7


  • Учителю
  • План конспект урока по ИЗО на тему 'Қағаз батигі' (6 класс)

План конспект урока по ИЗО на тему 'Қағаз батигі' (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Пәні: бейнелеу өнері

сыныбы: 6

мұғалімі: Ташимова А.А.


Сабақ тақырыбы: Қағаз батигі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Әр түрлі техникаларды меңгере, мәнерлеу арқылы жаңа білімді өздігінен меңгеруге жағдай жасау.

Дамытушылық: Кескіндеме картина үлгісін жасауында, жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамуына жағдай жасау.

Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие, қоршаған ортаны сүюге, аялауға бағыт, бағдар беру.


Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.


Сабақтың әдісі: Эвристикалық іздену


Сабаққа керекті көрнекіліктер: Қағаз батигінен жасалған картиналар, көрнекіліктер.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Білімді жан-жақты тексеру, жаңа материалды сапалы белсенділікке даярлау

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Жаңа тақырыпты бекіту

  5. Үй тапсырмасын беру

Оқушылардан кескіндеме түрлері туралы білімдерін сұрақ жауап арқылы анықтаған соң, олардың сабаққа деген қызығушылығын жаңа техникамен жұмыс орындату арқылы арттыру. Ол үшін батикте орындалған картиналарды көрсетіп көрнекіліктер арқылы батикті қағазбен жасау әдісін түсіндіреміз.

Тақырыпты бекіту үшін эвристикалық ізденушіліктерін ояту арқылы практикада сурет салғызамыз. Сабақ барысында кабинетті, жұмыс орындарын таза ұстауға, ұқыптылыққа баулимыз, кезекшілер таза су әкеліп ауыстырып отырады. Акрил бояуымен, қағаз батигімен жұмыс жасау әдісін меңгертеміз.

Үйге жұмыстарын аяқтау және осы аталған техникада еркін тақырыпта сурет салу беріледі.


Қағаз батигі техникасында жасалған картиналар

Қағаз батигін жасау үшін қажетті құралдар: акрил қара бояуы, мелоктар, қағаз,су, қыл қалам, салфеткалар.


Қағаз батигі техникасының орындалу тәсілі

Қағаз бетіне мелоктармен сурет саламыз.

Парақтын бетін бос орын қалдырмай бояймыз

Суретті салған соң қағазды умаждаймыз. Қыртысын көбірек жасасаң сол құрлы картина батикке ұқсас болады.

Умаждалған қағазды жазамыз, үстіне тегіс ауыр зат қойып тегістей тұрамыз.

Акрил бояуын кішкене сумен араластырамыз

Қылқаламды краскаға батырып суреттің бетіне жағамыз, бояу майлы мелоктарға жұқпай қағаздың бүктетілген жерлеріне сіңіп кетеді.

Артық красканы қағаз салфеткамен сүртіп таста. Картинаны кептір.

Картина дайын.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал