7


«Ел корғаны - ер бабам»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Такырыбы׃ « Ел корғаны - ер бабам » ( Б ̣. Момышұлынын 100 жылдығына ) Мақсаты: Оқушыларды соғыс тарихымен таныстыру ,мағлұмат беру. Жеңґстің маңызын ұғындыру , елін, жерін жаудан қорғауға тәрбиелеу . Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының өмірін үлгі ете отырып , патриот болуға
предварительный просмотр материала


Шығыс Қазақстан обылысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы

Абай атындағы орта мектеп Н. Қ . Қажаева .


Такырыбы׃ « Ел корғаны - ер бабам »

( Б ̣. Момышұлынын 100 жылдығына )

Мақсаты: Оқушыларды соғыс тарихымен таныстыру ,мағлұмат беру. Жеңґстің маңызын ұғындыру , елін, жерін жаудан қорғауға тәрбиелеу . Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының өмірін үлгі ете отырып , патриот болуға шақыру .

Көрнекіліктер : Бауыржан Момышұлының портреті, нақыл сөздер, слайдтар ( видеоматериалдар ), кроссворд, тестік сұрақтар.

Барысы :

І. Кіріспе сөз : Құрметті ұустаздар , оқушылар !

Сіздерді Жеңістің 65 жылдық мерекесімен құттықтаймын !

Біздің сынып қазақ халқының ұлы перзенті , қаһарман жауынгер , даңқты қолбасшы , Кеңес Одағының Батыры , әйгілі жазушы Б . Момышұлы . XXғасыр биігінде тұрған дара тұлға атамыздың 100 жылдығына орай « Ел қорғаны - ер бабам » атты сынып сағатын ұсынады.

II. Сабақтың мақсатымен таныстыру .

Оқушы׃

Батыр шықты қазақ деген қауымнан,

Қорықпайтын боран менен дауылдан.

Францияда туылса,болар еді Бонапарт,

Қазақстанда туылып,

Болып қалған Бауыржан!
(Б.Момышұлы)

Б.Момышұлының өміріне, шығармашылығына шолу.

Азат Айбала : 1910 жылы 24-желтоқсанда Жамбыл обылысы , Жуалы ауданы , Қолбастау ауылында туған .Кеңес Одағының Батыры, К Р Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1976ж)

Шымкенттегі жеті жылдық интернатты бітірген (1928ж) соң, бастауыш мектеп мұғалімі , ауатком хатшысы , милиция бастығы болды. 1932жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Қызыметін өтеп қайткан соң , Шымкент , Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істейді. 1936жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітіріп , Қызыл Армия қатарына қайта алынады , взвод рота командирі , полк шта бы бастығының көмекшісі, ал 1941 жылы Қазак әскери комиссариатының нұскаушысы. Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысты. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болды , соғыстың соңғы жылдары (1944-1945жж) осы дивизияны басқарды.

Ишбеков Салауат : 1952 жылы Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғарғы әскери академияны бітірді . 1956 жылға дейін әскери академияда сабақ берді. «Офицердің күнделігі» (1952ж) , «Бір түннің тарихы» (1954ж орыс тілінде), « Біздің семья» (1956ж орыс тілінде ) атты алғашқы кітаптары сол тұста жарық көрген. Еңбектерін көркем туындысын орыс- қазақ тілінде бірдей жазған қаламгердің «Москва үшін шайқасы» (1958-1959жж). Отан үшін ұлы шайқастың үлкен бір шежіресі сияқты күрделі шығарма. Мұнымен қатар «Майдан»(1961ж) ,

«Генарал Панфилов» (1963ж) , «Ұшқан ұя»(1975ж) т .б кітаптары бар.

2000жылы «Жазушы» баспасынан шығармалар жинағының 2 томдығы шықты.Шығармалары бірнеше шетел тілдерінде басылған.

Еңбек Қызыл Ту , Халықтар Достығы ,1- дәрежелі Отан соғысы , екі рет Қызыл жұлдыз , «Құрмет Белгісі» ордендерімен , медальдарымен марапатталған.

IV. « Бауыржан» (Қасым Аманжолов)


Мұқанова Намуна :

Бір дауыл сапырды кеп өрт теңізін

Теңселтіп темір топан дүние жүзін .

Бетіне туған жердің өшпестей ғып,

Ер жазды өз қанымен жүрген ізін.,

Нақ сол кез естідім мен ер дүбірін.

Атақты атын алып келді бұрын.

Үстінде туған елдің тұрды толқып ,

"Бауыржан Момышұлы " деген бір үн.

Бөлеуханов Елжас ׃

Ақынның ақ сұңқардай журегі бар,

Алққындым , бір көруге болып кұмар.

Көктемде күркіреген күн даусын

Жер естіп, желкілдеген гүл ынтызар.

Қан майдан қаталатып , шөлдегенде,.

Кез болды жалпылдаған екі көлге.

Көл емес , көздері ғой Бауыржанның

Елестеп мың көрінер бір көргенге.

Женісханова Аяулым :

Бойы бар бізден гөрі биігірек,

Тіп - тік абыройын тұрған тіреп.

Tоп җара ҝөрінсін деп екі иығы,

Туған жер жаратыпты оны ірірек.

Ойы бар бірде жалын, бірде дауыл,

Теңіздей тебірентпесе терең жанын .

Алғандай бойға жиып бар куатын,

Кешегі өзі кешкен оқиғаның.

Қалиянов Тұрар :

Кейде ол көк семсерлі генералдай ,

Кейде ол күй көңілді ақын жандай .

Өмірдің ол шеті мен бұл шетіне

Өресі өрен ойдың тартылғандай.

Жан ұкпас жумбақ емес бір жасырын,

Айтады ол тіке қарап жұртқа сырын.

Жаратпас жамап-жасқап жұрт ескісін,

Соғады өз дүкені сөз асылын .

V. «Майданға ,майданға !»

Жунусбекова Аяулым :

Қиылды

Қанаты тәтті арманның,

Үзілді қайырмасы бақтарда әннің

Әлемде ең сұмдық күн ана үшін-

Майданға азаматтар аттанған күн.

Бұлт басты,

Ашык сәні қашты аспанның,

Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның

Анаға ең ауыр күн тіршілікте-

Боздап кеп,

Боздағымен қоштасқан күн.

Аналар уайымдаса

Уайымдасын,

Сұм соғыс кімге бақыт дайындасын ?

Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,

Жеткізді жерге дейін кайың басын.

VI. Ұлы Отан соғысы басталғанда :

Мұғалім : 1941 жылының ортасында фашистік Германияның қарулы куштерінде 8,5 миллион жауынгер болды. Фашистердің әскери күштері Кеңестік әскери күштерден 16 есе басым еді . Неміс фашистерінің армиясының қолында 5639 танк және шабуылдаушы кұралдар 10 мыңнан астам әскери ұшақтар 61 мыңнан астам құрал-жабдықтар мен минометтер болды .

1941 жылдың маусым айында фашистердің әскери теңіз Флотында соғысқа аса пәрменді 217 әскери корабльдер болды. Оның 161-і әскери сүнгуір кемелер еді.

VII. « Отан үшін отқа түс» (көрініс)

Шағындау келген бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап генерал тұрады.

Генерал : Қап Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын нағылеттің ! (осы кезде Бауыржан кіреді.)

Бауыржан : Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын , жолдас генарал !

Генерал : Бері жақындаңыз , капитан Момышұлы! Білген адамға карта - жердің айнасы . Көрмеген жерді карта арқылы танып оның жол- жобасын , ой - шұнқырын , картадан ғана көріп отырмыз .

Бауыржан : Ия, жолдас генерал « Карта - білмегенге сенімді жетекші» деген сөз бар ғой.

Генерал: Дұрыс , ал енді қараңыз дұрыстап.Көріп тұрсыз мына бармақтың таңбасындай қара белгі Демянск деген қала, жау қол астындағы жер яғни дұшпанның армиясы . Мына жыбырлап шашылып қараның бетіндегі секпілге ұқсап жатқан 90 шақты деревняның барлығы дұшпан қолында. Осы жерлерді бір сөзбен айтқанда Москваны дұшпанның шеңгелінен азат етіп жерін босатып алу. Сіздің полке міндеттеліп отыр капитан Момышұлы!

Бауыржан : Түсінікті жолдас генерал ! Дұшпан осал емес мықты жау . Кұр бопсалауға ол көне қоймас. Жылы орынынан ол оңайлықпен қозғала қоймас. Бірақ олар қанша мықты болса да біздің жауынгерлер олардан ыға қоймас.

Генерал : Аһ соғыс соғыс ! Майдан қырғын арпалыс қалшылдаған аяз қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.

Бауыржан:

Тізе бүгіп тірі жүргенше

Тік тұрып өлген артык емеспе?!

Генерал: Капитан Момышұлы сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.

Бауыржан : Құп болады жолдас генерал ! (жарық өшеді)


« Полковник Бауыржанға »

(Әбу Сәрсенбаев )


Азат Айбала :

Бауыржан, солдатқа сен үңілгелі,

Талай жыл...

Ғапу сұрап күн ілгері,

Кезекті жыр жолдарын өзіне арнап,

Алдына отыр оған жүгінгелі.

Әскерді аз жаздық деп налыр едің,

Мүрша бер, сабыр, інім,сабыр, дедім.

Уағыссыз өлеңімді оқып көрші,

Осыдан солдат жанын таныр ма едң?

Қалимолданова Тоғжан:

Білемін тактикаға шеберіңді,

Білемін кейде кекеп, шенеріңді,

Жазғырма , маман емен Соғыс жылы,

Үстіме кидім тұңғыш шинелімді.

Бұл тұста бір шындық бар айтқызатын,

Бауке, сен комиссар ең, айтшы расын,

Асығыс жөнелткенің есіңдеме,

Үйретіп үлгерместен" айт-двасын!"

Ишбеков Салауат :

Жинадық әмірден бас тартамызба

Ғабеке аға санап арамызға

Құшақтап жас төккенім жалған емес ,

Жөнер шақ ақ көбікті арқаңызға

Айып па ол жыламап па ең меннен баскаң

Солдаттың жаралган жоқ жаны тастан

Адамдық сезімімді келекелеп

Моншадан қай өсекші ала қашқан!

Серік Санат :

Күле бер ой- сезімсіз жаралғаның

Мен бұдан күйректікті таба алмадым

Онда емес өкінішім от сапардың

Сақадай солдаты боп бара алмадым

Өз сырым өзіме аян құтым кеткен

Алғашта «айт-дваны» түсінбестен

Екі апта ефрейторге сәлем бердім

Оң қолды оң шекеден тусірместен

Нигметжанова Гулим :

Дей алмадым одан да мол онер алдым

Кə рiге берер ме жас өнер алдын

Сан рет сартабан ғып куғаны бар

Ысқаяқ старшина «генералдың»

Ал бiрақ бүдан соңғы ауыр жолдың

Сендермен азабында бiрге болдым

Автомат дискасына маңдай сұйеп

Солдатпен карлы окопта бiрге қондым

Амангельдина Куралай:

Тамаша жолдас таптым көргенi көп

Олардың даусыз маған бергенi көп

Айталмай әрине сол ер тұлғаны

Бейнелер биiкке жыр сермедi деп

Серпiдiм осы шығар дастандағы

Айға жол салмағанмен аспандағы

Алдында тарттым солдат сезiмiиiң

Болар деп кезiктi бiр баспалдағы

  1. Батырлык....

Көрiнiс ( солдат Мамонов пен Бауыржан)

X. « Женис»

Женисханова Аяулым :

Сен болмай топталып жер құрылып,

Тауысып өзен суын, нуын, көлiн

Отан сал дағдарғанда дабыл кағып

Келдің бе , айналайын Ұлы Жеңіс!

Көркінен ел де өзгеріп, көл де өзгеріп

Алдыңнан мейрамдаған ел кез келіп,

Келіндей кеп күттірген,жарқ етіп бір

Келдің бе Ұлы Жеңіс кербезденіп!

Кенесбеков Алтынбек:

Халыктың орындалды ұлы арманы,

Жігіттер жасымаңдар жігер жаны,

Соғыстын заңы солай қатысқанның,

Қайтпайды туған жерге түгел бәрі.

Жолдардай куаныш пен тоғысты мұң,

Жан толқыр сәттері бұл жер үстінің

«Сүйінші!» «сүйінші!» деп бебеу қаққан

Күй болып тартылып түр жеңіс бүгін .

XI. Ескерткіш Бауыржанға «Серт»

Болеуханов Елжас :

Жулдыздардай жанамыз біз , сөнбейміз

Қасиетті байтак Отан !

Өлмей

Біз

Жау қолында жолдарыңды бермейміз,

Көлдеріңді, белдеріңді бермейміз,

Әке өмір сүрген жерді бермейміз,

Сәби басар жүрген жерді бермейміз,

Барлык барар өрістерді бермейміз,

Қасиетті жеңісті енді бермейміз.

Бермейміз! Бермейміз! Бермейміз!

Ән «Катюша» орындайтын Мәуліт Тұрар

XII . Жанұясы ( 7-слайд)

Бауыржан атаның жұбайы Жамал , ұлы Бакытжан.

XIII.Ұрпақтары (8- слайд )

Бүгінгі Момышұлылар әулеті : Бақытжан Момышұлы ,Зейнеп Ахметова ,

ұлдары Ержан Момышұлы,келіні Анар ,немерелері Нұрсұлтан және Мадияр.

«Момыш ата» булағы бүгінде, мөлдіреп жатыр.

XIV. Бауыржанның өсиеті

( Мақал - мәтелдерді жалғастыр )

Әдіссіздік - әлсіздік
Ептілікте - ерлік

Қырағының өзі де, көзі де батыр
Отан үшін отқа түссең - күймейсің

Атақ ерге сауға, олжа елге сауға

Ерлік елеусіз қалмасын

Үлкенді ізетте, кішіні күзетте

XV. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін КР тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Жарлығымен оған « Халык Қаһарманы» атағы берілді.

XVI. 1990 жылы Алматы қаласында Н . Назарбаев Б. Момышұлының ұлы Бақытжанға алтын жұлдыз тапсырды.


XVII. Қателескен даталар


1932 жыл Кеңес Армиясы Бас штабының жанындағы

Жоғарғы әскери академияны бітірді

1952 жыл Ұшқан ұя

1910 жыл Қызыл армия қатарына шақырылды

1975 жыл Жеті жылдық мектепке тусті

1924 жыл Туған жылы


Жауабы:

1932 жыл Қызыл Армия қатарына шақырылды

1952 жыл Кеңес Армиясы Бас штабының жанындағы

Жоғарғы әскери академияны бітірді

1910 жыл Туған жылы

1975 жыл Ұшқан ұя

1924 жыл Жеті жылдық мектепке тусті


  1. Қорытынды сөз

Біз Бауыржанмен мақтанамыз. Бірақ бұл жеткіліксіз.Біз оған жақындауымыз керек. Бауыржанның биігіне көтерілуге тырысуымыз керек.Бүгін Бауыржандай ұлтжанды болып,өз ұлтын Бауыржандай сүю керек. Сонда ғана қазақ халқы өркениет көшіне өз құндылығымен кіреді.

Ән « Батыр баба Баукем!»




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал