7


  • Учителю
  • На тему Туған еліммен мақтанам

На тему Туған еліммен мақтанам

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

№6 орта мектебі

жанынан ашылған «Балдаурен» тынығу лагері













Өткізген: Отарова Гулбану


















Актау



БЕКІТЕМІН

___________________

Күні:____

Үйірме оқыушылары: 1-5 сыныптар аралығы

Тақырыбы: «Туған еліммен мақтанамын»

Мақсаты: «Отан», «сүйіспеншілік», «туған жер» құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру.

Міндеті:

  • Отан, сүйіспеншілік, туған жер туралы түсініктерін кеңейту;

  • туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;

  • туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: шаңырақ макеті, түрлі-түсті ленталар.

Шаттық шеңбері

Сабақты ұйымдастырудағы ең маңызды кезеңінің бірі. «Шаттық шеңберін» өткізудегі мұғалімнің міндеті - балалардың күнделікті сабақта бір-біріне қандай қарым-қатынас пен көңіл-күйде болатындарына бақылау жасау.(Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып, қоршаған ортамен амандасады.)

Армысың, алтын күн,
Армысың, көк аспан,
Армысың жер-ана,
Армысың жан досым,
Енді менің қолым бос,
Жылуыма - жылу қос.

Дәйексөз

Балалардың танымдылық белсенділігін арттыруға ықпал ететін өзін-өзі тану сабақтарының міндетті элементті. (Дәйексөз ретінде алынып отырған, нақыл сөздің мағынасын ашып түсіндіру арқылы балаларды адамгершілік құндылықтарға баулу)

- «Отаным - алтын бесігім» деген нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

(Оқушылар өз ойларын айтады, мұғалім сабақта берілген дәйексөзді талдаумен жалғастырады.)

- Отан - бұл біздің сүйікті отбасымыз, туған жеріміз, айналаны қоршаған табиғатымыз. Біздің Отанымыз - Қазақстан.

- Отанымыз бізді анамыз сияқты аялап, мәпелеп, өсіріп, бақытты болуымызға барлық жағдай жасайды.

Шығармашылық жұмыс

Cалған суреттеріне қарап әңгімелеу.

Балалардың өз бетінше немесе үлкендермен бірге орындауына құрылған. Бұл балалар мен үлкендердің бірін-бірі жақсы түсінуіне септігін тигізеді. «Адам шаңырақ жарастығымен бақытты», - деген халық даналығын еске ала отыра, біз де үлкен елдің кішкентай азаматы ретінде шаңырақ көтеріп, Отан-Анамызға өз ризашылығымызды білдірейік.(Оқушылар шаңырақтың макетіне уық ретінде түрлі-түсті ленталарын іледі, игі тілектерін білдіреді.)

Жүректен жүрекке

Бір-біріне жылы тілектерін шын жүректен тілейді, мейірімді қарым-қатынастар орнығады.

Балалардың тілектері төменгідей болады.

Мысалы:

Әлемде тыныштық болсын!
Ашық аспан тілеймін
Туған жерімді сүйемін
Күніміз жарқын болсын! - т. б

Мұғалім оқушылардың шеңберге тұрып, «Отан - ортақ үйіміз» атты Е. Өтетілеуұлының сөзіне жазылған әнді қосылып айтуларын сұрайды.

Қорытынды: Табиғат аясына саяхат.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал