7


  • Учителю
  • Графика өнері. Пастель – түрлі-түсті бояу

Графика өнері. Пастель – түрлі-түсті бояу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаты: оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын түрлі-түсті бояулар арқылы арттыра түсу, бояулардың қаншалықты қажет екенін түсіндіре отырып, одан әрі ой салу.Түрі: аралас.Әдісі: сұрақ-жауап, сөзжұмбақ.Көрнекілігі: А3 көлеміндегі Пастель технологи
предварительный просмотр материала

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ

Бірінші санатты бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі

Насемов Нурлан Тулегенович


Графика өнері.

Пастель - түрлі-түсті бояу

Сабақтың мақсаты: оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын түрлі-түсті бояулар арқылы арттыра түсу, бояулардың қаншалықты қажет екенін түсіндіре отырып, одан әрі ой салу.

Түрі: аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап, сөзжұмбақ.

Көрнекілігі: А3 көлеміндегі Пастель технологиясымен салынған натюрморттар.

Сабақтың барысы және оның құрылысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын пысықтау.

III. Жаңа сабақ.

Ашық сабақ жоспары

  1. Кіріспе сөз.

  2. Үй тапсырмасын пысықтау. «Күн мен түн» (сұрақ-жауап)

  3. «Пастель түрлі-түсті бояу» тақырыбы туралы қысқаша мағлұмат беру.

  4. «Туған жер суреттері» туралы өлең жолдарын тыңдап, пейзаж салу.

  5. Сөзжұмбақ шешу.

  6. Оқушылардың салған жұмысын ортаға салу.

  7. Қорытынды сөз.

8. Үйге тапсырма беру.

Кіріспе.

Үйге берген тапсырманы пысықтау. Алдымен жақсы салынған жұмысты ортаға шығарып, оқушылар пікірлерін біліп, қателерін ескерту.

Сұрақ-жауап.

1. Графиканың тамаша құралын атаңыз. (Түрлі-түсті қарындаштар).

2. Сурет саларда түрлі-түсті қарындаштарды кімдер қолданған? (Көптеген белгілі суретшілер).

3. Қарындашпен салынған сурет нені талап етеді? (Еңбектену мен дағдылану).

4. Қарындашпен жұмыс жасағанда өшіргішті қолданамыз ба? (Аз қолдануға тура келеді).

5. Түрлі-түсті қарындаштармен жұмыс жасауды, меңгертуді нелерден салудан бастаған жөн? (Өсімдіктер, кішкентай натюрморт, табиғат көріністерін, ағаш бұтағын, гүл және жапырақтарды).

Жаңа сабақ. Тақырыптың аты «Пастель - түрлі-түсті бояу».

Көркем өнердегі «пастель» сөзінің ұғымы Италияның "pasta" деген сөзінен алынып, «қамыр» деген мағынаны білдіреді.

Пигменттің түрлі-түсті ұнтақтарын бор мен шайырдың қосындысын араластырып, илеп, арнайы қамыр жасайды. Сосын осы қамырдан жұмыр таяқшалар жасап, оны кептіреді. Пастель бояуы қарындаштар тобына жатады. Пастель бояуымен жұмыс жасау ежелден белгілі болған. Пастель бояуымен орындалған жұмыс өте ұзақ уақыт бойы сақталып, күн сәулесіне төзімді келеді. Пастель фактурасымен ерекшеленеді. Сұйық бояулардан айырмашылығы, өз түсін мүлдем өзгертпейді. Пастель бояу ұнтағын ұстап қалуға бұдыр немесе түкті негізді талап етеді. Пастельдің жалғыз кемшілігі, ол негізге нашар жұғып, нашар жабысады. Оны папкада сақтауға болмайды. Пастель жұмысты сақтау үшін шыны астына орналастыру керек.

«Туған жер суреттері» атты өлең жолын оқып, өз қалаулары бойынша сурет салу.

Перзентің қадіріңді ұғар жастан,

Таулы өлке тұман басқан, шынар басқан.

Сәскеге дейін талмай сапар шегер

Өреңе өр кеуде күн шыға алмастан.

Қар түсті бүгін тауда алғаш рет,

Былтырғы өткен қыстың жалғасы деп.

Шыңдар сұсты болды ма әлде содан

Бойында кәрлі қыстың таңбасы көп,

Бейне бір құлдыраған тау қыраны

Шыңдардан құлан иек таң құлады.

Қар басқан шыршаларды самал желпіп,

Жасарып, жап-жасыл боп қалды бәрі.

Бұл таудың ну орманы, өз бұлағы,

Әманда дархандықты сөз қылады.

Мәңгі қыс, мәңгі көктем көрші қонған,

Аппақ қар, жасыл шырша көзге ұрады.

Өшпес нұр шың басынан таралғандай,

Жанарым сол шұғыладан нәр алғандай.

Қазақтың кең пейілінен - Сарыарқасы,

Өр көңілінен Алатау жаралғандай, -дей отыра, ойларына өз пікірімді білдіремін.

Сөзжұмбақ шешу.


п

о

р

т

р

е

т


қ

а

м

ы

р

о

т

т

и

с

к

о

ф

о

р

т

п

е

й

з

а

ж


а

к

в

а

р

е

л

ь

г

у

а

ш

ь


1. Адамның бет пішінін бейнелейтін көркем шығарманы атаңыз.

2. Пастель ұғымы Италияның "pasta" сөзінен алынған, ал қазақша баламасы қалай аталады?

3. Көшірме түсіретін бедерлі ағаш тақта немесе білік арқылы шыныға жағылған типографиялық бояуды атаңыз.

4. Оймыш гравюраның бір түрі қалай аталады?

5. Табиғат көрінісін және қоршаған ортаны бейнелейтін жанрды ата.

6. Суға тез еритін, түссіз желімдерге жұғыстырылған, сұлу бояуды білесіз бе?

7. Акварель сияқты желім қоспасы бар, суға тез еритін бояу түрін атаңыз.

Қорытынды. Оқушылар салған жұмыстарын ортаға салып, қателіктеріне қарап, келесіде қателеспеуге үйренеді.

Жоғарыда айтып өткендей, пастель түрлі-түсті бояу. Біз осы пастельмен жұмыс жасап үйрендік десек те болады. Әрине, бұл өнердің тағы бір қыры.

Үйге тапсырма беру.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал