7


  • Учителю
  • 'Қазақтың ұлттық киімін әшекейлеу'

'Қазақтың ұлттық киімін әшекейлеу'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық сабақтың жоспары

Сабақтың түрі: жапсырма сабағы, 8 «А» тобы


Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімін әшекейлеу»


Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақтың сәндік қолданбалы өнері жайында

түсінік беру; қазақтың ұлттық киіміндегі ою-өрнек

түрлерінің ерекшеліктерін көрсету; киім үлгісіндегі ою-

өрнектердің қарапайым түрлерін қағаз бетіне түсіріп,

ұлттық киімдерін дайын шаблон арқылы әшекейлеуге

үйрету.


Сабақтың міндеті: оқушылардың шығармашылық ой қабілеттерін арттыру,

эстетикалық тәрбие беру; жұмыс барысында оқушыларды

қайшымен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау

керектігін ескерту.


Мұғалімнің сабаққа көрнекті құралдары: қазақтың ұлттық киім үлгілері,

фотосуреттер; оқушылардың үздік орындаған жұмыс

үлгілері; ою -өрнек түрлері, кітаптар.


Оқушылардың сабаққа қажетті құрал -жабдықтары:

түрлі -түсті қатты қатырма қағаз, жұмсақ қағаз, фольга,

қайшы, желім, жылтыр желім, қол сүртетін орамал.


Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру бөлімі:

а) амандасу

ә) оқушыларды орналастыру

б) журнал бойынша тексеру.


2. Негізгі бөлім:

а) кіріспе

ә) сергіту жаттығуы (ойын)

б) сұрақ -жауап

в) тәжірибелік жұмыс, оқушылардың жұмыстарын

тексеру

д) қорытындылау.

Сабақтың барысы:


Кіріспе. Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақтың ұлттық киімін әшекейлеу». Осы жұмысты дайын шаблон арқылы жасаймыз.

Бейнелеу өнерінің бір түрі -сәндік қолданбалы өнер. Бұл өнерде халық қолданатын заттарды - ыдысты, киімді, киізден жасалған бұйымдарды, жиһазды әдемілеуге, әшекейлеуге тырысқан. Қазақтың ұлттық киім -кешектеріне келсек, оның да ұлттық өзгешеліктері бар. Киімдерді алдымен көшіп -қонуға арнап тіккен. Ұлттық киімдер екі бағытта тігілген - әйел адам және ер адам киімдері.

Біз киімдердің бір қатар түрлеріне тоқталамыз. Ұлттық киімді бірінші таңдаған түрлі -түсті қатырма қағазға бастырып, үлгісін қиып аламыз да, үстіне кимешек, камзолды үйлестіріп жапсырып дайындаймыз. Содан соң оларды түстері келетін фольга немесе жылтыр қағаздан қарапайым ою -өрнек ойып әшекейлейміз.


Сергіту жаттығуы.

Ал, қазір балалар, жұмысқа жақсы кірісіп кету үшін денемізді шамалы қозғалтып, шынықтырып алайық. «Қыз қуу» ойынын ойнап жіберейік. Ол үшін бір қыз бала және бір ер баладан тұратын екі жұп керек. Мына ағаш атымызға мінген қыз бала мен ер бала белгілі арақашықтықта бір мезетте шабады. Ойын шарты бойынша қыз бала бұрылысқа бірінші болып жетуі тиіс. Егер ер бала бұрылысқа дейін қыз баланы қуып жетсе, жеңімпаз атанады, ал қуып жетпеген жағдайда қыз бала оны қамшымен ұрады. Екеуі де осы жарыста өздерінің тапқырлықтарын, шабандоздық шеберліктерін таныта білуі керек.

(Ойын ойналады, біткен соң балалар орындарына отырады.)


Сұрақ -жауап.

Бәрекелді, жарайсыңдар. Енді мұқият тыңдап, мынадай сұрақтарға жауап берейік:

Ерте заманда қыздар мен әжелердің қандай бас киімдері болған, олар қалай аталған?

Жауап : сәукеле, кимешек, шарқат, жаулық, орамал, тақия.

Ер баланың киімдері қандай болғанын атаңыз

Жауап: шапан, тон, мәсі, кебіс, т.б.

Ұлттық киімдерді бүгінде қай күні киеміз? Қандай мереке келе жатыр?

Жауап: Бүгінде Наурыз мерекесінде киеміз. Наурыз мерекесі келе жатыр.

Ұлттық ою -өрнек түрлерін білесіңдер ме?

Жауап: қошқар мүйіз, жұлдызша, ирек, түйе табан, т.б.

Сонымен, балалар, біз ұлттық киімдер түрлерін айқындадық. Сол киімдерге ата- бабаларымыз ою -өрнектің көптеген әсем түрлерін орналастырды. Біз енді жасымызға қарай қарапайым ою -өрнек түрлерін ойып, түстік шешімін табу арқылы қиып орналастырып, таңдаған ұлттық киімімізді әшекейлейміз. Кең тараған қошқар мүйіз, қызғалдақ, жұлдызша, ирек оюларын үлгілерге қарап, киімдеріміздің үстіне, ортасына, шетіне орналастырамыз.


Оюдың әр түрін көрсету, атауы жазылған.

Киім үстінде орналасқан үлгісін, орналасқан жерлерін көрсету.

Тәжірибелік жұмыс.

Жұмыс алдында балаларға қайшымен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасын сақтау керектігін ескерту.

Оқушылардың ұлттық киімдердің түстік шешімдерін, оюды үйлесімділікпен орналастыруды дұрыс орындауын қарап шығу, жеке көмек көрсету.


Қорытындылау.

Сабақ соңында балалардың жұмыстарын бағалау.

Жақсы жұмыс істегендері үшін алғыс айту, қоштасу.
























Қолданылған әдебиет:


«Қазақтың ұлттық киімдері» - Алма-Ата, «Жалын», 1976.

У.Джанибеков. «Эхо» - Алма -Ата, «Өнер», 1991.

Н.М.Калашникова, Г.А.Плужникова. «Одежда народов СССР» -Москва, «Планета», 1990.

У.Джанибеков. «Культура казахского ремесла» - Алма- Ата, «Өнер», 1962.

Д.Шоқпарұлы, Д.Дәркембайұлы. «Қазақтың қолданбалы өнері» - Алматыкітап, 2007.

«Қазақтың ұлттық киімдері» - Алматы, 2005.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал