7


  • Учителю
  • Натюрморт. Сабақ жоспары 5 сынып ашық сабақ

Натюрморт. Сабақ жоспары 5 сынып ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

5 сынып

Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық натюрморт

Сабақтың мақсты: Оқушыларға ұлттық натюрморт, оның ерекшеліктері жайлы білім беру. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, ойлау, және көру қабілеттерін дамыту. Әсемдікке, әдемілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: Әртүрлі ұлттық натюрморттар бейнеленген көрнекіліктер, альбом, жарнама журналдар т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй жұмысы

  3. Өткен сабақтың игеру барысын тексеру

  4. Мұғалімнің қортындылануы

  5. Ұлттық натюрморт бейнесі

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардан қол өнері, зергер бұйымдары жайлы жұмыстарын тексеру

Негізгі бөлім

Бірнеше ұлттық натюрморт салғызу арқылы оқушыларды жаттықтыру. Әртүрлі бояу тәсілдерімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сурет салынатын нәрсені орналастыру, орнын белгілеу, көру нүктесін таңдау, қағаз бетіне суретті дұрыс орналастыру, үйлестірудің басты негізі болып табылады.

Бейнелейтін нұсқа жөніндегі негізгі ой қалыптасқаннан кейін ғана оқушылар қағаз бетіне нұсқаның жобасын бейнелейді. Бейнелейтін заттар үйлесімді, қисынды, әбден дұрыс болып шыққанша түзетіп, өзгерістер енгізеді. Сурет салынатын нәрсе суретке арналған қағаздың бетіне түгел сыйып кетуін, қағаздың жоғарғы жіне төменгі жағынан артық орын қалмайтындай етіп, орналастыру керек. Суреттің мән - маңызы мен құрылысы және бөліктерінің өзара байланысын қамтамасыз ету. Мұндай жоспарлау бейнелеу тілімен айтқанда, компановка деп аталады. Компановканың түпкі мақсаты - нәрсенің біріншілігін жеке бөлшектерінің бір тұтас, бүтін болып көрінуін қамтамасыз ету.

Сурет салынатын нәрселердің кеңістікте өзара орналасқан дұрыс белгілеу үшін қағаздың ортасын кесіп өтетін көлденен, тіке, көлбеу сызықтар пайдалану арқылы іздестіреді.

Сурет салғанда негізгі және ең қиын міндетті қағаздың бетіне көлемді пішінді түсіру болып табылады. Сондықтан оқушыларға практикалық тапсырмалар беру арқылы үйлестіру заңдылықтарын үйренуге мән беріледі.

Бекіту.

Оқушылардың өз шығармашылық жұмыстары. Оқушылардың салған суреттерін тексеріп, өздеріне талдату. Оқушылардың салған суреттерін салыстырып, айырмашылығын айту.

Қорытынды.

Оқушыларға берілген тапсырма бойынша қателерін тексеру, жөндеу, бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал