7


  • Учителю
  • Конспект урока ИЗО Менің Қазақстаным

Конспект урока ИЗО Менің Қазақстаным

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні ______ Пән: Бейнелеу өнері. Сабақ: 5 Сынып : 4



Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным.



Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды пейзажистер О.Таңсықбаев,В.Поляков,А.Исмаилов шығармаларымен таныстыру.

2.Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптасытру,пейзаж өнеріне қызығушылығы мен сүйіспеншілігін ояту,жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.

3.Бейнелі ойлау қабілеттерін арттыру,шығармашылық ойлауы мен пейзаждың әдіс-тәсілдерін дамыту.

Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері,ана тілі,дүниетану.

Көрнекілігі:оқулық,суреттер,құрал-жабдықтар.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

Психологиялық кезең (Оқушылардың көңіл күйін бір қалыпқа келтіру).Сабақтың жоспарымен таныстыру.

Біз Қазақстанда тұрамыз. Жер бетінде Қазақстанға жетер жер жоқ. Бұл жердің табиғаты тамаша, мұнда жайсаң жандар өмір сүріп, еңбек етуде. Әр адам өз туған жерін, өз Отанын өзінше сүйеді.

Туған өлкеміздің табиғатын бейнелеп көрейік. Табиғат көрінісі бейнеленген картина қалай аталады? Әрине, бұл - пейзаж!

Мұндай жұмысты неден бастау керек? Ол бірнеше кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде табиғатты бақылап алу керек. Көргеннің бәрін қағаз бетіне түсіре бермей, мұқият ойланып, ойыңды саралап, ең әсем, көрнекті пейзажды таңдап алған жөн.

Екінші кезең - табиғаттағы бояуларды бақылау. Бір күн ішінде бояулардың түсі өзгеріп, құбылып отыратынын байқадың ба? Таңғы шақтағы мақпалдай нәзік түстер, күндізгі ашық, жарқын бояулар және кешкі уақыттағы қанық, қою бояулар. Табиғатты неғұрлым шынайы бейнелей алсақ, пейзаж соғұрлым сәтті шығады.

Конспект урока ИЗО Менің Қазақстаным

Үшінші кезең - пейзажды салу жұмысы. Алдымен өзімізге жақын орналасқан заттарды қағаз бетінің төменгі жағына саламыз. Бұл алдыңғы план болады. Жақын орналасқан заттарды қалай бейнелеу керектігі естеріңде ме? (Ірі, түсі қанық, ұсақ бөлшектеріне дейін анықтап салынады). Басқа заттарды жоғарғы жағына, яғни қашығырақ етіп саламыз. Олар кішірек болады. Бұл - ортаңғы план. Ең соңында алыста орналасқан заттарды қағаздың ең жоғарғы жағына саламыз. Бұл - артқы план.

Бақылағандарыңды пайдалана отырып, туған өлкеңнің пейзажын газ бетіне түсір.

Қорытынды.

Сұрақтарға жауап беру:

-Пейзаж дегеніміз не?

-Пейзаж жұмысын неден бастау керек?

-Кезеңдерін ата.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал