7


  • Учителю
  • Дизайн түрлері. Қазақ ұлттық костюмі

Дизайн түрлері. Қазақ ұлттық костюмі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашақ сабақ

Тақырыбы: Дизайн түрлері. Қазақ ұлттық костюмі

</

Сабақ мақсаты: костюмнің шығу тарихы, ұлттық киімі дизайнын жасау, әсемдікті өз тіршілігінде орынды пайдалана білуге үйрету.

Сабақ міндеті:

1. Білімділік: оқушыларға костюмдер және олардың қазіргі заман талабына сай болуы туралы түсінік беру.

2. Дамытушылық: оқушылардың киімдер туралы көзқарастарын, эстетикалық талғамдарын дамыту.

3. Тәрбиелік: оқушыларды халық дәстүрінің тарихын біліп, бүгінгі өмірмен жалғастырып, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі емес.

Сабақ әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, АКТ, өзін-өзі бағалау, түсіндіру, практикалық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: информатика, технология.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру:

  • Сәлеметсіңдер ме балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, өйткені сабағымызға қонақтар келіп отыр. Бүгінгі сабақта сендерге сәттілік тілеймін.

II. Үй тапсырмасы:

  • Басында өткен тақырыптар бойынша сөзжұмбақ шешеміз. Тақтада көрулерің болады. Дұрыс жауабын тапқан оқушы тақтаға шығып жазады.

Көлденеңінен:

  1. Бояумен қолданылатын зат. (қылқалам)

  1. Олармен ұлттық киім мен заттарды әсемдейді. (ою)

  2. Қарындаш, көмір, т. б бейнелеу өнерінің құралдарымен орындалған көркем шығарма. (Графика)

  1. Адамның көркем бейнесі. (Портрет)

  1. Зәулім ғимарат, құрылыстарда бедерлеу мен нақыш өнері.(Сәулет)

  2. Көмкерілген бөлігі қабырға немесе төбе. (панно)

Тігінен:

  1. Жылы түс. (қызыл)

  2. Жансыз заттарды бейнелеу.(Натюрморт)

  1. Су бояуы. (акварель)

  1. Қазақтың ұлы суретшісі, "Жас Абай" суреттің авторы. (Қастеев)

Осы айтқанымыздай ұлы халық суретшісі - Әбілхан Қастеевтің сөздерімен сабақты жалғастырғым келеді.

Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Қошқардың мүйізінен үйрендім деген.

III Жаңа тақырып:

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Дизайн түрлері. Қазақ ұлттық костюмі»

  • «Дизайн» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Дизайн - бұйымның сыртқы көрінісін әдемі, тартымды, сәнді етіп жасайтын (яғни көркем құрастыру) іс-әрекеті.

  • Дизайн сөзі ағылшын тілінен аударғанда «жоба» деген мағынаны білдіреді. Дизайн дегеніміз көркем құрастыру. Олай болса көркем құрастырумен шұғылданушы - дизайншы. Сендер 1 сыныптан бері дизайнмен айналысып келесіңдер.

  • Ал енді «костюм» сөзінің мағынасын бізге Шыңғыс айтып береді.

Оқушы: Костюм бізге ежелгі Египет елінен келген. Заман ағымына байланысты өзгеріп отырып, қазіргі костюмдердің үлгісіне енді.

Костюм - француз тілінен аударғанда «киім- кешек» деген мағынаны береді. Костюмдер композициясы дегеніміз - костюмдерді құрастыру, яғни әр түрлі маталардан, әр түрлі стильдерден костюм үлгілерін қурастырып шығару. Композиция сөзі латын тілінен аударылған. Қазіргі сәнде екі түрлі бағыт бар. Ретроспективалы және перспективалы. Ретроспективалы өткенге бағытталса, перспективалы болашаққа бағытталған. Киімдер қолданылуына қарай күнделікті, тұрмыстық, сахналық, спорттық болып бөлінеді.

  • Рахмет. Біз дизайн және костюм сөздерінің мағынасымен таныстық. Енді ұлттық киімдердің түрлерімен танысайық.

  • (Бұл слайдта не көріп тұрсыңдар?) Киімдердің түрлері көп: бас киім, аяқ киім, сырт киім. Әр киімнің өз ерекшелері бар.

  • Бұл слайдта келінні сәукелесін, әженің кимешегі, ер адамның қысқы және жазғы бас киімін көресіңдер (слайд 6). Бас киімдерді оюлармен безендіреді Жиі пайдаланынатан өрнектер туралы сендердің назарларыңа бейне ролик ұсынамын. (слайд 6 ролик)

  • Келесі слайдта ер адам мен әйел адамның сыртқы киімінің үлгілері. (слайд 7). Көбінде әйел адамның көйлектері бір түсті. Ал камзолдар өрнектермен безендіріледі. (слайд 7 ролик)

  • (слайд 8) Бұрыңғы замандағы әйел киімі.

  • (слайд 9) Бұрыңғы замандағы ер адам киімі.

  • Осы заманда пайданылатын мата түрлері ғана өзгерілген, ал оюлар өзгеріссіз қалды

IV. Практикалық жұмыс:

- Сонымен біз дизайн, костюм, өрнектерге қатысты талай мәліметпен таныстық. Енді практиқалық жұмысқа кірісейік.

2-3 бала А3 қағазына өздерің таңдаған киім түрін салып, үйде дайындап алып келген өрнектермен әшекейлейсіңдер.

Диас компьютер арқылы Раint программасы бойынша жұмыс істейді. Таңдаған киім түрін салып және оюлармен безендіресің.

V. Практикалық жұмыстарды бағалау:

- Әр топ өз суреттерін қорғайды. Неліктен осы киім мен өрнектерді таңдағандарыңды айтасыңдар.

VI.Өткен тақырып бойынша тесттік жұмыс.

  • Жақсы жұмыс істедік, қазір бүгінгі өткен тақырып бойынша тесттік жұмыс.

Сауалнама сұрақтары:

  1. Ою - өрнектердің қандай түрлерін білесіндер?

А) киіз үй Ә) Қошқармүйіз Б) Аспан

  1. Оюды неде пайдаланады?

А) Киім Ә) Қалада Б) Партада

  1. Оюлар неше бұрышты болады?

А) Ұзын Ә) қысқа Б) Төртбұрышты

  1. Ою - өрнек неде бейнеленген?

А) Әнұран Ә) Елтаңба Б) Ту

  1. Өсімдік оюларына қандай оюлар жатады?

А) Балдақ Ә) Ағаша Б) Ирек

  1. Костюм француз тілінен аударғанда қандай мағына береді?

А) Көйлек Ә) Киім- кешек Б) Шалбар

  1. Ежелгі костюмдер тарихы қай елден басталған?

    А) Қазақ Ә) Египет Б) Түрік

  2. VІІ. Оқушылардың өзін- өзі бағалау:

  • Балалар өздеріңнің сабақтағы жұмыстарыңды қалай бағалайсыңдар?

    1. VІІІ Үйге тапсырма: Қазақ ұлттық балалар киімдері туралы мәлімет іздестіру.

    2. Тест

    3. 1. Ою - өрнектердің қандай түрлерін білесіндер?

    4. А) киіз үй Ә) Қошқармүйіз Б) Аспан

    5. 2. Оюды неде пайдаланады?

    6. А) Киім Ә) Қалада Б) Партада

    7. 3. Оюлар неше бұрышты болады?

    8. А) Ұзын Ә) қысқа Б) Төртбұрышты

    9. 4. Ою - өрнек неде бейнеленген?

    10. А) Әнұран Ә) Елтаңба Б) Ту

    11. 5. Өсімдік оюларына қандай оюлар жатады?

    12. А) Балдақ Ә) Ағаша Б) Ирек

    13. 6. Костюм француз тілінен аударғанда қандай мағына береді?

    14. А) Көйлек Ә) Киім- кешек Б) Шалбар

    15. 7. Ежелгі костюмдер тарихы қай елден басталған?

    16. А) Қазақ Ә) Египет Б) Түрік

    17. Тест

    18. 1. Ою - өрнектердің қандай түрлерін білесіндер?

    19. А) киіз үй Ә) Қошқармүйіз Б) Аспан

    20. 2. Оюды неде пайдаланады?

    21. А) Киім Ә) Қалада Б) Партада

    22. 3. Оюлар неше бұрышты болады?

    23. А) Ұзын Ә) қысқа Б) Төртбұрышты

    24. 4. Ою - өрнек неде бейнеленген?

    25. А) Әнұран Ә) Елтаңба Б) Ту

    26. 5. Өсімдік оюларына қандай оюлар жатады?

    27. А) Балдақ Ә) Ағаша Б) Ирек

    28. 6. Костюм француз тілінен аударғанда қандай мағына береді?

    29. А) Көйлек Ә) Киім- кешек Б) Шалбар

    30. 7. Ежелгі костюмдер тарихы қай елден басталған?

    31. А) Қазақ Ә) Египет Б) Түрік



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал