- Учителю
- Бейнелеу өнерінен қысқа мерзімді жоспар
Бейнелеу өнерінен қысқа мерзімді жоспар
| Бейнелеу өнері | 3 «а» сынып | ||
Сабақтың тақырыбы: | «Өсімдік тектес өрнек»
| |||
Сабақтың жалпы мақсаты: | Өсімдік тектес өрнектер және оларды салу тәсілі туралы білімдерін бекіту; сызық,дақ, түс беру негізінде өрнекті компзицияны салу кезіндегі графикалық дағдыларын дамыту. | |||
Күтілетін нәтижесі: | Өсімдік тектес өрнектер және оларды салу тәсілі туралы біледі; Қарапайым өсімдік тектес өрнектерді салуды орындай алады; | |||
№ | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||
1 | Ұйымдастыру кезеңі. Назарларын сабаққа аудару | Жұмыс орнын даярлау | ||
2 | Белсенді іс-әрекетті дайындау. Оқушылармен бірге өрнекпен безендірілген заттарды қараймыз. Олардың ерекшеліктерін- оюларына нақ сарынды жасалғанматериалын, өрнектеуге пайдаланылған бояу түрін көреміз. | Қойылған жұмыстарды тамашалайды. -бүгін біз элементтерден ырғақ пен бояуды қолдана отырып, өсімдік тектес өрнек құрастыруды үйрендік. -Кейбір өрнектерден қоңыраугүл мен түймедақты оңай тануға болады. Ал басқа гүлдерді анықтау қиын. | ||
3 | Тірек білімдерін белсендіру. Балалардан өрнек ұғымын анықтауды сұраймыз. Өрнектер -өсімдіктердің, жануарлардың,табиғат құбылыстарының, тіпті адамдардың стильденген, яғни жеңілдетілген бейнелері. Өрнек ырғақ арқылы кезектесіп отыратын элементтерден құрастырылады. Өрнектер киім-кешек пен аяқ киімдерді, ыдыстарды, кілемдерді, ыдыстарды, кілемдер мен басқа да тұрмыстық заттарды, сондай-ақ ғимараттарды әшекейлеуге қолданылады. | -Өрнек өсімдіктердің, жануарлардың,құстардың, адамдардың түрі өзгертілген бейнелері. -адамдар өрнектермен тұрмыстық заттарды безендіреді.
| ||
4 | Жаңа материалды оқып үйрену. Бүгін біз өсімдік тектес өрнектерді саламыз. Ең алдымен өрнектердің суретін салғанда ең маңызды тәсілдің стильдеу екенін есіңе түсір. Стильдеу- бейнеленетін пішіндерді суреті мен түсіне қарай жинақтау және жеңілдету. Яғни пішіндерді өрнекке ыңғайлы қалыпқа келтіру. Алдымен өсімдіктер мен өсімдік тектес өрнектердің суреттерін көрсетіп, шынайы өсімдік пен өрнектік бейнелерін салыстыруды ұсынамыз. Шынайы бейненің өрнектік бейнеге ауысу тәсілін көрсету. | Дәптермен өз бетерінше жұмыс істеу. Өсімдіктердің шынайы бейнесі мен өрнек түріндегі суретін салыстыру. Жаттығулар орындайды. Дәптермен жұмыс. | ||
5 | Практикалық жұмыс. Шығармашылық іс-әрекет. Оқушыларға өздерінінң авторлық өрнектерін жасауды ұсыну. | Оқушылардың өзіндік жұмысы. Өсімдіктер бейнеленген жинағы негізінде өсімдік тектес өрнек салуды үйрендік. -бүгін біз элементтерден ырғақ пен түсті қолдана отырып, өсімдік тектес өрнек құрастыруды үйрендік. | ||
6. | Рефлексия Сабақтан не білгендерін әңгімелеп берулерін сұрау. | Өзіндік бағалау. | ||
7. | Қорытындылау . Үздік жұмыстарды атап өту. | Өз жұмыстары туралы ойлары. -Балалар жасаған өсімдік тектес өрнектердің барлығы да өте әсем, көркем мәнерлі болды. | ||
8. | Үйге тапсырма. Оқулықтың 28-29 беттері. | Мүсіндеп жаттығу. |
Күні:
Бейнелеу өнері
3 «а» сынып
Сабақтың тақырыбы:
Қысқы табиғат
Сабақтың жалпы мақсаты
Түсті мәнерлеу мүмкіндіктері туралы білімдерін қалыптастыру; гуашьты бүрку және пазтозды техника тәсілімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтижесі
Сурет көшірмесіндегі түстік үйлесімділікті анықтайды; Суретпен түс арқылы табиғат көрінісінде кеңістікті қалай беретінін біледі.
№
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1
Ұйымдастыру кезеңі. Назарларын сабаққа аудару
Жұмыс орнын даярлау
2
Белсенді іс-әрекетті дайындау.
Қысқы табиғат бейнеленген видео роликті тамашалау.
Балалар видео роликті
қарап шығып талқылайды.
3
Тірек білімдерін белсендіру. Қысқы пейзаж бейнеленген фотосуреттер мен суретшілердің картиналарының көшірмелерін талқылағанда балалардың табиғаттың әртүрлі күйге енген кездегі түс пен реңк айырмашылықтарын анықтап, айтып беруін сұрау. Иван Шишкин қысқы орман көрінісін әдемілігін өз суретінде ерекше бейнелеп көрсеткен.
Ал басқа кескіндемеші- Вильгельм Пурвит солғын бояу түсімен -ақ қысқы табиғат көрінісін бейнелей білген.
Оқушылар сурет көшірмесіндегі түстік үйлесімділікті өз беттерінше анықтайды.
4
Жаңа материалды оқып үйрену. Қары, бұрқасыны бар аязды қыс келді. Айнала аппақ көрпеге оранды. Әсіресе ормандағы, таудағы немесе өзен жағасындағы қысқы күн ерекше көрінеді.
Табиғат көрінісі бейнеленген өнер туындысының пейзаждеп аталатыны есңіде болар. Бүгін қысқы көріністі бейнелеп көресіңдер.
Оқушылар мұғалімнің түсіндірмесін мұқият тыңдайды.
5
Практикалық жұмыс. Шығармашылық іс-әрекет.
Енді сен көзіңді жұмып, ойша қыс табиғатына саяхат жаса. Өзің ойыңда елестеткен қыс көрінісін қағаз бетіне түсір.
Оқушылардың өзіндік жұмысы.
қыс көрінісін қағаз бетіне түсіреді.
.
6.
Рефлексия
Сабақтан не білгендерін әңгімелеп берулерін сұрау.
Өзіндік бағалау.
7.
Қорытындылау .
-Қыс мезгілінің айларын ата.
-Қысқы ойын түрлері?
Өз жұмыстары туралы ойлары.
8.
Үйге тапсырма. Оқулықтың 30-31 беттері.
Қыс мезілі туралы әңгімелеу
Бейнелеу өнері
3 «а» сынып
Сабақтың тақырыбы:
Көлемді қар үлпегі
Сабақтың жалпы мақсаты
Дизайн және табиғи пішін негізінде құрастыру тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру; табиғатты сүюге тәрбиелеу, қиялдарын дамыту.
Күтілетін нәтижесі
Стильге келтіру және жалпылау тәсілдерін қолдана біледі
Құрастыру және үлгілеу дағдыларын қолданады.
№
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1
Ұйымдастыру кезеңі. Назарларын сабаққа аудару
Жұмыс орнын даярлау
2
Белсенді іс-әрекетті дайындау. Жаңа жылда жақындап қалды. Барлық баланың сүйікті мерекесіне орай үй-жайларды және жаңажылдық шыршаны безендіру жұмысы басталады.
Біз бүгінгі сабақта көлемді қар үлпектерін жасаймыз.
3
Тірек білімдерін белсендіру.
Адамдар ерте кезден-ақ әдемі, әртүрлі қар үлпектерінің құрылысын есте сақтауға тырысқан. Алайда бұл ойды жүзеге асрыу қиын, өйткені алақанға тиер-тиместен еріп кетеді. Оларды суретке түсіру де мүмкін емес. Бірақ олардың суретін салуға немесе қолдан жасауға болады.
Оқушылар сурет көшірмесіндегі түстік үйлесімділікті өз беттерінше анықтайды.
4
Жаңа материалды оқып үйрену
Көлемдері 20х40 см болатын екі парақ қағаз ал. Қағаздың екі жағына акварель бояуды бүрку тәсілімен түсір. Қағаз кепкенше күте тұр.
Қағаз парақшаларды көлденеңінен қатпарлап бүкте. Әрбір қатпарды ортасынан бүгу керек. Қатпарланып бүктелген қағазға симетриялы ойықтар жаса.
Қатпардың орта тұстарын бір-бірімен степлер арқылы бекітіп немесе жіппен тігіп қой. Оларды ашып жай. Қар үлпектерін біріктіріп желімде.
Оқушылар мұғалімнің түсіндірмесін мұқият тыңдайды.
Қайталап, қара үлпектерін жасап жаттығады.
5
Практикалық жұмыс. Шығармашылық іс-әрекет.
Қар үлпектерін жасау.
Сынып бөлмесін әшекейлеу.
Оқушылардың өзіндік жұмысы.
Қар үлпектерін жасайды.
.
6.
Рефлексия
Сабақтан не білгендерін әңгімелеп берулерін сұрау.
Өзіндік бағалау.
7.
Қорытындылау .
-
Қар үлпектері жасаған ұнады ма?
-
Кімнің жасаған қар үлпегі ұнады?
Өз жұмыстары туралы ойлары.
8.
Үйге тапсырма. Оқулықтың 32-33 беттері.
Қыс мезілі туралы әңгімелеу
Бейнелеу өнері
3 «а» сынып
Сабақтың тақырыбы:
«Қазақстанның көрікті жерлері»
Сабақтың жалпы мақсаты
Пейзаждың салу дағдыларын қалыптастыру; қазақстанның дәстүрлі мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижесі
Суық пен жылы түстерді біледі,
Кескіндеменің мәнерлеу мүмкіндіктерін қолдана алады
№
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1
Ұйымдастыру кезеңі. Назарларын сабаққа аудару
Жұмыс орнын даярлау
2
Белсенді іс-әрекетті дайындау.
Қазақстанның табиғаты таңғажайып, бұл жерде тамаша адамдар өмір сүріп, еңбек етеді. Біздің әрқайсымыз өз Отанымызды, өз өлкемізді, өзіміздің туған жерімізді жақсы көреміз.
Презентацияны тамашалау.
3
Тірек білімдерін белсендіру.
Фотосуретке қарңдаршы, адамдар сияқты табиғаттың да көңіл күйі әр алуан болады. Бірақ қай кезде де сұлу болып қала береді. Тек осы сұлулықты көріп, түсіне білу керек. Шығармашылық адамдарды (суретшілер, сазгерлер, ақындар) табиғаттың көңілкүйін сезіне біліп, оны нәзік жеткізе алады.
Оқушылар сурет көшірмесіндегі түстік үйлесімділікті өз беттерінше анықтайды.
4
Жаңа материалды оқып үйрену.
Бүгін сенде Отаныңа деген сүйіспеншілігіңді сурет арқылы білдіре аласың. Өзің болған тамаша жердің суретін сал. Табиғаттың көңіл күйін бояу арқылы жеткізуге тырыс.
Оқушылар мұғалімнің түсіндірмесін мұқият тыңдайды.
5
Практикалық жұмыс. Шығармашылық іс-әрекет.
Қазақстанның көрікті жерлері тақырыбына сурет салу.
Оқушылардың өзіндік жұмысы.
Өз қалаулары бойынша сурет салу.
6.
Рефлексия
Сабақтан не білгендерін әңгімелеп берулерін сұрау.
Өзіндік бағалау.
7.
Қорытындылау .
-Қазақстанның көрікті жерлерін ата.
-Астана қаласының көрікті жерлерін ата.
Өз жұмыстары туралы ойлары.
8.
Үйге тапсырма. Оқулықтың 34-35беттері.
Қыс мезілі туралы әңгімелеу
Бейнелеу өнері
3 «а» сынып
Сабақтың тақырыбы:
«Өз қиялыңдағы қала»
Сабақтың жалпы мақсаты
Сәулет өнері және сәулетшінің жұмысы туралы білімдерін тереңдету,жұмыстың жобасын дайындау дағдыларын арттыру; сәулетші мамандығын құрметеуге және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижесі
-
Пластикалық өнердің түрі ретінде сәулет өнерінің анықтамасын біледі;
Кеңістіктік ойлау дағдыларын қолдану, құрастыру дағдыларын игереді.
№
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1
Ұйымдастыру кезеңі. Назарларын сабаққа аудару
Жұмыс орнын даярлау
2
Белсенді іс-әрекетті дайындау. Балаларға белгілі бір сәулет стильі бойынша жұмыс орындауды тапсырыңыз. Жұмыс қағаз пластикасы техникасымен орындалады, ол оқушыларға белгілі бір дәуірдегі сәулет өнері ерекшеліктерін барынша айқындап көрсетуге көмектеседі.
Мұғалімді мұқият тыңдайды.
3
Тірек білімдерін белсендіру.
Әрбір үй, әрбір көше, әрбір қаланың өзіндік стильі болады. Сәулет стильі дегеніміз не? Стиль - ерекше көркем пішіндердің үйлесімі. Әр дәуірдің өзіне тән стильі болады.
Сурет көшірмелерін көрсете отырып, балаларды түрлі сәулет стильдері - антикалық, готикалық, барокко, модерн және хай-тек стильімен таныстырамыз, жалпы түсінік, анықтамасын береміз.
Оқушылар сурет көшірмесіндегі түстік үйлесімділікті өз беттерінше анықтайды.
4
Жаңа материалды оқып үйрену Оқушылармен бірге ғажап сәулет нысандарын ойлап тауып, тұрғызған адамдарды қалай атайтынын еске түсіреміз. Бұл ғимараттарды - тұрғын үйлер мен қоғамдық мекемелерді жобалау дизайннын жасаумен айналысатын адамды сәулетші деп атайтынын еске түсіреміз.
Оқушылар мұғалімнің түсіндірмесін мұқият тыңдайды.
5
Практикалық жұмыс. Шығармашылық іс-әрекет.
Жұмыстың ретін көрсетеміз:
-
альбомдық параққа жай қарындашпен сәулет ғимараты нобайын жасаймыз;
-
қатырма қағаз және түрлі түсті қағаз парақтарына сызғышпен ғимарат элементтері жасалып, қайшымен қиылып алынады.
-
Барлық дитальді жеке қатырмақағаз парағына жапсырамыз.
Оқушылардың өзіндік жұмысы.
Өз қиялыңдағы қаланы суреттеу, мүсіндеу.
.
6.
Рефлексия
Сабақтан не білгендерін әңгімелеп берулерін сұрау.
Өзіндік бағалау.
7.
Қорытындылау .
-
«сәулет әлемі» көрмесін өткізуге болады.
Өз жұмыстары туралы ойлары.
8.
Үйге тапсырма. Оқулықтың 36-37беттері.
Қыс мезілі туралы әңгімелеу
Күні: 04.02.2015
Бейнелеу өнері
3 «а» сынып
Сабақтың тақырыбы:
«Шығыс ертегілері»
Сабақтың жалпы мақсаты
Кітап безендіру және оның мүмкіндіктері туралы білімдерін тереңдету; иллюстрацияны кейіпкерлердің көңіл күйін бере отырып салу дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижесі
Майлы бор немесе балауыздың бейнелеу мүмкіндіктерін қолданады;
Композиция тәсілдерін қолдана алады.
№
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1
Ұйымдастыру кезеңі. Назарларын сабаққа аудару
Жұмыс орнын даярлау
2
Белсенді іс-әрекетті дайындау.
Ертегіні ересектер де, балалар да жақсы көреді, Сендерге шығыстың «Мың бір түн» ертегісінің мазмұны таныс шығар. Мүмкін мультфильмін де көрген боларсыңдар.
3
Тірек білімдерін белсендіру.
Шахир шах өз уәзірінің ақылды қызы Шахерезадаға үйленеді. Шхрезада оған әр түнде қызықты оқиға айтып береді де, ең қызық жеріне келгенде әңгімесін үзіп жібереді....
Патша болса оқиғаның немен аяқталатынын білуге асығады. Міне, осылайша «Мың бір түн» ертегісі пайда болған еді.
Оқушылар сурет көшірмесіндегі түстік үйлесімділікті өз беттерінше анықтайды.
4
Жаңа материалды оқып үйрену.
-
Ал саған қандай ертегі ұнайды? Оны өзің суретің салған ертегі бойынша «әңгімелеп» көр. Ертегіні тағы бір рет қайталап оқып, есіңе түсір. Бір суреттің ішінде толық мазмұнын бейнелеу мүмкін емес. Сондықтан қай оқиғаны бейнелейтініңді анықтап ал. Өзіңе қатты ұнаған көріністі таңдағаның дұрыс.
Оқушылар мұғалімнің түсіндірмесін мұқият тыңдайды.
5
Практикалық жұмыс. Шығармашылық іс-әрекет.
Сурет салуға қажетті түрлі түсті борларды пайдаланып суретті бейнелеу.
Оқушылардың өзіндік жұмысы.
6.
Рефлексия
Сабақтан не білгендерін әңгімелеп берулерін сұрау.
Өзіндік бағалау.
7.
Қорытындылау .
Өз жұмыстары туралы ойлары.
8.
Үйге тапсырма. Оқулықтың 38-39 беттері.
Қыс мезілі туралы әңгімелеу