7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары. Ашық хаттарды безендіру өнері

Сабақ жоспары. Ашық хаттарды безендіру өнері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алматы облысы,Талғар ауданы,Бесағаш ауылының «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №45 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Бейнелеу және сызу пәнінің мұғалімі : Нурқанбай Айғаным Қуатқызы


Сабақ жоспары

Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы: Ашық хаттарды безендіру өнері

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға ашық хаттар,олардың түрлері, жасау мазмұны туралы түсінік беру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой-қиялын ,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

б) Тәрбиелілік: Адамгершілікке,мейірімділікке,ізгілікке,адамдарды құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: көрсету ,ой-қозғау, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі ,математика,еңбекке баулу

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: суреттер,слайдтар.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а)Оқушылармен сәлемдесу

ә)зейіндерін сабаққа аудару, түгендеу.

б)құрал-жабдықтарын тексеру


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Әріп таңбасының әсерлі мүмкіншіліктері.Сиқырлы әріптер (тесеру).Қосымша сұрақтар беру


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Әр адамның мінезін,көңіл-күйін жазулары бойынша білетін болсақ,енді біздер достарымыз,аналарымызға ,жалпы адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлау үшін не істей аламыз? «Ой қозғау» әдісі.Оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды.Бір оқушы хат жазуымыз керек деп жауап берді.Олай болса біздің бүгінгі жаңа сабағымыз «Ашық хаттарды безендіру өнері» деп тақырыппен таныстыру.

Ерте кезден адамдардың мереке қарсаңында бір-бірін ашық хаттар (открыткалар) арқылы құттықтау дәстүрі бар.Ашық хаттар әр алуан мереке, мейрамдарға атап айтқанда,наурыз,жаңа жыл,туған күн ,8- наурызға арналып жасалынады.Ізгі тілектер жазылған әдемі ашық хатты жанында жүрген досыңнан алынғнның өзі ғанибет.

Құттықтау ашық хаттар әдетте сурет пен мәтіннен тұрады.Сурет пен мәтін мазмұны жағынан ашық хат арқылы құттықтайтын мерекеге сәйкес келіп бір-бірімен түсі ,стилі бойынша үйлесімді болуы шарт.

Алғашқы ашық хаттар 1765 жылы Жапонияда пайда болған.Жапондар бір-бірін алғашқы қар және айдың толуымен ,т.б. себептермен құттықтайды.

Шығармашылық жұмыс. Өз құттықтау ашық хаттарыңды жаса.
Ашық хаттарды жасауға нұсқаулық беру:
1.Ашық хатты қандай мерекеге арнап жасағың келетінін ойлан. Туған күн,жаңа жыл, наурыз меркесі ,т.б.
2. Мәтінін дайындап ал.
3.Мәтінмен суретті дұрыс үйлестір.
4. Қызықты әрі әсерлі суреттерді таңдап ал.
«Менің алғашқы хатым» оқушылар өз ойларынан ашық хат жасайды.


ІV.Сабақты бекіту.

«Кім көп біледі?» «Ойлан да жауап бер!» Сұрақ-тапсырмалар беру.

  • Ең алғашқы ашық хат қай елде пайда болды?

  • Ашық хатты ерте кезде не үшін пайдаланған?

  • Құттықтау ашық хаттар нелерден тұрады?

  • Ашық хаттар жасау үшін қандай нұсқаулықтарды ескеру шарт.


V.Үйге тапсырма беру

«Адамдарға қуаныш сыйлайық» тақырыбында ашық хат жасап келу.


VI. Бағалау

«Көңілді ашық хаттар» арқылы бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал