- Учителю
- Урок 'Пейзаждын өркендеу тарихы' 5 класс
Урок 'Пейзаждын өркендеу тарихы' 5 класс
Сабақтың тақырыбы: Пейзаждың өркендеу тарихы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға тақырып бойынша төменгі сыныптарда алған білімдерін қосымша мәліметтермен толықтыру; білімдерін арттыру..
Дамытушылығы: практикалық сабақ барысында бейнелеу өнерінің түрлеріне эскиздер жасау, сурет салуларын ұйымдастыру.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың сабақ барысында ұқыпты әрі таза отырып, сабаққа белсенді атсалысуларын, қалыптастыру.
Көрнекілігі: кітап, иллюстрациялық материалдар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап әдісі
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
А) оқушыларды түгелделдеу
Б) оқу құралдарын тексеру
В) өткен материалдарды қортындылау.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа Пейзаж салуда оқушыларды баулуды бірнеше түрге бөлеміз.
-
Өзіне ұнаған табиғат көрнісін бейнелеу;
-
Қоршаған ортаның ерекшелігін ескеру;
-
Табиғат көрінісінен сұлу, әдемі композициялық құрылым табу.
-
Өзіне қажетті бейнелеу өнері құралдарын таңдау, тікелей тәсілмен жұмыс істеу;
-
Мұғалім мен оқушының пікір алмасуы.
Табиғат көрнісін, яғни пейзажды бейнелеуде кейбір заттардың кеңістіктегі көлемін және материалдық қасиетін айқындауда оқушылар бірқатар тәсілдерді меңгеруі қажет. Олар мыналар болып табылады.
-
Негізгі көрністің дәл ұқсастығын сақтау;
-
Табиғат көрнісін сәттә таңдау, қағаз бетіне үйлесімді бейнелеу;
-
Мүмкіндігінше бояумен жылдам жұмыс істей білу қабілеттерін арттыру:
Табиғат көрнісін бейнелеуде акварель, гуащь бояуын қолданған ыңғайлы. Жұмыс жазу барысында табиғат көрінісіне байланысты басым түстің өңі қарастырылады. Табиғат көрінісін бейнелеуге оқушыларды үйрету олардың мынандай қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
-
кеңістікті жан-жақты қабылдау;
-
табиғат көрінісінің реңдік және түстік қасиеттерін ескеру, бүтіндей қабылдау;
-
шығармашылық ізденпаздылықты дамыту;
Табиғат көрінісін бейнелеуге үйрету арқылы оқушы бойындағы патриоттық сезімді оятуға болады.
Қортындылау
Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдеріне ауызша сұрақ беру арқылы әрі алғашқы нобайларына қарай бағалау.
Үйге тапсырма: Тақырып бойынша басталған жобаны аяқтау, нобайлар жасау.