7


  • Учителю
  • 'Пуантилизм нүктелермен сурет салу' (3 класс)

'Пуантилизм нүктелермен сурет салу' (3 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: 3 класс бейнелеу өнері

Пуантилизм(нүктелермен сурет салу) деген не?

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді

қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.


ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,

оқушы санасына терең сіңіру.


б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.

Әдіс тәсілдері: көрсету,талдау. түсіндіру

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Әрбір суретшіге, тіпті жаңа бастап жүрген талапкерге де түстерді араластыру мен пайдалану заңдылығын білу керек. Тәжірибе жасап көр: бір қатарға үш түрлі түстегі дақты жақ та, оған әр түрлі қашықтықтан қара. Дақтар бір түске айналып кеткен. Суретшілер өз шығармаларында осы тәсілді ұтымды қолданған.

Мына бір туындыға еріксіз көңіл аударасың. Қанатын кең жайған қарағайдың жапырақтары айшықты бояуларымен батқан күннің сәулесіне шағылысады. Майда қысқа дақтар жылт-жылт етіп, ауа қозғалысын көрсеткендей. Дақтардың түсі әр алуан реңге құбылып, толқып тұрғандай әсер береді. Жазудың бұл мәнерін суретшілер пуантилизм (нүктелермен сурет салу) деп атаған. Франңуздың «пуант» сөзі нүкте деген мағынаны білдіреді. Қысқа дақ расында да нүкте сияқты.



Егер суретті жақыннан қарайтын болсаң, қосылғанда белгілі бір түске айналатын көптеген ұсақ нүктелерді көруге болады. Қажетті түсті бояуларды бояутақтада араластыру арқылы ғана емес, сонымен қатар түсті дақтарды қатарлап жағу арқылы да алуға болады екен. Мұндай тәсіл оптикалық араластыру деп аталады. Бекіту:



  1. Суреттерге зейін қойып қара. Жасыл және күлгін түс қандай түстерден алынған?

  2. Түстерді алуда пайдаланылған бұл тәсіл қалай аталады?

  3. Жасыл, күлгін және қызғылт сары түстерді алу үшін бояутақтада кандай бояуларды араластырасың?


1. Мына натюрморттағы құмыраның түсі кандай?

2. Бұл түс қандай тәсілмен алынған?
3. Натюрморттың фоны қандай түстерден құралған? 17

4. Оптикалық араластыру тәсілімен қызыл, көк және сары түстерді алуға бола ма Үйге тапсырма беру: Түрлі-түсті бояулармен нүктелермен сурет салып көр.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал