7


  • Учителю
  • 'Кітап графикасы' тақырыбына сабақ жоспары (6-сынып)

'Кітап графикасы' тақырыбына сабақ жоспары (6-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Аннотация


Бұл сабақ 6-сыныптың «Графика» бөлімінің «Кітап графикасы» тақырыбына арналған. Тақырыпта оқушыларға графика өнерінің түрлерінің ішіндегі «кітап графикасының» көркемдік және мазмұндық ерекшеліктерін қамтылған.

-Сабақтағы күтілетін нәтижелерге: оқушыларды суретті болжау арқылы сыни ойлауы дамиды, кітап графикасының салыну ерекшеліктерін біледі, кітап графикасының маңыздылығын түсінеді,өз шығармашылық қиялымен кітапты безендіру сынды іс әрекеттер жатады.


Тексерілді:


_________


Сабақ

№ 12



Күні:

Пәні:

Мұғалімнің аты жөні:

Мектеп:

Сыныптар:



28.11.2014ж

Бейнелеу өнері

Махамбеткеримова И.Б

47

6 «в»

Сабақтың тақырыбы: Кітап графикасы


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға кітап графикасының композициясын жасауға үйрету,бейнелеудегі шығармашылық қабілеттерін дамыту. Кітаптың бетін дұрыс нақыштау жолдарын үйрету арқылы қисынды ойлауға, эстетикалыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Мазмұнға байланысты міндет: кітап графикасының салыну ерекшеліктері мен материалдары туралы түсініктері артады.

  2. Сын тұрғысынан ойлауға байланысты міндет: кітапты өз дүниетанымдары тұрғысынан безендіре отырып, шығармашылық ойлау қабілеті артады.

  3. Топтық жұмыс немесе тәрбие әрекетіне байланысты міндет: Топпен жұмыс барысында топта айтылған барлық пікірлермен санасу арқылы бір-бірін сыйлауға үйренеді.


Нәтиже:

-кітап графикасының салыну ерекшеліктерін біледі;

- кітап графикасының маңыздылығын түсінеді;

- өз шығармашылық қиялымен кітапты безендіруді үйренеді;

- суретті болжау арқылы сыни ойлауы дамиды.

Әдіс-тәсілдері:

Сұрақ-жауап, галерея, топтық диалог, суреттер арқылы болжау, екі түрлі түсініктеме күнделігі, сурет салу,ойлаудың алты қалпағы, , критериалды бағалау.

Негізгі дереккөздер мен көрнекіліктер:

Түрлі тақырыптағы оқулықтар, Ш.Айтматовтың «На материнском поле» атты иллюстрациялық альбомы, сайты.

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет, музыка

Психологиялық ахуалды орнату. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру.

1. Сәлемдесу.

2. Сыныпты түгендеу.

Сыныпты ортаға шақырып:

  • Балалар, бүгін аптаның қай күні?

  • Бүгін - жұма

  • Жұма қазақ халқы үшін қандай күн?

  • Жұма қазақ халқы үшін қасиетті күн деп есептеледі

  • Ендеше осынау қасиетті күнде айтылған тілектер қабыл болады екен, қазір бір бірімізге тілек айтайық.

  • Ендеше, мен сендерге жалпы бүгінгі қасиетті күн сәттілік әкелсін демекпін.


3.Топқа бөлу. /суреттер арқылы/

1.оқулықтар

2.ертегілер.

3. қызыл кітап

4..музыкалық аспаптар


4. Топ ережесімен таныстыру.

Үй тапсырмасы.

Графика өнерінің түрлері.графика өнері саласындағы суретшілер өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар қою.

Шығармашылық жұмыстардан топ басшыларымен бірігіп, галерея ұйымдастыру.

Сабақтың бағалауын түсіндіру. /қосымша/


Сәлемдесу.

Өздерін ретке келтіру. Кітап құралдарды, дәптерлерді дайындыққа келтіреді.

Ортаға шығып бір біріне тілек айтады.


Оқушыларды суреттер бойынша төрт топқа бөлінеді.

Топбасшыларын сайлайды.

Үй тапсырмасы сұрақтарына жауап береді.

Топ басшылары үй тапсырмасындағы шығармашылық жұмыстан галерея ұйымдастырады. /1-қосыша/

Қызығушылықты ояту. 7 мин (барлық сыныппен)

Суреттер арқылы болжау.Ортаға қай сөзді қояр едіңдер? Кілт сөздерді ашу. /2-қосымшада/

Кітаптың бүгінгі сабақпен қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту.


Суреттер мен кілт сөздер арқылы болжап, топпен бірлесе отырып шешеді.

Сабақтың тақырыбын анықтайды.

Сабақтың негізгі бөлімі. Мағынаны тану (Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады.) 25 мин.

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Оқулықтың 44-бетіндегі тақырыпқа тоқталу.

Кітап графикасы кітапты иллюстрациялау, безендіру мен құрылымын үйлеструден тұратын графиканың бір саласы болып табылады.

Кітап графикасының дамуына біршама үлес қосқан суретшілер: Қисамединов, Қастеев, Қожықов, Сидоркин, Смағұлов, Машрапов, Төреқұловтар.

График суретшілер кітаптың құрылымын ойластырады, графикалық және мәтіндік материалдарды толықтырып, кітаптың макетін жасайды.

Кітаптың сыртқы мұқабасын жасау үшін сол кітаптың ішіндегі мәтіннің мазмұнын жақсы білу қажет. Кітап мазмұнына сәйкестендіріп, мұқабасы көркемделеді. Ол нақты суретпен және көркем жазумен әшекейленеді.

Кітаптың алғашқы бетін ашқанда форзацты көреміз. Форзац кітап мұқабасы мен беттерін бірікетіретін екі қабатты парақ. Ол ақ, түрлі түсті, тақырыпты сюжетті және сәнді болуы мүмкін.сурет піщім мен мазмұнға сәйкес таңдап алынып салынады. Ол қарындашпен, бояумен орындалады. Салынған сурет композициясы, кітаптың аты, авторлардың аты, жөні баспаның аты, жарық көрген жылы жарасымын тауып түруы шарт.

Кітаптағы мәтінмен қоса жүретін иллюстрациялардың маңызы зор. Олардың әсем безендірілуі оқырманды өзіне тартып, қызықтырады. Сондықтан да суретшілер мәтіндерді дұрыс орналастыру, қаріптерінің ерекшеліктері, сурет пішіні мен өзгешелігі, олардың мәтінмен байланысы арқылы оқырманға кітап мазмұнын жақсы түсінуге көмектеседі.

Әлемдегі ерекше кітаптар туралы айту.

/3-қосымша/


Сергіту сәті.

4. Практикалық жұмыс

Бүгінгі сабағымызда кітап графикасы, оның ішінде кітап мұқабасы жұмысын жасаймыз

1.оқулықтар

2.ертегілер.

3. қызыл кітап

4.музыкалық аспаптар


Кітап графикасын көркемдеу жұмыстары өзіміздің кәдуілгі сурет салу кезеңдерімен тығыз байланысты:


- қағаз бетіне үйлестіру (кітаптың тақырыбы мен суретті)

- бояу түстерін дұрыс таңдау.

- жарық көлеңке мен түстердің реңктілігі.

- жұмысты толығымен аяқтау.

Практикалық жұмысқа бағыт бағдар беру, суреттің салыну, тақырыптардың жазылу жолдары мен түстердің үйлесімділігін қадағалау.

Жұмыстың критерийлерін оқушвлармен бірге құрады:

1. ҚАҒАЗ БЕТІНЕ ОРНАЛАСТЫРУ.

2. БЕЙНЕЛЕУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ. (ЖАРЫҚ КӨЛЕҢКЕ, ТОНДЫҚ, ТҮСТІК ЕРЕКШЕЛІК)

3. ТАҚЫРЫПТЫҢ АШЫЛУЫ

4. ЭСТЕТИКАЛЫҚ САПА

5. УАҚЫТ


Жаңа тақырыптың мазмұнын тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Топ ішінде «Суретшілер» және «Өнертанушылар» болып бөлінеді. Өнертанушылар берілген тақырып бойынша ростер дайындайды.

Суретшілер кітаптың мұқабасының нобайын салумен шұғылданады.Тақырып топқа бөлген суреттердің мағынасына қарай алынады.

Бұған дейінгі оқыған кітаптарының безендірілу жолдарын еске түсіріп, күнделікті оқып жүрген оқулықтарының графикалық мазмұны жайлы ойланады. А3 формат, түстегіш құралдары, сызғыш, циркуль т.б материалдарымен әр топ өз тапсырмаларын орындайды.


Мұғаліммен бірге шығармашылық жұмыстың критерийлерін құрады.


Ой толғаныс 7 мин

Топ жұмыстарын бір біріне бағалатады.

Топтар бір-бірінің жұмыстарын формативті бағалайды, сұрақтар қояды.

Мұғалімнің формативті бағалауы.

Критерийлермен бір-бірінің сумативті бағасын шығару.


Топтар суреттерін бір-біріне беріп, суреттерін стикердегі пікірлерімен формативті бағалайды.


Қорытындылау

Ойлаудың алты қалпағы

Қазіргі кезде электронды құрылғылыр кітапты алмастыра ала ма?

1. кітап графикасы деген не?

2. кітап графикасы саласындағы суретшілер?

3. форзац деген не?


Оқыту үдерісі жайлы ойланады, өз біліміне қатысты сенімділігін көрсетеді.

Топпен пікірлесе отырып, жауап іздейді.

Басқалардың жауаптарын толықтырады.

Топтан бір оқушы шығып, топтың ойын жеткізеді.


Бағалау 2 мин.

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Критерийлерді ескере отырып, қорытында баға шығару

Топ басшысы бағалайды.

Үйге тапсырма 1 мин

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Тапсырмаларды түсіндіру. Кітап мұқабасы мен қосарбетіне нобайлар дайындау, тақырып еркін.

Тапсырмаларды күнделіктеріне белгілеп алады.

Рефлексия 2 мин

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?

«Бас бармақ әдісі»

Өздерінің пікірлерін бас бармақтар арқылы білдіреді.


/1-қосымша/

Бағалау парағы. Топтың аты_____________________топ басшысы___________


Сабақ кезеңдері

Бағалау өлшемдері

Топ мүшелерінің аты-жөні




Үй жұмысы

Графикалық сурет салу, сұрақтарға жауап беру.

«5». Тапсырманы толық орындаған. Сұрақтарға белсенді жауап берді.

«4». Суретте тондық ерекшеліктер, жарық көлеңке толық берілмеген, сұрақтардың басым көпшілігіне белсенділік танытты.

«3».Сурет салынған, бірақ боялмаған. Сұрақтарға жауап беруде қиналды.

«2». Тапсырманы мүлде орындамаған

Жаңа сабақ.

Топтық жұмыстар.

Шығармашылық жұмысты жасау мен

топтық талқылаулар.

«5». Шығармашылық және топтық жұмыстардың басынан аяғына дейін өте жақсы белсенділік танытты

«4».Шығармашылық жұмыстарда жақсы белсенділік танытты

«3». Шығармашылық жұмыстарда селқос жұмыс жасады.

«2».шығармашылық жұмысқа араласпады. Мүлде әрекет жасамады.

Топтық жұмыстағы белсенділік.

«5»-топтық жұмыстың /талқылау, пікірлесу, санасу/басынан аяғына дейін өте жақсы белсенділік танытты.


«4»- топтық жұмыстың /талқылау, пікірлесу, санасу/басынан аяғына дейін жақсы белсенділік танытты.


«3»- топтық жұмыстрда селқостық танытты


«2»- топтық жұмысқа мүлдем араласпады.


Жалпы ұпайы

Бағасы


Бағалау шкаласы:

14-15 ұпай - «5»

11-13 ұпай - «4»

8-10 ұпай - «3»


/2-қосымша/


/3-қосымша/



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал