- Учителю
- Табиғат аясында сурет(3 сынып)
Табиғат аясында сурет(3 сынып)
Бейнелеу өнері
Сабақ №
3 сынып Күні: 07.02.2013ж.
Сабақтың тақырыбы: Табиғат аясында сурет.
Сабақтың мақсаты: Пейзаж түрлерімен таныстыруды жалғастыру. Кескіндемелік дағдылар мен біліктерді қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Мұғалім үшін - Қазақстан табиғатының фотосуреттері және әртүрлі пейзаж түрлерінің көшірмесі.
Оқушылар үшін - альбом парақтары, жай қарындаштар, өшіргіш, акварель, қылқалам, су құюға арналған ыдыстар.
Сабақтың барысы: Сабақта табиғат картиналарымен жұмысты әрі қарай жалғастырамыз. Оқушылар табиғат бейнеленген картиналар қалай аталатынын еске түсіреді. Балалармен бірлесіп түрлі пейзаж кескінделген көшірмелерді көреміз.
Ауылдық пейзаж - ауыл өмірін және оның қоршаған табиғатпен байланысын көреміз.
Қалалық пейзаж - ғимарат, көше, даңғыл, алаң, жағалаулардан тұратын адам қолымен жасалған ортаны сипаттауымен ерекшеленеді.
Саябақ пейзажында адамдар демалуға арналған табиғат бұрыштары бейнеленеді. Мұндай бұрыштардың бірі қатаң геометриялық тәртіпке бағындырылса, енді бірінде сәндік мүсіндер мен сәулет өнері табиғи нысандарымен еркін үйлесуі мүмкін.
Теңіз пейзажында бірде тыныш, бірде буырқанған теңіздің ғажап сұлулығын, көбік шашқан асау толқындары немесе теңіз дауылы бейнеленуі мүмкін.
Сәулет пейзажы - қалалық пейзажға ұқсайды. Олардың айырмашылығы - сәулет пейзажында суретші табиғат ортасында берілген сәулет ескерткіштерін бөліп көрсетеді.
Индустриялық пейзажда суретші зауыттар мен фабрикалар, бөгеттер мен электр станцияларын, вокзалдар мен көпірлер, шым - шытырық теміржол торабын жасаған жасампаз адамның рөлін барынша көрсетуге болады.
Сюжеттен бөлек суретші үшін пейзаждағы ахуал мен көңіл күйді беру өте маңызды.
Қорытынды: Жасаған пейзаждарды мұқият бақылап шығуын ұсынамын.
Үй тапсырмасы: Теңіз пейзажын салып келу.