7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Біз жеңістің ұрпақтарымыз'

Тәрбие сағаты 'Біз жеңістің ұрпақтарымыз'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Біз Жеңістің ұрпақтарымызСабақтың тақырыбы: «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз».Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да па
предварительный просмотр материала



Біз Жеңістің ұрпақтарымыз

Сабақтың тақырыбы: «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз».
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың ой-өрісін арттырып, мәнерлеп айту дағдыларын жетілдіріп, сөздік қорларын молайту.
Сабақтың көрнекілігі: Сынып безендірілген, интерактивті тақта, слайд, видео, плакаттар, көрме.

Сабақтың барысы:

Кіріспе.

Мұғалім: Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.
Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 69 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 69 жылдығы.
1-жүргізуші: Жеңіс күні 9-мамыр - бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

2-жүргізуші: Бүгінгі күн - көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 69- көктемі де келіп жетті.

1-жүргізуші:

69 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
69 жыл - шуақты күн таратты әнін.
69 рет - көктемде сонан бері,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

2-жүргізуші: Жеңіс... Ия, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды. Тілектері орындалды. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті.

1-жүргізуші: Ана жарын жоғалтып жесір, бала әкесінен, анасынан айырылып жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді.

2-жүргізуші: Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Жігері жасымады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.

1-жүргізуші: Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин. үнсіздік). Рахмет!
Көрініс: «21 июнь 1941 жыл»
21 маусым күні оқушылардың мектеп бітіру кешінде жүрген сәттері.

Кенет радиодан: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді».

2- жүргізуші:
Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе,
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!

Көрініс: «Ана»

Ән: «Ана туралы баллада». Тұрысбекова Ш

1-Жүргізуші: Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
2-жүргізуші: Сонау бір сұрапыл соғыста қан майданда, ұрыс даласына оқ пен оттың арасында Отанын қорғауға Семей облысынан 93 мыңнан астам адам аттанса, Қалбатау ауданынан 12521 адам елін, жерін қорғауға аттаныпты. Майдан даласында ШҚО - 46090 адам қаза тапты.

1-жүргізуші: Соғыс басталған жылдары Үшбиік өңірінен (Криуши, Шереметьевка, Қойтас, Мырзағұл, Еңрекей ауылдары) майданға 130 адам аттанған еді. Олардың 16 соғыста қаза тапты, 59 хабарсыз кетті. Отан үшін от кешіп, еліне оралған аяулы ардагерлер саны 55 адам болған. Ал қазіргі таңда ауылымызда ардагерлеріміздің ұрпақтары өмір сүруде. Толығырақ мағлұмат алу үшін мұражай меңгерушісі С.Кайсабековнаға сөз кезегін берсек. (слайд көрсету)

2-жүргізуші: Соғыс жылдары-ақ қазақстандық бес әскери құрамаға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты 28 гвардиялық Панфилов дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан 28 батырдың батальон, кейіннен дивизия командирі болған Б.Момышұлының, М.Ғабдуллиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алды.

*** Соғыстың сұрапыл жылдарының куәгері Кеңес одағының батыры, жазушы, әскери қолбасшы Б.Момышұлы атамыздың естелігі. Слайдқа назар аударыңыздар.


1- жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!
1-оқушы: «Майдангерлер» Ай-Күн, Жәнібек
2-оқушы: «Мен соғысты жек көрем!» (Қ.Жұмағалиев) Ермек, Нұрсұлтан

3-оқушы: «Менің атам» Дариға

4-оқушы: . «Болмасын соғыс» Мөлдір

Би: «Катюша»

2- жүргізуші: ( слайд. Бухен.)
Ашу менен кек оятты ел намысын,
Отан үшін жан пида болды үлкен сын.
Ер азамат жауменен арпалысса,
Әйелдер терін төкті майдан үшін
Аналар қоштасқанда асылымен,
Арулар қош айтысты ғашығымен
Балалықтың базарын ерте жауып,
Талай жұмыс істеді бала өркен.
Үдетіп соғыс оты қайғы мұңды,
Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды,
Кемпір шал, әйел бала ауылдағы,
Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.

1- жүргізуші: Міне, сол соғысқа аттанғандардың арасында "Шығыстың қос шынары" атанған батыр қыздарымыз ӘЛИЯ мен МӘНШҮК те бар еді.

2- жүргізуші:

Әлия, Мәншік қайсар қызы қазақтың,

Ерлігіне таңданамын ғажап тым,-деп ақындарымыз жырлағандай, ер етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішкен заманда ерлермен қару алып соғысқа аттанған батыр қыздарымыз ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА, МӘНШҮК МӘМЕТОВА, ХИУАЗ ДОСПАНОВА ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Бұл есімдер -біз үшін өнеге, біз үшін мақтанышпен айта алатын тарихта алтын әріптермен жазылған есімдер.

Аяулым: "Өніп тұр бір қызыл гүл таста тірі"

Арман: "ӘЛИЯ, МӘНШҮК"

1-Жүргізуші: Соғыс...Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады, қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.

2-Жүргізуші: 1945жылы 30 сәуірде сағат 6:30-да жеңіс туы тігілді. Ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев. Төрт жылға созылған қан төгіс аяқталды.

Көрініс: «Жеңіс»
Радио: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1945 жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап актіге қол қойды. 9 мамыр Жеңіс күні!
Соғысқа кеткен азаматтар елге оралады. Халық қуанысып, бір-бірінен сүйінші сұрасып жатады. «Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңіліпті!». «О, жасаған, шынымен қарғыс атқыр соғыстың аяқталғаны ма?» (видео. День победы).

1-Жүргізуші: Бір ғана Жеңіс деген сөзді естігенде сол кездегі адамдардың қуанышында шек болмады. Жан - жақтан айқайлаған дауыстар, көзіне жас алып жылағандар болды. Әрине бұл үлкен қуаныштың жасы еді.

2-Жүргізуші:

Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.

Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.
Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.


Ән: «Жойылсын соғыс». Масалимова Ай-Күн. Карманова Аяулым

1-Жүргізуші:
Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласы бүгін жарқ етті,
Бағына талай миллионның
Баянды жеңіс күн жетті.

2-Жүргізуші:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен - аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған жер,

Өркендесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!



1-Жүргізуші:

Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!

Мұғалім:
Балалар Отандарыңды сүйіп, қастарлей біліңдер, ата - баба дәстүрін, әдет - ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымыздың ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Ел-жұртымыз аман, берекелі заман болсын балалар! Жақсы оқып, тәрбиелі, Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.

2-Жүргізуші: Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен аталарымыз бен апаларымыздың құрметіне біз гүл шоқтарын жасадық, 9 мамыр күні мәңгілік алауға апарып қоямыз.


1-Жүргізуші:

Осымен сіздерге арналған «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз! Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!

Ендігі сөз кезегін мектебіміздің директоры Канапьянов Е.Б., тәрбие ісі меңгерушісі Ағыбаева Ғ.К. береміз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал