7


  • Учителю
  • Конспект по ИЗО на тему 'Бейнелеу өнерінің түрлері' (4 класс)

Конспект по ИЗО на тему 'Бейнелеу өнерінің түрлері' (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ооқушыларды танымал суретшілердің шығармаларымен таныстыру, сурет өнерінің элементарлық негізі туралы білім беру, оқушылардың байқағыштығын, көру арқылы қабылдауын дамыту, еліміздің қоғамдық өміріне белсене араласуына қабілетті,білімді, тәрбиелі азаматтарын азамат
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері.
Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларды танымал суретшілердің шығармаларымен

таныстыру, сурет өнерінің элементарлық негізі туралы білім

беру.
ә) дамытушылық: оқушылардың байқағыштығын, көру арқылы қабылдауын

дамыту.
б) тәрбиелік: еліміздің қоғамдық өміріне белсене араласуына қабілетті,

білімді, тәрбиелі азаматтарын азаматын тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: репродукция, тақта, слайд, шағын көрме.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушы назарын сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын жариялау.
Силуэт суреттерге қарап отырып «бейнелеу» сөзін құрастыру( бесік, ерін, ине, нан, етік, лақ, екі, уық ) Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

2. Саяхат жасау
- Балалар, бүгін біз «сиқырлы кілемге» жайғасып саяхатқа шығамыз. Алдымызда бейнелеу өнері туындылары жинақталған «сурет», «графика», «кескіндеме», «мүсін», «сәулет өнері» және «сәндік қолданбалы өнер» мұражайлары күтіп тұр. Сол мұражайларға жетіп кіру үшін берілген тапсырмаларды орындау қажет, сұрақтарға дұрыс жауап беру керек.
- Ал, қане «сурет» мұражайына саяхатқа барайық.
1. Тапсырма: а/ Сурет дегеніміз не?
ә/ Сурет салу құралын ата
б/ Сурет тарихы қайдан бастау алады.
в\ Жұмбақ суреттің жауабын шешу.
Мұражайға кіруге қол жеткіздік ( слайд көрсету) Карандашпен орындалған нобай суреттер таныстыру, қолмен салып көрсету.

Ендігі сапарымыз «графика» мұражайы
2. Тапсырма: а/ Графика сөзінің қазақша мағынасы
ә/ «Графика» сөзі қайдан шыққан?
б/ Қазақстандағы график суретшілерді ата
в/ «графика» сөзінен бейнелеу өнеріне қатысты 7 сөз ойлап тап.
(гуашь, репродукция, акварель, фреска, иллюстрация, композиция, автопортрет)
«Графика» мұражайын тамашалайық (слайд көрсету) Жеңіс Кәкеновтың графикалық туындыларын көрсету, таныстыру

Саяхатымызды жалғастырайық, бізді «кескіндеме» мұражайы күтіп тұр.
3. Тапсырма: а/ Кескіндемеге қажет құрал - жабдықтарды ата
ә/ «Живопись» деген не?
б/ Кескіндеменің қандай түрлері бар?
в/ бояу туралы логикалық сұрақ беру

Кескіндемелік туындылары бар мұражайды көріп, талдау. Орал Таңсықбаев туралы слайд көрсету.

Саяхатты жалғастырайық, «мүсіндер» мұражайына жол тартайық.
4. Тапсырма: а/ Ертеде қазақ жерінде мүсіндер болған ба?
ә/ Мүсін қалай жасалады?
б/ Мүсін неден жасалуы мүмкін?
в/ Қазақ мүсіншілері кімдер?
«Мүсін» мұражайын аралау, көру, танысу ( слайд)
Ескен Сергебаев және Хакімжан Наурызбаевтың шығармашылығы туралы мағлұматтар беру.

Саяхатымыз «сәндік қолданбалы өнер» бағытында жалғасады.
5. Тапсырма: а/ Қазақ қолөнері дегеніміз не?
ә/ Қолөнердің қандай түрлері бар?
б/ Ұлттық ою - өрнекті зерттеп, дамуына үлес қосқан суретші
қолөнершілер кімдер?
в/ Бас киімге қандай ою - өрнектер салынуы мүмкін?
Оқушылардың жауаптарын толықтырып, оларды «ою - өнек» әлеміне жетелеу.
«Ою - өнек түрлері» слайдымен таныстыру. Ғ. Иляев, Т. Басенов еңбектеріне тоқталу.
- Ал, енді біздің соңғы бағытымыз «сәулет өнері»
6. Тапсырма. а/ «Сәулет» сөзін басқа тілдерге аударып көрейік.
ә/ Ең ежелгі танымал, сақталып қалған сәулеттік құрылыс қай жерде?
б/ Қазақстандағы 7 кереметті атап бер.
в/ Сен туып өскен жерде сәулетті құрылыстар бар ма?

Оқушыларды бағалау.
1. Белсене қатысқан оқушыларды марапаттау.
2. Оқушылардың білімін салыстыра отырып бағалау.
Ой толғау
- Мен не білемін?
- Мен не білгім келеді?
Сабақты қорытындылау.
Біз бүгін бейнелеу түрлерін еске түсірдік. Суретші шығармалары қоршаған ортаны, табиғатты, өмірдегі құбылыстарды танып білуге, сұлулықты сезіне білуге жетелейді.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал