен тең.

Жабырқап көңілі ашылмай,

Қараңғы болар түнмен тең.

Көз жасын көрер пенде жоқ,

Қайғының дерті умен тең.

Еркі өзінде болса,

Мына отырған қарындас

Болар енді кіммен тең?!

Осылайша шындыққа жұрттың бәрінің еріксіз басын игізіп мойындатқан бидің айтқыштығынан қыз бала басына азаттық алған екен.

Қазақ халқы қыз сұлулығын әуелден-ақ жырға қосқан.

Бет ажарын қарасаң -

Жазғы түскен сағымдай.

Ет ажарын қарасаң -

Терісінен айырған

Арпа- бидай ақ ұндай ...

«Қалқатай отыр ма екен,жатыр ма екен

Аққудай көл шайқаған аппақ болып!..»

«Жақсы қыз - жағадағы құндыз,

Жақсы жігіт - аспандағы жұлдыз».

Осылайша өткенге оралып,ұлтымыздың Әйел-Ана тақырыбына әуелден-ақ бей-жай қарамағанын дәлел етемін.

IV. Хрестоматиядағы Абайдың Тоғжанмен ең алғаш Сүйіндікті мекені - Түйеөркеш жеріндегі кездесуі туралы баяндайтын тұстарын тапқызып,оқытамын(245249-беттер).Тоғжан портретін өзім мәнерлеп оқып беремін. «Портрет», «мінездеме», «пейзаж» ұғымдары бойынша сұрақтарға жауап алып,теориялық білімдерін пысықтаймын.

V. Оқушыларға берілген кеспе карточкаларға жауаптар алынады.

- Абайдың Абай болуына әсер еткен өмірлік үш «көзі» қандай еді?

- Абайдың өз әкесі құнанбайға деген көзқарасы қандай болды?

- Абай үлкендер алдында әдепті болуды кімнен үйренді?

(Әжесі мен анасы Ұлжан тағлымы.)

- Абай өз өлеңдерінде көп сынаған қазақтың бойына сіңген мінездері.

«Абай жолы» романы бойынша өткен сабақтарды еске ала отырып,тақтаға Венн диаграммасы бойнша талдау жасатамын. (Ескерту.Төмендегі жауаптарды оқушылар жетекші сұрқтарға жауап бере отырып,өздері тауып талдайды.)

Осыдан барып Абайдың мәңгілік махаббат тақырыбы өзінің қолы жетпей кеткен ғашығы - Тоғжанға арналу себебі ашылмақ.Ғашығы мен әке таңдауымен алған жарына деген қарым-қатынас сыры Абай көзімен,жазушы шеберлігімен ашылады. (Бүгінгі сабақ тақырыбына айналып отырған Абайдың осы аттас өлеңін өзім әнмен орындап беремін.)

Романдағы басқа да әйелдер бейнесін ашу үшін әр тұстан түрлі іс-әрекеттерінен үзінділер оқылады.Содан барып дәптерге әр оқушы кейіпкер әйел-аналарға қысқаша сипаттама жазу тапсырмасы беріледі.Мысалға оқушылар тапсырманы мынадай үлгіде жазып шығады.

Зере - байсалды ақыл иесі,сабырлы ел анасы,ұрпағына мейірбан,аздап аңқаулау мінезі бар,Абайдың сүйікті әжесі.

Ұлжан - асқан сабыр иесі,ұстамды,Құнанбайдың адал ақылдас өмірсерігі,Абай даналығының бастау бұлағы.

Күңке - Құнанбайдың бөлек ауыл отырған бәйбішесі,мінезінің шайпаулығынан жұртқа жұғымсыз,тілді жан.

Айғыз - құнанбайдың тоқалы,төркіні кедей болғандықтан қазақ-ошақ маңында қалған.

Нұрғаным - жасы Абапйдан кіші Құнанбайдың ерке тоқалы.Мінезі батымды,ірі істерге лайық.Құнанбайды билеп алған.Өз теңіне қосылмаған Нұрғаным тағдырға деген өшін,Құнанбайға деген қыжылын ешқашан жасырмай,әр ісіне батыл қарсы шығып отырған.Сол үшін де Базаралымен жақын болған.Қазақтың көп бақытсыз қызының бірі,қалңмал құрбаны.

Қаражан - Тәңірбергенннің бәйбішесі,Абайдың жеңгесі.Мінезі қытымыр,қатал,сараң,тек қара басын ойлайтын Тәкежанның өзіне сай әйел.

Мәніке - Ысқақтың әйелі.Ақылды,тәсілқой,айтқыш болғанымен өрескел сезімсіздігі бар,күйеуіне айтқанын істететін,өз бағасын білетін,паң,еркетотай әйел.

Еркежан,Зейнеп,Торымбала - Оспанның әйелдері.Бәрі де - малға сатылған,тағдырына еріксіз көнген,қазақтың ибалы да көнбіс мінез әйелдері.

Сарыапаң - Құнанбай маңайында Құнанбайдың абыройын сақтаған,ұлжанның күтушісі,егде әйел.

Керімбала,Үмітей - бақыты үшін күресуге дайын,бірақ арманына жете алмай кеткен қазақтың мұңлық қыздары.

Салтанат - Абайды сүйген,сол үшін де ол қамалғанда абақтыға жүз сом беріп құтқарып,азаматық,достық пейіл көрсеткен,Абай құрмет тұтқан ер мінез қыз.

Мәкен - Абайдың досы Дәрменнің сүйген жары,Абайдың ара түсуімен бақытын тапқан қыз.

VI. Білім бекіту кезінде «Хат» тапсырмасы беріліп,оқушыға ой салған Абай мен әйел-аналарға деген толғаныстарына уақыт табамын.

VII. Үйден «Абай жолы» роман-эпопеясын тиянақтап оқуды,оның адам болу жолындағы ұлағаты мен тәрбиесін естен шығармауды тапсырамын.

VIII. Сабақты қорытындылау кезінде көпке танымал,Абайдың Әйгерімге арналған «Көзімнің қарасы» әнін оқушылармен бірге айтып шығамын.Оқушылардан алынған жауаптарды бағалап,бүгінгі сабақты қорытындылаймын.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров өмірі мен қызметі,шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: Ілияс Жансүгіров қызметі,өмірі,шығармаларының тақырыбы мен негізгі ойы туралы өз беттерімен және топпен білім алуға үйрету.

Сабақ міндеттері: білімділік - Ілияс өмірі мен қызметі,шығармашылығы туралы өз беттерінше білім алуларына жағдай жасау,бастауыш сыныптағы шығарамаларын талдата отырып,мәнерлеп оқуға үйрету; дамытушылық - оқушылардың сөздік қорларын,шығармашылық қабілеттерін,ой-өрістерін дамыту; тәрбиелік - Ілияс шығарамаларын талдау арқылы эстетикалық тәрбие қалыптастыру,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту,практикалық іскерлік дағды қалыптастыру.

Оқытудың формасы:ұжымдық оқыту.

Сабақта қолданылатын әдіс: ЖИГСО,көрнекілік,талдау-жинақтау,кластер т.б.

Сабақтың барысы.

І.ұйымдастыру бөлімі: 1)оқушылармен амандасу; 2) топқа бөлу.

ІІ. Жаңа сабақ.

1.Сабақ мақсатын хабарлау.

2.Кіріспе. «Бізде балалар әдебиеті жасалмаған әдебиет.

Бізде әсіресе техника,өнер жайында шығармалар туған жоқ.Енді бұл кетікке кірпіш қалауымыз керек».

ЖИГСО әдісі арқылы 4 топ !лияс Жансүгіровтың өмірі және қызметі,балаларға арналған шығарамаларының тақырыптары,ақынның танымдық сипаты,ақын өлеңдеріндегі эстетикалық идеал тақырыптарындағы мәтіндерді эксперименттік топта талқылап,түсініп алады.Сонан соң жанұялық топтарына барып бірінші бөлімнен бастап кезек-кезек әр оқушы өздерінің оқып келгендерін айтып түсіндіреді.Осы әдіс бойынша берілген мәтіннің мазмұнымен барлық оқушы танысып шығады.

«сандар сыр шертеді» кестесі бойынша Ілияс өмірі,қызметіне шолу жасайды.

С

1905-1911андар сыр шертеді

1894

1912

1938

1934-1936

1925-1928

1920-1921

1915


Балаларға арналған шығармаларының тақырыптары.

(Кестені әр топтан оқушылар шығып толтырады).

І

Оқу білім

Табиғат

Еңбеклиястың балаларға арналған өлеңдерінің тақырыптары


Алған білімдерін бекіту.

№4 практикалық жұмыс.

Практикалық бөлімде І.Жансүгіровтың бастауыш сынып оқулықтарына енген шығармаларын талдаймыз.

(Әр топқа 1-4 сынып «Ана тілі» оқулықтары таратылып беріледі).

1-топқа тапсырма: 1-сынып. «Жазғы шілде»

1.Өлеңді мәнерлеп оқу. 2. Өлеңді ұйқасына,құрылысына талдау. 3.Өлеңнің тақырыбын анықтау.

2-топқа тапсырма: 2-сынып. «Малта»

1.Өлеңді мәнерлеп оқу. 2.Өлеңнің негізгі ойын анықтау. 3. Өлеңді құрылысына талдау.

3-топқа тапсырма: 3-сынып «Шәркей»

1.Әңгімені рөлге бөліп мәнерлеп оқу. 2.Әңгіменің тақырыбын анықтау. 3.Әңгіме кестесін толықтыру.

Әңгіме кестесін толықтыр.

1.Әңгіменің тақырыбы. 2.Әңгіме кейіпкері 3.Оқиға болған жер. 4.Әңгіме бізді неге үйретті?

4-топқа тапсырма: 3-сынып. «Жазғытұрым»

1.Өлеңдегі суреттеме сөздерді табу. 2.Өлеңді құрылысына талдау. 3.Өлеңді мәнерлеп оқу.

Сабақты бекіту. І.Жансүгіровтың бастауыш сынып оқулықтарына енген шығармалары.



1-сынып 2-сынып 3-сынып 4-сынып

«Жазғы шілде» «Күн шыққанда» «Жазғытұрым» «Шәркей» «Көкшетау»

Үйге тапсырма.

Бағалау.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Шерменде өткен өр тұлға.


Сабақтың мақсаты: Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасында тарихи тұлғаны сомдауы,талант пен дарынсыздың тартысын,Ақанның трагедиялық образ екендігін және дәуір шындығын ашуы.

Тәрбиелік мәні: саңлақ сазгер,дүлдүл әнші,елінің еркесі Ақан серінің өнегелі өмірін үлгі ете отырып,қызғаншақтық,күншілдік,көреалмаушылық сияқты жаман мінездерден сақтандыру.

Дамытушылық мақсаты: оқушының сыни көзқарасын қалыптастыру.Ашық,еркін сөйлей білуге баулып,тілін дамыту.Басқа да өнер иелерінің қиын тағдыры туралы айта келіп, «Ортасын олқы көрген ол бір дара» тақырыбына ойтолғау жазу.

Әдісі: Сұрақ-жауап,ой қорыту,сын тұрғысынан ойлау.

Түрі: сабақты қорытындылау және білімді жүйелеу.

Пәнаралық байланыс: тарих пәні.

Көрнекілігі: Ақанның портреті.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы бойынша берілген сұрақтарға жауап алу.

1.Ақын «Құлагер» поэмасын қалай жазды? Негізгі тақырыбы,идеясы.

2.Поэмада ащы сатира,улы ирония бар ма?

3.Құлагер мен Ақан трагедиясы поэманың қай бөлімінде шешіледі?

4.Поэмадан өзің ұнатқан үзіндіні жатқа мәнерлеп оқы.

Жаңа сабақты түсіндіру.

- Балалар,біз кейінгі ұрпаққа заман сырын терең ашқан «Құлагер» поэмасымен таныстық.Бүгінгі сабақта Ақанның трагедиялық образ екендігін ашуымыз керек.

Кезінде Мәшһүр Жүсіп «Ақан - заманның сұңқары,қызыл тіо\лдің ділмәрі,жігіттің құлпы жібегі,сөздің ағытылған тиегі» деген екен.Заманынан озып туған дүлдүл әнші,майталман орындаушы Ақан сері неге трагедиялық образ болады?Саңлақ мініп,сұлу сүйген Ақанның трагедиясы неде?Сол бір келмеске кеткен дәуір шындығын ашуымыз керек.Сабағымыздың негізгі түйінін ашып,ойымызды топтастыру әдісімен

жинақтайық.

сұм заманда


қара күште

күншілдікте

әділетсіз орта

Ақан - трагедиялық образ.

Трагедиясы неде?

сүйгенінен

айрылуында

Құлагердің мерт

болуы

дарынсыздар

талантты

тұқыртты

Ақандай өнер

адамын бағалай

алмауында

қайсар-

лығында


Жігіттің бағланы,жұртының ардағы,тіл біткеннің шешені,суырылып сөйлер көсемі болған Ақанда теңіздей терең ой қалды.Ақанның трагедиясы қара күште,сұм заманда,пасық жандарға бас ие алмаған қайсарлығында.

-Қалай ойлайсыңдар,қазіргі өнер адамдарына қастандық жасала а? ..

- Біз өнер адамдарын бағалаймыз,олармен мақтанамыз.

Аяқ-қолы байланған Біржан сал,кісен салынған Құрманғазы, Жаяу Мұса,Мәдидің тағдырлары да аянышты.

«Ортасын олқы көрген ол бір дара» тақырыбына ойтолғау жазу.

Ребус шешу. «Құлагер».

Сабақты қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма:

  1. С.Жүнісовтың «Ақан сері» романын оқу.

  2. Шығарма жұмысына дайындық.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Cабақтың тақырыбы: Абайды оқы,таңырқа!


Сабақтың мақсаты: а) Абай шығармаларын талдай отырып,білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығарамашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту; ә) студенттерді адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру; б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру,ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту.


Сабақтың көрнекілігі: буклет,шрифтограммалар,кітаптар,ойындар және өлең жазылған плакаттар.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың типі: білімді жүйелеу,жинақтау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,проблемалық,сайыс т.б.

Сабақтың барысы.1.Ұйымдастыру кезеңі:оқушыларды сайыс сабағына әзірлеу 2.Өтілген материалдарды жинақтау:оқытушының кіріспе сөзі.


Абай қазақ поэзиясының өсіп,гүлденіп,жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті.Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы,алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.Абай мұралары - адамгершіліктің,имандылықтың,биік парасаттылықтың асыл қазынасы.Осыған орай Абай шығармашылығын жинақтау,жүйелеу мақсатындағы сайыс сабағын бастайық.

Топ мүшелері Ибраһим,Абай,Телғара деген атпен үш топқа бөлініп,өздері шығарған өлеңдермен қорғайды.


Алған білімдерін жинақтау мақсатында сұрақтар «әр командаға 7 сұрақтан қойылады,сұраққа ойланбастан жауап беру керек).


Ибраһим тобына


1.Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда)

2.Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы,қай жерде басылып шықты? (1909ж. Петербург)

3.Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы. (Ырғызбай)

4.Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.(Ғабитхан)

5.Абайдың жеті атасын атаңыз. (құнанбай - Өскенбай - Ырғызбай - Айдос - Томан - Тобықты - Арғын)

6.Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».

7.Абайдың атақты ертекшісі. (Баймағанбет)


Абай тобына.


  1. Абайдың ең момын,жуас атасы (Айдос)

  2. Абайдың руы. (Тобықты)

  3. Абайдың неше күйі бар? ( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)

  4. Абайдың атақты әншісі.(Әлмағанбет)

  5. «Медғат-Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (мағауия)

  6. Табиғат лмрмкасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(«Жаз», 1886 ж.)

  7. Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы)


Телғара тобына


1.Абайдың талантты скрипкашысы кім болған? (Мұқа)

2.Абайдың «қараша,желтоқсан мен сол бір-екі ай» атты өлеңі кімге арналған? (Тәкежанның әйелі қаражанға)

3.Абайдфң алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)

4.Абайдың «Ей сорлы заман,менен аяған қай қастығың қалды... Мен ішпеген у бар ма! ...» деген тарихи сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған? (мағауияның өлімі)

5.Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? (13 жасынан)

6.Абайдфң баласы Әбдірахманның қайтыс болған жылы. (1895 ж.)

7.Абайдың орыс досы. (Михаэлис)


Шрифтограммаларымен жұмыс.

1. «Шахмат атының жүрісімен»


н

қ.

І

ң.

с

р

е

з


я

ы


с

о

а

а

г


ы

л


д

с

а


а

л


н

ы

м.

й


б

з

д

а.

а

ұ

т

ә

ғ

л

о

т

ұ

ғ

ы

а

б

ы


з

р

б

ЗД

а.


о


Берілген тор көздерді шахмат атының жүрісі бойынша асып өту керек.Бір басқан тор көзді қайталауға болмайды.Дұрыс шешкенде Абай өлеңдерінің атын оқуға болады. («Қансонарда», «Жазғытұрым», «Дүтбайға», «Сегіз аяқ», «мәз болады болысың», «Қыс»).


2. «Белгілі бір жүйемен»



Ромбик ішіндегі шеңберлердегі әріптерді белгілі бір жүйемен құрастырғанда, «Абай афоризмінің» авторының аты-жөні шығады. (Құлмат Өміралиев).


Асыл сөздердің жалғасын тап.

Жұмысы жоқтық

Тамағы тоқтық

---------------------- (Аздырар адам баласын)


Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті

------------------------------------- (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек)


Ғылымды іздеп,

Дүниені көздеп

--------------------- (Екі жаққа үңілдім)


Қайратсыз ашу - тұл

Тұрлаусыз ғашық - тұл

------------------------------- (Шәкіртсіз ғалым - тұл)


Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек

------------------------------------------- (Жылатқан тұла бойды ыстық жүрек)


Досы жоқпен сырлас

-------------------------- (Досы көппен сыйлас)


Өмірдің алды - ыстық,арты - суық,

--------------------------------------- (Алда - ойын,артқы жағы мұңға жуық)


Ақылмен ойлап білген сөз

Бойыңа жұқпай сырғанар. (Ынталы жүрек сезген сөз------------------------ Бір тамырды қуалар)


Шығармашылық жұмыс


1.Абайдың атын басқаша өзгерт.


а) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

ә) «Ғылым таппай мақтанба»

б) «Өлең - сөздің патшасы,сөз сарасы».


2.Абай өлеңдерінің жалғасын тап. (Ойдан өзі шығару керек)


-------------------------- Пайда ойлама,ар ойла,

-------------------------- Талап қыл артық білуге.

Ұстаздық еткен жалықпас, --------------------------

Үйретуден балаға. --------------------------


Сабақты қорыту.

Білімдерін бағалау.

Үй тапсырмасын беру. Шығарма ( «Жас ұрпақ үшін Абай мұрасының өнегелік тәрбиесі»).

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Өнегелі өмір Сабақтың мақсаты: оқушыларға Мұхтар Әуезовтың балалық шағынан мәлімет бере отырып,оның өнегелі өмірімен оқушыларды таныстыру.Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету,сөздік қорын молайту,тіл байлығын дамыту,ой өрісін,дүниетанымын кеңейту.туған жердің табиғаты мен тарихын сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: танымдық сабақ.

Сабақтың өту әдісі: баяндау,сұрақ-жауап,сызбамен жұмыс.

Көрнекілігі:Мұхтар Әуезов бейнесі,тақырыптық суреттер.

Пәнаралық байланыс: тарих,дүниетану,қазақ тілі.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.

2.Өткен сабақты пысықтау.

Жаңа сабақ.

1.Кіріспе әңгіме.

М.Әуезов 1897 жылы Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген.Оның арғы атасы Қаратау өңірінде туған.Мұхтардың атасы Әуез,әжесі Дінәсіл.Жастайынан Абайдың өлеңдерін жаттап өскен.Алғаш Абай ауылындағы бастауыш мектепті,сосын Семей қаласындағы орыс мектебінде оқып,содан кейін білімдерін әр түрлі оқу орындарында жалғастырады.

Мұхтардың ең құнды шығармасы - «Абай жолы» эпопеясы.

М.Әуезовтің өлкемізге келу тарихымен таныстыру.

М.Әуезов өлкемізде.

Зерттеу жұмыстарының тағы бір тарихи тұлғасы ұлы жазушымыз М.Әуезов 1927 жылдары біздің өлкемізде болған.М.Әуезов сол жолы өлкемізге келіп 1916 жылғы Қарқара жәрмеңкесінде болып Албандар көтерілісі туралы жазған (М.Әуезов «Қилы заман» Алматы,1975.10-бет)

Ауданымызда болған жерлердің карта схемасымен таныстыру.

Сабақ өту барысында мәтін бойынша жұмыс істеледі.

3.Әңгімені қысқаша баяндау.(мұғалім)

4.Әңгімені оқушыларға әр абзацтан кезектестіріп оқыту.

5.Сұрақтар арқылы оқушылардың мәтін мазмұнынан түсінгендерін тиянақтау.

1.Бала Мұхтарды атасы неліктен «Қоңыр қозым» деп атады.

2.Атасы Мұхтарды қайда апармақшы болды?

3.Бала Мұхтар ойынға неге араласпады?

4.Ол назарын не нәрсеге аударды?

Мәтінмен жұмыс.

а) Мәтіннен Мұхтар ауылының суреттелген жолдарын тапқызу.

ә) Абай ауылының көрінісі суреттелген жолдарды тауып,оқыту.

б) Бала Мұхтарға мінездеме беру.

Дәптермен жұмыс.

Қаздар көгілдір толқынды көлге қонып,қанаттарын сабалай қағып,жүзіп ала жөнелді. (Сөйлемдегі зат есімнің астын бір,сын есімнің астын екі сызыңдар).

Мәтінді мұғалім басынан аяғына дейін мәнерлеп оқып,оқушылар іштей ілесіп отыруын тапсырады.

Сабақты қорыту.

1.Әңгіме кім туралы?

2.Олар қайда келеді?

3.Бала Мұхтар қандай екен?, т.б.

Бағалау.

Үйге тапсырма: Мәтінді оқып,мазмұнын әңгімелеу.Мәтін бойынша сурет салып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: «Құлагер» поэмасындағы Ақан образы.

Сабақтың мақсаты: білімділік - поэмадағы Ақан образын жан-жақты ашу;

дамытушылық - ізденуге,ой қорытуға,шығармашыққа үйрету,тіл байлығын артыру;

тәрбиелік - Ақан бойындағы адамгершілік,сұлулыққа құмарлық,таза жандылықты үлгі тұтуға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: талдау сабағы.

Әдісі:сұрақ-жауап,салыстыру,дәлелдеу,талдау.

Көрнекілігі: Ақан суреті,сабаққа қажетті плакаттар.

Пәнаралық байланыс: тарих,музыка.

Сабақ барысы. 1.Ұйымдастыру. Сабақтың мақсаты түсіндіріледі.Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1-топ Ақан сері Қорамсаұлының өмірбаяны,шығармашылығы жайлы айтады.

2-топ Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романындағы Ақан бейнесіне тоқталады.

3-топ Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері-Ақтоқты» драмасындағы Ақан бейнесіне тоқталады

І кезең. «Біз не білеміз?»

1-топ оқушылары Х сыныпта өтілген материалды еске түсіреді.Ақанның өмірбаяны,шығармашылығы туралы айтып,өздеріне ұнаған өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқиды.

Ақан сазгердің «Қараторғай» әні тыңдалады.

ІІ кезең. «Нені білдік?»

«Құлагер» поэмасындағы Ақан образын талдау.Тапсырма үйге берілген (барлық оқушы орындайды).

Ол төмендегі кестеге толтырылады.

Дәйектеме

Қорытынды

1.Қайырып қыстай баптап Құлагерді,

Осы астың дақпыртына Ақан келді

Атбегі

2.Ақ отау топырлады Ақан түскен,

Қалың жұрт кетті керіп сырттан,іштен.

Шығады Ақан даусы әнге толып,

Безелген ғашық жармен,қыран құспен.

Еліне сыйлы, өнері,көпке ортақ, елдің еркесі.


3.Жайраңдап жайсаң Ақан қаймыққан жоқ,

Жүрегін жолбарыстан айнытқан жоқ.

«Жат елде жалғыз жүрмін» деп именіп,

Болар деп түбі қалай қайғыртқан жоқ.

Ешкімге бас имейтін,асқақ жан.

4.десеңдер қайда Ақандай қыран құсты,

Ол тастап аста тұрған жиылысты,

Болғанын бір сұмдықтың іші сезіп,

Қылаң ат қылт еткенде-ақ бермен ұшты.

Сезімтал,сергек

5.Құлагер қорықпайды қаныменен,

Ақан да шырқырайды жаныменен,

Егіліп,төгіледі Ақан сері,

Зарлаған Құлагердің әніменен.

Шынымен кеткенің бе,Құлагерім!

Қасымда қасынып тұрар едің.

Баспа-бас қызға бермес жануарым,

Басылар өлгенімше қайтіп шерің.

Жан серігі

Құлагерінен айырылған Ақан жан шыдамас азап шекті.

6.Ән болып Көкшетаудың күңіренгені,

Сөз болып,жат мінезі шерткен шері.

Кетіпті елдің аузы әуезе қып:

«Жын құшып,жалғыз жүрген Ақан-пері»

Бәрінен түңілген Ақан тауда жалғыз өмір сүруді қалады.

7.Көңіліне Құлагердің құйылып мұз,

Күйініп отыр таста Ақан байғыз.

Жан тынышын елден емес,жерден тапқан,

Сондай бір адам бопты жаны жалғыз.

Жан жарасын

Ешкімге көрсетпей табиғатпен бірлікте болуды қалады.


8.Таба алмай тыныштықты туған елде,

Кете алмай біржолата бөтен жерге.

Тартқанда жалғыздықтан жаны қорлық

Төсеген талай ерлер оққа кеуде.

Ешкім жанын түсінбеген ақын бәрінен де биікте тұр.


Оқушылар өз талдауларын оқып береді.Толықтырулар жасалады,пікір айтылады.

2-топ оқушылары Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романындағы Ақан бейнесі туралы қысқаша айтып шығып,керек үзіндіні оқиды.

3-топ оқушылары Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері-Ақтоқты» драмасындағы мааббатын қорғаған,әділетсіздіктен жапа шеккен ақын туралы айтады.

әділетсіздікті

көп көрген

жалғыз

Жаны таза,

бәрінен биік

Ешкімге бас имеген

әнші

елдің еркесі

құсбегі

ақынҮш шығарма негізінде оқушылар Ақан бейнесін «Топтастыру» стратегиясы бойынша ж азып шығады.


сазгер




атбегі





Оқушыларға «Ақан трагедиясының сыр неде?» деген сұрақ беріліп,пікір айтылады.


ІІІ кезең Ақан рухымен сырласу.


IV. кезең «Не білгіміз келеді?» Оқушылар Ақан сері Қорамсаұлы туралы тағы не білгілері келетінін ортаға салды.


Қорытынды,бағалау.


Үйге: поэмадан өздеріне ұнаған үзіндіні жаттау.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: «Қан мен тер» романы.


Сабақтың мақсаты: білімділік - романдағы тарихи-әлеуметтік жағдай,романның композициялық құрылысы,оқушыларды кейіпкерлер жан-дүниесіне үңілдіру; тәрбиелік - оқушылар бойына тарихи саналылықты қалыптастыру,адал махаббатқа,достыққа тәрбиелеу; дамытушылық - ізденімпаздық қасиеттерді қалыптастыру,шешендікке баулу,экономикамен ұштастыру.

Көрнекілік: мулбтимедиялық компьюер, «Қан мен тер» романы бойынша жасалған иллюстрация.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (Сауда,ақша,салық сөздерінің анықтамасы.Олардың романдағы көрінісі.)

Сауда дегеніміз - тауардың бағасын белгілей отырып,оны заттай немесе ақшалай айырбасқа түсіру.Ол романда былай көрініс тапқан.


«Еламан еңбекақысын сұрады.Арбасын шығартып алғасын ана екеуі жөндеп сөйлепей сырт айнала бастады.Ертеңгі базардан кешігіп қаламыз деп асығып тұрып,абайламай ақысын артық айтып қалыпты.Олар болмашы бірдеңемен құтыла салғысы кеп,тиын-пиын іздей бастап еді,Еламан сыпайылықты қойып жағадан ала кетті. «бір тоқтының пұлын әкел!» деп қозғалтпай тұрып,тиесілі пұлын түп-түгел құсқызып алды».


Салық - үкіметтің кәсіпорындардан,адамдардан алған төлемі,экономиканы жанама реттеуші болып табылады.

« Түс кезінде Ебейсін кірді:

- Саламалейкум...

Сүйеу үндемеді.

  • Ақсақал,үй басы тағы екі қойдан салық жинап жүрміз...

  • Салық? Ол қандай салық?

  • «Ақ қой» салығы.

  • «Ақ қойды» алып біткен жоқ па едіңдер?

  • Тағы еселеп түсті.

ІІІ.Жаңа сабақ

1. Роман бойынша жасалған Тілек Халиннің иллюстрациясын («қазақстан мұғалімі» газеті,28.01.1994 экраннан көрсете отырып,романның композициялық құрылысына талдау жасау.


Кіріспе түсінік

Романның негізі

Жалпы жанр ерекшелігі

Оқиға желісі

Оқиғаның даму сатысы

Оқиғаның шиеленісуі

Оқиғаның шарықтау шегі

Оқиғаның аяқталуы

2. «Роман кейіпкерлері» сөзжұмбағы.

Қ

А


Н

М

Е


Н

Т

Е


Р 1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.


1. Баласын Кенжекей асырайтын романдағы кейіпкер

2. Өзі қатыспайтын,еске алу ретінде ғана көрінетін кейіпкер

3. «Сары бала»

4.Басты кейіпкер

5.Әлизаның күйеуі

6.Оқыған азамат

7.Құдайменденің халық қойған аты

8.Қиқар шал

9.Бөбектің сүйгені.


3. «Харизматикалық лидер» жаттығуы

Егер оқушы өзіне өз ортасын,айналасындағылардың көңілін аудара білсе,ол харизма немесе харизматикалық лидер деген көзқарасты білдіреді.Ол үшін оқушы жан-жақты білімді,өзіне сенімді болуы шарт.Еркі бойынша ортаға шыққан оқушы «мен харизматикалық лидермін,себебі...» деп ойын дәлелдейді.Мұнда ойының біліктілігіне,келтірген пікірлеріне аса көңіл бөлу керек.Қалған оқушылар сұрақ қойып,жауапты бағалап отырады.


4.Тест сұрақтарына жауап алу.

1. Сүйеу қарт кімнің әкесі?

а) Кенжекей ә) Ақбала б) Айғанша в) Балкүміс г) Бөбек

2.Әлібидің қызы кім?

а) Кенжекей ә) Ақбала б) Айғанша в) Балкүміс г) Бөбек

3. «Халық» қоймасын... бұйырса, болыстықты ақтылы ала қойым...» кімнің сөзі?

а) Тәңірберген ә) Жасағанберген б) Құдайменде в) Алдаберген г) Кәлен

4.балықшылардың соңынан іздеп қазаға ұшыраған кім?

а) Андрей ә) Мюлгаузен б) Селиванов в Курнос Иван г) Чернов

5. «Сен оларға күйеуге шығатыныңды айтпа! Жас бала мойнымды бұрғызбайды де» деп Ақбаланы азғыртушы кім?

а) Қара қатын ә) Судыр Ахмет б) Тәңірберген в) Балкүміс г) Бөбек

6. Ә.Нұрпейісов 196-64 жылдары қай жуналдың бас редакторы болды?

а) «Жалын» ә) «Мәдениет және тұрмыс» б) «Жұлдыз» в) «Қазақстан әйелдері» г) «Қазақстан мектебі»

7. Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» романын аударған кім?

а) Анатоли Ким ә) Юрий Казаков б) Леонид Леонов в) Расул Гамзатов г) Ш.Айтыматов

8. Ә.Нұрпейісовтың туған жері.

а) Балқаш өңірі ә) Арал ауданы б) Жезқазған в) Қарағанды г) Ақтоғай ауданы

9. Ә.Нұрпейісовтың оқыған оқу орны.

а) Ленинград университеті

ә) Мәскеу университеті

б) М.Горький атындағы әдебиет институты

в) Қазақ мемлекеттік университеті

г) Абай атындағы институт.

10.Ә.Нұрпейісов қандай ордендермен марапатталды?

а) «Қызыл Жұлдыз»

ә) «Құрмет белгісі»

б) «Еңбек Қызыл Ту»

в) Дұрыс жауабы жоқ

г) Бәрі дұрыс


IV. Қорытынды.


V.Бағалау.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың «Күйші» поэмасы.


Сабақтың мақсаты: Ілия с Жансүгіровтың өнер тақырыбындағы қаламының шеберлігін таныту.

Сабақтың міндеттері: білімділік - шығарманың идеясы мен тақырыбын ашу; дамытушылық - шығармадағы өнер құдіреті арқылы адамдар арасындағы психологиялық тартысты,оқиға шиеленістерін зерделеуге үйрету; тәрбиелік - өнер құдіретін сезінуге,халықтық өнерді сүюге тәрбиелеу.

Оқытудың әдісі: түсіндірмелі,практикалық.

Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс: саз өнері.

Қолданылатын технология: ұжымдық оқыту технологиясы.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу,бөлменің және оқушылардың сабаққа даярлығын бақылау,балалардың сабаққа қатысымын тексеру.

ІІ. Жаңа сабаққа бет бұру кезеңі.

  • Ілияс ақынның шығармашылығының өзіндік сипаты қандай?

  • Оған қандай шығармалары дәлел бола алады?

  • Мысалдармен длелдеңдер.

  • Ақын шығармашылығы туралы кімдердің пікірін білесіңдер? (Ақын шығармашылығына шолу жасалады.)

ІІІ.Жаңа сабақ.

Ұжымдық оқыту технологиясының талабы бүгінгі оқытудың негізгі мақсатымен үндеседі.Оқушыны үнемі жұмысқа дағдыландыруға үйретеді.Технологияның ерекшелігі оқушылар жұптаса жұмыс жүргізген кезде бір-бірінің білімін толықтырып,өз беттерінше жұптаса жұмысқа үйренеді.Алғашқы тапсырма үш жұпқа беріледі.Қалған тапсырмалар әр жұпқа жеке беріледі.


Поэма бойынша жоспар.


Бөлім аты

Жоспар

Мазмұны

1.

«Күй құдіреті»

1.Ақ орда - хан үйі

2. Күй үні

3.Ордадағы күйші

Кене ордасында күйші күймен көпшілікті ұйытады.

Ханның өзі де намазға ұйығандай тыңдайды

2.

«Қыз қалауы»

1.Абылай ұрпағы - Хан Кене

2.Қарашаштың бұйымы

3.қыз тұтқыны

Хан тағында көркі жайнап,есіл дерті күй болып ұйып отырғанда сол кезде ханның немере қарындасы Қарашаш ханша күйшіні басы бүтін беруін сұрайды.Хан күйшіні қарындасына сыйға береді

3.

«Көңіл толқыны»

1.Қарашаштың сәулетті отауы

2.Ғашықтық оты

3.Көңіл толқыны

«Жынданды ... Қыздан өзге күй келмейді»

4.

«Қыз сезімі»

1.Сезімге алынған тежеу

2.Көңілдегі арпалыс

Күйші мен қыздың ішкі ойлары тартысады.Тартысты

Сезімге қанша бой алдырса да өздерінің шыққан тектерін ұмытпайды.

5.

«Ерулік»

1.Қонақта

2.Сауықты кеш

Дулаттың аулы хан Кенені ерулікке шақырады.

6.

«Күйші»

1.Сезім тұтқынында

2.Оқыс жайт

3.Есінен танған күйші

4.Қыз ашуы

5.Күйшінің жалалы болуы

6.Қыздың ара түсуі

7.Кінәлінің табылуы

8.Ашулы бұйрық

Күй әсеріне жігіт пен қыз қатар арбалады.біреу келіп ханшаны оятпақ болады.біреулер күйшіден көрмек болады.Күйші де осы істі жасаған өзім шығар деп ойланады.Қыз Әлімқұлдың Сапағы екенін айтады.

7.

«Оқыс жиын»

1.Төбе басына жиылған халық

2.Әлімқұл ауылына хабаршыны аттандыру

Әлімқұл аулына келген хабаршы

8.

«Хабаршы»

1.Қарашаш сәлемі

2.Әлімқұлдың қорқынышы

Әлімқұл бұл істің байыбына бара алмай қатты қиналады.

9.

«Сапақтың жазаға тартылуы»

1.Билер шешімі

2.Әлімқұлдың қорқынышы

Сапаққа құлдың киімін кигізіп,күйе жағып,ауылды үш айналдырады.

10.

«Қызға ұмтылған сезім жоқ»

Күйші сезімінің өзгеруі

Кешегі сұлу қыз алдында тұрған қорқауға айналады.

11.

«Азат күйі»

1.Күйдегі өзгеріс

2.Қыз шешімі

3.Бостандық

Күйдегі әуеннің өзгеруі арқылы Қарашаш күйші сезімінің өзгергенін сезеді.Ат мінгізіп бостандық береді.


Шығараманың композициялық құрылысы


Шығарама композициясы

Дәлелдеме

1.

Оқиғаның басталуы

Қарашаштың хан Кенеден күйші сұрап алуы

2.

Оқиғаның байланысы

Күй құдіретінен өрбіген сезім

3.

Оқиғаның дамуы

Күйші мен қыз арасындағы жұмбақ сезім

4.

Оқиғаның шиеленісуі

Бозбалашылықтың соңы дауға ұласады

5.

Оқиғаның шарықтау шегі

Сапақты жазаға тарту

6.

Оқиғаның шешілуі

Күйші сезімімен бірге күй әуенінің өзгеруі

Қыз түйсігі.Дүниеге «Азат» күйінің келуі

Күй аттарын теріп жаз.

«Асанқайғы», «Терісқақпай», «Қорамсақ», «Сары өзен», Боз інген», «Ақ көбек», «Ақсақ құлан», «Қос келіншек»,

«Жау жорығы», «Қалмақ қыз», «Арша мерген», «Қара көбек», «Бала көбек», «Желмая», «Тәттімбет», «Кенже қара»,

«Тойтан салған», «Атылған аққу», «Күйген», «Суға кеткен», «Нар идірген», «Ой,бауырым!», «Азат».

Күй туралы аңыздарды әңгімеле.

Күй әуенінің түрлері Зарлы күй

Ащы күй

Тәтті күй

Мұңды күй

Күй ырғағын берудегі ақынның градацияны қолданған тұстарына мысал келтір.

Ақтарып,лекілдетіп,лепілдетіп,талдырып,тамшылатып,сығып,сарқып т.б.

Ақынның Қарашаш портретін түрліше жасауына баға бер.

Қара қас,қылаң қабақ,керқұба қыз,

Қара шаш,алма сағақ,құралай қыз.

Сырықтай ордадағы сымдай бойы.

Тал шыбық,қыпша белдің өзі нағыз.

... Қарсылап қарсы алдында тұр мегежін.

Бетінде Қарашаштың қызыл да жоқ.

Шөп желке,шолақ бұрым қотыр-қотыр,

Қыз емес,қарсы алдында албасты отыр.

Жыландай жиырылған кесерткі қыз ...

Күйшінің Қарашаш портретін деген сезімнің суреттелуі


Күйші сезімінің оянған сәті

Сезімнің өшкен сәті

Қызыл алтай

Жалмауыз

Кер марал

Айдаһар

Ақ қоян

Қанішер

Боз байтал

Жауыз торай

Ақша нар

Әзірейіл


Көмекші нұсқау

Сыныпқа проблемалық сұрақтар

  • Күйшінің қызға деген көңілі неге өзгерді?

  • Қыздың сезімталдығы қандай әрекетінен байқалды?

  • Қыз күйшіге неге бостандық берді?

  • Қарашаш әрекетіне баға бер. (ойталқы)

Бекіту жұмысы


«Күй» поэмасы

Ұқсастығы

«Күйші» поэмасы

1.

2.

3.


4.

Күй қобызда

7 күй

Аңыз күйінде


Інгеннің ботасын

аңсауы

Халық апаптары

Халықтың байлығы

Өнер құдіретімен

халыққа тарады

Сағыныш

Күй домбырада

30-ға жуық күй

Еліне,анасына деген сағыныш


Қорыту.Ілияс Жансүгіровтың шығармашылығына ғалымдар берген баға.

«Жасынан ән-күйді терең сезініп,жанымен түсінетін Ілияс әдебиетке ән-күйдің, құдіретті күйшінің туын көтере келді»

Қажым Жұмалиев.

«Күйші» өлімді,зұлымдықты жеңген өнер құдіреті туралы симфониялық сарын,романдық қуаты бар, кең тынысты.асқақ әуенді күрделі шығарма» Рымғали Нұрғали.


Қарасам өлең-дария ағысына,

Көнермес көңіл толды табысыңа.

«Құлагер»,»Күйші», «Дала» көтеріпті

Атыңды ақындықтың ғарышына.

Кәкімбек Салықов.

Үйге тапсырма.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Жаяу Мұсаның өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: 1) Жаяу Мұса Байжанұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру,шығармашылық ізденіске үйрету,шығармаларымен таныстыру; 2) қазақ халқының әнші-ақындары жайлы білімдері мен ой-өрістерін дамыту,ұлттық ән өнеріне қызығушылығын арттыру; 3) өнерді қадірлеуге,өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: конференция сабақ.

Әдіс-тәсілі: шығармашылық,өзін-өзі дамыту,тірек-сызба,проблемалық.

Пәнаралық байланыс: музыка.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,компьютер,Жаяу Мұса Байжанұлы жөнінде әдебиеттер мен газет-журнал материалдары.

Конференцияның бағдарламасы

І.Кіріспе бөлім

1.Жаяу Мұса Байжанұлының шығармасын тыңдау.

ІІ. Негізгі бөлім

1.Жаяу Мұса Байжанұлы дүниеге келген орта

2.Мұсаның балалық шағы

3.Шығармашылық мұрасы

а) өлеңдері,поэмалары

б) өлеңдерінің тақырыптары

4.Жаяу Мұса бүгінде

а) Жаяу Мұса шығармаларын алғаш нотаға түсіргендер

б) Жаяу Мұса шығарамларын орындаушылар.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Сабақтың барысы.

І.Кіріспе.Ұйымдастыру кезеңі

1.Жаяу Мұсаның «Ақсиса» әнін тыңдата отырып сұрақ қою.

- Балалар,қалай ойлайсыңдар,бұл ән - кімнің әні және қалай аталады?

-Жаяу Мұсаның «Ақсиса» әні.

- Олай болса бүгінгі сабағымызды «Жаяу Мұсаның өмірі мен шығармашылығы» атты тақырып бойынша конференция түрінде өткіземіз.

2.Сендерге Жаяу Мұса Байжанұылының өмірі мен шығармашылығы жайлы ізденіп келуге үш топқа тапсырмалар берілген.Сол тапсырмалар бойынша біз сабағымызды жүргіземіз. «Ізденушілер», «Зерттеушілер» және «Мұрагер» топтары өздерінің ізденіс жұмыстарын ортаға салады.

ІІ. Негізгі бөлім

Жаяу Мұса Байжанұлы дүниеге келген орта,Мұсаның балалық шағы жайлы «Ізенушілер» тобы

1835 ж.Павлодар обл.Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің маңындағы Далба тауы Ақшоқы деген жерде дүниеге келген.

ЖАЯУ МҰСАӘкесі Байжан кедей болған.Анасы Нақыш ертеректе дүние салып,Мұса Байжанның ағасы Тайжанның қолында тәрбиеленді.


Ақын Әнші Күйші Композитор


*Синкретті өнер иесі

*Әділдік үшін күрескен жан

*Заман лебін терең сезінген ақын

*Өнерпаз

*Әлеуметтік істерге белсене араласқан қайраткер

Өмір белестері

1842 жылы 7 жасында хат таниды. Жастайынан халық өнерімен танысады,домбыра тартады.

1851 жылы Қызылжарға келіп үш жылдай жалға жұмыс істейді.Орыс тілін үйренеді.Скрипка,сырнай тартуды үйренеді.

1854 жылы Омбы қаласындағы орыс мектебіне түседі.Осындағы кітапханада Санкт-Петербург,Мәскеу, Қазан,Орынбор,Ақмола, т.б. қалаларда шығатын газет-журналдармен,кітаптармен танысады.Шорман балаларын әшкерелеп мақала жазады.

1860 жылы Жаяу Мұсаға қарсы арыз жазылып,оны 12 жылға Тобылға жер аудартады.

1862 жылы өзі сұранып әскерге кетеді.

1829 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы далба тауы етегінде Ақшоқы деген жерде дүние салады.


*Шығармашылық мұрасы жайлы «Зерттеушілер» тобы

Жаяу Мұса Байжанұлының


Өлеңдері Поэмалары

«Ләйлім» «Көкаршын» «Тұрымтай» «Ақсиса» «Толғау» «Тұтқын зары» «Құлбай» «Олжабай батыр» «Данышпан қыз»

Өлеңдерінің тақырыбы

«Ләйлім»

«Сұрша қыз»

«Сәулем қыздар»

«Шолпан»

«Сапаржан»

«Қабір басында»

«Көкаршын»

«Тұрымтай»

«Қаршыға» Махаббат, Аңшылық-

жастық шақ, саятшылық

сүйіспеншілік


«Ақсиса» «Хаулау»

«Толғау» «Сүйіндік»

«Құлбай» «Қыз күйі»

«Тұтқын зары» «Бұзау зары»

«Қызбала күйі» «Қазан қыздары»

«Баянауыл»

«Жазда»

«Жаздың күні» Заман шындығы Туған жер


а) Жаттаған өлеңдерін мәнерлеп айту. ә) Өлеңдерін талдау.

«

ЖАЯУ МҰСА БҮГІНДЕЖаяу Мұса бүгінде» тақырыбы бойынша «Мұрагер» тобы


Ә

А.В.Затаевич,.Ахмет Жұбанов

Б.Т.Ерзакович ,М.Маликов

Қ.Бабақов,Қали Байжанов,Әміре Қашаубаев

Қ.Лекеров,Жүсіпбек Елебеков,баласы Салық Мусин

ЖАЯУ МҰСАНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫН

қазақ композиторлары операларда («Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Біржан-Сара», «Бекет»)

Симфония,эстрада жанрларында

қолдануданін алғаш нотаға түсіріп алғандар Әндерін алғаш орындағандар

«Сұрша қыз» өлеңін талдау. а) құрылысы ә) тілдік ерекшелігі.

ІІІ.Қорытынды бөлім

Өз дәуіріндегі әлеуметтік теңсіздік пен адамдар арасындағы әділетсіз қарым-қатынасты,бай,мансапты адамдардың әлсіздерге жасаған қиянатын суреттеп жырлауға келгенде Жаяу Мұса Байжанұлы ерекше жарқырап көрінді.Ол өз басынан өткен жайттарды негізге ала отырып ел ішіндегі ағайынның алауыздығы,бірлік пен татулықтың жоқтығы,бірін-бірі көре алмаушылық,өтірік пен өсек,жалақорлық,болыстыққа таласу,жік-жікке бөліну сияқты халықтың күнделікті тіршілігіне қатысты келеңсіз құбылыстарды батыл сынады.Сол үшін қуғынға да түсті,таяққа да жығылды.

Венн диаграммасы бойынша Ақан сері Қорамсаұлы мен Жаяу Мұса Байжанұлының өмірі мен шығармашылығын салыстыра отырып ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау.

Нені білгенбіз

Нені білдік

Нені білгіміз келеді

Үйге тапсырма. Жаяу Мұсаныңя «Сәулем қыздар», «Көкаршын», «Хаулау» өлеңдерін топ бойынша мәнерлеп оқу және талдау.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақ тақырыбы: Айтыс шебері - Жамбыл


Сабақтың мақсаты: білімділік - а) айтыскер ақын Жамбылдың өмір жолы,айтыс ақыны ретінде танылуы,айтыстарындағы сол кездегі әлеуметтік мәселенің көтерілуі, ә) Жамбылдың айтыстағы ақындық шеберлігі туралы мағлұмат беру; дамытушылық - а) оқушылардың әдеби дүниетанымын кеңейту,ақын туралы қосымша деректер келтіру арқылы пәнге қызығушылығын арттыру, ә) өзіндік пікір айту дағдыларын дамыту; тәрбиелік - ақын бойындағы ізгі қасиеттерден үлгі алуға,адамның жан дүниесін тани білуге,көркем әдебиетті сүйіп оқуға,өлеңді талдату арқылы елін,жерін құрметтеуге тәрбиелеу.


Сабақтың типі: жаңа сабақ,танымдық сабақ.

Сабақ әдісі: баяндау,мәнерлеп оқу,сұрақ-жауап,салыстыру,әңгімелеу,талдау,іздену,зерттеу.

Сабақтың көрнекілігі: ілестірме қағаздар,тест тапсырмасы,ақын өмірі туралы буклет,тірек сызбалар,нақыл сөздер,фотослайдтар,көркем әдебиеттер.

Пәнаралық байланыс:тіл,халықтық педагогика,тарих.


Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық жүргізіледі.

Сынып үш топқа бөлінген.Әр топ жетекшісі өз топтарының сабаққа әзірлігін тексеріп шығады.

Сабақ тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Ақын,жазушы,Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде жазып келген «Ілияс Жансүгіров - қазақ өнерінің жыршысы» атты тақырыпта шығармалары оқылады.Оқушыларға екі нұсқада тест жұмысы таратылып орындалады.

ІІІ. Ой ашар.

Жаңа сабақа әзірлік.

1.Жамбылдың «Зілді бұйрық» өлеңі мәнерлеп жатқа оқылады.Өлеңнің мазмұны 1916 жылғы Ұлт-азаттық күреске байланысты жазылғандығы айтылады.

2.Айтыс өнері,оның даму кезеңі,айтыс ақындары,Жамбылдың айтыстары туралы ойлары ортаға салынады.

IV.Мағынаны тану.

Жаңа сабақ.

Тақтада ілінген көрнекіліктер арқылы сабақ түсіндіріледі.

1.Өмірі туралы мәлімет. Халықтың мұң-мүддесін қорғаған,қазақ халқының бақытты болашағын армандаған бұқарашыл бағыттағы Абай,Махамбет,Сүйінбай,Шернияз секілді ақындар мектебінің ірі өкілдерінің бірі - жыр алыбы Жамбыл.

Жамбыл өмірімен де,шығармашылығымен екі ғасырды молынан тұтастыра қаусырып жатқан ұлы тұлға!

Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы 1846 жылы ақпан айында Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген...

2.Шығармашылығы. Жамбыл шығармашылығын төрт топқа бөліп қарауға болады.Өзі кедейлікті көп көрген ақын алдымен байларды,халықтың қолы жете алмаған байлықты сынайды.Ондай көріністер «Сәт сайланарда», «Мәңке», «Шалтабайға» т.б. өлеңдерінде жиі кездеседі.

Малы көп бай жылайды қар жауғанда,

Бәрін тастар ниеті малға ауғанда.

Жерден алтын тапқандай кедейлер жүр,

Әйелі шелек толы сүт сауғанда.

Тағы бір өлең-жырлары соғыста жүрген майдангерлерге қуат беріп,ерлікке үндейді.

3.Айтыстың асқан шебері. Жамбылдың даңқы алдымен айтыс өнері арқылы шыққан.Өз тұсында небір бұлбұл,небір дүлдүл ақындармен айтысып тізе бүктірген.Алғашқы айтыстары ойын-тойларда өтеді.Жамбыл жастықтың салтын сақтап,Айкүміс,Бұрым,Сара сияқты қыздармен айтысады:

Сыртың бір сұлу жан екен,

Сыпайы көзге көрінген.

Сыр мінезің бар екен,

Сөйлесуге ерінген.

Қамқа камзол киінген,

Қас қабағың керілген.

Жамбыл Құланаян Құлманбетпен 1881жылы,Сарбас ақынмен 1895 жылы,Досмағанбетпен 1902 жылы, Шашубаймен 1909 жылы айтысады.

Жамбылдың атақ-абройын аспандата көтерген айтысы - Құланаян Құлмамбетпен айтысы.Құлмамбет өз сөзі арқылы қарапайым халықты көнбістікке,кіріптарлыққа, бағыныштылыққа шақырып,ақындық өнерді байлықтан,барлықтан төмен қояды.

Жамбыл:

Адамдықты айт,ерлікті айт,батырлықты айт,

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,

Оны мақтап әуре болмай үйіңе қайт- , дейді.Сөйтіп,Жамбыл айтыстарда аттың басын соны сонарға бұрып,елінің мәртебесін көтере,ел қорғаған азаматының атын атойлай,езілгендер мен жәбір шеккендерге ара түсе шырқайды,ел мүддесін қорғайды.

4.Іздену жұмыстары.

Оқулықтағы мәтін іштей оқылып әр топқа тапсырмалар беріледі.

І топ

Жамбылға ұстазы Сүйінбайдың айтқан сөзін тауып оқыңыз. «Балам,өз өлеңіңді шығар,бірақ оны жұрт жаттап алатын,ешкім ұмытпайтын өлең болсын.Шындықты айт,әділдікті жырла».

ІІ топ

1913 жылы Романовтар әулетінің үш жүз жылдық мерейтойына арнап айтқан «Өстепкеде» өлеңінен үзінді оқып,мағынасын таныстырыңыз.

Үйсін,Найман саңлағы, Желді күнгі қамыстай

Өстепкеде жиылдың. Жапырылып иілдің.

Елде жүрген егейлер, Келтіріңдер намысты,

Ұлық көрсең ұйлығып. Бек қорланып күйіндім.

Бай болыстардың,жағымпаздың мінезін сынау мақсатында айтылған.

ІІІ топ

Жамбыл мен Құлмамбеттің ақындар айтысына кіріскен қызулы шағын суреттеген жерді тауып оқыңыз.

Ақыры,міне,екі әйгілі ақын алқалы топтың алдында,үлкен тойдың қызба шағында батырлардай айқасып,палуандай шайқасып ұстаса кетеді,дүйім жұрттың бүйірін қыздырады.


Дәптермен жұмыс. Ақынның Құлмамбетке айтқан жауабын (1 шумақ) жазып,өлең ұйқасына талдау.

V. «Ой толғаныс»

Жаңа сабақты бектіту. «Зерттеу» жұмыстары.


1-тапсырма. Ақын мұрасының өрнек кестесін құрастырыңыз.Ақын мұрасының өміршеңдігі неде деп ойлайсыз?

2-тапсырма.Сүйінбай мен Жамбылдың қарым -қатынасын қалай бағалауға болады?(«бала Жамбылға бата» өлеңі мәнерленіп оқылады.)

Ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластық.Жамбыл ұстазы Сүйінбайдың өсиетін өмір бойы есінде сақтап,ұстазының есімін ардақ тұтумен өтеді.

3-тапсырма. Жамбыл айтыстарын қазіргі кездегі айтыстармен салыстыра сипаттаңыз.(Венн диаграммасы)


VI. Үйге тапсырма.

1.Ақын туралы көркем әдебиеттермен танысу.Әр айтысынан үзінді жаттау.


VII. Поэзия минуты.Әр оқушы өз шығармашылығынан өлең оқиды.


VIII. Топ бойынша бағаланып, көп ұпай жинаған топ «Жамбылдың шәкірттері» атанады.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Cабақтың тақырыбы: «Қамар Сұлу» романындағы Қамар бейнесі


Сабақтың мақсаты: білімділік - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы бойынша ғылыми бағыттағы ізденіс жұмыстары,деңгейлік тапсырмалар арқылы пікірталас ұйымдастыру,ой түйінін кейіпкерлер арқылы дәлелдеу; тәрбиелік - оқушыларды адами қасиеттерге баулу,автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету,әйел адамды құрметтеу сезімін жетілдіруге тәрбиелеу; дамытушылық - әр оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырып өзінше ой түюге баулу,тақырыптас шығармаларды салыстыра отырып оқуды дамыту шығармашылық жұмыс арқылы таным түсініктерін дамыту,сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру,өз бетімен ізденуге баулу.

Әдісі: конструкциялау технолгиясы «Қ.Бітібаева),әр түрлі тапсырмалар,Б.Блум жүйесі бойынша анализсинтез,Венн диаграммасы арқылы образдарды талдау,логикалық модель арқылы шығарманың қорытындысын жасау,сұрақ-жауап.

Көрнекілік: шығармалар жинағы,хрестоматия,тірек кестесі,оқулық,сабақтың тақырыбы,эпиграфы жазылған плакат,тақта.

Сабақтың барысы.Ұйымдастыру кезеңі.


Жаңа сабақ.

Сұлтанмахмұт Торайғыров - ХХ ғасыр басында қазақ әдебиетінде өзіндік із қалдырған көрнекті демократ ағартушылардың бірі.Біз өздеріңізбен бүгінгі сабақта Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы бойынша ғылыми бағыттағы ізденіс жұмыстарын жүргіземіз.Қай дәуірде,қай қоғамда өмір сүрсе де әйел өмір тірегі,қоғамның қозғаушы күші,ұрпақ тәрбиелеуші екендігін жоққа шығара алмаймыз.Феодалдық қоғамда өмір сүріп қалың мал құрбанына шалдыққан жүздеген қыздар мен әйелдердің көз жасы өздерің оқыған романдардың негізгі өзегі болды.Сондықтан біз бүгінгі сабақта сіздермен әйел тағдыры,оның сипаты,жан және тән жарасы жөнінде ой толғаймыз.

І топ. Сарапшылар тобы. 1. «Қамар сұлу» романының тақырыбы.

2. «Қамар сұлу» романының сюжеттік-композициялық құрылысы (шығарма құрылысы).

3. «Қамар сұлу» романының сюжеттік-композициялық құрылысы (шығарма құрылысы).

4.Б.Блум жүйесі бойынша анализ-синтез жасау.

Анализ.1.Ғашықтар әні: Қамар мен Ахметтің бір-біріне ғашық болуы. 2.Теңсіздіктің зардабы.

а) Ахметтің кетуі ә) Қамарды Жорға Нұрымға атастыру б) Омар мен Қасеннің қарсылығы в) Қалтан қажы мен Оспан бидің әрекеттері г) Қамардың сырқаты ғ) Надан молданың кесірі д) соңғы кездесу е) Ахметтің кегі ж) жастардың ажалы.

Синтез. Кейіпкерлердің іс-әрекетіне байланысты топтастыру.

Қамар Ахмет

Ғашықтар әні

Заман заңынан «Қамар сұлу» Үстем Жорға Нұрым

Аса алмағандар романы тап Қалтан қажы,

өкілдері Оспан би

Әкесі Омар Бақсы-балгерлікті,

Ағасы Қасен. надандықты әшкерелеу

ІІ топ.Зерттеушілер тобы.

Өткен тақырыптас шығармалардың басты кейіпкерлерін «М.Дулатов «Бақытсыз Жамал», С.Көбеев «Қалың мал», С.Торайғыров «Қамар сұлу» Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

Венн диаграммасы бойынша салыстырмалы мінездеме:

Ұқсастықтары: 1) үшеуі де 15-16-дағы жас қыздар; 2) үшеуі де малға сатылған; 3) үшеуі де көрікті; 4)үшеуі де өз бақыты үшін күресе білетін қыздар.

Сабақтың қорытындысы. «Ой шабуылы».

Бақыт дегеніміз не? Қалай күресуге болады?

қоғам көрікті,ақылды,

қайраткері ұстамды,төзімді


ержүрек,батыр Қазақ әйелі оқыған,көзі ашық,білімді

ер азаматтың ақылшысы отбасының тірегі,бала тәрбиесіне жауапты


Бүгінгі сабағымыздың «Адамдық негізі - әйел» деген эпиграфын көз жеткізіп талдай алдық па? Эпиграф жайлы пікірлеріңіз.


Үйге тапсырма: «Адамдық негізі - әйел» тақырыбында шығарма жазу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Діни (уағыз) шешендік

Сабақтың мақсаты: білімділік-дінге деген оқушылардың көзқарасын қалыптастыру,діни шешендіктің ізгілік негіздерімен бірлігін таныту;

Тәрбиелік-болашақ ұрпақты имандылыққа,салауаттыққа тәрбиелей отырып,халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату;

Дамытушылық- жаңа білімді игеру арқылы шешендікке баулу,өзіндік көзқарас қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Мекке және Медине қаласының суреті, пайғамбар хадистері

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа қатысуын,сынып тазалығын бақылау.

Үй тапсырмасын бақылау.

Соттағы шешендік дегеніміз не?

Соттағы шешендікке қойылатын талаптар қандай?

Соттағы шешендіктің түрлерін ата.

Ж

Тыңдаушыны

иландыру

Адамның жан-жүрегіне әсер ету

өз пікіріне сендіру

Шешеннің өзін-өзі ұстауы

Діни (уағыз) шешендікке қойылатын талаптар

Салауаттылыққа

шақыру

Діни сауатты болу

Ізгілікке үндеуаңа сабақ. Діни (уағыз) шешендік

Публицистикалық

Стилі Ауызекі сөйлеу

Көркем әдеби

Тілдік құралдары

Дінге қатысты терминдер имандылыққа үндейтін уағыз сөздер

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.

І деңгей тапсырмалары

1. Ислам діні туралы не білеміз?

Дін туралы түсінік. (Пайғамбарлар арқылы жолданған әмір және тыйымдар жиынтығын дін деп атаймыз) Дініміздің аты-Ислам діні.Мұсылман діні шыққан қасиетті мекен-Мекке,оның жанында Медине деген қала бар. Меккеге дін жолымен барған адамды қажы деп атады.

  1. Ауыл мешіті туралы ойтолғау. (жазбаша)

ІІ деңгей тапсырмалары.

  1. Мұсылманның бес парызын ата. Оқулықтағы 105- тапсырма.

Жауабы: иман келтіру,бес уақыт намаз оқу, ораза тұту, зекет беру, қажылыққа бару.

  1. Қандай діни басылымдарды білесіңдер? «иман», «Мұсылман» журналы, «Имандылық әлемі», «Ислам», Ислам және өркениет» газеттері.

ІІІ деңгей тапсырмалары.

  1. Діни үлкен кітаптар қаншау?

Тәурат-Мұса пайғамбарға түскен. Зәбур- Дәуіт пайғамбарға түскен. Інжіл- Иса пайғамбарға түскен. Құран кәрім-Мұхаммед пайғамбарға түскен

Құран Кәрімде 114 сүре бар. Оқулықтағы 104 тапсырма

2. «Қадір түні» туралы не білесіңдер? Онда қандай шарттар орындалу керек?

3. «Діннің бүгінгі қоғамдағы орны» ой толғау

Сабақты қорытындылау:

Діни шешендіктің тамаша үлгілері қасиетті «Құран Кәрімнен» табылады. Діни шешендік біздің тарихымызбен тығыз бірлікте.

Еліміздің келешегі үшін имандылыққа бой ұсынып, салауатты өмір салтын қолдап, ислам қағидаларын білуіміз керек.

Үйге тапсырма: 111-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Құлагер поэмасы


Сабақтың мақсаты: Білімділік - Ілияс шығармалары арқылы оқушыларды қазақ халқының бастан кешкен сан қилы тағдырына назар аударту;Ақан образын жан-жақты ашу;өнердің құдіреттілігіне көз жеткізу;қазақ өнерінің құдіреті мен киесін таныту. Тәрбиелік - өнер адамына,еліне,тарихына,табиғатына,туған тіліне деген ыстық сүйіспеншілігін ояту,ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу,ұлттық рухын ояту.Дамытушылық - Оқушыларды ой еркіндігіне баулу;тіл байлықтарын тереңдету;мәнерлеп оқу мәдениетін жетілдіру;өз ойларын айта білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас,жаңа технология.

Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет,музыка.

Сабақтың көрнекілігі: Ілияс,Ақан суреттері,газет-журнал материалдары,тест сұрақтары,Құлагердің суреті.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын сұрау.

1. «Дала» поэмасы қашан жазылды?

а) 1929ж. ә) 1930ж. б) 1928ж.

2. «Дала» поэмасы кімнің атынан әңгімеленеді?

а) дана қарт ә) тарихшы қарт б) әңгімеші қарт

3. «Бозінген» тарихы қай поэмасында айтылады?

а) «Күй» ә) «Күйші» б) «Дала»

4. «Дала» поэмасындағы бәйгеге тігілетін қыз,кемпір,шал,бала санын көрсет.

а)3 қыз, 1 кемпір, 2 шал, 4 бала ә) 2 қыз, 2 кемпір, 4 шал, 2 бала б) 1 қыз, 4 кемпір, 1 шал, 2 бала

5. «Сандал» тарауында не туралы айтылған?

а) жерін тартып алу ә) елді шабу б) елге көмектесу

6. «Құрбандық» тарауында қандай оқиға айтылады?

а) әйел теңсіздігі ә) азат қыз б) өзін өлімге қиған қыз

7. «Азат» күйін шығарған кім?

а) күйші жігіт ә) Құрманғазы б) Дәулеткерей


ІІІ. Жаңа сабақ.

Ақан бейнесін жан-жақты ашудағы шығармашылық ізденіс.

1.Ақан - тарихи бейне.

«Туғаны Арқадағы Арғын елі,Өскені Көкшетаудың шалғын жері» деп ақын жырлағандай аты аңызға айналған Көкшетау өңірінің қоскөл деген жерінде 1843-1913 жылдр арасында өмір сүрген тарихи тұлға.Зілқараның баласы Әлібек батырдан бір жылда алпыс түлкі алған қараторғай деген бүркітті,Сайрат төреден бір жылда тоғыз қасқыр алған Базарала деген тазыны алады.Осы кезде Ақаннның қолына Көбей-қарауыл Шөкетай жылқысынан шыққан,алты алашқа аты шыққан Құлагер түседі.құлагер арқаның талай астарында аузымен құс тістеген талай жүйріктерден озып жүреді.Ақан мен құлагер аты елге жайылады.Ақан 1876 жылы Керей руының паң Нұрмағанбет атанған үлкен байы Ереймен деген жерде әкесі сағынайға ас беретін болып,сол асқа Ақан Құлагерді бәйгеге қоспақ боп алып барады.Бәйгеге қосылған жүйріктерден дара шығып жұлдыздай ағып келе жатқан Құлагерді бұрыннан Ақанмен өштесіп жүрген Батыраш деген бай соққыға жығып өлтіреді.Қанатынан айрылған Ақан зары,Ақан қайғысы «Құлагерә әнін туғызды.Өркөкірек,тарпаң байларға қарсы қарапайым халықтың қайраты жетпейтін заман шындығын,күштілер өктемдік жүргізген заманның мұңды сазын шерткен тарихи жыр дүниеге келеді.

  1. Ақан - композитор

Аққудың әсем үніндей жаныңды жадыратар,жүрегіңді елжіретер,құлақ құрышыңды қандырар майда көмей әннің ырғағына елтіген халық Ақан жанынан кетер емес.Әншіге деген халықтың ықылас-пейілі Ақан дұшпандарының іштерін күйдіреді,ән сазына өздері де елжіреп ынтыға түседі.Оның әндері беріктік пен адалдықты,махаббат еркіндігі мен сұлулықты жырлайды.Ол - адамның түсі де,ісі де,жаны да сұлу болуын тілейді.Ақан - нәзік жан,асқан өнер иесі.Бірнеше әннің авторы. «Балқадиша», «Сырымбет», «Үш тоты» т.б. әндері - халық арасында ұмытылмас,мәңгілік мұра.Ақан әнімен мәңгі жасайды. «Құлагер» поэмасында ақынның негізгі айтпақ ойы - өнердің өшпейтіні,өнерліге өлім жоқ деген тұжырым.Ақан мерт болған пырағы Құлагерге арнап әлемде кездеспейтін ән шығарған,өзіне өзі мәңгі тозбас ескерткіш соққан.

  1. Ақан - айтыс шебері.

Ақан талай арқалы ақындарды тулақша сіліккен,қара өлеңді орып айтқан айтыс өнерінің дүлдүлі болған.Ол - Жүсіп Төре,Орынбай,Тезекбай сияқты ақындармен айтысқан.Мәшһүр Жүсіп және Есмағұл Қодығабаласымен хат арқылы айтысқан.Ақан жұмбақтар да шығарған.Табан астында тауып айтатын тапқыр,суырып айтар шешен болған.Ақанның тапқырлығы туралы ел ішінде мынадай әңгіме бар екен.Ақан серінің Құлагерден айрылып қайғырып жүрген кезі екен.Қылышбай деген біреу: - Сағынайдың асына жүреріңде менің қара шаңырағымнан дәм татып кеткеніңде дүлдүлің аман қалатын еді - дейді.Сонда Ақан: - Қанды сүргінде жүріп Әзірет Әлінің торға,тұлпарының орға жығылғаны сенің үйіңнен дәм татпағаннан болған екен ғой, - деп тұтқиылдн жауап беріпті.Ақанның жүрген жерлерінде алун түрлі сөздер қалған екен.

4. Ақан - аңыздық кейіпкер.

Сұлу киім,жүйрік ат,құмай тазы,алғыр бүркіт және 15-20 жігітті өзі тәрбиелеп нөкер қылып алады,сол жігіттердің алдында қолбасындай өзі оқшау отырады.біресе боз атқа мініп ақ киген,біресе қара атқа мініп қара киген.Басында - бұлғақтаған үкі,қолында домбыра,аузында - ән.

Міне ғажап! Ертегі өмір емес пе?! Өмір айдынында аққудай жүзіп,үкідей үлпілдеп жүрген Ақанды бірақ күнде мұң шалды.Құлагерінен айрылып,қанаты қайрылып былық тұрмыстан безгенде,халық оны ұға алмай,Ақанның жұмбақ өмірін шеше алмай оны алып барып періге балайды.Дұшпандары неше саққа жүгіртіп,өсек,өтірікке таңуы әділетсіздіктің бір көрінісі еді.

«Тұсында сері болсын,пері болсын Ұнайды өмірімен Ақан маған» деп Ілиястың өзі айтқандай өмірінің сұлулығымен аты аңызға айналған аңыздық кейіпкер дер едім.

5. Ақан - сері.

Ақан билік айтқан,дау қуған,мал жинаған адам емес,астында - жүйрік аты,қолында - қыран,серілік өнер қуған,өмір айдынында қаздай қалқып,қудай жүзген,сұлуды сүйген.Мұны ақын шебер суреттеген.Халықтың сал-серілік салтының озығын ұстанып,оны өзінің ерекше,бөлек болмысымен шырқау биікке көтеріп,заманның көркем бейнесіне айналған асқақ тұлға.

6. Ақан - трагедиялық кейіпкер.

Сағынайдың асында атынан қапыда айрылып жүрегі қан жылаған ақын естен танды.құлагер ер қанаты ғана емес,Ақанның рухани медеу тұтқан серігі еді.Құлагердің мерт болуыымен бірге Ақанның өзі де рухани қазаға ұшырады.Құлагер өлгенде Ақан «Ел бетін қалай көремін» депті.Ақанның жан күйзелісін осы бірауыз сөз ұқтырып тұрғандай.Көл еркесі аққу,көк еркесі сұңқар - Ақанның қанаты қайрылды,пырақты шабысынан айрылды.Елінен,жерінен безді.Жалғыз өзі елден жырақ күй кешті.Құлагер өлімі жаралы жанын күйреткен,аяусыз соққы болды.Қиянат пен әділетсіздіктен жапа шеккен Ақанның халін Ілияс «құлазып күздікүні Көкшетаудай,Қызықтың көшіп кеткен саржайлауы» деп бейнелейді.Ақан жан жолдасын қолымен өлтіргендей күйінеді. «Мал да болса адамнан есті жануар-ай,шабуға жіберерде салбырап,басын төмен салып,кәдімгідей көзінен жас бұршақтап тұрды-ау.Осы сұмдықтың болатынын білген екен ғой» деп өкінеді,қайғыдан жүрегі қарс айрылады.

« Мини-дебат» бағдарламасы бойынша Батырашқа бүгінгі күн тұрғысынан баға беру.

Поэмада «Кір көңіл сарайының батпағы бар» деп ақын Батыраштың іші тар,ақылсыз,арам пиғылды жан екенін өте бейнелі жеткізе білген.Жұлдыздай ағып келе жатқан жүйрікті жолда тосып тұып айблтамен шауып өлтірткен батыраш - нағыз қанпезер жауыз адам.Өр көңіл,жуан кеуде Батыраш арам ойын жүзеге асыруда шімірікпейді.Батыраш - Ақандай сұңғыла өнер иесінің серілігіне,сезіміне,жүйріктігне,заманнан озып туған тума талантына қол көтерген,қараңғылықта шырмалған пасық,ақылсыз,ашуын ақылға жеңдіре білмейтін үстем тап өкілінің бейнесі.Батыраш - мәңгілік халық қарғысын арқалаған азғын адам.Батыраштың азғындық әрекетін келер ұрпақ кешіре алмайды,оған лағынет айтады.Батыраш сияқтылар өмірге келеді,кетеді,оларда қарғыстан басқа із қалмайды.Ақан өмірі - мәңгілік.Ақан өнері еш уақытта ұмытылмайды,мәңгі жасайды,ұрпақтар жалғастығын табады!Адал пәк адамдар өміріне қара түнек төндіріп зар жылатқан Батыраш сияқты қара ниетті сүйреп өлтіру керек еді.Батыраштар өмірден мәңгі аластатылсын,өмірге келмей-ақ қойсын!

Батыраш тұлпар баптаған,сыншы,атбегі адам.Алтайдың даңқын асырған,алдынан ұшқан құс өтпеген жүйрігі Көктұйғын атты баптап асқа әкеледі.Су орнына сүт беріп сәбидей мәпелеп әкелген жүйрігінің топ жарып,бас бәйге алуын тілейді.Шаршы топтың алдында Ақанның:

Би болсаң,би шығарсың Алтайыңа,

Тілімді терезем тең тартайын ба?!

Көгіңді бөктермесем,атым сенікі,

Шапса да әкең мініп байталына, - деген ащы тілі Батыраштың ызасын келтіріп,намысына тиеді.Құлагердің даңқын естіп,кісі салып Құлагерді қанша сұраса да бермеген Ақанға ренжіп жүр еді,енді ащы тілі сүйегін тіліп өткендей болды,ашу-ызасын қамшылай түсті.Әрі алдынан жүйрік озбаған Көктұйғынын ойлағанда,көзіне қан толды.Батыраштың жүрегіне сүңгідей қадалған улы тілдің ызасы мыңнан озған тұлпарға қол көтертті,мерт қылды.Батыраш Құлагердің өліміне егілді,езілді.Құлагер Батыраштың қолы жетпей жүрген арманы емеспе еді?!Не істегенін өзі де білген жоқ.Өз қатесін түсінді,бірақ кеш еді. «Осы аста сағы сынып бағы тайса,Ол өзін дап-дайын тұр өлдім деуге» деп ақынның өзі айтқандай,өзін-өзі өлімге қиюға дайын Батыраштың бойында намыс,ер қанатына деген сүйіспеншілік оты маздайды.Ол - өлсең де намысты қолдан берме деген мақсатты берік ұстанған жан.

«Венн диаграммасы» бойынша Ақан,Ілияс бейнелеріне салыстырмалы мінездеме.

Күреңбай мен Абайдың өлеңін салыстыру.


IV.Оқушыларды бағалау.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы»

Сабақтың мақсаты: білімділік-поэма мазмұнын түсіну,теориялық талдау жасау;дамытушылық - өз ойын,сезімін еркін жеткізе білу,өмірмен байланыстыру,шығармашылыққа баулу; тәрбиелік - достықты аялау,сезімге адалдық,табиғатты қорғау,әсемдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суретті плакат,портрет,сызбалы кестелер,үлестірмелі қағаздар,семантикалық карта.

Әдісі: ЖБИМ (жаңа білімді игеру моделі),сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру: а) сәлемдесу; ә) түгелдеу; б) құралдарын даярлау.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау.

Оқушыларға топтық жұмыс орындату

1.Категорияны топтастыру стратегиясы.







2.Семантикалық картамен жұмыс.


Үзінді

Ауасы дертке дауажұпариісті, Көкірек қанша жұтсаң тоясың ба?

Сақалы төсін жапқан қыр мұрынды,Киюлі баста жатыр дулығасы.

Шіркін тауық, шырқ айналар,жемің болса қолыңда

Қарасаң етегінен шың басына,Тақия жерге түсер тұрған киіп.

Мініп ап Керкөжекке қайран сұлу, Бұралып қош айтысып жөнеп берді.

Астымда ақ боз атым сылаң сағым

Арқаның Бетпақ деген даласы бар, Бетпақ шөл ойлы-қырлы панасы бар.

«Жеке батыр»

Сыр сандық»

«Көкшетау»

«Қалмақ қызы»

«Оқжетпес»

«Тау ішінде»

«Ақсақ киік»

3.Пысықтау сұрақтарын қою.

- Сыр сандықты кім аша алады?

-Анасының есімі?

-«Өткен күндер» жинағы қашан шықты?

-Қай жылы қайтыс болды?

-«Әдебиет майданы» қазіргі қай журнал?

Сергіту сәті

«Тау ішінде әнін» орындау. (1шумақ,қайырмасы)

ІІІ.Жаңа сабақ.

Алдын ала тапсырма беру

Мұғалім түсінігі

Мәтінмен жұмыс

ЖБИМ Теориялық талдау

Оқушының өзіндік жұмысы

Модельдеу

Қорытынды

Мұғалім түсінігі.Сәкен ақынның поэзиясын оқи отырып рәміз дәрежесіне көтерілген бірнеше тұрақты образдарының бар екенніне көз жеткіземіз.Мысалы:альбатрос,асау тұлпар,сыр сандық. Осылардың ішінде сұлулықтың,тазалықтың идеялы ретінде алынатын бейне - аққу.1925 жылы «Аққудың айырылуы» атты поэмасын жазды.

Аққулар - сұлу құстар.Әдемі,нәзік құстар.Каспий маңында,Көкше өңірінде жиі мекендейді.Қыздардың сұлулығын сөз еткенде аққуға балайды. «Аққудың көгілдіріндей» теңеулері айтылады.

Мәтінмен жұмыс.Поэма мазмұнын оқушыларға баяндату.

Арқадағы сұлу көл,табиғаты көркем.Көлді мекендеген құстар қаншама.Көлдің ажарынашатын ерекше құстар - аққулар.Су бетінде нәзік сыланады,ойнайды,бір-біріне еркелейді.

Кенет тыныштықты сұр меоген бұзды.Бұрқ етіп атылған оқпен аққу да қып-қызыл қанға боялды.Сыңарынан айырылған аққу мергенге «мені де ат» деп жалынады.Атпасына көз жеткен соң өзін-өзі биіктен тастап мерт етеді

Теориялық талдау

1. Тақырыбы: достық,махаббат

2.Идеясы: сезімге тұрақтылық,досқа адалдық,достықты құрметтеу

3.Негізгі кейіпкер: аққу,мерген

4.Қосалқы кейіпкер: лирикалық кейіпкер

5.Әдеби бағыт: поэзия (поэма)

6.Монолог: лирикалық кейіпкердің тікелей тіл қатуы

7.Көркемдік ерекшелік: а) эпитет (күміс су,маржан құм) ә) метафора (екі сұлу,екі маңғаз,ақ сұлу)

б) кейіптеу (көл, құстар әрекеті) в) риторикалық сұрау

г) аллегория (адамша сөйлеп тіл қату).

8.Кеіпкер мінезі: шын ұнату,берік достықтың иелері болу,сүйіспеншілік,аяушылық,мерген қатыгездігі.

9.Шығарма композициясы: 1.Көл сипаты

2.Құстар қызығы

3.Қос аққу

4.Қатыгез мерген

5.Аққудың азаптануы (кульминация)

6.Өзін мерт ету (трагедия,қайғылы көрініс).

Оқушылардың өзіндік жұмысы.

Эпистолярлық жанрда әңгіме-сыр.

Авторға тікелей тіл қату (топтық жұмыс).Сәкен аға, сіздің шығармаңыз бізге үлкен ой салды ... .

Модельдеу.

Сәкенді бейнеге балау,қорғау (топтық жұмыс).Біз Сәкен ақынды ... ұқсатамыз.

Себебі ...

Сабақты қорытындылау.

Шығарма адамға үлкен әсер береді.бірінсіз бірі тіршілік ете алмайтын аққу құстардың қасиетін ақын сүйіспеншілік мұраты ретінде асқақтата бейнелейді.

Құстар сөз етілгенмен,ой адамдар туралы.неге адал,достыққа берк болмасқа? Бүгінгідей сезімнің тым арзандап,математикалық сипат алып,есепке құрылып бара жатқан заманда әрқайсымызға ой салса керек.Ұлы сезімді құрметтей білу керек.

Үйге тапсырма.

Эйлер шеңберін толтыру (ұқсас шығармаларды салыстыру).

«Аққудың айырылуын» оқығаннан туған ой (эссе).



Авторы Шығарма атауы





Кейіпкерлер

Іс әрекеті


Кейіпкер тағдыры

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты: білімділігі - оқушылардың қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы бейімбет Майлиннің шығармаларымен таныстыра отырып білімдерін кеңейту,шығарманың мазмұнын толық білу,идеясын ашу; дамытушылығы - жазушының жанр шеберлігінде жеткен жетістіктерін таныту,шығарманы оқыта отырып іздендіру; тәрбиелігі - адамгершілікке,сыйластыққа,мейрімділікке тәрбиелеу,бауырмалдыққа баулу.

Сабақтың әдісі: пікіралысу,әңгімелесу,ойтолғау,іздендіру.

Пайдаланылатын көрнекілік: компьютер,слайд,кеспе қағаздар,жазушы жайында жазылған пікірлер,Бейімбет Майлин шығармалар жинағы,портреті,әдебиет теориясынан кестелер.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру.

Кіріспе сөз.

Оқушыларға сабақтың мақсаты мен жоспарын таныстыру (слайдтан көрсетіледі).

Жоспар

І.Тақырыпты аша білу (мазмұндау,идеясын ашу)

ІІ.Оқушының сөйлеу тілі (тапсырмалар арқылы сөйлеу)

ІІІ.Әдебиет теориясы (көркемдегіш сөздерге талдау)

IV.!зденіс (проблемалық сұрақтар,қосымша іздену).

Б.Майлин туралы білетіндерін сұрай отырып жаңа сабақты бастау.

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Оқушылар Бейімбет Майлин

Туралы өз білетіндерін жазды.

Шығарманы талдап болғаннан кейін оқиғаның сюжетін,кейіпкерлерден білгенін жазады.

Б.Майлин туралы қосымша мәліметтер оқып,екінші сабаққа шығармалары туралы ізденіп келу тапсырылады.


Мұғалім сөзі. Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылық жолдары,әлеуметтік көзқарасы туралы баяндалады.Қостанай уезі, Дамбар болысы,Таран ауданы,Әйет өзенінің бойындағы Ақтөбе деген жерде дүниеге келгенін,Троицкіде «Уазифа» мектебінде,Уфа қаласында оқығаны, «Шұғаның белгісі» әңгімесінің алғаш «Садақ» атты журналда жарық көргені айтылады. «Шұғаның белгісі» шығармасы проза жанрындағы тұңғыш көлемді туындысы екені түсіндіріледі.

Хрестоматиядан алғашқы абзац оқытылады.

Сұрақ.

1.Проза дегеніміз не? 2.Хикаят дегеніміз не? 3.Шығарма кімнің атынан баяндалған? 4.Оқиға немен басталды?

Оқушыларға шығарманы талдау барысында үш түрлі сауал тасталады.

1.Оқиғадағы кейіпкерлер кімдер? 2.Оқиғаның сюжеті қалай өрбиді? 3.Оқиға шешімін қалай тапты?

I.Тақырыпты аша білу

«Шұғаның белгісі» хикаятының әр бөліміне ат қою,негізгі оқиғаларға түсінік беру

1.Қос жолаушы

2.Сұлу қыз - Шұға

3.Кездесу

4.Учитель Әбдірахман

5.Ғашық жүректер

6.Хат.

7.Жабылған жала

8.Қоштасу

9.Айықпас дерт

10.Соңғы хат

11.Белгі.

Шығарма мазмұнын білгеннен кейін сюжетті-композициялық жоспар құрылды.

1.Оқиғаның басталуы (экспозиция).

Әдемі табиғат,әсем пейзаж.Алыстан көрінген обашық.

2.Оқиғаның дамуы. «тарғыл өгіз сойған» оқиғасы. «шұғаның белгісі» қалай аталады?

3.Оқиғаның шиеленісуі. Сықырлауықтан сығалаған сұлу сезім.

4.Оқиғаның шарықтау шегі.(кульминация).Шұғаның Әбдірахманыд тұңғыш көруі.

5.Оқиғаның шешімі.Үзілген үміт.Соңғы хат.

ІІ.Оқушының сөйлеу тілі

Жазушының тіл шеберлігін байқау,мәтінмен жұмыс жүргізе отырып оқиғадағы негізгі ой,шарықтау шегі Шұғаның Әбдірахманмен таныс болып,араларындағы қатынастың өрбуін суреттеуімен құрылғанын түсіндіру.

Үлестірмелі тапсырма

Берілген үзіндіден оқиғаның тірек болған сөзді тауып түсіндір.


  • Мынау аттан түсіп жатқан кім? - деді Шұға.

  • Әбдірахман ғой.

  • Әбдірахманың кім?

  • Қазақбайдың баласы.

  • Ия,әлгі учитель баласы ма?

  • Ия.

  • Жап-жас жігіт екен ғой, - деп бірер қарайды да,Шұға отауға кіріп кетеді.

  • Жазушы алғаш Әбдірахманды көрген Шұғаның « ...жап-жас жігіт екен ғой» деп үйіне кіріп кетуін оқиғаның өрбуіне тірек етіп алған деп ойлаймын.Себебі сұлу қыздың ішкі сезімі бір көргеннен-ақ жігітті ұнатты және оның оқыған учитель екендігіне ерекше назар аударды.Сол кезден бастап екеуінің арасындағы сүйіспеншілік,үздіксіз хаттар жалғасын тапты деп түйіндеймін.

Оқулықпен жұмыс

1.Ғашық жүректердің арасындағы жазылған сырлы да мұңды хаттарға назар аударту (Оқушыларға мәнерлетіп оқыту).

2.Хаттың жазылу стиліне көңіл бөлу.

3

Обашық - тастан,топырақтан үйіп жасалынған белгі Ақсүйек - қазақтың ұлттық ойыны.Құндақ -зат сынбау,бүлінбеу үшін жасалған қажетті қорап,сауыт.Басқұр - керегелердің бастарын тартып,үйді айналдыра байлайтын өрнектелген жалпақ бау.Бешпет - жеңі бар,қысқалау келген сырттан киетін жеңіл киім.Жосыған - қан,су сияқты сұйық заттардың көп мөлшерде тез ағуы,сорғалай жөнелуі..Сөздік жұмыс (дәптерлеріне слайдта жазылған сөздерді оқи отырып жазу,мағынасына назар аудару)


ІІІ. Әдебиет теориясы

Шығарма мәтінінен троптың түрлерін,тұрақты тіркестерід,мақал-мәтелдерді,көнерген сөздерді тауып дәптерлеріне жазу.

Кім жылдам?

Жүрегім тас төбеме шықты қорқу

Төбесі көкке тигендей қуану

Суық суды төбемнен құйып жібергендей тітіркену

Көпке топырақ шашу жала жабу

Тілім байланды сөйлей алмай қалу

Олжамнан қақты пайдаланып кету

Шаңымды аспанға шығарды ұрысты

Көнерген сөздер

Дуан,болыс,көшір,песір,тілмаш,нәшәндік,стражник т.б.Шығармада кездескен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіру.

Тақтамен жұмыс

1.Портрет жасау 2.Мінездеме беру

Шұға Қандай? Кім? Күлзипа

Әбдірахман Зәйкүл

Базарбай Айнабай

IV.Ізденіс

Проблемалық сұрақтар

1.Шұғаның өліміне кім кінәлі?

1-оқушы: Менің ойымша Шұғаның өліміне сол кездегі қоғам кінәлі.

2.Жазушының шешімімен келісесің бе?

2-оқушы: Мен жазушының шешімімен келіспеймін.Соншалықты әдемі,сымбатты,сұлу Шұғаны азапты жолмен өлтіргеніне қарсымын.Шұға - өз сүйгеніне қосылып,бақытты болатын кейіпкер.

3.Бұл күнде Шұға сияқты қыздар бар ма?

3-оқушы: Бұл күнде Шұға сияқты қыздар бар деп айта алмаймын.Сыртқы сұлулықтары ұқсайтын шығар,бірақ ішкі жан дүниесі тура Шұғадай махаббатына берік қыздар бар деп айта алмаймын.Әлде қазір заман басқа болған соң ба?Мен өз ата-анама қарап,олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін,сыйластығын көріп олар да осы заманда өмір сүріп жатыр ғой деп те ойланамын. «Бес саусақ бірдей емес қой»,сондықтан көпке топырақ шашудан аулақпын.

4.Жазушы шығармасын « ... Шұға десе,Шұға еді-ау!» деген өкінішпен аяқтайды,сен болсаң қалай жазар едің?

4-оқушы: Мен де Шұғаның әдемілігіне,абройына,беделіне орай «Шұға десе,Шұға еді» деп аяқтайтын едім,бірақ өкінішпен емес,мақтанышпен.Қазақта осындай,жігіттердің бәрі ғашық болған,сұлулығына ақылы сай қыздардың бақытты болуын қалаймын.Сондықтан сүйгені Әбдірахманға қосып,балалы-шағалы бақытты жанұя қылып басқа жастарға үлгі етер едім.

5.Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романындағы Жамал тағдырымен ұқсастығын салыстыру

Сабақты бекіту: Сабақты мақалмен,қанатты сөздермен тұжырымдау

Үйге тапсырма: «Арман болып өткен махаббат» атты «Шұғаның белгісі» хикаятының мазмұнынан сценари құру (9-10 минуттық)

Бағалау. 17-20 ұпай жинаған оқушыға «5» (көк түсті)

14-16 ұпай жинаған оқушыға «4» (қызыл түсті)

9-13 ұпай жинаған оқушыға «3» (сары түсті).

Рефлексия.

Сабақтың жеке өзіңе берері болды ма?

Оқушы жауабы:


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Ғабиден Мұстафин

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,электрондық оқулық т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих


а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген Ғ.Мүсіреповтың өмірбаянын,шығармашылығын сұраймын. 1.Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлке» тындысы қазақ әдебиетіне несімен жаңалық болып қосылды?

2.Ғ.Мүсірепов әдебиеттегі сөз құдіретін түсінген қазақ сөзін қадірлеп өткен қаламгер екені белгілі,бұған өзің қандай мысал келтіресің?


б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ әдебиетінде қарапайым еңбек адамының көркем бейнелерін сомдаған Ғ.Мұстафин 1902 жылы Қарағанды облысында туған. Ауыл молдасынан хат таныған соң 1916 жылы орысша-қазақша мектептің 4-сыныбына оқуға түсіп,бір жылдан кейін бітіреді.1918-1925 жылдары жаңа құрылған ауылдық кеңестің жұмыстарында қызмет етеді.Қазақстандағы жаңа құрылыс өзгерістері,заманның қилы кезеңдеріндегі адамда тағдырын көркем кестеге түсіру жазушы өмірінде Қызылорда қаласында жоғарғы сотта қызмет еткен кезеңінен басталады.Ғ.Мұстафин өзі куә болған,сотқа түскен қағаз беттеріндегі адамдар жайында хабарлама,очерк,фельетондарын «Еңбекші қазақ» газетіне жариялай бастайды.Алғашқы еңбегі «Ер Шойын» 1929жылы жарияланды.Жинаққа «Сәрсен мен Боқаш», «Ер Шойын», «Қан», «Қашқын» т.б. әңгімелері енген.Шығармалары еңбек,тап күресі тақырыптарын қамтыды.


Хронологиялық таблицамен жұмыс:

1916 жылы орысша-қазақша мектептің 4-сыныбнда оқиды.

1918-25 ж.ж. жаңа құрылған ауылдық кеңестің жұмыстарында қызмет етеді.

1929 ж. алғашқы кітабы «Ер Шойын» жарияланады.

1930-33 жылдары Қарағанды қаласында кен орнында жұмыс істейді.

1933 жылы «Қарағанды пролетариаты» газетінің жауапты секретары қызметіне тағайындалады.

1938 жылы Алматы қаласына көшіп келеді.

Кітаппен жұмыс:

Кітаптан Ғ.Мұстафиннің шығармаларын оқып,құрылысына қарай талдайды.


Білімді бекіту:

Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ғ.Мұстафиннің өмірбаянын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Ғабиден Мұстафиннің шығарамалары

Сабақтың мақсаты:

а)жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке,адамгершілікке баулу;


ә) логикалық ойлау қабілеттерін,өмірге деген көзқарастарын дамыту.Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау.Мәнерлеп оқу,көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

б) туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген Ғабиден Мұстафиннің шығармаларын,өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Ғ.Мұстафиннің дүниеге келген шақтағы қазақ даласының жай-күйі туралы айтып көр.


б) Жаңа сабақты түсіндіру.


1939жылы «Өмір мен өлім» атты тұңғыш романын жазады.1939-1948 жылдары «Әдебиет майданында (қазіргі «Жұлдыз») қызмет етеді.1942 жылы «Айқап» пьесасын, «Тұтқын», «Құлаған құз», «Керуен» әңгімелерін жазады.1945 жылы «Шығанақ»,1948 жылы «Миллионер» шығармалары жарияланды.1952 жылы жазылған «Қарағанды», «Дауылдан кейін» (1960), «Көз көрген» романдары - оқырман қауымның ықыласына бөленген шығармалар.Жазушының «Шығанақ романы 1945 жылы жарық көрді.Шығарма адам мен табиғат арасындағы үйлесімді жаңа қырынан көрсетті.Адамзаттың қажетін тек табиғаттан алуға үйренген қам-қарекетінің екінші жағын ашуды мақсат еткен.Бұл шығанақ бейнесімен ашылған.

«Миллионер романы (1948) «Шығанақ» романында суыртпақтап басталған ұжымдық еңбек жемісін кең көлемде ашты.Жазушы соғыстан кейінгі күйзелген елдің болашағын жарқын да,шат тұрмыс,бай-бақуатты қалыпта көрсетеді.

«Қарағанды» романы(1952) - Қазақстандағы өндірістің дамуын,жұмысша табының туып,қалыптасқанын көрсетететін шығарма.Жұмысша тақырыбы,әрі Қарағанды өңіріндегі өндіріс жазушы өміріне таныс. «Дауылдан кейін»(1959), «Көз көрген» (1963).

Ғ.Мұстафин шығармалары - қазақ даласының,қазақ халқының тарихы.Өсу,даму,өркендеуінің шежіресі.Сондай-ақ,жазушы шығармалары - жақсылыққа сенген,бақытты келер күннен күткен халық үмітінің көрінісі іспеттес.


Кітаппен жұмыс: Кітаптан шығармаларын оқып,құрылысына қарай талдайды.

Білімді бекіту:

  1. Ғ.Мұстафиннің өскен ортасы,жетілген жері жөнінде не білесің?

  2. Ғ.Мұстафин сондағы Ш.Берсиев бейнесі несімен қызықтырады?

  3. Жазушының «Миллионер» туындысы бүгін қандай мәселелерді қозғайды?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ғабиден Мұстафиннің бір романын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Соғыс кезіндегі қазақ әдебиеті.

Сабақтың мақсаты:

а)Соғыс кезіндегі қазақ әдебиетіндегі шығармалардың тақырыптары басты мақсаттары ерлікті дәріптеу,ел мен жерді қорғау екендігін түсіндіру;

ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) Оқушыларды сабақ барысында мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген Ғабиден Мұстафиннің шығармаларын,өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Ғ.Мұстафиннің өскен ортасы,жетілген жері жөнінде не білесің?

2.Ғ.Мұстафин сомдаған Ш.Берсиев бейнесі несімен қызықтырады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ұлы Отан соғысы кезінде әдебиеттің басты мақсаты ерлікті дәріптеу,отансүйгіштікке баулу,ел мен жерді қорғау мәселелерін көтеру болды.Әдебиет жауынгерлік тақырыпты жаңа бір қырынан қайта көтерді.Әдебиет соғысқа қарсы тыныштықты,ізгілікті, басқыншылыққа қарсы бірлікті,туысқандықты,махаббатты,елдікті қойды.Соғыс кезінде поэзияда өлең,ән,ода,лирикалық толғаулар көп шықты.Елге,жерге деген сағыныш,басқыншылыққа,соғысқа қарсылық,лағынет айту,жан дүниесінің сезімдері өлең болып төгілді.Публицистикалық шығарамалар,очерктер жазылды.Фольклор оқиғаларының негізінде бірнеше пьеса,опера т.б. өнер туындылары жарық көрді.

Поэзия. Ұлттық өрнекті жырларымен халықты ерлікке,батырлыққа,бірлікке шақырған Жамбыл Жабаев,Нұрпейіс Байғанин,Омар Шипин,Доскей Әлімбаев,Төлеу Көбдіков,Кенен Әзірбаев жырлары жұрт назарын аудартты.Жамбылдың «Өмір мен өлім белдесті» «Ленинградтық өрендерім»,Нұрпейіс ақынның «Жанышта жауды,жанышта» «Қаһарман қала», «Қазақстан майданға» өлеңдері мен поэмалары елдегі жұртты еңбекке,майдандағы ерлерді батырлыққа шақырды.

Проза. 20-30 жылдары прозасындағы классикалық үлгілер әдебиетте көркемдік дәстүр қалыптастырып,жаңа эстетикалық кезеңнің басталуына негіз салды.1929-1937 жылдары қуғын-сүргін фольклор,жыраулар әдебиеті,Абай кезеңінен жалғасқан сабақтастықтың өрістете алмай,іркіліп қалуына да әсер етті.Дегенемен,сөзді өнер атаулының алтын өзегіне,асыл қазығына балаған қазақ әдебиетінде соғыс жылдарында да көркем дүниелер жазылды.

Драматургия.Ел мен жердің қасиетін дәріптеген,майдандағы ерлікті асқақтатқан,бірлік пен ерлік дәстүрін көрсеткен,тылдағы халықтың еңбегін ұлықтаған драмалық шығармалар жазылды.С.Мұқановтың «Гвардия,алға»,М.Әуезовтың «Сын сағатта» т.б.

Кітаппен жұмыс: Кітаптан соғыс кезіндегі жазылған шығармаларды оқиды.

Білімді бекіту: 1.Қазақ әдебиетінің соғыс кезіндегі шығармалары несімен ерекшеленеді?

2.Бұрынғы батырлар жыры мен кейінгі соғыс уақытындағы шығармалардың қандай ұқсастық пен айырмашылығы бар деп ойлайсыңдар?

3.Соғыс қазақ әдебиетіне қалай әсер етті?

Білімді бағалау: Оқушылардың жааптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Соғыс кезіндегі қазақ әдебиетін,және шығармаларды оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Соғыстан кейінгі әдебиет

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) сөйлеу тілін сөз мағынасын түсініп шапшаң ой қорыта алуға,мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

б) Туған жердің табиғатын сүйе білетін оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Қазақ әдебиетінің соғыс соғыс кезіндегі шығармалары несімен ерекшеленеді?

2.Соғыс кезіндегі әдебиеттегі образдар қалай пайда болады деп ойлайсыңдар?

3.Соғыс қазақ әдебиетіне қалай әсер етті деп ойлайсыңдар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1956 жылы И.Сталин өлген соң партияның ХХ сьезі жеке басқа табынушылықты сынға алды.Қоғамдағы,саясаттағы өзгеріс,орын алған бұрмалаушылықты жою мәселелерінің ашық сыналуы әдебиет пен өнерге де ықпал етті.Шығармашылық еркіндікке,тарихи шындықты,дәстүр сабақтастығын жалғауға мүмкіндік туды.Бұл әдебиеттің сапалы дамуына,көркем шығармалардың жарық көруіне мүмкіндік берді.

Прозалар: Соғыстан кейінгі жылдары еңбек тақырыбына көркем дүниелер көп жазылды.С.Мұқановтың «Сырдария» романы шөл даланы суландырған канал қазушылар еңбегін көрсетсе,Ғ.Мұстафиннің «Миллионер» повесі колхозшылар еңбегін, «Қарағанды» романы кеншілер еңбегін,Ғ.Слановтың «Кең өріс» повесі малшылар еңбегін көрсеткен.Соғыстан кейінгі әдебиетте халық тарихы,өткен өмір жайы көркем кестеленді.М.Әуезовтың «Абай», «Абай жолы»,Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлке»,Х.Есенжановтың «Ақ Жайық романдары қазақ елінің тарихи кезеңдерін көркемдік шындықпен суреттеуімен құнды.

Поэзия. Прозадағы еңбек тақырыбы поэзияда да жалғасын тапты.Х.Ерғалиевтің «Біздің ауылдың қызы»,Т.Жарковтың «Жапанды орман жаңғыртты» поэмалары жазылды.Бейбітшілік жайында өлеңдер көптеп жарық көрді.Тыныштық пен бақытты тұрмысты жырлап,бейбіт өмірді бейнеледі.Бұл Ә.Тәжібаевтың «Еуропаға саяхат»,Т.Жарковтың «Қазыналы Қазақстан» өлеңдерінде көрінсе,осы тақырып Қасым Аманжолов поэзиясының негізгі арнасына айналды.Ақынның «Туған жер», «Дариға»,сол бір қыз, «Өзім туралы өлеңдері қалың жұртшылыққа жақындығымен құнды.

Соғыстан кейінгі жылдарда қазақ поэзиясы көркем бейне жсау,өлең,құрылысы,тақырыбы,идеяның берілуіндегі көркемдік әдістер жағынан әдебиетке жаңа ізденіс,тың серпіліс әкелген кезең болды.Бұл Ғ.Орманов,Ә.Тәжібаев,Қ.Аманжолв,Ә.Сәрсенбаев,С.Мәуленов,Ж.Молдағалиев өлеңдерінде көрініс тауып,кейіннен 50 жылдар соңынан бергі жазылған М:Мақатаев,Қ.Мырзалиев,Т.Молдағалиев,Ж.Нәжімеденов,Т.Айбергенов т.б. шығармаларында өзгеше көркем сипат алды.

Білімді бекіту: Түсінбеген сұрақтарына толығырақ мағлұматтар беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Соғыстан кеінгі қазақ әдебиетін оқып келуге беремін..

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: 60-жылдар әдебиеті

Сабақтың мақсаты:

а)әдебиет пен саясат арасындағы байланыс туралы түсінік беру;


ә) мәнерлеп оқу,көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: лекция сабақ

Сабақтың әдісі: мазмұндап оқу,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: әдебиеттер т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:


Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.


Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Қазақ әдебиетінің соғыс соғыс кезіндегі шығармалары несімен ерекшеленеді?

2.Соғыс кезіндегі әдебиеттегі образдар қалай пайда болады деп ойлайсыңдар?

3.Соғыс қазақ әдебиетіне қалай әсер етті деп ойлайсыңдар?


б) Жаңа сабақты түсіндіру:


1956 жылдың басында КОКП-ның ХХ съезі болып,онда жеке басқа табынушылықтың зардаптары айтылды.Осы шақтарда қазақ әдебиетінде өзгеше өзгерістер көрінді.Әсіресе,бұрынғы өткен қазақтың ұлылары,ғалымдары,ақындары,жазушылары ақталып қатарға қайта қосылды.Соның ішінде Абай,Шоқан,Ыбырай жөнінде жазылған шығармалар жарық көрді

Кітаппен жұмыс:

Кітаптан Ұлы Отан соғысынан кейінгі мол қырғыннан аман қалған жазушыларға хронологиялық таблица жасайды.


Білімді бекіту:

1.Тәуелсіз әдебиеттің басы 60 жылдардан басталады деген пікірге қалай қарайсыңдар?

2.60 жылдар әдебиеті жөнінде өз түсініктеріңді айтып көріңдер


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: 60 жылдардағы қазақ әдебиетін оқып келуге беремін.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Шығарма

Сабақтың мақсаты:

а) логикалық ойлау қабілеттерін,өмірге деген көзқарасын дамыту.Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;


ә) мәнерлеп оқу,көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін Отанын сүбге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: шығармашылық ізденіс т.б..

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:


Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Шығармаға жоспар жасауға және ол бойынша жазуға үйрету.


Жоспар - өте күрделі жұмыс.Ол бүкіл шығарма жазуға тиісті


тақырыпты,туындыны,оның идеясын,құрылысын және мазмұнын толық қамтитындай


етіліп жасалуы тиіс.


Оқушы шығарманың талапқа сай жазылуы оның жоспарының дұрыс жасалуына да


байланысты.Сондықтан ең алдымен жоспарды дұрыс,жүйелі жасауға үйретіледі.


Шығармаға жоспарды дұрыс жасау оқушының сол тақырыпты,мәселе мен


туындының мазмұны мен идеясын қаншалықты түсінгеніне байланысты.Сондықтан


шығарма жаздырардан бұрын сол тақырып мәселесін немесе еңбектің мазмұнын


қаншалықты білетінін,оған керекті жағдайларды анықтап алу керек.Содан кейін шығарма


жоспарының мәні мен мазмұнының және қандай түрлері болатыны түсіндіріледі.


Қорытынды бөлім - оқушы шығармасының түйінді өзегі.Мұнда оқушы сөз етіп отырған


тақырыптан алған әсерін,тілек мақсатын жазушы я шығарма,тақырып немесе мәселе


туралы пікірін білдіреді.


Үйге тапсырма: Кез келген ақын - жазушылардың шығармаларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: І.Есенберлин

(1915-1983)

Сабақтың мақсаты:

а)жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке,адамгершілікке баулу;

ә) логикалық ойлау қабілеттерін,өмірге деген көзқарастарын дамыту; б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға машықтандыру.


Сабақтың түрі: баяндау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,хрон. кестені тол.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Соғыс кезіндегі қазақ әдебиеті жайлы не айтасыңдар?

2.Соғыстан кейінгі әдебиетке кімдердің шығармаларын жатқызасыңдар?


б) Жаңа сабақты түсіндіру:


Әйгілі жазушы қазақ әдебиетін талай қырға шығарып тастаған,қала берді,алпысыншы жылдары қазақ санасында төңкеріс жасаған І.Есенберлин 1915 жылдың 10 қаңтарында қазіргі Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген.Қазақ тау-кен және металлургия институтын бітірген.Жазушының алғашқы шығармалары баспасөз бетінде 1940 жылдан бастап жарық көреді.Поэзия,проза,драматургия,кинодраматургия саласында жемісті еңбек еткен жазушы алғашында ақын ретінде танылады. 1945 ж. «Сұлтан», «Айша» дастандары жарық көреді.

Бес поэма,төрт пьеса,үш киносценарий,он алты роман жазған қаламгердің берекелі таланты - қазақ халқы өмірінің ғасырлар панорамасын көрсетіп берді.Көпғасырлық тарих,ұлттық зиялы қауымның қалыптасу кезеңіндегі трагедиялар,колхоздастыру дәуірінің шындығы.Ұлы Отан соғысына қазақтардың қатысы,тың игеру жылдарының хикаясы,Маңғыстау майданы,геологтар,мүсіншілер,артистер,жазушылар тағдыры - Ілияс Есенберлиннің романдар сериясындағы өзекті тақырыптар.

Поэзиясы: «Сұлтан», «Айша», «Адамгершілік жыры», «Әлия», «Ұмытпаңыз ер қызды», «Домбыра», «Жаңа өлке», «қыз арманы», «Көк кептер», «Ақ қайың»т.б.

Повестер: «Өзен жағасында», «Толқиды Есіл»

Романы: «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар», «Көшпенділер», «Алтын орда», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «»Алтын құс», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Маңғыстау майданы» т.б.


Хронологиялық таблицамен жұмыс: Оқушылар елеулі жылдардағы болған оқиғаларды дәптерлеріне жазады.


Білімді бекіту: 1. І.Есенберлин өмір сүрген кезеңі туралы не білесіңдер?

2.І.Есенберлин шығармашылығы неліктен поэзиядан бастау алады деп ойлайсыңдар?


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: І.Есенберлиннің шығармашылығын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: І.Есенберлиннің поэзиясы.

(1915-1983)

Сабақтың мақсаты:

а)І.Есенберлин өлеңдерінің мазмұнын меңгерту,көркемдік ерекшелігін ашу.Көркем поэзияның сөз өнерінің құдіретін таныту;

ә) көркем поэзияға деген қызығушылықтарын,эстетикалық талғамдарын кеңейту;

б) Сабақ барысында оқушыларға мәнерлеп оқуға машықтандыру.


Сабақтың түрі: лекция сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,журналдар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген І.Есенберлиннің өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.І.Есенберлин өмір сүрген кезеңі туралы не білесіңдер?

2.І.Есенберлин шығармашылығы неліктен поэзиядан бастау алады деп ойлайсыңдар?


б) Жаңа сабақты түсіндіру


І.Есенберлин әдебиет әлемінің босағасын аттағанда поэзия жанырына олжа сала келді. «Сұлтан», «Айша» дастандары 1945 жылы шығып,кейіндері «Адамгершілік жыры» жинағына кірді.Оның алғашқы өлеңдері әйел тақырыбы,батыр қыздар туралы болып көрінді


Өлеңдері: «Әлия», «Ұмытпаңыз ер қызды», «Домбыра», «Жаңа өлке», «Қыз арманы», «Тыңда көрдім бір қызды», «Көк кептер», «Елге қайтқанда», «Бесік жыры», «Бөбегіме», «Жарға» т.б.


Поэмалары: «Көңіл дастаны», «Қазақ қызы», «Әділбек» т.б.


Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңдерін мәнерлеп оқып,өлеңді құрылысына қарай талдайды.


Білімді бекіту: І.Есенберлиннің шығармаларындағы махаббат тақырыбы және бүгінгі күндегі махаббаттың жырлануы жайлы өз ойларыңды білдіріңдер.


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: І.Есенберлиннің поэзиясын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: І.Есенберлиннің прозасы.

(1915-1983)

Сабақтың мақсаты:

а) Жазушының шығармаларының тақырыбы мен идеясын оқушылардың өздеріне ашқызу; әдеби-теориялық талдау жүргізу арқылы көркем шығарманы саралай білуге жетелеу;

ә) Сын тұрғысынан ой қорытындысын жасауға үйрету,тіл мәдениетін жетілдіру;

б) адамгершілік,достық қасиеттерді бағалауға үйрету.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген І.Есенберлиннің поэзиясын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.І.Есенберлин өмір сүрген кезеңі туралы не білесіңдер?

2.І.Есенберлин шығармашылығы неліктен поэзиядан бастау алады деп ойлайсыңдар?


б) Жаңа сабақты түсіндіру.


І.Есенберлин 1960 жылы «Өзен жағасында» 1965 жылы «Толқиды Есіл» деген повестер жазды.Бұл шығармалары қазақ әдебиетінде көп көріне қоймаған геологтарға арналған еді.Дегенмен алғаш жазған шығармаларының ішінде жазушының айбынын асырған «Айқас» 1966ж.ж. романы болды.


Романдары: «Айқас», «Көшпенділер» трилогиясы


Повестер: «Өзен жағасында», «Толқиды Есіл» т.б.


Дәптермен жұмыс: Дәптерлеріне шығармадағы кейіпкерлерді және оқиғалардың немен аяқталғаны туралы жазады.


Білімді бекіту: І.Есенберлин шығармаларындағы тарихи оқиғалар және оның басты кейіпкерлері: Абылай,Бұқаржырау,Бөгенбай,Қабанбай,Кенесары,баян,Шығыс хан туралы не білесіңдер?


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: І.Есенберлин прозаларын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев

(1931-1976)

Сабақтың мақсаты:

а) Ақынның өміріне қысқаша шолу,поэзияына талдау жасай отырып,ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру;

ә) ақиық ақынның жырларымен таныстырып,оқушылардың поэзия туралы түсініктерін сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;

б) оқушыларға поэзияны сүйе отырып сұлулық пен махаббатты тануға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,газеттер

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген І.Есенберлиннің шығармаларын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып,жаңа сабақты өтуге көшемін.

1.І.Есенберлин өмір сүрген кезеңі туралы не білесіңдер?

2.І.Есенберлин шығармашылығы неліктен поэзиядан бастау алады деп ойлайсыңдар?

б)Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ поэзиясында өзіндік жарқын із қалдырған дарынды ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев 1931 жылы ақпанның тоғызы күні Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Қарасаз деген жерде дүниеге келген.Анасы Нағиман батанқызының айтуынша: «Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы еді. ... Тиын деген енем бар еді ...

Мұқағали бастауыш сыныптарды қарасаз өңіріндегі шағын ауылдарда оқып,үлкен мектепті аудан орталаығы - Нарынқолдағы интернатта бітіріп шықты.Ауқаттлардың балалары Алматы аып,үлкен оқу іздеп жатқанда,ол ауылдық кеңесте хатшы болып қызметке тұрды.Он төрт-он бес жасынан жаза бастаған өлеңінен қол үзген жоқ.Төбесі аласа үйге қалың-қалың кітаптарды үйіп тастап,бірінен кейін бірін оқитын да жататын.Ауылдың атқамінерлері сол кезде-ақ таңданатын: «нағиман шеше,сіздің тентегіңіз осынша орысшаны қайдан үйреніп жүр» - дейтін... Сөйтсем,өзін-өзі оқытыпты ғой, шырағым».

М.Мақатаевтың ақындық қабілеті бала кезінде-ақ белгі берген.Бала кезінен көптің назарына ілікен Мұқағали ауыл арасындағы қағыс-айтыстарға да түсіп,әріптестеріне алдырмайды екен.1962жылы Алматыға көшеді.Қазақ радиосында директор, «қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болады.

өлеңдері «Отыздан асып барамын», «дариға,домбырамды берші маған», «Фариза», «Бір бала» т.б.

поэмалары: «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек! Райымбек»

кітаппен жұмыс: Кітаптан Мұқағалидың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

тақтамен жұмыс: Тақтаға бір шумақ өлеңін жазып құрылысына қарай талдайды.


Сен сүйген // орман // көлдерде 1 шумақ

Жыл сабып // құстар // келгенде 4 тармақ

Көк жиек // сонау // белдерден 11 бунақ

Сағынам // сағым көргенде 8 буынды.


Білімді бекіту: Оқушыларға тест сұрақтары беріледі


Білімді бағалау: Оқушыларды жауаптарына қарай бағалаймын.


Үйге тапсырма: М.Мақатаевтың өмірбаянын және поэзиясын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Ә.Кекілбаев

Сабақтың мақсаты:

а) жазушы туралы мәліметтерді тыңдай отырып,мағлұматтар алуына жағдай туғызу;

ә) түрлі шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына,тіл байлығының артуына ықпал жасау;

б) ізденімпаздыққа,еңбексүйгіштікке баулу.


Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих пәні

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:


Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау.


Үйге берілген Ш.Мұртазаның өмірбаянын сұраймын.

1.Ш.Мұртаза шығармашылығы туралы айт.

2.Ш.Мұртаза өз шығармаларында тылдағы қазақ өмірі туралы қандай мәселелерді көтерді?

б)Жаңа сабақты түсіндіру:


Ә.Кекілбаевтың 1939 жылы Маңғыстау ауданындағы Онды деген аулында дүниеге келген.Жазушы еңбек жолын 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіргеннен кейін бастайды.


Шығармалары: «Бір шөкім бұлт», «Дала балладалары», «Дәуірмен бетпе-бет» (1972), «Тырау-тырау тырналар» (1974), «Бір уыс топырақ» (1974), «Құс қанаты»


Кітаппен жұмыс: Кітаптан Ә.Кекілбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.


Топтастыру сратегиясы


ақын жазушы

Ә.Кекілбаев

драматург прозашы


Білімді бекіту: 1. Ә.Кекілбаев кезеңі туралы не айтасыңдар?

2. Ә.Кекілбаев әңгімелерінің ерекшелігі қандай?


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Ә.Кекілбаевтың өмір жолын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Ә.Кекілбаевтің өлеңдері

Сабақтың мақсаты:

а) ақын туралы мәліметтерді тыңдай отырып,мағлұматтар алуына жағдай туғызу;

ә) түрлі шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына,тіл байлығының артуына ықпал жасау;

б) ізденімпаздыққа,еңбексүйгіштікке баулу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих,ән-күй

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:


Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау.


Үйге берілген Әбіш Кекілбаевтың өмірін сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Ә.Кекілбаев кезеңі туралы не айтасыңдар?

2.Ә.Кекілбаевтің әңгімелерінің ерекшелігі неде?

б)Жаңа сабақты түсіндіру:


Ә.Кекілбаевтың 1962 жылы шыққан «Алтын шуақ»,1992 жылы «Дүние ғайып» жыр жинақтарына Әбіш өлеңдерінің көп сыры ашылады.Ә.Кекілбаевтің жырлары лирикаға,нәзік сырларға көп бой ұрады.Қаламгер соғысты көрген,соның сызын сезген ұрпақтың өкілдері болғандықтан «Танктер», «Әйел күлкісі», «Біздің болашағымыз» т.б. өлеңдер жазған.


Кітаппен жұмыс: Кітаптан Ә.Кекілбаевтің өлеңдерін мәнерлеп оқиды.


Тақтамен жұмыс: тақтаға өлең шумақтарын жазып құрылысына қарай талдайды.


Шыдай алмай // шайқалыпты // шаңырақ, 1 шумақ

Майыстырып // тіреу қылған // бақанды. 4 тармақ

Желтоқсанның // желі сапты // аңырап, 12 бунақ

Бұрын-соңды // естілмеген // мақамды 11 буынды.


Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ә.Кекілбаевтің өлеңдерін мәнерлеп оқып келу.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Ә.Кекілбаевтің прозасы

Сабақтың мақсаты:

а) проза жанры туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:


Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау.


Үйге Әбіш Кекілбаевтың өлеңдерін оқып келуге берілген. Соны сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Ә.Кекілбаев кезеңі туралы не айтасыңдар?

2.Ә.Кекілбаевтің әңгімелерінің ерекшелігі неде?

б)Жаңа сабақты түсіндіру:


Ә.Кекілбаевтың алғашқы прозадағы қадамдары «Бір шөкім бұлт», «Дала балладалары», «Құс қанаты» секілді туындылардан көрінді. Жазушының өзіндік қолтаңбасы,философиялық түйіндерімен,қазақтың қоңыр мінезінің сырын ашумен,нәзік астармен жеткізе білетін шеберлігімен ерекшеленді.


Топпен жұмыс: Ә.Кекілбаевтың шығармаларын топтастыру.


Прозалары: «Күй», «Ханша-дария хикаясы», «Шеткері үй»


Романдары: «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң»


Драматургиясы: Ә.Кекілбаев Уильям Шекспирдің «Ромео и Джульетта», «Кориолан», «Король Лир», Валехо Антонио Буэроның «Бүгін мейрам, бүгін той» А.Чеховтың «Ваня ағай» сынды драмалық туындылары бар


Білімді бекіту: Өткен сабақ бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар беріледі


Бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Ә.Кекілбаевтың прозаларын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әли

Сабақтың мақсаты:

а) Қадыр Мырза Әли туралы мәліметтерді тыңдай отырып,жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу;

ә) түрлі шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

б) Оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: лекция түрінде

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,журналдар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын оқып келуге берілген. Прозалық шығармаларын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Ә.Кекілбаев кезеңі туралы не айтасыңдар?

2.Ә.Кекілбаев романдары туралы не айта аласыңдар?

б)Жаңа сабақты түсіндіру:

Есімі елімізге танымал ақын Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әли 1935 жылы 5 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында дүниеге келген.Ата-анасы сауатты кісілер болған.Әкесін ауылдастары «молда бала» деп те атаған.

Болашақ ақынның әдебиетке деген ынта-ықыласы бала кезден белгі берген.

Мектепте сан қияға құлшынған бала қиял тарихқа,математикаға,астрономияға,сурет өнеріне талпынған.Ол кездері республикалық газеттерде «Қайда оқығың келеді?» деген сауал-айдармен еліміздегі әр-түрлі оқу орындарының хабарландырулары жарияланатын.Газеттердің бірінен «филология факультетін» көзі шалған мектеп түлегі сөздік ақтарып,өзіне бейтаныс «филология» деген сөздің қазақша қандай ұғым білдіретінін көрген соң,осы факультетке оқуға түсуге бел байлайды.Жолы болып,1953 жылы Қаз МУ-дың филология факультетіне түсіп,арада бес жыл өткенде бітіріп шығады.Қияндағы ауылдан келген зейінді жас көзге түсіп,жазған курстық жумыстары мен жасаған баяндамалары зерттеушілік қабілетін,әдебиеттің табиғаты мен мұратын барлай білетін байыптылығын байқатады.Ғылыми кеңестің шешімімен аспирантураға қалдырылуы - Қадыр Мырза Әлидің сергек ойлы студент болғанының дәлелі Алайда студент кезінде-ақ өлеңдері республикалық басылымдарда жариялана бастаған жасты әдебиет айдыны қызықтырады

Жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғанға» қызметке орналасуы сол себептен.Міне, содан бері қырық жылдан аса уақыт бойы Қ.Мырза Әли әдеби процеске қызу араласып келеді.

«Жұлдыз» журналына қызметке тұрып,бөлім меңгерушісі,жауапты хатшы,бас редактордың орынбасары болса да,1968-1973 жылдар аралығында «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі,Қазақстан жазушылар одағына поэзия бөлімінің меңгерушісі «Балауса» баспасында бас редактор,директор,т.б. әр түрлі қызмет атқарғанда да,өзінің өмірлік ең сүйікті кәсібі - әдебиеттен көз жазған жоқ.Үнемі табанды еңбек,өзін-өзі шыңдау,қайрау,толысу мен кемелдену үстінде болдыҚазақ поэзиясы тарихында Қ.Мырза Әли секілді соншалықты өнімді,қисапсыз еңбек еткен ақын кемде-кем.Оның қаламынан туған дүниелердің, нақты айтсақ,төл және аударма әдебиет туындыларының жалпы көлемі жиырма бес том шамасында.

Кітаппен жұмыс: Кітаптан оқушылар өлеңдерін мәнерлеп оқиды

Поэмалары: «Қызыл кітап», «Заман-ай», «Ақыр заман» т.б.

Драматургиясы: «Жаралы жолбарыс», «Әмір Темір» драмасы, «Мың бір мұң» трагедиясы, «сақал саудасы» «Түрт,сайтаным түрт» комедиялары бар

Білімді бекіту: 1.Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар Қадыр Мырза Әли туралы не білесіңдер?

2.Қадыр Мырза Әли шығрмаларындағы қазақ бейнесі туралы ой толғап,өз пікірлеріңді жеткізіңдер

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қадыр Мырза Әлидің шығармаларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Cабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әли

«Қызыл кітап» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

а) Қадыр Мырза Әли шығармаларын талдай отырып білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы білімдерін тиянақтау;

ә) ізденгіштік қасиеттерін арттыра отырып дәлелді пікір айтуға үйрету;

б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық қасиеттерін қалыптстыру.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген Қадыр Мырза Әлидің өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар Қадыр Мырза Әли туралы не білесіңдер?

2.Қадыр Мырза Әлидің шығармаларындағы балаларға арналған қандай туындыларды білесіңдер?

б)Жаңа сабақты түсіндіру:

Қадыр Мырза Әли ірі туындыларды жазған ақын.Оның «Қызыл кітап» поэмасы жер бетіндегі адамзат істеп жатқан зұлымдыққа қарсылықтай.Бүгін аң-құс жер бетінен жойылып жатса,ертең адамзат та жер бетінен жойылады деген мағына бой көрсетеді.


Хронологиялық кестемен жұмыс:


1959жылы

1960жылы

1961жылы

1962жылы

1966жылы

1967жылы

«Көктем»

«Жаңғалақтар»

«Кішкене Қожанасырлар»

«Ноян Қоян»

«Дала дидары»

«Бұлбұл бағы».

Білімді бекіту: 1.Қадыр Мырза Әлидің «Қызыл кітап» атты поэмасындағы көтерілген экологиялық мәселе бүгінгі күні қандай дәрежеде деп ойлайсыңдар?


Бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: «Қызыл кітап» поэмасын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Тұманбай Молдағалиев


Сабақтың мақсаты: а) Ақынның өлеңінен мәлімет бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыру. ә) сауаттылыққа баулу,мәнерлеп оқуға машықтандыру. б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,жаманнан жиреніп,жақсыға еліктеуге ықпал жасау.


Сабақтың түрі: лекция түрінде

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:


Үйге берілген Қадыр Мырза Әлидің «Қызыл кітап» поэмасын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.


1.Қадыр Мырза Әлидің «Қызыл кітап» атты поэмасындағы көтерілген экологиялық мәселе бүгінгі күні қандай дәрежеде деп ойлайсыңдар?


б) Жаңа сабақты түсіндіру:


Ол 1935 жылы қазіргі Алматы облысының Еңбекші ауданында,Қазатком деген жерде дүниеге келген.1942жылы орта мектеп табалдырығын аттаған ақын 1951 жылы Есік қаласында бітіріп,Қазақтың мемлекеттік университетіне оқуға түседі.Ол ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері атанған.


Кітаппен жұмыс: Кітаптан ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқиды.


Дәптермен жұмыс:Дәптерлеріне бір шумақ өлеңін жазып құрылысына қарай талдайды.


Білімді бекіту: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Т.Молдағалиевтің өмірбаянын оқып келуге беремін.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов


Сабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, ерлікке, адамгершілікке баулу;

ә) Көркем прозаға деген қызығушылыққа,халықтың құсбегілік өнерін түсіне білуге тәрбиелеу;

б) Эстетикалық талғауларын кеңейту,табиғатты қорғауға баулып эклогиялық тәрбие негіздерін беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

М.Мағауиннің алғашқы шығармаларын сұраймын.

1.М.Мағауиннің алғашқы еңбегінің жарияланған кездегі қазақ елінің жағдайы туралы не айтасыңдар?

2. Қандай шығармаларын білесіңдер? т.б.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Алпысыншы жылдардың басында әдебиетке келген жаңа буын өкілдерінің кеуде тұсында Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,жазушы Қабдеш Жұмаділов тұр.Елуінші жылдардың ортасынан бастап Қытайдан Қазақстанға мемлекеттер арасындағы келісім бойынша көшіп келген,шекара бұзып қашып келген мың сан еңбек тобы,сан алуан кәсіп иелері,бауырластарымыздың арасында көптеген көзі ашық оқығандар,ақын-жазушылар,әнші-күйшілер,артистер,өнерпаздар,қызмет басында болған мансапты адамдар көп еді.Адам қаны судай боп аққан соғыстар,кісі сүйегі ақсөңке боп қалған ашаршылықтар,отаршылдық тепкісі,таптық қудалау кесапаттарынан шекара асып кеткен қандастардың үлкен толқыны қайта көтеріліп,Қазақстанның шығыс аймақтарына қоныстану арқылы көп жаңалық ала келді.Осы қандастарымыз арқылы халқымыздың жойыла бастаған тамаша ұлттық дәстүрлері,әдет-ғұрыптары,от басы-ошақ қасының рәсімдері,діни тағлымдар қайта оралып,жандана дами бастады.Теңіз тектес тіл байлығы қайта оралды.Осы ұлы қауымның бір баласы,тасты тесіп шыққан қарағай мінездес жазушы - Қабдеш Жұмаділов.

Қабдештің туған ауылы Семейдің Мақаншысынан алыс емес - Тарбағатайдың арғы беті,халықтың ырыс-берекесін,дәстүр-салтын сақтаған,мың жылдар бойы қалың қазақ мекен еткен құтты жер.Ата-бабалары Жұмаділ,Күдері,Смайылдар - ел ішінде беделді,сыйлы адамдар,мешіт салған діндарлар.

әңгімесі: «Қаздар қайтып барады»

романдары: «Соңғы көш», «Дарабоз»

повестері: «Көкейкесті», «Қарауыл», «Бір түп тораңғы»

Білімді бекіту: 1.Қ.Жұмаділовтың туып өскен ортасы туралы не білесіңдер?

2.Қ.Жұмаділов шығармасындағы Қабанбай бейнесі туралы ой толғап көріңдер.


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Қ.Жұмаділовтың өмірін,шығармаларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: М.Мағауиннің романдары

Сабақтың мақсаты: а) Көркем әдебиет туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып пікірін тыңдау,қорытынды жасау.;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген М.Мағауиннің өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.М.Мағауиннің алғашқы еңбегінің жарияланған кездегі қазақ елінің жағдайы туралы не айтасыңдар?

2. Қандай шығармаларын білесіңдер? т.б.


б) Жаңа сабақты түсіндіру:


Алғашқы шыққан сәтінде әр түрлі баға алып,қоршаған қауымның әр түрлі пікіріне ие болған Мұхтар Мағауиннің алғашқы романы «Көк мұнар» соны туынды екендігін бүгінгі күн биігінен байқаймыз.


әңгімелері: «Тікенші», «Кешқұрым», «Алтыбақаннан соң», «Менің балаларымның туған анасы», «Архив хикаясы».


Повестері: «Тазының өлімі», «Өмір жыры» т.б.


Романдары: «Көк мұнар», «Аласапыран».


Шығармашылық жұмыс: Қазақ әдебиетіндегі жыраулар поэзиясын зерттеген ғалым М.Мағауин туралы өз ойларыңды жеткізуге тырысыңдар.


Білімді бекіту: Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: М.Мағауиннің «Аласапыран» романын оқып келуге беремін.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Д.Исабеков

Сабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке адамгершілікке баулу;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:


Үйге берілген О.Бөкеевтің шығармаларын өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.О.Бөкеевтің туындыларындағы экология мәселесі туралы не айтасыңдар?

2. Қандай шығармаларын білесіңдер? т.б.


б) Жаңа сабақты түсіндіру:


Д.Исабеков Шымкент облысының Сайрам ауданында дүниеге келген.Қазақ мемлекеттік униерситетінің филология факультетін бітірген.


әңгімелері: «Конфронтация», «Бонопарттың үйленуі», «Социализмнің зәулімі» т.б.


драматургиясы: «Ректордың қабылдануында», «Анасын аңсаған қыз», «Әпке», «Ертеңді күту», «Ескі үйдегі екі кездесу».


Повестері: «Гауһар тас», «Сүйекші», «Кеш туған жұлдыз», «Тіршілік», «Дермене»


Романдары: «Қырғын» т.б.

Білімді бекіту: Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Д.Исабековтың шығармаларын оқып келу.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Д.Исабековтың шығармалары

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып,логикалық ойын дамыту.Оқу материалына сын көзімен қарап жолдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне,ұлттық дәстүрді қастерлеуге үйрету;

ә) сымбатты шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:


Үйге берілген Д.Исабековтың өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Д.Исабековтың шығармаларындағы ауыл адамдарын суреттеудегі жазушы поэзиясын талдаңдар. т.б.


б) Жаңа сабақты түсіндіру:


Д.Исабековтың алғашқы әңгімесі «Шойын құрақ» деп аталады. «Қырғын» романы 1980 жылы жарық көрді.Шығарма басталуы қызық жағдайда өтеді.Поезд ішінде негізгі кейіпкер жас қыз Бағила,жазушы Жасын Мадиевке жолығады.Бар оқиғалар осы Бағиланың жанында өтеді.


Кітаппен жұмыс: Кітаптан шығармаларын оқып,ондағы кейіпкерлерге мінездеме береді.


Білімлі бекіту: 1.Дулат Исабековтың «Қырғын» романындағы Жасын бейнесінің ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?

2.Д.Исабековтың «Әпке» пьесасындағы Қамажай бейнесіне ой толғаңдар.


Білімді бағалау: Оқушыларға ынтасына, сабаққа қатысып,нақты жауап бергендері бағаланады.


Үйге тапсырма: Д.Исабековтың шығармаларын оқып келуге беремін.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: С.Сейфулиннің

«Тар жол,тайғақ кешу» романы

Сабақтың мақсаты: а) роман туралы ойларын тереңдету,жазушыны тану;

ә) ізденгіштік қасиетін арттыра отырып,дәлелді пікір айтуға үйрету, шығармашылықпен жұмыс істей білуге,өзінше тұжырымды ой айта білуге үйрету.

б) жазушының шығармаларына деген қыығушылығы мен сүйіспеншілігін ояту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздену т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:


1. С.Сейфуллин жайында қандай деректер білесіңдер?

2.Қандай поэмаларын білесіңдер?

3.»Аққудың айырылысуы» поэмасын кімнің шығармасымен салыстыра аласыңдар?


б) Жаңа сабақты түсіндіру:


С.Сейфуллиннің «Тар жол,тайғақ кешу» мемуарлық романы 1922-1927 жылдарда жазылып,1936 жылы қайта өңдеуден өткен.Шығарма 1916-1919 жылдардағы тарихи оқиғаларды суреттеген.Романда осы кездегі оқиғалар тарихи дәлдікпен беріліп,көркем суретпен бейнеленеді. «Тар жол,тайғақ кешудің» жанрлық жағынан ерекшелігі де - тарихтағы өткен оқиғалардың нақты көрсетілуі әрі оның көркем шығарма түрінде жазылуында.Басты кейіпкер - Сәкеннің өзі.

Роман Омбы семинариасын бітірген Сәкен Сейфуллиннің Бұғылы еліне мұғалім болуынан,Ресейде өткен сынақ жұмысына араласуынан басталып,Әулиеатаға келіп,Шуда кеңес үкіметін құру сияқты саяси оиғалармен аяқталады.Осы аралықта 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс,төңкеріс кезеңі,ақ пен қызыл соғысы,түрлі партиялардың қызметтері,кеңес үкіметінің Ақмолада орнауы,Чехтар көтерілісі,Ақмоладағы кеңес үкіметінің құлап,өкімет мүшелерінің қолға түсуі,түрмедегі көрген азаптары т.б. суреттеледі.Шығарманың басынан соңына дейінгі оқиғалар,көркемсуреттер Сәкеннің өз көзімен көрген,өз көңілімен түйген дүниелер болғандықтан да,тарихи шындық қаз қалпында баяндалады.

Жазушы тек тарихи оқиғаларды баяндап қоямай,сол кездегі әлеуметтік,саяси жайттарға тоқталып,тұрмыстық,этнографиялық ерекшеліктерді де көрсетеді.қазақ аулының қалпы,әсіресе алғашқы тарауларда берілген.


Шығармашылық жұмыс:

поэзия проза драматургия



Сәкен Сейфуллиннің шығармалары қай жанрда жазылған?


повест новелла роман


Білімді бекіту: С.Сейфуллиннің төңкеріс кезіндегі рөлі туралы не айтасыңдар?


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: «Тар жол,тайғақ кешу» романын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров

Сабақтың мақсаты: а) ақынның өмірінен мәлімет бере отырып,оқушыларды ерлікке баулу.

ә) адам баласында кезесетін жаман мінез-қылықтардан аулақ болуға,оларды сынай білуге үйрету

б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: лекция түрінде

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:


Үйге берілген Бейімбет Майлиннің шығармаларын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Б.Майлиннің «Мырқымбайы» несімен ерекшеленеді?

2.Б.Майлиннің шығармаларындағы тіл,стиль,көркемдік ерекшеліктері жайлы қандай ой түюге болады?


б) Жаңа сабақты түсіндіру:


І.Жансүгіров 1894 жылы Талдықорғанның Ақсу ауданында(қазіргі Алматы облысы,Ақсу ауданы)туған.Анасынан ерте қалған Ілиясқа ескіше хат танитын,көзі ашық,көкірегі ояу әкесі Жансүгір ескі әңгіме,аңыз-ертегі,жырларды жасынан құлағына құйып өсірді. Біраз уақыт Қарағаш деп аталатын жерде Мамановтардың ашқан жаңа үлгідегі мектепте оқиды.1920 жылы Алматыдағы үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді.Ташкенттегі Қазақ ағарту институтына түсіп,денсаулығының нашарлауына байланысты аяқтай алмайды,алғашқы өлеңдері «Тілші», «Кедей еркі», «Лениншіл жас» газеттерінде, «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» журналдарында жарияланады.

1928 жылы «Сағанақ» деген атпен тұңғыш кітабы шығады.1927-1937 жылдары жазылған поэзия,проза,драматургия,сын,аударма салаларында мол әдеби мұралар - қазақ әдебиетінің классикалық шығармалары.І.Жансүгіров Москвадағы Коммунистік журналистика институтында оқиды. «Еңбекші қазақ» газетінде,1934-1935 жылдары Қазақстан көркем әдебиет баспасында қызмет етеді.І.Жансүгіров 1938 жылы репрессия құрбаны болды.


Өлеңдері: «Көңілдің жүгірісі», «Өзіме», «Сәлемдеме», «Замандасқа», «Талғамалар», «Жаңылғаным» т.б.

Поэмалары: «Күй»(1929), «Дала»(1930), «Күйші»(1934), «Құлагер»(1936).


Драматургиясы: «Кек», «Түркісіб»


Кітаппен жұмыс. Ілиястың өлеңдерін мәнерлеп оқиды және құрылысына қарай талдайды.


Білімді бекіту: І.Жансүгіровтың алғашқы өлеңдері қандай тақырыптарды көтерді? т.б.


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: «І.Жансүгіровтың поэмалары» деген тақырыпта реферат жазып келу.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев

(1846-1945)

Сабақтың мақсаты: а) ақын туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:


Үйге берілген І.Жансүгіровтің өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.І.Жансүгіровтің алғашқы өлеңдері қандай тақырыптарды көтерді?

2.І.Жансүгіровтің туып-өскен ортасы,қанат қаққан жері жайлы айтыңдар.


б) Жаңа сабақты түсіндіру:


Жамбыл Жабаев Шу өзенінің бойында дүниеге келген.Ауыл молдасының діни оқуында сауат ашқан Жамбыл,молданың ұрып-соғуына көнбей,оқуды тастап кетеді.Жастайынан ән мен өлеңге құмар ақын естіген өлеңдерін жаттап,өзі де жанынан өлең шығарды.М.Әуезов «Жетісу ақындарының алтын қазығы» деп бағалаған Сүйінбай Аронұлы Жамбылдың өлеңдерін,ұнатып,батасын береді.

Жамбыл Сарбас,Досмағамбет,Құлмамбет сияқты өз өңіріне танымал ақындармен айтысады. Ақынның 1916 жылғы маусым жарлығынан кейінгі халық көтерілісін суреттейтін «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» сияқты өлеңдері бар.Кеңес дәуірінде Жамбыл жаңа тұрмысты жырлап,халыққа бақытты,шаттықты тұрмыс келді деп жазады.

1936 жылы Қазақстанның Москвада өткен әдебиет пен өнерінің онкүндігіне қатысады.1937 жылы грузин ақыны Шота Руставелидің 750 жылдық тойына қатысады.Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланған.

«Ленин» және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталады.Бұның бәрі ақынға жаңа шабыт,тың күш қосады

Жамбыл Жабаев 1945 жылы 100-ге қараған шағында қайтыс болды.

Жамбыл Жабаев - халық поэзиясының ірі өкілі,жазба әдебиетте өз қолтаңбасын қалдырған, көпшіліктің мұрат мүддесін,арманын шырқаған ақын.


Кітаппен жұмыс: кітаптан Жамбылдың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.


Шығармашылық жұмыс: Жамбылдың қандай қыз ақындармен айтысқанын жазады.

(Айкүміспен,Бөлектің қызымен)


Білімді бекіту: 1. Ж.Жабаев пен Жетісу ақындары туралы не айтасыңдар?

2.Бүгінгі күн көзқарасымен қарағандағы Жамбылға берілетін баға қандай?


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Ж.Жабаевтың өмірбаянын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың айтыстары

(1846-1945)

Сабақтың мақсаты: а) ақын туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:


Үйге берілген Ж.Жабаевтің өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. .

1. Ж.Жабаев пен Жетісу ақындары туралы не айтасыңдар?

2.Бүгінгі күн көзқарасымен қарағандағы Жамбылға берілетін баға қандай?


б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ақын атағын шығарған,елге танытқан - айтыстары.Жамбыл айтыстарының ерекшелігі қашанда бір бағытты ұстап,сол жолда бар өнерін жарқырата көрсететіндігі.Айтыстағы Жамбыл тақырыбы - әлеуметтік теңсіздік,ел ішіндегі қиянат.Халық басындағы мұң-мұқтажды,арман-тілекті айтып,қашанда ел атынан жырлаған ақын жеңіске жетіп отырған.

Жамбыл айтыстарының ішіндегі ең көрнектісі,ең кең жайылғаны - 1881 жылы Құлмамбетпен айтысы.Құлмамбет Албан,Дулаттың бай,билерін мақтап,өз руын көтеріп,барын әспеттейді. Жамбылдың жеңісі - адамдық байлық мал,дәулет емес,батырлық,татулық, ынтымақ, әділдік сияқты қасиеттер екнін жеткізе айтқанында.Жамбл рулық мақсат,мүддеден халық,жалпы адамшылық тілекті жоғары қояды.

Адамдықты айт,ерлікті айт,батырлықты айт,

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,

Оны мақтап әуре болмай үйіңе қайт.

Досмағамбетпен айтысы 1902 жылы өткен.Бұнда Жамбыл:

Екі жүзді болмасаң,

Байды неге мақтайсың?

Қайыры көпке тимеген,

Әкімдікпен билеген,

Жарлыжалшы сүймеген

Ханды неге мақтайсың?

Халыққа тиген пайдаң жоқ,

Қайтіп тұзыңды ақтайсың? - дейді ,ел тілегі,ой,арманымен қабысыпортақ арна табады.

Жамбылдың Айкүміспен,Жамбылдың Бөлектің қызымен (1880жылы) айтыстарында жастық,мөлдір сезім,сыйластық,жарасым бар.

Жамбыл Жабаев - халық поэзиясының ірі өкілі,жазба әдебиетте өз қолтаңбасын қалдырған,көпшіліктің мұрат мүддесін,арманын шырқаған ақын.


Кітаппен жұмыс: кітаптан Жамбылдың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ж.Жабаевтың айтыстарын оқып келу.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов

(1900-1973)

Сабақтың мақсаты: а) жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,ерлікке,адамгершілікке баулу;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып,оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,бүктемелер

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:


Үйге берілген Ж.Жабаевтың өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Жыр алыбы Жамбыл туралы қандай мәліметтер білесіңдер?

2.Жамбыл кімдермен айтысқан?

3.Қандай патриоттық өлеңдерін білесіңдер?


б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ақын,жазушы,драматург қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі Сәбит Мұқанов Солтүстік Қазақстан облысында 1900 жылы туған.Ауыл молдасынан ескіше оқыған.Бала кезінен қисса-дастан,жыр,аңыздарды жатқа айтып өскен.С.Мұқанов қазақ әдебиетінің озық үлгілерін оқып танысады.Кейінен Омбыдағы мұғалімдік оқуға түседі.1922 жылы Орынборда жұмысшы факультетінде оқиды.Ленинград университетінде,қызыл профессура институнда білім алады. «Еңбекші қазақ» («Егемен Қазақстан») газетінде қызмет етеді.жазушылар одағының төрағасы қызметін атқарады.

С.Мұқанов - әдебиеттің түрлі жанрларында асыл мұралар қалдырған қаламгер.Оның әңгімелері, романдары,өлеңдері мен поэмалары,драмалық шығармаларымен бірге очерктері,ғылыми еңбектері,әдебиеттегі тұлғалар,әдебиет жанрлары жайындағы еңбектері де қазақ елі үшін құнды дүниелер.

Поэзиясы: «Бостандық», «Кедей баласы», «Батырақ», «Октябрь өткелдері» «Шоқпыттың шаруасы», «Сүт заводы», «Қазақстан», «Жолы жоқтар біздің жолға қосылған», «Егістік», «Балқаш», «Конвейер», «Майға сәлем», «Пионер», «Жетім қыз үйінде», «Сұлушаш».

Прозасы: «Теміртас», «Есіл», «Өмір мектебі», «Менің мектептерім», «Адасқандар» («Мөлдір махаббат») «Сырдария», «Ботагөз»

Пьесасы: «Аққан жұлдыз» («Шоқан Уалиханов»)пьесасы.

Дәптермен жұмыс: С.Мұқановтың поэзиясын,прозасын,драматургиясын жазады.

Кітаппен жұмыс: кітаптан С.Мұқановтың шығармаларын оқиды


Білімді бекіту: 1. С.Мұқановтың өскен ортасы жайлы не білесіңдер?

2.С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасы несімен ерекшеленеді?

3.С.Мұқановтың сүбелі шығармасы «Адасқандардың» дүниеге келуіне не себеп болды?


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: С.Мұқановтың өмірбаянын және шығармаларын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқановтың поэзиясы

(1900-1973)


Сабақтың мақсаты: а) жазушының поэзиясынан мәлімет бере отырып,ерлікке,адамгершілікке баулу;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып,оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға үйрету.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих,ән-күй

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:


Үйге берілген С.Мұқановтың өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.С.Мұқановтың өскен ортасы жайлы не білесіңдер?

2.С.Мұқановтың «Сұлушаш»поэмасы несімен ерекшеленеді?


б) Жаңа сабақты түсіндіру:


Кеңес өкіметі орнаған шақтағы ақын поэзиясында («Бостандық», «Кедей баласы», «Батырақ», «Октябрь өткелдері» т.б.) жаңа тұрмыс,бақытқа жеткізетін қоғам орнады деген шаттық пен сенім болды. «Шоқпыттың шаруасы», «Сүт заводы», «Қазақстан», «Жолы жоқтар біздің жолға қосылған», «Егістік», «Балқаш», «Конвейер» шығармаларында төңкерістен кейінгі қазақ ауылы,қазақ шаруасының күйі,тұрмысы,өзгерісі жырланды.Шоқпыттай жиынтық кейіпкері арқылы қазақ шаруасының ұжымдастыру кезіндегі бейнесін жасады.

С.Мұқанов - поэзиясы қазақ әдебиетіне жаңа түр,сонымен бірге жаңа мазмұн әкелген ақын. «Майға сәлем!» өлеңінде ақын 1 мамырды табиғат жаңаруы деп қана емес,бүкіл еңбекші халықты бостандыққа, теңдікке шақыратын,шығаратын күн ретінде алады.Майды «Жолдас майым!» деуінен майды жұмыскер,жаңа заман бейнесінде алғанын көреміз.Өлеңінің құрылысы екпінмен айтуды,салтанатты түрде оқуды негізге алғандай. .

Кітаппен жұмыс: кітаптан С.Мұқановтың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.


Шығармашылық жұмыс: «Сұлушаш» поэмасындағы басты кейіпкерлерге мінездеме береді


Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.


Білімді бағалау: Оқушылардың жауабына,сабаққа қатысып отырғандығ бағаланады.


Үйге тапсырма: С.Мұқановтың поэзиясын оқып келеді..


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық қайталау


Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиетін қалыптастыру ;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру.


Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздендіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих,ән-күй

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген С.Мұқановтың шығармаларын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.С.Мұқановтың өскен ортасы жайлы не білесіңдер?

2.С.Мұқановтың «Сұлушаш»поэмасы несімен ерекшеленеді?

3.С.Мұқановтың сүбелі шығармасы «Адасқандардың» дүниеге келуіне не себеп болды?


б) Жаңа сабақты түсіндіру:

ХХ басы көптеген қайшылықтарға толы екені белгілі.Бұл кезең ұлт құндылығы қайта сараланып,басқа жоқ,соны тарапқа түскен кез.Егер бұған дейін Абай дәуірі Ахмет,Міржақып,Мағжандарға ұласса,кеңес дәуірінде аталған жандар байшыл,ұлтшыл деген айдармен тарих қоқсығына лақтырып тасталынды.Кеңес үкіметіне,қаналушы тапқа деген сенімі мол Сәкен,Сәбит бастаған топ жеңіске жетті де,ел ғұмыры мүлде басқа арнамен аға бастады.


Семантикалық картамен жұмыс: оқушыларға семантикалық картаны үлестіріп беремін.Ондағы елеулі жылдарды белгілеп береді.


Білімді бекіту: 1. «Кеңестік әдебиет» атты түсінікке не айта аласыңдар?

2.Қазақ даласында өткен «төңкеріске» өз көзқарастарыңды білдіріңдер?


Білімді бағалау: оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: қайталау.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов

(1897-1961)

Сабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) Сымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу ;

б) Оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздендіру,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге кез-келген ақын-жазушылардың шығармаларын оқып келуге берілген.Сол тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. «Кеңестік әдебиет» атты түсінікке не айта аласыңдар?

2.Қазақ даласында өткен төңкеріске өз көзқарастарыңды білдіріңдер?

3.Қазіргі қазақ әдебиетіне өткен ғасырдағыдай қауіп бар ма?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Мұхтар Әуезов Семейдің Абайында,қазіргі шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы) Абай ауданының Қасқабұлақ-Бөрілі аулында 1897 жылы туған.Атасы Әуез,әкесі Омархан елге қадірлі,сауатты,әдебиет пен өнерге құмар жандар болған.Абай аулымен сыйлас,аралас-құралас,туыс болған жандар.Атасы Әуез кішкене кезінен немересіне Абай өлеңдерін жаттатып отырған.Немере ағасы Қасымбекпен бірге Семейдегі,орыс гимназиясында,оны бітірген соң осындағы мұғалімдер семинариясында төрт жыл оқиды.1922 жылы Ташкент Мемлекеттік университетіне түсіп,1923 жылы Петербург университетіне ауысып,1928 жылы бітіреді.

Орта Азия мемлекеттік университеті Шығыс факультетінің аспирантурасынан білім алады.Тұңғыш жарық көрген еңбегі (1917) «Адамдық негізі - әйел» деп аталады.Көсемсөзде әйелдің тең құқығы,бостандығына назар салып,қызмет бір ғана әйел үшін емес,қоғам үшін екенін айтады.Қазіргі нақыл сөзге айналған: «Ал,қазақ,мешел болып қалам демесең,тағылымыңды,бесігіңді түзе! Оны түзейін десең,әйелдің халін түзе!», - деген ойды айтқанда М.Әуезов не бары 20 жаста ғана болатын.Жиырмасыншы жылдары «Қорғансыздың күні», «Қараш-қараш оқиғасы», «Оқыған азамат», «Үйлену», «Қаралы сұлу», «Қыр әңгімелері», «Жуандық» т.б. шығармаларын жазды.30-40 жылдары «Іздер», «Білекке білек», «Қасеннің құбылыстары», «Бүркітші», «Асыл нәсілдер», «Шатқалаң» т.б. сияқты бірнеше әңгімелер дүниеге келді.М.Әуезовтың,қазақ әдебиетінің,ұлы шығармасы «Абай жолы» алғаш «Абай» деген атпен 1942 жылы бірінші,1947 жылы екінші кітабы жарық көрді.

Хронологиялық таблицамен жұмыс:

1897 жылы дүниеге келген

1922 жылы Ташкенттегі университетке түседі

1923 жылы Петербургке ауысады

1928 жылы бітіреді

1942 жылы «Абай жолы» жарыққа шығады.

Білімді бекіту: 1. М.Әуезовтың тұңғыш мақаласы қандай мәселені көтерді?

2.М.Әуезовтің 20-жылдарда жазылған әңгімелер топтамасы қандай идеяны,тақырыпты қозғайды?

Білімді бағалау: оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: М.Әуезовтың өмірін және шығармаларын оқып келуге беремін.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы:Мұхтар Әуезовтің әңгімелері,повестері

(1897-1961)

Сабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,оқушыларды ерлікке,адамгершілікке баулу;

ә) адам баласында кездесетін жаман мінез-құлықтардан аулақ болуға,оларды сынай білуге үйрету ;

б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1.М.Әуезов қай оқу орнында оқыған?

2.М.Әуезовтың тұңғыш мақаласы не жөніндегі мәелені көтерген?

3.Қандай шығармаларын білесіңдер?

4. «Көксерек» повесін жазуға не себеп болды?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жазушының алғашқы прозалық шығармасы - 1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні» әңгімесі.Асыраушысы,сақтаушысы,қорғаншысынан айырылған жас Ғазиза,оның кәрі әжесі мен соқыр шешесінің тағдырлары.Әңгіме Ақан болыстың жас бала Ғазизаға жасаған зорлығы,қиянат атулының шегі жоқ дегенге сендіреді,жан түршіктіреді.Жазушы табиғат суретін,Күшікбай жайындағы әңгімені тарата отырып,психологизм,символдық бейнені шебер жымдастырады. Кейіпкерлерді суреттеуінде де олардың ішкі жан дүниесімен үйлесімділік табады.

Жазушының алғашқы шығармаларының бірі «Оқыған азамат», «Кінәмшіл бойжеткен» т.б. әңгімелері әлеуметтік теңсіздік,қоамдық әділетсіздік қана емес,адамдардың қым-қиғаш,қиын өмірі бір-біріне өздері жасайтын озбырлық пен қиянаттан дегенді айтады.

М.Әуезов әңгімелері терең психологизмнің,нәзік лиризмнің,сондай-ақ қазақтың шешендік тілінің үлгісі десе де болады.

Жазушының «Шатқалаңда», «Бүркітші» т.б. әңгімелері - саясат ықпалымен колхоз құрылысын,социалистік қоғамды көрсетуге арналған шығармалар.

«Кім кінәлі?», «Сөну-жану», «Қыр суреттері», «Жетім» әлеуметтік тақырыптарды қозғайды.Жазушының «Қыр суреттері», «Барымта» шығармалары құлашты суреткерлігін,баяндау тәсілінің кеңдігін,кейіпкер сомдау шеберлігін көрсетті.

Жазушының табиғат,табиғаттағы тіршілік иелерінің өмір үшін күресі,айқасы «Көксерек» повесіндегі қасқыр бейнесімен берілген.Адам мен жыртқыш аң арасындағы айқас,суретіне басқа көзбен баға беруге мәжбүр етеді.Құрмаштың бөлтірік кезінде қолға түскен асыранды Көксерегінің әрекеттері айтылады.Қанша қолдан тамақ беріп,түнде қойнына алып жатқанымен де,тағының бәрібір жыртқыштығын қоймайтыны,оның әр қимылынан,әр айла,әрекетімен көрінетіні көркем жазылған.

әңгімелері: «Көксерек», «Оқыған азамат», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу»,. «Ескілік көлеңкесінде», «Шатқалаңда», «Бүркітші», «Білекке-білек», «Іздер», «Жетім», «Барымта»т.б.

повестері: «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман».

Шығармашылық тапсырма: М.Әуезовтың шығармаларындағы кейіпкерлерге мінездеме береді. «Қилы заман» повесін шығарманың құрылысына қарай талдайды

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: М.Әуезовтың шығармаларын оқып келуге беремін.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы

Сабақтың мақсаты: а) Абай жолы эпопеясы туралы түсініктерін кеңейту.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабатылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1.М.Әуезов қай оқу орнында оқыған?

2.М.Әуезовтың тұңғыш мақаласы не жөніндегі мәелені көтерген?

3.Қандай шығармаларын білесіңдер?

4. «Көксерек» повесін жазуға не себеп болды?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

М.Әуезов шығармашылығының үлкен арнасы - ұлы Абай жайындағы еңбектері.

Бала кезінен данышпан ақынның өлеңдерін жаттап,ұлылығын құлағына сіңіріп өскен М.Әуезов бұл тақырыпқа әңгіме де(«Татьянаның қырдағы әні»), «Абай(Ибарагим)Құнанбайұлы» атты зерттеу,либретто,пьеса,сценарий, «Абай» романын жазды.Жазушының 30-40 жылдары ұлы ақынның туған еліне,Семей,Абай ауданына қайтадан арнайы барып,Абай өмір сүрген дәуір мен өмір туралы замандастары мен көз көргендерінен естіген,ойда жүрген деректерді қағазға түсірген ерліктері де бар.Бұл тұрғыда жазушының өзі шығармаға материал жинау мен қордаланған деректерді қорыту,көркем әлемге енгізу туралы былай дейді: «Жалпы бұл кезеңдегі романға байланысты жұмыс сипатымды мен әлдеқашан көшіп кеткен керуеннің жұртына келіп,сөнуге айналған ошақ орнынан қызуы бар соңғы шоқты тауып алып, оны демімен үрлеп қоздатып,жалынды алауға айналдырмақ болған кешеуіл жолаушының әрекетімен салыстырар едім

Көне көз қариялардың күңгірт тартқан зердесі мені Абайдың жас дәуіріне жетелеп,жол көрсетіп отырды,алпысты алқымдаған Әйгерімнің жүзінен мен оның ақын жүрегін жаулаған балғын заманындағы сұлу ажарын елестетуге тырыстым. (М.Әуезов. «Абай Құнанбаев»).

Жазушы Абай заманын бейнелеуде нақты тарихи деректерді ала отырып,соның негізінде ақынның өз өмірінің басты мәліметтерін қажетке жаратып,кейіпкер мен орта қатынасын неғұрлым шынайы көрестуді мақсат тұтты.Ұлы ақын өмірі мен эпопеядағы кейіпкерден аса сом тұлғалы көркем бейне жасалған.

«Абай жолында» Абайдың бүкіл өмір жолы,саналы шығармашылық,жеке бас тіршілігі молынан қамтылған.Абайдың балалық шағынан алынған эпизодтар жазушы қиялы болғанымен де,бұл болашақ азамат,ақын,ел ағасы,ұлт қадірі Абайдың мінезін ашып,қалыптасу кезеңдерін суретеу үшін алынған.

Алғашқы роман «Абай» деген атпен 1943 жылы жарықа шыққанда Ғ.Мүсірепов: «Абайдай» шығарма бұл күнге дейінгі бүгінгі қазақ әдебиетінде болған емес.»Абай» пьесасы жазушы М:Әуезовтың «Абай жолы» романына барар жолдардың бірі десе де болады.

Шешен тілді,көркем суретті,оқшау оқиғаны шебер қиыстыратын классик жазушы М.Әуезов әлем әдебиетіне қосылар ірі тұлға екенін оның туындылары дәлелдейді.

Кітаппен жұмыс: романдағы кейіпкерлерге мінездеме береді

Хронологиялық таблицамен жұмыс: таблицадағы елеулі жылдарды белгілейді

Білімді бекіту: «Абай жолының» бірінші баспасы қай жылы жарық көрді?

2.Романдағы Қамқа мен Қодардың іс-әрекеті тарихи шындық па?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Абай жолын» оқып келуге беремін

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтың драматургиясы

Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін артыру;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабатылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге М.Әуезовтың «Абай жолы» романы берілген.Романның мазмұнын сұраймын..

1.Эпопеяның алғашқы нұсқасы қай жылы жарық көрді?

2.Роман-эпопея дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

М.Әуезов - қазақ әдебиетіндегі алғашқы драмалық шығарманың авторы.Драматург ретінде М.Әуезов пьесалары басқа да көркем туындылары сияқты шұрайлы шешен тілімен,бай мазмұнымен,кейіпкерлердің алуан тағдырлы,қым-қиғашты тірлік сезімдерімен ерекшеленеді.

«Еңлік-Кебек» - 1917 жылы мамыр айында,жайлауда Абайдың жары Әйгерім үйінде алғаш қойылған,қазақ елі тарихындағы бірінші пьеса.Пьеса Шыңғыстау жерінде болған оқиғаға негізделіп құрылған.Бұл жөнінде ақын, Абайдың немере інісі,Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек»(«Жолсыз жаза,яғни кез болған іс») деген поэмасы да бар.Еңлік пен Кебек жөніндегі аңыз Шыңғыстау, Семей,Тарбағатай өңірлеріне кең тараған.Халық жыр қылып айтып,махаббат дастаны етіп сақтаған қадірлі аңыздың куәсі Еңлік-Кебек моласы қазірге дейін сақталған (Абай ауданында)

Жер дауы,жесір дауы - қазақты ежелден бір-біріне жау,дұшпан еткен бітіспес күрестері.Еңлік пен Кебек те - жауласқан екі ру - Матай мен Тобықты елінің жалған намыстарының құрбандары.

М.Әуезовтың шоқтығы биік,қымбат шығармаларының қатарында - «Қарагөз» пьесасы бар.Алғаш рет 1926 жылы Семейде басылған.Кейінен 1960 жылы Алматыда «Қараш-Қараш» деп аталатын жинаққа кіргізілген.Пьесаның тақырыбы - махаббат,сүйіспеншілік.Көркем бейнелердің шебер жасалғандығымен,лирикалық тебіренісінің күштілігімен де пьеса нағыз суреткер қолтаңбасын танытады.

М.Әуезовтың «Бәйбіше-тоқал» пьесасы 1918 жылы жазылып,1923 жылы басылған.

Пьесаның оқиғасы Есендік байдың бәйбішесінің балалары мен тоқалы Қайшаның жауласуы,мал үшін,байлық үшін таласуын баяндайды.Күндестің баласы деп бәйбішеден туған Дәмешті сүймеген басы таз,теңі де емес Аманбай деген бауырына алдап,арбап,қорқытып қосқысы келген тоқалдың ойы жүзеге аспай қалады.

Драматургия саласындағы «Октябрь үшін» деп аталатын шығармасы Жетісудағы социалистік революцияның тарихынан хабар береді.1933 жылы «Қазақстан» баспасынан жарық көрген,пьеса еш жерде қойылмаған.Саясат ықпалымен жазылған.

1916 жылдың оқиғасын суреттейтін қаламгер туындыларының бірі - «Түнгі сарын» пьесасы.

«Айман-Шолпан»(1934 жылы және1956 жылы өзгеріп қайта басылған) - осы аттас лиро-эпостық жырдың оқиғасын сақтап жазылған.М.Әуезовтың «Тас-түлек», «Шекарада». «Алма бағында» деп аталатын пьесалары - жаңа социалистік қоғамның қажетін өтеу мақсатында,заман ағымымен жарық көрген шығармалар.Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, «Сын сағатта», «Намыс гвардиясы»(Ә.Әбішевпен бірге жазылған), «Қынаптан қылыш»(Ғ.Мүсіреповпен бірге) пьесалары елді қорғау,Отанды,жерді сүю идеяларын көтеріп,халықтың рухын көтерді

Пьесалары: «Еңлік-Кебек», «Қарагөз», «Тас түлек», «Шекарада», «Алма бағында» т.б.

Кітаппен жұмыс: М.Әуезовтың пьесаларын рөлге бөліп оқиды Білімді бекіту: 1.М.Әуезовтың тұңғыш мақаласы не жөніндегі мәселені көтерді? 2.М.Әуезовтың 20-жылдарда жазылған әңгімелер топтамасы қандай идеяны,тақырыпты қозғайды? Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:М.Әуезовтың драматургиясын оқып келуге беремін


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов

Сабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабатылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1.М.Әуезовтың тұңғыш мақаласы не жөніндегі мәселені көтерді? 2.М.Әуезовтың 20-жылдарда жазылған әңгімелер топтамасы қандай идеяны,тақырыпты қозғайды

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ғабит Мүсірепов 1902 жылы,қазіргі Солтүстік қазақстан облысы,Жамбыл ауданында туған.Ауыл молдасынан хат танып,1917 жылы Қостанай уезінің Обаған болысында 2 класты орыс мектебіне түседі,белгілі ақын,талай жақсы жайсаңдарды оқытқан Бекет Өтетілеуовтен оқиды. Пресногорьковтегі жоғары бастауыш училищені бітіріп,жеті жылдық білім алады.

1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетін бітірген соң,бір жыл Омбы қаласындағы ауыл шаруашылық академиясында оқыған.1928-1938 жылдары түрлі жауапты орындарда,баспасөзде қызмет атқарады.1938-1955 жылдарда таза әдеби жұмыспен айналысады.1956-1966 жылдары «Ара-Шмель» журналының бас редакторы,Қазақстан жазушылар одағының бірінші хатшысы болған.


Хронологиялық таблицамен жұмыс: таблицадағы елеулі жылдарды белгілейді


Әңгімелері: «Қос шалқар»1928, «талпақ танау»(1933), «Шұғыла» (1933), т.б.


Повестері: «Тулаған толқында», «Көк үйдегі көршілер», «Өмір ертегісі», «Алғашқы адымдар»,

«Тұтқын қыз», «Жайлау жолында», «Туннель»


Романдары: «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Жат қолында», «Ұлпан»


Пьесалары: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақан сері-Ақтоқты», «Қыз жібек», «Амангелді».


Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Үйге Ғ.Мүсіреповтың өмірбаянын оқып келуге беремін

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің әңгімелері

Сабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, топтастыру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:


а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Ғабит Мүсіреповтың өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

1.Ғабит Мүсіреповтың қазақ әдебиетінде сіңірген еңбегі туралы айт.

2.Ғабит Мүсірепов әдебиеттегі сөз құдіретін түсінген қазақ сөзін қадірлеп өткен қаламгер екені белгілі,бұған өзің қандай мысал келтіресің?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ғ.Мүсіреповтің алғашқы әңгімесі - 1928 жылы жазылған «Қос Шалқар».туған өлкесіне ержеткенде оралған кейіпкердің өткенді бүгінгімен салыстыра еске алғаны айтылады.Бүгінгі қос Шалқар кешегі сәби көңілін құлазытқан жер емес екенін түсінгені айтылған.Жазушы әңгіме кейіпкерінің екі Қос Шалқардағы екі түрлі өмірді көргенін,екеуі екі түрлі сезім екенін суреттеген.

Жазушының «Талпақ танау» (1933) әңгімесі қазақ аулына шошқаның алғаш келуін суреттейді.Шошқаны «малдан гөрі итке ұқсайды», «бауыры толған қаз-қатар емшек» деген ауыл адамдарының сөзін келтіруден-ақ қазаққа жат малдың қадірлі санайтын қоймен(«қойға теңемеші кәпірді») қатар бағуды күштеп кіргізіп отырған саясатты астарлы жеткізеді.

Халыққа теңдік,жақсылық береміз деген социализм сұмдығы, «Шұғыла»(1933) әңгімесінде де ашылады. «Асыра сілтеу болмасын,аша тұяқ қалмасын» деген үкімет саясаты қазақтың күнкөрісі малынан тігерге тұяқ қалдырмай түгел алып қояды.Халық аштыққа,жаппай қырылуға ұшырайды.Осы жайды жазушы ашық жазбағанымен,аштықтың себебін,кінәлі басшылықты астармен бейнелейді.Елді тентіретіп,алдының аштықтан өлуіне себепкер болғандардың бірі - Дәулетбек піркәншік пен оның әйелінің топастығын,сұрқиялылығын суреттейді.Алғашқы жоғарыда аталған шығармаларында 20-30 жылдардағы халық өмірінің шынайы шындығын берген түбегейлі тартысты ойнақы әзілмен,жарасымды қалжыңмен,ұлттық нақышпен дәл суреттеуін шеберлік үлгісі деуге болады.

Жазушының аналар бейнесін ашқан әңгімелерінің өзі бір роман жүгін көтереді. «Ер ана», «Ақлима», «Ананың арашасы», «Ашынған ана» әңгімелерінде әйел-ананың өр,ер,тәкаппар,еңбекқор,рухы күшті бейнелері жасалды.Ана деген сөзбен адамгершілік асыл қасиеті ашады.Нағима,Наталья,Ақлима,Қанапия аналардың ерлігін жаза отырып,халық ерлігінің төркініне бойлатады.

Жазушы «Этнографиялық әңгімесінде» қазақ қоғамындағы өз ортасы қажетсіз дәтүрді ұстанған ауыл тағдырын жазады.Жаңаны қабылдағысы келмеген,ата салтты ұстанамыз деген төре ауылының аянышты тағдыры,болашағы күліп отырып жылатады.

Қазақтың белгілі жазушысы,әңгіме шебері Б.Майлин өмірінен жазылған «Біздің Биаға» туындысының да берері көп,тағлымы мол,көркем. Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Үйге Ғ.Мүсіреповтың әңгімелерін оқып келуге беремін


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің романдары

Сабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу,

ә) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойын дамыту,оқу материалына сын көзімен қарап,жлдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне ұлттық дәстүрді қастерлеуге үйрету;


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Ғабит Мүсіреповтың әңгімелерін сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

1.Ғабит Мүсіреповтың қандай шығармаларын білесіңдер?

2.Ғабит Мүсірепов «ана» тақырыбына байланысты қандай шығармалар жазды?


б) Жаңа сабақты түсіндіру:


Жазушының «Қазақ солдаты» романы(1950) Кеңестер Одағының Батыры Қайырғали Смағұловтың өмірінен алынғанБас кейіпкері - Қайрош Сарталиевтің балалық шағынан,ауылдан қалаға қашып келген оқиғадан басталып,азамат болып қалыптасуына дейінгі аралықты қамтиды.

«Оянған өлке» 1953 жылы жазылған.қазақ даласындағы капиталистік қатынастардың кіріге бастауы,өнеркәсіп,өндіріс орындарының бой көтеруі,жұмысшы табының қалыптасуы т.б. тарихи,саяси-әлеуметтік оқиғлар кеңінен суреттелген. «Жат қолында»(1984) романын «Оянған өлкенің» жалғасы деуге де болады.Жазушы ХІХ ғасырдың бас кезіндегі Орталық Қазақстандағы қоғамдық-әлеуметтік өмірді жазады.Романның бас кейіпкері - күрескер Кенжеғара Берікқарин. «Оянған өлкедегі» Игілік байдың ұлы,бірақ сол кезеңге лайықтала сомдалған жаңа бейне.

Ғ.Мүсіреповтың әйел-ана бейнесін жасаған бірнеше әңгімелері бар екенін жоғарыда айтып өттік Сол топты толтыратын туындысы - «Ұлпан» романы.Ұлпан - рухы күшті,мінезі кесек,жарқын тұлға.қазақ әйелінің асыл қасиеттерімен бірге ерге лайық мінезді бойына тұтқан Ұлпан ел-жұртының қамқоры,тағдыры қатпар-қатпарлы,мыңғырған мал,самсаған байлық иесі болғанымен ел ішінің қатал заңдары Ұлпанға қиындығы мен қасіретін де аз тартқызбайды.Соны жеңе білген,рухын түсірмеген,парасат,тазалығымен өмір кешкен Ұлпан өмірін үлгі етеді.


Романдары: «Оянған өлке», «Жат қолында», «Ұлпан»

Топпен жұмыс: романдағы басты кейіпкерлерге мінездеме беру

Семантикалық картамен жұмыс:

1902 жылы дүниеге келді

1917 жылы оқуға түседі

1923 жылы Омбы қаласында оқиды

1928-1938 жылдары жауапты орындарда қызмет атқарады.

1938-1955 жылдары әдеби жұмыспен айналысады.

1956-1966 жылдары «Ара-Шмель» журналының бас редакторы болып қызмет атқарады.


Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Үйге Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин

(1894-1938)

Сабақтың мақсаты:

а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) Сымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу ;

б) Оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Бейімбет (Бимағамбет) Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы,Таран ауданындағы Майлин кеңшарында туған.Бала кезінде әкесінен айырылған Бейімбет әжесінің қолында өседі.Әжесі ақынжанды,ескі жыр,дастан,өлеңдерді көп білетін,көкірегі ояу жан екен.Байдың қозысын бағып,жоқшылық дәмін ерте тартқан Бейімбет жасынан өнерге бейім болып өседі.Ауыл молдасынан сауат ашып,хат таныған Бейімбет ауылдағы Әбдірахман Сатыбалдин деген татар молдасынан оқиды.Көрші ауылға барып,медреседен білім алады.

1913-1914 жылдары Троицкіде «Уазифа» мектебінде,Уфадағы Ғалия медресесінде оқиды.Медреседе әдебиетке бейім жастардың «Садақ» журналы шығып тұрады.Б.Майлин осы журналдың редакторы әрі тұрақты қаламгері болады.Алғашқы «Шұғаның белгісі» повесі 1914 жылы осында жарияланады.

1915 жылы Троицкіге,дәрігерге қаралу үшін оқуын аяқтай алмай,қайта келеді.Осында «Айқап» журналында Сұлтанмахмұт Торайғыровпен, Мұхамеджан Сералинмен танысады. «Айқап» беттерінде бірнеше өлеңдері жарыққа шығады.1916-1919 жылдары мұғалім болады.1919-1921 жылдары кеңес жұмысына орналасады.1922 жылы С.Сейфуллиннің шақыруымен Орынборға келіп,баспасөз қызметіне араласады.1923 жылы Қостанай қаласында «Ауыл» газетін шығаруға қатысады.1925 жылдан 1934 жылға дейін республикалық баспасөздерде,баспа орындарында түрлі қызметтер атқарады.

Ақын,жазушы,драматург Б.Майлин де 1938 жылы жазалау құрбанына айналады.

өлеңдері: «Кедейге», «Байлыққа», «Ұлы күні», «Жазғы қалып», «Мал», «Ауылда» «Мырқымбай», «Қуаныш», «Кедейдің кейістігі», «Көш», «Бүгін», «Қора сор», «Бөліс», «Қанжар», т.б.

поэмалары: «Кемпірдің ертегісі» (1927), «Қанай» (1926), «Бөліс», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі», «Байдың қызында» (1917), «Қашқан келіншек» (1921), «Рәзия қыз» (1919), «Маржан» (1923), «Досалыдан бір дастан» (1931).

әңгімелері: «Сексен сом», «Айранбай», «Шапайдың хаты», «Күлтай болыс», «Ақталған еңбек»

повестері: «Шұғаның белгісі» (1915), «Раушан коммунист» (1927), «Әміржанның әңгімесі» (1932), «Берен» (1935), «Он бес үй» (1930), «Қырманда» (1933)

романы:аяқталмаған «Азамат Азаматыч»

драматургиясы: «Шаншар молда», «Ауыл мектебі», «Жасырын жиылыс», «Келін мен шешей», «Қос қақпан», «Амангелді», «Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі», «Көзілдірік», «Біздің жігіттер», «Неке қияр».

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Үйге Б.Майлиннің өмірбаянын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Қазіргі Әдебиет

Сабақтың мақсаты: а) логикалық ойлау қабілеттерін өмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:


Әдебиетті кезеңге бөлуде қазіргі әдебиетке 1960-1980 жылдарда жазылған көркем шығармалар кіреді.

Бұл кезеңнің ерекшелігі «түрі ұлттық,мазмұны социалистік» реализм әдісінің шеңберінен шықпай,қатал сынақ пен тексеруден өтуінде.Кеңестік жүйе әдебиет шығармаға көп шектеу қойғаны да мәлім.Десек те,тамыры тереңге тартқан,арнасы кең,мәуелі қазақ әдебиеті үшін де 60-80 жылдар сәтті кезең болды.

Қазақ әдебиетіндегі көне түркі дәуірінен басталып,ауыз әдебиеті мұрасымен толығып,жыраулар өлеңдерімен жарақтанған,көркемдіктің небір үлгісін мөлдірете төккен ХІІІ-ХІХ ғасырлар ақындары мен Абайдың өлмес мәңгілік жырларына сусындаған, «елім», «ұлтым», «халқым» деп жыр жазып қана қоймай,өмірін арнаған Ахмет,Жүсіпбек,Міржақып,Мағжан,Сәкен,Бейімбет,Ілияс, туындыларын,М.Әуезов,С.Мұқанов,Ғ.Мүсірепов сынды классиктер шығармаларымен ерте танысқан ұрпақ әдебиетке жаңа ізденістер,тың жаңалықтар әкелді.

Әдебиетті насихаттайтын,сиясы кеппеген шығарманы оқырманға жеткізген «Жұлдыз», «Жалын» журналдары мен «Қазақ әдебиеті» газеті көркемдік әлемнің жаршысы болды.Әдебиетте тақырып көлемі кеңейіп,шеберлік талай талантты танытты.

Әдебиеттегі сын,теория,тарихы жағынан зерттеудің жан-жақтылығы,тереңдігі,жаңашылдығы да көркем әлемнің қуаты мен әсем суретіне әсер етті.

Қоғамдағы,табиғаттағы,ғылымдағы жаңа ашулар мен жаңалықтар әдебиетте өз ізін қалдырды.Тарихқа қайта көз салып,көркем әлеммен сабақтасты.Ел,ұлт,халық тағдыры талқыға түскен шақта ту ұстаған ерлер бейнесі сомдалды

Қазіргі кезеңдегі қоғамдық өзгеріс,қазақ салт-дәстүріне ықпал ететін түрлі әлеуметтік жағдайларға көркемдік тұрғыда баға берілді.Осы тұрғыда қазақ әдебиетінде қазіргі адам,қазіргі қоғам көрінісіне баға берген шығармалар да көп жазылды.

Туған жер, өскен ел,Отан,атамекен,атажұртқа деген ұлттық көзқарас,таным мен қоғам өзгерісі,қақпақылына түскен адам көңіліне,жанына үңілген көркем шығармалар туды.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қазіргі қазақ әдебиеті тақырыбын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Қазіргі қазақ прозасы

Тарихи тақырып

Сабақтың мақсаты: а) логикалық ойлау қабілеттерін өмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру;

Сабақтың түрі Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:


Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.


б) Жаңа сабақты түсіндіру:


Шығарма аты

Авторы

Шығарма арқауы

1

Көшпенділер

Ілияс Есенберлин

Қазақ елінің тарихы,тайпалар,мемлекеттер арасындағы соғыс,қазақ мемлекетінің негізі,құрылуы,орнығуы,қазақтың өзін-өзі елге танытуы сияқты тарихи оқиғалар Тәуке,Әбілқайыр,Бұрындық,Абылай хандар билігімен сабақтаса суреттеледі.

2

Ақ Жайық

Хамза Есенжанов

1918-1919 жылдары Оралдағы төңкеріс,елді бақытқа жеткізер заман туды деген күрескерлер сенімі,өмірі туралы жазылған.

3.

Аласапыран

Мұхтар Мағауин

ХVI-ХVII ғасырлардағы қазақ елі,орыс-қазақ қатынастары,Ораз Мұхамедтің орыс еліндегі ел іргесін бекітудегі еңбегі жайында

4

Қан мен тер

Әбдіжамал Нұрпейісов

ХХ ғасыр басындағы қазақ елі,соғыс,төңкеріс,әлеуметтік тартыс,тап арасындағы қайшылық бейнеленген

5

Соңғы көш

Қабдеш Жұмаділов

Аласапыран заманда елден адасып алыста,Қытай елінде қалған қазақтың атамекенге оралуы суреттеледі

6

Үркер

Әбіш Кекілбаев

Қазақ елінің Ресей патшалығына бодан болуы,екі арадағы саяси қатынастар көркем баяндалады

7

Елім-ай

Софы Сматаев

«Ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама» жылдарындағы ел басындағы қайғы-қасірет, ауыртпашылық,күрес бейнеленеді.

Қазақ әдебиетінде тарихи тұлғалар бейнесі поэзия,проза,драма жанрында 60-90 жылдарға дейін жасалды.Кейінгі Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуында» әл-Фараби,Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңызында» Бауыржан Момышұлы, Ш.Мұртазаевтің «Қызыл жебесінде» Тұрар Рысқұлов,С.Жүнісовтың «Ақан серісінде» Ақан Қорамсаұлы сияқты ел есіндегі жандардың бейнелері сомдалды.Бір-біріне тілі,мазмұны,көркемдік әдісі жағынан түрлі сипатымен ерекше бұл шығармалардағы ортақтық көркем бейнемен тарихи шындық сабақтастығы, жеке тұлғаның ғана емес,ел шежіресінің де суреттеуін беруінде.

Қазақ әдебиетінде осы кезеңдегі жазылған шығармалардың бір тобы Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған.Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас», «Бір түннің оқиғасы»,Қасым Қайсеновтың «Партизан соқпақтары», Әди Шәріповтың «Қапастағы жұлдыздар»,Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер» т.б. шығармаларында соғыс қасіреті,ұрыстағы жауынгерлер жан дүниесі,өлім мен өмір арпалысы,Отан үшін от кешкен ерлер ісі суреттеледі.

60-90 жылдары қазақ әдебиетінде замандас бейнесін суреттеп,бүгінгі күн тақырыбына арналған шығармаларда О.Бөкеев,Д.Исабеков,З.Шашкин, М.Мағауин,С.Мұратбеков,Т.Әбдіков,Қ.Жұмаділов,Д.Досжанов,Қ.Найманбаев, Т.Нұрмағанбетов өз стильдерімен,өз кейіпкерлерімен ерекшеленді.

Ауыл тақырыбы,қоғамдық өзгерістер тұсындағы жылдар,ғасырлар қалыптастырған салт-дәстүр,таным іргесінің сөгілуі,алдыңғы толқын мен кейінді кеңес тәрбиесімен көз ашып,молынан сусындаған ұрпақ арасындағы көзқарас түрлілігі О.Бөкеев,Қ.Жұмаділов,Т.Әбдіков,О.Сәрсенбаев,Д.Исабеков т.б. туындыларында көркем бейнеленді.

Шаруашылық,өндіріс тақырыбына З.Шашкиннің «Теміртауы»,Т.Ахтановтың «Бораны»,З.Қабдоловтың «Жалыны» т.б. жазылды.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Қазіргі қазақ әдебиеті тақырыбын оқып келуге беремін.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі қазақ поэзиясы

Сабақтың мақсаты: а) логикалық ойлау қабілеттерін өмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ әдебиетіндегі ірі өзгеріс тап сол 60 жылдардан басталғандай.Бұған тікелей әсер еткен - сол қоғамның ішіндегі өзгеріс.20 жылдардан әдебиеттегі жаңашылдыққа революция себеп болып,бұған дейінгі әдебиет жарамсыз деп,сан қилы айдар тағылып,тізімнен шығарылып тасталып,орнына жаңа ағым,тіпті соның ішінде поэзияда жаңа форма,жаңа тармақ қолданылғаны белгілі.Сөзімізге В.Майковский,С.Сейфуллин,С.Мұқанов жырларының құрылысы куә бола алады.Яғни 60-жылдардағы әдебиеттегі,өлеңдегі жаңа түр,соны ізденістерге негізгі арқау болған Кеңестер Одағы Компартиясының ХХ съезіндегі «Жеке басқа табынушылықты» әшкерелеген баяндама еді.Демек,60-80 жылдар поэзиясының өзгеруіне бұрынғы сораптан шығып басқа түр,сипат алуына,тармақтардың еркін кестелеуіне қатып қалған қасаң қағидалардан шығуына басты себеп - қоғамдағы «жылымық» еді.

Екінші себеп,осымен сабақтасып кетеді.Өйткені бұл мезеттерде қазақ әдебиетінде ХХ ғасырдың маңдай алды ақындары С.Сейфуллин,І.Жансүгіровтер оралды.Көп күрес,теке тіреспен С.Торайғыров еңбектері өзінің шын бағасын алды.Тіпті Шәкәрім мұрасын да кейіндері ақтамаққа қадам жасалды.Тарих сахнасының пердесі бүтіндей ашылмаса да,арғы жақтан Шәкәрім,Мағжан сұлбалары байқалғанымен оқырманға жетпесе де Сәкен,Сұлтанмахмұт,Бернияз,Ілияс жырлары үлкен олжа еді.Осының өзі-ақ - қазақ өлеңінің дәрежесін көтеріп,қыр асырып тастады.Сәкен өлеңдерінің биік пафос 60-жылдар ақындарына ауысты. «Сыр сандық» сияқты сыршыл өлеңдер туа бастады.Бірақ Сәкеннің Маяковскийден әкелген баспалдақты тармақтарын да әсіре қолданып,форма қуушылыққа салынып кету де байқалды.Бұл үрдіс Т.бердияров,О.Сәрсенбаев, Ж.Қыдыровтардың шығармаларында көрініс берді.Есесіне Ілияс жырындағы қара өлеңнің айнымас қалыбы М.Мақатаев,Т.Молдағалиевтерден көрінді.Тіпті тақырып ұқсастығының бар екеніне көз жеткізугеболады.Б.Күлеевтің «Қайың» өлеңіндей М.Мақатаевта «Сен адам бола бастасаң,мен қайың бола бастайын» секілді тіркестері,Сәкеннің «Аққудың айрылуы» поэмасында сабақтастық бар екендігі күдік тудырмаса керек.

Үшінші себеп,Ұлы Отан соғысы фашистерге қарсы кекпен бірге әрбір солдаттың ішкі әлемінің нәзік қылына қол созғызды.Бұл орыс әдебиетіндегі А.Твардовскийдің Василий Теркиндей бейнесін сомдатты.Бірақ Б.Майлиннің жоқтығынан Мырқымбай бұл соғысқа қатыса алмады.Есесіне Қ.Аманжаолвтың Абдолла бейнесі жасалды,майдангер жүрегіне желкен салған «Дариға,сол қызы» дүниеге келді.Ж.Саиннің «Есімде Айдар өзені»,Д.Әбілевтің «Жылама», Ғ.Ормановтың «Гүлі», «Орамалы», орыс ақындары О.Лебедев-Кумач,К.Симонов, М.Исаковскийдің,А.Сурков,А.Твардовский шығармаларымен үзеңгілес,теңдес келе алады.Осының бәрі 60-жылдар ақындарына тікелей әсер етті.Лирикалық қаһарман бейнесін ашу үшін соны үрдіске,әр қырлы тармақ,бунақ,ұйқасқа жүгінуге алып келді.

.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қазіргі қазақ әдебиеті тақырыбын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Қазіргі қазақ драматургиясы

Сабақтың мақсаты:

а) Қазіргі қазақ драматургиясы туралы түсінік беру;

ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;

б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу;


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:


а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:


Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.


б) Жаңа сабақты түсіндіру:


60-90 жылдары қазақ драматургиясы да жемісін мол берген кезең болды.

Қазақстандағы көптеген қазақ драма театрларының ашылып жұмысын істей бастауы, сахнаға жаңа туындыларды қажет етті.

М.Әуезов,Ғ.Мүсірепов,Ж.Аймауытов сынды классиктердің драмалық шығармалары қатарына Ә.Тәжібаевтың («Сағынамын күн сайын»),Т.Ахтановтың («Сәуле», «Күтпеген кездесу»),С.Жүнісовтың («Ажар мен ажал»), Ш.Мұртазаевтың («Сталинге хат»),Қ.Мұхамеджановтың («Жат елде»),Д.Исабековтың («Әпке») т.б. шығармалары қосылды.

Қазіргі қоғам,адамдар арасындағы қатынас,адамгершілік,ізгілік қасиеттерді жоғары қою негізгі ой өзегі болып қала берді.

.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Қазіргі қазақ әдебиеті тақырыбын оқып келуге беремін.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз қазақ әдебиеті

Сабақтың мақсаты: а) логикалық ойлау қабілеттерін өмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Қазіргі қазақ драматургиясына кімдердің шығармасын жатқызуға болады?

2. М.Шахановтың қандай поэмасы бар?


б) Жаңа сабақты түсіндіру:


Бүгінгі таңдағы әдебиет пішін ерекшелігімен,тақырып еркіндігімен ерекше.Бұл әдебиеттің өсуі,өнуі елдің егемендік алуымен тікелей байланысты.Сондықтан да осы әдебиет өкілдері жаңа бағытта,соны соқпақтарға оңай қол соза алды.

Тәуелсіз әдебиеттің бастауында Т.Әбдікәкімов,Т.Кеңесбаев, А.Қани,А.Алтай,Р.Мұқанова,А.Кәріпжанов, М.Райымбекұлы,С.Қалиев, А.Кемелбаева,Ә.Балқыбектер тұр.Бұның ішінде ой,философиялық тереңдікке құлаш ұрған түркі-қазақ ойының орманынан қанып ішкен Т.Әбдікәкімовтың «Ақшам хаттары», «Қас сақ аңқымасы» секілді туындылары тәуелсіз әдебиеттің ғана емес,қазақ әдебиетінің жетістігі,М.Райымбекұлының «Ай» кітабы, А.Кәріпжановтың «Санадағы суреттері»,Ә.Балқыбектің «Метамарфоза» еңбегі,А.Қанидың «Ар алдында» - бәрі біздің алған ірі де құнды биігіміз,Т.Кеңесбаевтың «Қызғыш құс»,Д.Рамазановтың «Көкжал» секілді туындылары да тәуелсіз әдебиеттің қарымын танытуда.Тәуелсіз әдебиет жаңа басталып,өлмес,өшпес жолға бет алды.

.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Қазіргі қазақ әдебиеті тақырыбын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Қазақ балалар әдебиеті

Сабақтың мақсаты: а) қазақ балалар әдебиетінен мәлімет бере отырып,ерлікке,адамгершілікке баулу;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,іздендіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,бүктемелер

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.


б) Жаңа сабақты түсіндіру:

60-90 жылдары қазақ әдебиетінде балаларға арналған әңгіме,повестер сан жағынан ғана көбейіп қоймай,бала таным,сезіміне жақындығымен де ерекшеленді.

М.Ғұмар «Құпия дәптер», «Алыстан келген қонақ», С.Сарғасқаев «Сұлутөрдің балалары», Т.Нұрмағанбетов «Қош бол,ата»,С.Асылбеков «Рабиғаның махаббаты», Н.Серғалиев «Қарақыз», Н.Дәутаев «Ақ көгершін», Н.Мұраталиев «Жасылкөлдің құпия тұрғыны» М.Қабанбаевтың «Арыстан мен виолончель», «Сурет салғым келмейді» шығармалары балалар өмірінің әр қырын,бал дәуреннің тәтті,ащы тұстарын көркем бейнелейді.

Қазақ әдебиетінде балаларға арналған шығармалар дегенде ауызға алдымен ілігері балалар әдебиетінің классигі - Б.Соқпақбаев.Жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Жекпе-жек», «Менің атым Қожа» повестері әдебиетке жаңа бейне,тың ізденіс,серпіліс әкелді.Қазақ баласының әр кезеңдердегі ішкі жан дүниесі,көңілтолқынысы,мөлдір балалықты ерте есейткен қоғам,орта арасындағы қатынастар оқушыны бейжай қалдыра алмайды.


Білімді бекіту: 1. С.Мұқановтың өскен ортасы жайлы не білесіңдер?


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: С.Мұқановтың өмірбаянын және шығармаларын оқып келу.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Сәбит Дөнентаев. «Уақ-Түйек» өлеңдер жинағы.


Сабақтың мақсаты: а) Сәбит Дөнентаев туралы мәлімет беру,өлеңнің мазмұны,тақырыбы, идеясын ұғындыру;

ә) өлеңмен жазылған шығармаларды мәнерлеп оқу,талдау,ой-пікірлерін айта білуге,жұмыстарына баға беруге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Сәбит Дөнентаев портреті,шығрмалары,сызба-нұсқалар, кодоскоп,тест сұрақтары,бағалау парағы.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі.

Пәнаралық байланыс. тарих,география.

Сабақ барысы:


І.Ұйымдастыру.Оқушыларды түгелдеп,сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

1-топ.Спандияр Көбеевтің өмірі мен шығармашылығы.

2-топ. «Қалың мал» романы.

3-топ. Спандияр Көбеевтің қазақ әдебиетіндегі орны.


ІІІ.Жаңа сабақ.


І. «Қызығушылықты ояту» кезеңі.

1. «Ой қозғау» стратегиясы.

Үш топқа үш сұрақ қойылады.

1-топқа: Сәбит Дөнентаевтың өмірбаянын айт.

2-топқа: «Айқап» журналы және «Қазақ» газеті туралы не білесіңдер?

3-топқа: Астарлап айту деген не? Мысал келтір.

2. «Топтастыру» стратегиясы.

Ақын өміріне,ақындық қасиетке байланысты сөздерді теріп алып топтастыру. Ақынның ақындық,тұлғалық бейнесін жасау.


мазмұнды қысқа өлеңнің шебері

қазақ ақыны

сыншыл ақын





қазақ өлеңін жалғастырушы

мысалшы





сатирик


ІІ.Мағынаны тану.


Сәбит Дөнентаевтың «Уақ-түйек» өлеңдер жинағы туралы оқулықтың 67-75-беттер аралығындағы мағлұматтар қамтыла түсіндірілді.

Сәбит Дөнентаев өлеңдерінің мазмұнын қалай түсінді,сол бойынша жұмыс жүргізіледі.


1. «Түсіну» стратегиясы.

Әр топтың оқушылары Сәбит өлеңдерін оқып.,мазмұнын бір-біріне түсіндіреді.


1-топ - «Заман кімдікі»? 2-топ - «Замандастар» 3-топ - «Қазақтарға қарап».


2. «Талдау» стратегиясы (Өлеңдерін талдау,теориялық ұғымдар бойынша,өлеңді құрылысына қарай талдау).


3. «Еркін жауап» стратегиясы.тест сұрақтарына жауап беру.(Кодоскоппен көрсетіледі)


4. «Суреттеу». Өлеңдеріндегі кейіпкер бейнесін суреттейді, не туралы екенін суреттеп айтады.


ІІІ. «Ойтолғау» кезеңі.

«Еркін жазу» стратегиясы


Өлеңнен үзінді

Өлең туралы пікірім





(Кестені толтыру)


IV. Қорытынды.


V. Үйге тапсырма. Сәбит Дөнентаевтың өлеңдерін жаттау,мазмұнын айту.


«Бағалау парағы» арқылы оқушылардың баға қорытындысы шығарылады.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов өмірі,шығармашылығы.

«Сұлушаш» поэмасы»

Сабақтың мақсаты: білімділік - С.Мұқановтың өмірі туралы мағлұмат бере отырып,жазушының шығармашылық зертханасына үңілу,талдау, «Сұлушаш» поэмасының мазмұнымен танысу, кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау,тақырыбы мен идеясын ашу; тәрбиелік - жазушының шығармашылығын игерте отырып оқушыларды адамгершілік қасиеттерге,тілін,тарихын,әдебиетін құрметтеуге баулу; дамытушылық - оқушылардың дүниетанымын кеңейту,әдеби сөйлеу тілін қалыптастыра отырып көркем сөйлеуге бейімдеу.

Сабақ түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу,сұрақ-жауап, insert әдісі,ойын элементтері.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық,жазушының суреті,еңбектері.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі,ағылшын тілі,орыс әдебиеті,тарих.

Сабақ барысы.

1. Ұйымдастыру :а) сәлемдесу; ә) кезекшімен сұхбат; б) «Миға шабуыл» әдісімен сұрақтар қою:

1. Биыл қандай ақын-жазушылардың мерейтойы?

2.Бес арысты ата.

3.Үш бәйтеректі ата.

2. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы,мақсатымен таныстырамын.Оқушыларға үй тапсырмасы ретінде С.Мұқановтың өмірі мен «Сұлушаш» поэмасының мәтінімен танысып келу алдын ала берілген болатын.Оқушылар үш топқа бөлінеді.

Сайыстың кезеңдері:

  1. «Ой ашар»;

  2. «Мен айтамын,сен жалғастыр»;

  3. «Ділмар»;

  4. «Тапқырлық».

1-кезең бойынша әр топ өздеріне берілген пікірді қорғайды

(«Ой ашар» кезеңі).

1-топ.Ақындар. «С.Мұқанов - ақын» деген пікірді дәлелдейді.

2-топ.жазушылар. «С.Мұқанов - жазушы» деген пікірді дәлелдейді.

3-топ.Зерттеушілер. «С.Мұқанов - қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші» деген пікірді дәлелдейді.

С.Мұқановтың өмірі туралы қосымша мәлімет беріледі.

Жазушыға арналған көрмемен таныстырылады.

2-кезеңде әр топтың оқушылары «Сұлушаш» поэмасының мәтінін бірінен кейін бірі баяндайды («Мен айтамын,сен жалғастыр» кезеңі).

3-кезеңде әр топқа 9 сұрақ беріледі.Оның жауабын оқушылар қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде айту керек («ділмар» кезеңі).

«Ақындар» тобына:

  1. «Сұлушаш» поэмасы нешінші жылдар аралығында жазылды? (1926-1928)

  2. Тортөбел деген не? (жылқы-лошадь-horse)

  3. Поэманың үзіндісіндегі жасырған сөзді тап.Алтай қозы бақты,қой бақты,тағы не істеді? (отын жақты-дрова-wood)

  4. Алтынайдың әкесі қызының жасауына қосып тағы кімді берді? (құл,күң-раб,рабыня-slave)

  5. Сұлушаштың шашын бір өргенге әкесі қанша төлейтін?(бір жылқы-одна лошадь-one horse)

  6. Ермек Алтайға кім болып келеді? (іні-младший брат-younger brother)

  7. Қалың малға қоса күйеу жігіт босаға айыбы деп не берді? (100-жылқы-100 лошадей-hundred horse)

  8. Алтай мен Сұлушаш қай жыл мезгілінде қашпақшы болды? (күз-осень-autumn)

  9. Алтайдың елге келмей,қой бағып жүргеніне неше жыл болды? (бір жыл-один год-one year)

«Жазушылар» тобына:

1.Тілеуберді Алтынайға қалың мал ретінде неше жылқы берді? (мың-тысяча-thousand)

2. Алтынайдың әкесі қызының жасауын неге артып береді және оның саны нешеу? (90 нар - девяносто нар - ninety camel)

3. Тілеуберді ұрын келе жатқан күйеу жігіт үшін неше үй тіктіреді? (он-десять-ten)

4. Сұлушашқа құда түскен күйеу жігіттің түр-келбеті қандай еді? (ұсқынсыз-некрасивый-ugly)

5. Мәтіндегі жасырын сөзді тап.Алтайдың айтуынша, «Не киіп аяққа,аң аулайтын қолымызда жоқ садақ,яки,мылтық»? (шаңғы-лыжи-skies)

6. Құз басындағы бүркітті аулау үшін арқан мен торды кім береді? (шал-старик-old man)

7. Алтай мен Қайсар Сұлушашқа таудан бүркітті ұстап оралғанша тұзақпен нені ұстап,сонымен ас дайындап қой дейді? (қоян-заяц-hare)

8. «Сұлушаш» поэмасы неше үлкен бөлімнен тұрады? (төрт-четыре-four)

9. Сұлушаш нешеге келгенде көркі,сұлулығы толысты? (он алты-шестнадцать-sixteen)

«Зерттеушілер» тобына.

  1. Тілеуберді неше жыл отасқаннан кейін балалы болып Сұлушашты көреді? (екі-үш жыл-два-три года- one-two-year)

  2. Сұлушаштың асқан сұлулығын сипаттағанда жазушы қыздың мойнын неге теңеп суреттейді? (аққу-лебедь-swan)

  3. Ырысты деген кім? (күйеу жігіт-жених-boy friend)

  4. Алтай жастайынан не бағып өсті? (қой,қозы - овец,ягненок - sheep,lamb)

  5. Сұлушаш Алтай мен Қайсарды бүркітті аулаудан күтіп отырғанда қандай құстың қайтып бара жатқанын көріп оған тіл қатады? (қаз-гусь-goose)

  6. Алтай таудан Сұлушашқа оралып келе жатқанда орманнан аңдар не себепті қаша бастайды? (өрт-пожар-fire)

  7. Сұлушаш Алтайды кездесуге алғаш шақырғанда екі жүзді не береді? (қанжар-кинжал-dagger)

  8. Байбосын Тілеубердіге кім болып келеді? (құда-сват-matchmaker)

  9. Сұлушаш кішкентай кезінде не жасап ойнайтын? (қуыршақ-кукла-doll)

4-кезеңде әр топ оқушылары кейіпкерлерге берілген мінездемені мәтін бойынша дәлелдеу керек («Тапқырлық» кезеңі).Сұрақтар қойылады.

1.Сұлушаш - ерке,шолжаң емес,ақылды,парасатты жан.

2.Алтай - өжет,тапқыр жігіт.

3.Сұлушаштың анасы Алтынай мен жеңгесі Айжан - ескі салтты ұстанушылар.

4.Алтай - адамгершілігі жоғары жігіт.

5.Сұлушаш - өжет,қайсар қыз.

6.Қайсар - досқа адал жан.


Сабақты қорыту. Insert әдісі арқылы кестені толтырады.


Білгенмін

Білдім

Білгім келеді






Оқушыларды бағалау.Әр топ берген жауаптары бойынша бағаланып,жеңген топ анықталады.Әр оқушы сабақ барысында жинаған жұлдызшалары бойынша бағаланады.

Үй тапсырмасы. «Сұлушаш» поэмасына сценарий құру.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин. «Айранбай» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: білімділік - «Айранбай» әңгімесі арқылы сол кездегі қазақ тұрмысы және оның шынайы көрінісімен танысу; дамытушылық - жазушы тілін зерттеу; тәрбиелік - еңбекке,намысшылдыққа баулу.

Сабақтың әдісі: проблемалық әдіс.

Сабақтың түрі: зерттеу сабағы (Қанапия Бітібаева технологиясы бойынша).

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,ән-күй,әдеп,бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақ.

Бейімбет Майлиннің «Айранбай» әңгімесін оқып талдауға алдын ала тапсырма берілген.

  • Балалар, «Айранбай» әңгімесі де шағын,бірақ әңгіменің тақырыбы ауқымды.көтеріп тұрған жүгі ауыр,байқадыңдар ма? Ал,байқасаңдар,қазір өздеріңе сауалнама сұрақтарын берейін,бірер минут ойланып,ауызша жауап бересіңдер:

1.Қалай ойлайсыңдар,әңгіме неге Айранбайдың үй ішін сипаттаудан басталады?

2.Мәдениеттің төмендігі байқала ма? 3.Мәдениеттің төмендігіне әсер етіп отырған не?

(Айранбайдың кедей тұрмысы: жоқшылық,жетіспеушілік,көңілсіздік,әлеуметтік теңсіздік,байдың қайрымсыздығы).

4.Айранбайдың бұрынғы өмірі мен әңгіменің аяғындағы Айранбайға сипаттама беріңдер. (Әңгіменің басындағы Айранбай бай туысы Кемелбайға сенеді,ал соңында рухани түрлеуі,жаңа өмірге қадам басуы - негізгі мәселе.Әңгіменің басында Айранбай кір-қоқыс арасында отырса,аяғында оны сілкіп тастап жаңа өмірге қадам басады.

5.Айранбай «кәменеске жазыламыз» деген қорытындыға неге келді?

6. Қалай ойлайсыңдар,егер Кемелбай Айранбай сұратқан қайысты Раушанға берсе,Айранбай бұрынғы қалпында сараң ағайынның ығында қалар ма еді?

7. Айранбайдың сенгені бар,ол - кәменестер: «Кәменеске жазылғандарды қазына асырайды дейді ғой».Қазіргі кезде осы идеяға қосылар ма едіңдер?

Бейімбет әңгімелерінің өзіне тән ерекшелігі бар, «деталь» бар.Әңгіменің арқауы «қайыстың» негізінде дамып отыр.

- Балалар,алдын ала берілген тапсырма бойынша бірінші топ әңгіме құрылысын зерттеу керек болатын.

Қане,зертеу жұмыстарыңды ортаға салып көріңдер.

«Айранбай» әңгімесінің құрылысы

Әңгіменің басталуы

Байланыс

Шиеленіс

Шарықтау шегі

Шешімі

Айранбайдың үйіне кіріп келгенде-ақ нендей кәсіппен айналысатыны беп-белгілі.От басында кірлі қара тақтай, маңайы толған былғары,қайыстың қиқымы,біз,пышақ, қайрақ,қалып,мұр-ындық қоқырсып жатыр

1.Әлденеге кейігендей...

болып отыр.

2.150-б. ақырғы абзац.

3.151-б.4-абзац

4.151-б. ақырғы абзац.

5.152-б.1-абзац

6.152-б.2-абзац

7.153-б.1-абзац

1.Тарамысты тартып,шынта-ғын көтеріп қалғанда қызына тиіп кетеді. қызына ұрсып,итеріп тастайды. 2.Раушанның Кемелбайдың қатынымен ұрсуы,сөйтіп оның бетін көрместей ызалануы.

3.Айранбайдың ызалануы және Раушанның қайысқа кетуі.

Раушан Кемелбай-дың үйінен құр қол қайтып келеді және күйеуінің айғайлаған-ына ренжиді.Кемелбайдың қайысты бермеуінен көңілінің қатты қалуы.

Айранбай: -Кемелбай-дан жүрегім суынып болды.Енді соның есігін ашушы болмайық. Құдай аштан өлтірмесін. Кемелбай құрлы сол кәменестер асырар

Эпитет. Кірлі қара тақтай,қурап тұрған қара абдыра,таралмай ұйысқан қою қара сақалы.

Дисфемизмдер. «Сорлы жалмауыз, қайдан табақтас болып едің,бір жапырақ жегізбедің ғой». «Байғұс,көрген қызығың осы ма еді?» «Ит,қират», - деді. «Ол бетпақтың бетін құдай көрсетпесін».

Кірме сөздер. Олай болуының себебі шықпай қалған егінді жазуға комиссия сайланғанда,Кемелбай сол комиссияның мүшесі болып сайланған.Нәлөкті салып отырған осы ініңнің өзі көрінеді ғой.Кедей еңбегін бай жеген,инспектор сөзі рас.Кемелбай құрлы сол кәменестер асырар

Тұрақты сөз тіркесі.

Сары уайым,тықыр таяну,құлақтың етін жеу,беті шылп етпейді.

Диалект сөздер.

Ділгер болып нос көрсету


«Айранбай»

әңгімесінің тілдік ерекшелігі

Нақыл сөздер.

«Әйел - ерді азғыратын әзірейіл» деп Жәкең марқұмның айтқан шариғаты осы күнге дейін есіндеЕкінші топтың жұмысы. «Айранбай» әңгімесіндегі жазушының тілдік ерекшелігі.







Кәсіби сөздер. Маңай толған былғары,қайыс, қайыстың қиқымы,біз,пышақ,қайрақ, қалып,мұрындық,тарамыс.

Теңеу. Ол екі арада шаңдатқан құйындай бұрқыратып, енгезердей бір әйел үйге сөйлеп кірді.Сексендегі кемпір-шалдай қара абдыра.



Зерттеу жұмыстарын жақсы жүргізгендіктерін айтып оқушы білімдерін бағалаймын,келесі сабаққа тапсыра беремін.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал