7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары. 'Проекциялар' 9- сынып

Сабақ жоспары. 'Проекциялар' 9- сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қостанай облысы Амангелді ауданы

«Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі»

коммуналдық мекемесі

Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі

Султанова Сандигуль Галымовна


Пән аты: Сызу

Сабақтың тақырыбы: Проекциялар туралы жалпы мағұламаттар

Мақсаты: 1. Проекция дегеніміз не ? түсіндіру . Проекцияның түрлері

туралы жалпылама мағұламат беру.

2. Проекцияның орындалу әдісін түсіндіре отырып , оқушының

ойлау қабілетін дамыту.

3.Оқушыны тиянақтылыққа, ұқыптылыққа және дербестікке

тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: компьютер, постер, үлестірмелер, көрнекі плакаттар

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру

  2. Қайталау-оқу анасы

  3. Жаңа тақырып

  4. Таңдау табыс

5.Қорытынды

6.Үйге тапсырма

Біз бүгінгі сабақтан не күтеміз?

- Сапалы білім

- Жақсы баға

- Достарға сәттілік

- Қызықты тапсырма

- Тек қана жеңіс

Қайталалу - оқу анасы


Сызық түрлері қаріп пішімдер

Сызбаларды рәсімдеудің негізгі ережелері,геометрия-

лық салулар


Даярша өлшем түрлері

Масштаб түйіндесулер шеңберлерді тең бөліктерге

Бөлу

Сөзден іске

Топтастыру әдісінде жазылған терминдер бойынша түсінік беру.

Жаңа тақырыпты меңгеру

Проекция денегіміз не?

Техника сызбаға екі негізгі талап қояды: көрнекілік және өлшемділік.

Мұндай талаптарды қанағаттандыратын прекциялау әдісі көмегімен тұрғызылған сызбалар

Проекциялау әдісінде кеңістікте берілген және қандай да болмасын бетте бейнеленетін нүктелер арқылы түзу жүргізіледі және осы түзулердің берілген жазық бетпен қиылысу нүктелерін табады. Берілген жазық бетте табылған нүктелерді осы нүктелердің проекциялары деп атайды. Нәрсе көлеңкелеріне зер салып қарасақ проекция туралы түсінік алуға болады. Мысалы, призманың сымнан жасалған моделін алайық. Осы модельге күн сәулесін түсіргенде ол қабырғаға көлеңке түсіреді. Осылайша қабырғаға түскен көлеңкені берілген нәрсенің проекциясы деуге болады.


«Проекция»- латын сөзі Оны қазақ тіліне аударғанда»алға қарай тастау» деген мағынаны береді.

Егер айналамызға зер салып қарасақ, проекциялау мысалдарын көре аламыз. Мысалы, фотографиялық суреттер, кинокадрлар, т.б.

Проекциялау тәсілі

Мемлекеттік стандарт ережелеріне сәйкес келетін сызбадағы нәрсе кескіндерін тік бұрыштап проекциялау тәсілі бойынша шығарып алады.

Проекциялау кезінде кеңістікте орналасқан нүктелерді латын алфавитінің бас әріптерімен: А,В,С... немесе сандармен: 1,2,3...., ал түзулерді екі әріппен: АВ, СД...., сандармен 12,34.... немесе кіші әріптермен: а,b,с, белгілеу керек Жазықтықтар мен беттердігрек алфвитінің бас әріптерімен белгілейді. Кескіндер тұрғызылатын жазықтықтарды проекция жазықтықтары деп атайды және грек алыавитінің бас әрпі П /пи/, кейде индекстермен / П1, П2 .../ белгілейді.

Кеңістіктегі кез келген А нүктесін және қандай болмасын Н жазықтығын алайық. Н жазықтығын қайсыбір а нүктесінде қиып өтетіндей етіп А нүктесі арқылы түзу жүргізейік. Сонда а нүктесі берілген А нүктесінің проекциясы болады.

А


Н




а

Проекция түрлері

Проекциялаудың 4 түрі бар: орталық, параллель, аксонометриялық және тікбұрыштап проекциялау. Сызбада көбіне тік бұрыштап проекциялау әдісі қолданылады.

Орталық проекция-Фигураны жазықтыққа кескіндеген кезде проекциялаушы сәулелер бір нүктеден тарайды.

Параллель проекция- проекциялаушы сәулелер өзара параллель болады.

Аксонометриялық проекция- нәрселерді салғанда өлшемдерді/ ұзындық, ен және биіктік/ х,у, және z осьтері бойына өлшеп салады.

Тікбұрыпты проекция- проекциялау бағыты проекция жазықтығына перпендикуляр болады.

Проекция түрлері туралы торлығырақ келесі сабақтарда танысатын боламыз.


Таңдау табыс

Оқушылар берілген түсті фигураларды таңдап алып, онда жасырылған сұрақтарға жауап береді.


2

3

1

5

4

6

Қызыл түс - проекция дегеніміз не?

Сары түс - ұзындық, ендік, биіктік өлшемі бойынша орындалатын проекция

Сұр түс-проекциялаудың неше түрі бар?

Көк түс - Проекция сөзі қандай мағынаны білдіреді?

Қоңыр түс - Проекцияға мысал келтір

Жасыл түс - проекциялау тәсілдерінің қайсысы негізгі тәсіл үшін

қабылданған?

Қорытынды

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан үйрендім

Түсіндім


Маған беймәлім

Бағалау: Оқушылардың сабаққа қатысуы, белсенділігін саралай келе

бағалаймын.

Үй тапсырмасы: Проекция әдістері тақырыбын оқу, «Проекцияның жалпы

ережесі» тақырыбында ғаламтордан материалдар жинақтау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал