7


  • Учителю
  • Презентация по рисований Күннің батуы \4 класс\

Презентация по рисований Күннің батуы \4 класс\

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

























Композициядағы қарама-қарсылық. «Күннің батуы»

























</<font face="Times New Roman, serif">Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі: Шакибаев Нурланбек Сагидуллович

































Пәні: Бейнелеу өнері

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Композициядағы қарама-қарсылық. «Күннің батуы»

Сабақтың мақсаты: композициядағы қарама-қарсы түстерді анықтау.

Білімділігі: композиция жөнінде оқушылардың білімдерін тексеру.

Дамытушылығы: оқушыларды логикалық ой-қиялдарға, шығармашылық ізденістерге баулу. Бояу түстерін бір-біріне үйлесімді байланысын табуға бейімдеу және есте сақтау қабілетін дамыту

Тәрбиелігі: оқудщқшылардың теориялық ойларын ықшамдап, ұйымшылдыққа, нақтылыққа, жүйелі жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суретшілердің композиция жанрында салған суреттері, плакаттар.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың өту барысы: .

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмалар орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Бағалау

  7. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу.

  2. Үйге берген тапсырманы тексеру: өткен сабақты оқушылармен бірге бір шолып өту. Сұрақ қою арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтау. 1.Композициядағы статикалық, динамикалық қозғалыс дегеніміз не? (статика және динамика дегеніміз өзі аты айтып тұрғандай қозғалыстағы, белгілі бір ырғақпен, ритмдерден құралған әр түрлі қозғалыстарды статикалық, динамикалық қозғалыстағы композициялар деп айтамыз.)2.Композиция латын тілінен аударғанда не деген мағынаны білдіреді? («compositio» сөзінен аударғанда шығарма, құрастырма, орналастыру деген мағынаны білдіреді).

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Суретші айтпақ ойын әсерлі көрсету үшін көркем шығармада бейнелейтін кейіпкерлер мен қоршаған ортадағы нәрселерді белгілі бір тәртіппен орналастыруға көңіл бөледі. Үйлестіру заңдылығы деп осындай айрықша тәсілді атауға болады.Үйлестіру заңдылығының бейнелеу өнерінде атқаратын маңызы зор. Көркем шығарма бөліктерінің орналасуы және олардың бірлігі компазиция деп аталады. Суретшілер сурет салу барысында компазиция көмегі арқылы өздерінің ойлары мен сезімін білдіріп, оларды толғандырып, өмір шындығы мен қиялын көрсете алады. Кез келген суретті салу компазициядан басталады. Компазиция барлық өнер түріне тән.

Танымал суретшілердің теориялық еңбегін композиция заңдылықтарының негіздері деп атауға болады.Компазицияның заңдылықтарының 4 түрі бар:

1.Бүтіндік заңы.

2.Үлгі заңдылығы.

3.Қарама-қарсы заңдылығы.

4.Компазицияның барлық заңдылықтары мен амалдарының негізгі идеялық түпкі ойға бағынуы.





1.Бүтіндік - заңының сақталуының нәтижесінде өнер шығармалары біртұтас қалпында қабылданады.Бүтіндік заңының мәні компазицияның тұтастығын көрсетеді.

2.Үлгі - заңдылығы бейнелеу өнері шығармаларындағы жағдай мен мінез үлгісінің нақтылы берілуін, компазициядағы іс-әрекеттің өрістеуін көрсетеді.

3.Қарама-қарсылық заңдылығы түс қарама-қайшылығын, обьект пішінінің айырмашылығын, көңіл қарама-қайшылығын, бейнелейтін адамдардың психологиялық жағдайының бейнелеуін қарастырады.

4.Компазицияның барлық заңдылықтары мен амалдарының негізгі идеялық түпкі ойға бағынуы- суретшінің туындысындағы ұғымның бүтіндігін, шығарманың айқындығын, идеялық мазмұндылығын, ондағы жоғарғы көркем шығарманың шеберлікті байланыстырады.

Компазиция - салынатын суреттегі барлық бөліктерді бір-бірімен өзара байланыстырып, орынды құрастыру. Сурет мазмұның ашу, пішінді нақты табу, шығарма көлемін табу. Компазиция суретшінің ойына байланысты заттың қозғалыстағы немесе бір қалыпты қозғалыссыз тұрған қалпын көрсетуге жол ашады.

Компазициялық заңдылықтарымен бірге қазақ суретшілерінің шығармаларымен танысып өтейік. Мысалы: Молдахмет Кенбаевтың «Тау бөктерінде» атты туындысы, сурет орыс суретшісі М.Т.Палаткиннің «Киіз үйдің ішкі көрінісі». Ал енді Р.Құлбатыровтың пейзаждық жанрға орындалған «Шыңбұлақ көрінісі» атты көркем шығармаларын көрсету арқылы пейзаж туралы не білетіндерін сұрай отырып, түсіндіру.

Пейзаж- табиғатты бейнелеу. Пейзаж- француз сөзі, бұл қоршаған ортаны, табиғат көрінісін бейнелеу деген сөз. Табиғат көрінісін бейнелеуде ерекше көңіл аударып, жыл мезгіліне байланысты әр уақыттың өзінің ерекшеліктеріне көңіл аударылады. Мысалы: қыс көрінісі- далада күн суық, ағаштар ақ тон киіп мүлгіп тұр. Әр ағаш өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Бір ағаштың бұтақтары мың бұралып нәзік болса, енді бірінің бұтағы тік, әрі жуан, ал емен ағаштарының бұтағы қисық болып келеді. Қыс кезінде ағаш бұтақтарына түскен қар немесе қырау оларды ерекше әдемі етіп көрсетеді. Ағаш түрлерінің ерекшеліктерін қыс кезінде байқауға болады. Күн шығып тұрғанда қардың түсі анық, күлгін. Қырдағы жарық түскен жерлер алтын түстес болып, түрлі- түсті реңкке бөлінеді.

Міне, осындай әсерлі көріністерді суретшілер бейнелеген.Сурет салғанда, көкжиек сызығын әртүрлі, кез келген биіктікте белгілеуге болады. Сурет салуға кіріскенде альбом парағын қалай орналастырған дұрыс екенін тік немесе жатықпа, суреттің үлкендігі қандай болу керегін, қағаз бетінде оны қай жаққа және қаншалықты жылжытқан дұрыс екендігін ойлап алған жөн. Сонымен бірге қағаз бетінде заттың өзінің сыртқы тұрпаты белгіленіп болған соң жарықтың, жартылай реңдіктің, көлеңкенің үлкен жазықтығын оңай белгілеп көрсете отырып, жарық пен көлеңкені жүргіземіз, содан кейін ғана бояуға болады.

Біз, қағазымызға тіке, көлденең, көлбеу сызықтары арқылы табиғат бейнесін қарындаш арқылы орындарын белгілеп түсіруіміз керек.Түсіріп болғаннан кейін көлеңкесін анықтай түсіп, бояу түстерін тауып береміз.

Жұмыс сапасына түстерді сауатты түрде қолдана білгенде ғана әдемі суретке қол жекткізе аламыз. Ол үшін түстік спектр шеңберіне тоқталып қасиеттерін білуіміз керек. Олар: негізгі, қосынды, ахроматикалық, хроматикалық, салқын, жылы, қосымша, контраст (қарама-қарсы) болып бөлінеді.

Негізгі түстерге; қызыл, сары, көк түстер жатады. Бұл түстер бояу қосындыларынан алынбайды.

Қосынды түстер деп негізгі түстерді бір-біріне қосу арқылы алынатын түстерді айтамыз. Мысалы: сары + көк = жасыл; қызыл+ сары = қызғылт сары; көк+қызыл =сия көк.

Ахроматикалық түстерге түссіз түстер: ақ ,сұр, қара түстерінің реңдері жатады.

Хроматикалық түстерге; түрлі түстердің бәрі жатады.

Контраст түстер яғни қарама-қарсы түстер. Мысалы: қара-ақ; қара-сары; қара-қызыл; көк-ақ; көк- сары т.б.

Салқын түстер деп мұз, қар, су, аспан түстерін яғни көгілдір , көк, күлгін , көкшіл жасыл түстерін айтамыз.

Жылы түстер деп күннің, оттың, қызған темірдің түстерін яғни сары, қызғылт - сары, сарғыш жасыл, қоңыр түстерін жатқызамыз.

Қосымша немесе бір-бірін толықтыратын түстер деп спектр шеңберінде орналасқан, қарама-қарсы тұрған түстерді айтамыз.

Мысалы: қызыл- жасыл, көк-сары, қызғылт-сары-көгілдір т.б.

Суретіміздің аясына мына түстерді қолданып бояймыз олар: көк, сия көк, ақ, жасыл, қызғыш сары.

4.Сарамандық жұмыс: «Күннің батуы» тақырыбында қарама-қарсы түстерді пайдаланып сурет салу.

Презентация по рисований Күннің батуы \4 класс\

5.Бекіту кезеңі: Кім жылдам? Композицияға қатысты сұрақтарға жауап алу.

1.Компазиция заңдылықтарының негіздерін атау? 4 түрі.Бүтіндік, Үлгі, қарама-қарсылық ,компазицияның барлық заңдылықтарымен амалдары.

2.Компоновканы қалай түсінеміз? Компоновка дегеніміз- нәрсенің біріктірілген ұсақ, жеке бөлшектерінің біртұтас, бүтін болып көрінуін айтамыз.

3. Компазиция неге тән? (барлық өнер түріне)

4.Композиция заңдылықтарының негіздері дегеніміз?(танымал суретшілердің теориялық еңбектері деп айтаймыз

Миға шабуыл:

1.Табиғат көрінісін бейнелейтін көркем шығарманы қандай жанр түріне жатқызамыз? (Пейзаж)

2.Табиғат көрінісін қас қағым сәтте бейнелеуді не деп атаймыз? (Этюд)

3.Табиғат көрінісін бейнелеген қазақтың қандай суретшілерін білесіндер? (Ә.Қастеев, Ә.Ысмайлов,М.Кеңбаев).

3.Суретшілердің қандай шығармаларын білеміз? («Жайлау»,«Көктем», «Жолдағы әңгіме», «Жаңбырлы күн»,т.б.)

4. Хайуанаттар мен жануарларды бейнелеген көркем шығарманы (Анамалистік)

6. Бағалау: оқушыларды бағалау

7. Үйге тапсырма: Қарама-қарсы түстерді қолданып композициялық сурет салу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал