7


  • Учителю
  • Бұранданы кескіндеу және белгілеу (9-класс)

Бұранданы кескіндеу және белгілеу (9-класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шығырлы ауылы

Ә. Молдағұлова атындағы негізгі мектебі

Сызу пәнінің мұғалімі: Рамазан Ақылбек Арыстанбайұлы

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Бұранданы кескіндеу және белгілеу.

Сабақтың мақсаты: Тетіктерді бұранданың көмегімен біріктіру. Тесіктегі бұранданың алдыңғы көріністе кескінделуінде бұранданың ішкі және сыртқы диаметрлерін штрих сызықтармен көрсету.

Білімділігі: оқушыларға тетіктерді бұранданың көмегімен біріктіру туралы түсінік беру және білімдерін толықтыру.

Тәрбиелігі: ептілік пен дағдыны қалыптастырып, тазалыққа, саналылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: оқушылардың қабілетін ескере отырып ептілігі мен қабілетін дамытып, саналыққа дағдыландыру.

Көрнекілігі: мұғалім үшін: тетіктерді бұранданың көмегімен біріктіру түрлері салынған плакаттар, сызғыш, қалам, циркуль, оқушылар үшін: А4 формат қағазы, карандаш, сызғыш, өшіргіш.т.б. заттар.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, «адасқан көрініс сызбалары» шағын ойыны.

Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Тапсырмалар орындау.

5. Сабақты бекіту.

6. Үйге тапсырма.









</<font face="Times New Roman, serif">Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру: оқушылар сендер өткен сабақта бұйымдар туралы жалпы түсінік және тетіктерді біріктіру туралы жалпы мәліметтер тақырыбында танысып білдіңдер.Сол жайында кім не біледі?

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Тетіктерді бұранданың көмегімен біріктіру ажырамайтын біріктірулерге жатады.

Тетіктің өзегіндегі немесе тесігіндегі винттік кертік бұранда деп аталады.

Бұранданың екі түрі бар, олар бекіту бұрандасы және жүріс бұрандасы.Бекіту бұрандасы тетіктерді біріктіру қызметін атқарады, ал жүріс бұрандасы қозғалыс берілісі қызметін атқарады.

Метрлік бұранда бекіту бұрандасына жатады, оның төбесіндегі бұрышы 60° болатын үшбұрышты профилі бар (182-сурет).

Бұранданың осьтік қимасының контуры бұранданың профилі деп аталады. Профилінің пішініне қарай бұрандалар үшбұрышты, тікбұрышты, трапециялы, тіреуіш, дөңгелек бұрандалар болып бөлінеді (181-сурет).

Бұранданы кескіндеу және белгілеу (9-класс)





Сыбайлас екі өркеш арасындағы, бұранданың осі бойымен өлшенетін арақашықтық бұранда қадамы (Р) деп аталады.

Бұранданың сыртқы диаметрі (d) - бұранда профилінің өзектегі шығыңқы ұштары бойынша немесе тесіктегі ойыстар бойынша өлшенетін диаметр.

Бұранданың ішкі диаметрі (d¹) - бұранда профилінің өзектегі ойыстар бойынша немесе тесіктегі шығыңқы ұштары бойынша өлшенетін диаметр. Сызбаларды орындау кезінде бұранданың ішкі диаметрін шартты түрде 0,85d деп қабылдайды.

Сызбада өзектегі бұранданы кескіндегенде бұранданың сыртқы диаметрін тұтас негізгі сызықпен, ал ішкі диаметрін тұтас жіңішке сызықпен көрсетеміз (183-сурет).

Бұранданы кескіндеу және белгілеу (9-класс)





Сол жақ көріністе фасканы (жүзін) кескіндемейді, бұл бұранданың ішкі диаметрін шеңбер диаметрінің төрттен бір бөлігінде үзілген тұтас жіңішке сызықпен түсіру үшін жасалады. Осы шеңберді түсіру кезінде доғаның бір ұшын центрлік сызыққа шамамен 2 мм-ге жеткізбейді, ал оның екінші ұшы екінші центрлік сызықты осы шамада қиып өтеді. Тілінген бөліктің ұшы тұтас негізгі сызықпен көрсетіледі (183-сурет).





Тесіктегі бұранданың алдыңғы көріністе кескінделуінде бұранданың ішкі және сыртқы диаметрлерін штрих сызықтармен көрсетеміз (184-сурет).

Алдыңғы көріністе де фасканы көрсетпейді, ал бұранданың сыртқы диаметрін шеңбердің төрттен бір бөлігінде үзілген тұтас жіңішке сызықпен жүргіземіз. Мұнда доғаның бір ұшын жеткізбейді, ал оның екінші ұшы центрлік сызықты бірдей шамада қиып өтеді. Бұранданың ішкі диаметрін тұтас негізгі сызықпен жүргізеді. Бұранданың шекарасын штрих сызықпен көрсетеді (184-сурет).

Тесіктегі бұранданы көбіне тілікте көрсетеді (185-сурет), оны сыртқы диаметр бойынша тұтас жіңішке сызықпен және ішкі диаметр бойынша тұтас жуан сызықпен кескіндейді. Тілікте штрихтауды әрқашан тұтас жіңішке сызықты қия отырып, тұтас жуан сызыққа дейін жеткізеді.

Бұранданы кескіндеу және белгілеу (9-класс)

Көрінетін бұранданың шекарасын оның сыртқы диаметрінің сызығына дейін тұтас жуан негізгі сызықпен жүргізеді.

Сызбада метрлік бұранда М әрпімен белгіленеді, оның қасына бұранданың сыртқы диаметрінің шамасы жазылады да, одан кейін бұранданың ұсақ қадамы көрсетілуі мүмкін (мысалы, М20х1,5) (186-сурет).

Егер сыртқы диаметрдің шамасынан кейін бұранда қадамының шамасы көрсетілмесе, онда бұл бұранда қадамының ірі (әдетте, 5 мм-ден артық) екендігін білдіреді.

Бұрандаларды оң және сол жақ бұрандалар деп бөледі. Сол жақ бұранда жағдайында оның белгіленуінен кейін LN жазуын қосып жазамыз. (мысалы, М24х2LN).

4. Сарамандық жұмыс: Оқулықтағы 186-суретті салу, метрлік бұранданың белгіленуі.

Бұранданы кескіндеу және белгілеу (9-класс)

5. Сабақты бекіту: 1) Бұйым дегеніміз не? (Адам қолымен немесе өндірістік тәсілмен жасауға болатын нәрселер, нәрселер жиынтығы, машина, аспап және т.б. бұйым деп аталады).

2) Қандай біріктіру ажырайтын біріктіруге, қандай біріктіру ажырамайтын біріктіруге жатады? (Тетіктерді, олардың құрамына енетін және біріктірілетін элементтерді бүлдіріп алмай, бірнеше рет бөлшектеу мен қайта жинау мүмкін болатын біріктіру ажырайтын біріктіру деп аталады. Бөлшектеуге мүмкін болмайтын және біріктірілген тетіктерді немесе оларды біріктіріп тұрған элементтерді бүлдіріп алу нәтижесінде ғана ажырату мүмкін болатын біріктіру ажырамайтын біріктіру деп аталады.)

3) Бұранда дегеніміз не? (Тетіктің өзегіндегі немесе тесігіндегі винттік кертік бұранда деп аталады).

4) Метрлік бұранда сызбада қалай белгіленеді? (Сызбада метрлік бұранда М әрпімен белгіленеді, оның қасына бұранданың сыртқы диаметрінің шамасы жазылады да, одан кейін бұранданың ұсақ қадамы көрсетілуі мүмкін. Мысалы, М20х1,5)

6. Үйге тапсырма: оқулықтан бөлек оқушыларға бүгінгі тақырып бойынша карточка таратылып беріледі, сол бойынша үйден сызба жұмыстарын жасау.

Бұранданы кескіндеу және белгілеу (9-класс)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал