7


  • Учителю
  • Сурет салудың техникасы. 5 – Сынып

Сурет салудың техникасы. 5 – Сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы -5 сыныптар

Сабақтың тақырыбы : Сурет салудың техникасы.5 - сынып

Сабақтың мақсаты : сурет салу жолдарын үйрету

Тәрбиелік : әдемілікке , ұқыптылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық : оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру, ой -өрісін дамыту

Құрал - жабдық, көрнекіліктер : қарындаштар, сурет дәптер және т.б

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сурет салу

І. Сабатың барысы: ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

ә) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

б) Үй тапсырмасын тексеру


ІІ. Жаңа тақырып. Сурет салу оңай емес, ол көпсатылы баспалдақ тәрізді күрделі кезеңдерден тұрады. Суретшіден аса табандылық пен еңбекқорлықты, сабырлылық пен ынтаны талап етеді.

Алуан түрлі құбылысқа толы қоршаған орта, тамылжыған табиғат пен аңазақ желді сахара шөлдер бар. Соларды суретші көзімен көру , оның басқалар байқай бермейтін әсемдігі мен бояуын саралай білу - тек суретшіге тән қасиет.

Сурет салуды үйрену барысында оқушы - «көлемді тұтас көру» атауы мен жиі кездеседі. Тұтас көру деген не, оны қалай түсінуге болады?

Тұтас көру дегеніміз - бейнелейтін дененің қандай да болмасын бір қырынан қарай отырып, көрінбейтін жағын толық көз алдыңа келтіру. Затты тек бір нүктеден отырып салу барысында оны әр нүктеден (әр жағынан) көріп, тексеріп сызып үйрену қажет.

Қандай сурет салсақ та, оның ішкі- сыртқы қаңқалақ құрылымы ой елегінен өткізіп тұрғызылады. Сонда ғана заттың құрылымын толық және тұтас көре аламыз. Әдетте қаңқалық - сызықтық суреттің арғы - бергі бөліктері мөлдір әйнектен көрініп тұрғандай әсер қалдырады. Осындай әдістерге жаттыққанда ғана перспектива заңдарын меңгере аламыз. Суреттің көпшілігі, әсіресе геометриялық денелер перспектива заңдылықтарына сүйеніп бейнеленеді.

Перспектива - латтынның «тұтас көру» деген сөзінен шыққан, яғни көрініс дегенге жақын келеді. Перспектива заңдылықтары өте көп, тек солардың басты екеуін міндетті түрде білуіміз керек.


Бірінші суретте оқушы айтқандай, тек өзіне көрініп тұрған жағын ғана салған, ол қандай зат екенін суреттен аңғару қиын.Тұтас көруді түсінбегендіктен көлеңке жағын штрихтаса да заттың көлемін, оның бірнеше қыры бар куб екенін көрсете алмаған.

Екінші суретте оқушы заттың жан-жағына назар аударып, перспектива заңдылығын пайдала отырып сурет салғаны көрініп тұр. Негізі тұтас көруді түсінген оқушы перспективаны да жақсы меңгереді, өйткені бұл екеуі суреттің бір-бірінен ажырамас негізгі заңдылықтары.

Енді тұтас көруді негіздей түсетін заттардың конструкциялық-қаңқалық құрылыммен танысамыз.Қаңқалық құрылым барлық заттар бар.Мысал ретінде ретінде кубтың суретін алуға болады.Сол сияқты басқа заттардың, геометриялық денелердің қаңқалық құрылымын зерттей отырып, талдау жасайық.Қандай сурет салсақ та, оның ішкі-сыртқы қаңқалық құрылымы ой елегінен өткізіп тұрғызылады.Сонда ғана заттың құрылымын толық және тұтас көре аламыз.Әдетте қаңқалық-сызықтық суреттің арғы бергі бөліктері мөлдір әйнектен көрініп тұрғандай әсер қалдырады.Осындай әдістерге жаттыққан оқушы келешекте перспектива заңдарын тез меңгере алады.Суреттің көпшілігі, әсіресе геометриялық денелер перспектива заңдылықтарына сүйеніп бейнеленеді.

ІІІ. Тақырыпты бекіту.1.Тұтас көру дегеніміз не?

2.Перспектива дегеніміз не?

ІY. Сабақты қорытындылау

Бағалау .Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма.Перспективаға байланысты сурет салу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал