- Учителю
- Бейнелеу өнері пәнінен 'Жас суретшілер' тақырыбында сыныптан тыс шара жоспары. 5-6 Сынып
Бейнелеу өнері пәнінен 'Жас суретшілер' тақырыбында сыныптан тыс шара жоспары. 5-6 Сынып
Жалпы білім беретін Ақбұлақ орта мектебі
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып суретшілер әлемінде»
(Сыныптан тыс шара)
Пән мұғалімі: Е.С. Утегалиев
2013-2014 оқу жылы
«Ғажайып суретшілер әлемінде» сайысы
(сыныптан тыс шара)
Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету.
Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту.
Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және
шығармашылығын арттыру.
Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа
тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі емес
Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.
Көрнекілігі: Өнер жайлы нақыл сөздер, слайдтар, құрастырма суреттер, суреттер.
Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.
Сайыстың барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен!
Бүгінгі бейнелеу өнері сабағынан 5-6 сынып оқушылары арасындағы «Ғажайып суретшілер әлемі» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер.
Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.
-
К.М.Давлетьярова-мектеп директоры
-
Қ.А.Акдавлетова - технология пәнінің мұғалімі
-
А.К. Шундыбаева - қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
-
М.С. Авраева - жас мамандар бірлестігінің жетекшісі
Ортамызда екі топ сайысқа түспекші.
І топ «Бояулар»
ІІ топ «Қарындаш»
Өнер десе өртеніп жанып тұрар,
Сусындап сол өнерден қанып тұрар.
Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,
Кез келді өзін-өзі таныстырар, - дей келе сайысқа түспекші екі топпен танысайық.
«Бояулар» тобы:
Көрікті ашық бояумыз.
Өнерге ғашық баламыз.
Бәрінің өңін келтірер
Сурет болмас бояусыз.
Топ мүшелері:
-
Бақыт Ару
-
Социал Камила
-
Болат Айдар
-
Дильмагамбетов Бақтияр
-
Нұржанова Наргиза
-
Камзағалиев Данияр
«Қарындаш» тобы:
Біздің есім «Қарындаш»,
Өнерсіз бала қарны аш.
Сайысқа келген достарым,
Сурет сал, міне қарындаш.
Топ мүшелері:
-
Бақытжан Дәулетжан
-
Кабышев Жанат
-
Бектауов бағдат
-
Жеңіс Бәтима
-
Қайыржан Ізбасар
-
Кенжеғалиев Бауыржан