7


«Арман қала». Астана

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы : «Арман қала» . Астана

Сабақтың мақсаты : тақырып бойынша түсінік беру

Тәрбиелік : әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық : оқушылардың ой өрісін дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру

Құрал жабдық, көрнекіліктер :

Әдіс тәсілдері : түсіндіру, сурет салу

Сабақ түрі : аралас сабақ

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

в) үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ :Алтын ордам - арайланғанАстанам,

Жаңа дәуір көшін алға бастаған.

Сенсің менің жаңа қалам , бас қалам,

Шалқып жатқан той думанды , асқақ ән.

Таң шапағы шомылдырған арайлым,

Арманы ең бабалардың талайдың.

Әр күн айын, сағат сайын , жаңарған,

Келбетіңе тамсана мен қараймын.

Астана - қаласы кең байтақ Отанымыздың жүрегінде , халқымыздың қасиет тұтып, қастерлеген әйгілі Сарыарқадағы Есіл өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан.

Қаланың қалыптасу кезеңдері:

Қаланың негізі 1832 жылы қаланған, 1961 жылы дейін, Ақмола қаласы болды, 1961 - 1992 жылы дейін Целиноград қаласы болды, 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды.

Тұңғыш Президентіміздің Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 ж 10 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы тәуелсіз қазақ мемлекетінің астанасына айналды. Ал елбасының 1991 жылғы 6 - мамырдағы жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгерді.

Жаңа мыңжылдық тоғысында бой көтерген астанамыз XXI ғасырда тәуелсіз Қазақстанның болашаққа сеніммен бет алған жобалардың жарқын бір айғағы.

Астананың бас сұлбасын жасауда жапон суретшісі Киси Куракованың эскиз идеяларын негізге алғаны белгілі. Қаламыз қазір екі бағытта қанатын кең жаюда.

Қаламыздың басты даму бағыттары : құрылыс бизнес орталықтары, сауда орталықтары. Елордамыздың Астанадағы бірнеше сәулетті ғимараттарын атауға болады мысалы: Хан шатыры, Бәйтерек, Үкімет үйі , «Бейбітшілік пен келісім сарайы» , «Думан ойын сауық орталығы» және т.б.

Тақырыпты бекіту:1 . Астананың бас сұлбасын жасауда кімнің идеясын негізге алған?

2. Астананың көрікті жерлерін ата.

Үй тапсырмасы: Астана қаласының көрікті жерлерін бейнелеу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал