7


  • Учителю
  • Пуантимизм / нүктелермен сурет салу/ деген не?

Пуантимизм / нүктелермен сурет салу/ деген не?

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Бейнелеу өнері

Сыныбы ____



Сабақтың тақырыбы: Пуантимизм / нүктелермен сурет салу/ деген не?

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: пуантилизм туралы түсінігін тереңдету; акварель, гуашь бояуларын мақта таяқшалары арқылы нүктелеп сурет салуға үйрету;

ә) Дамытушылық: оқушылардың көру, бейнелі ойлау қабілеттерін дамыту; шығармашылық ойлау қабілетін, ой - қиялын арттыру;

б) Тәрбиелік: эстетикалық талғампаздыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

Сабақ әдісі: жаңа сабақ, сұрақ - жауап, түсіндіру.

Сабақ көрнекілігі: пуантилизм техникасымен салынған шығармалар, суретші шығармалары көрсетілген слайд - шоу, бояумен салынған суреттер.

Қажетті құрал - жабдықтар: акварель және гуашь бояулары, су құйылған құтылар, мақта таяқшалары, сурет дәптері.

Сабақтың өту барысы:



I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Үйге берілген тапсырманы тексеру

III.Жаңа тақырыпты түсіндіру

IY.Тапсырмаларды орындау

Y.Сабақты бекіту

YI.Бағалау

YII.Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:



I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасыу

Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарын түгендеп, жұмыс орнын ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



II.Үй тапсырмасын тексеру:

Кескіндемедегі дақтың әсерлілігі. Кескіндеме дегеніміз не?

Оқушылардың жұмыстарын қарап шығып, талқылау. Бағалау.



III.Жаңа сабақ: Пуантимизм / нүктелермен сурет салу/ деген не?

Пуантилизм «фр. Pointel - нүктелі хат» кескіндемедегі шығармашылық тәсіл, өзімен бірге бөлінген жеке нүктелер анықталған мазоктарды ұсақ нүктелі және төртбұрышты түрде таныстырған.

Кескіндемедегі бұл бағыт 19 ғасырдың 2 жартысында пайда болған. Пуантилизм бағытымен жұмыс жасаған суретшілер кенеп бетіне таза араласпаған бояуларды жағып отырған. Бөліктермен қатарлап жағу арқылы сурет салған. Олардың түрлі түсті боп араласып көрінуі картинаға жалпылай қарағанда білінеді. Мұндай тәсіл оптикалық араластыру деп аталады. Түстерді табуы, араласуы және көп түсті ғажайыптың пайда болуы палитрада емес, кенепте емес ол көрерменнің көзінде және қабылдау сезімінде болады. Осы үшін арнайы жазу техникасы - пуантилизм ойлап табылды. Нүктелі жағыстар кенеттен таза түстерді физикалық және математикалық заңдылықтарының өзара қатынастарының орналасуының сәйкесітігін кенепте көрсетті. Пуантилизм ретсіз импрессионистік ұйымдастыру манераларын нақты және жүйелілік картинаға белгілі бір тақырыптағы тұрақтылық берді. Жазудың жаңа техникасы өте қиын, суретшілердің көп уақытын және көп еңбектеуді, адамның күшін, еркіндік эмоцияларын қажет етеді. Дегенмен де шығармашылық тәсіл ретінде қазір кескіндемедегі ерекше техника болып қалды.

Пуантилизм - Францияда 1885 жылдары пайда болған сурет өнерінің неоимпрессионизм бағыты. Бұл бағытта сурет салғандар Поль Синьяк, Анри Кросс, Люсьен Писсарро, Камиль Писсарро. Ал оның пайда болуына ықпал еткен француз суретшісі Жордж Сера(1859-1891). Оның осы бағытта салынған ең атақты еңбегі «Гранд - Жатт аралындағы жексенбі күні» атты туындысы. Пуантилизм сөзінің екінші бір атауы бар. Ол дивизионизм - бөлінген, майдаланған дегенді білдіреді.

Үлгі суреттер көрсету.

Пуантимизм / нүктелермен сурет салу/ деген не? Пуантимизм / нүктелермен сурет салу/ деген не?

IY.Тапсырмаларды орындау:

Бізге қажетті құрал - жабдықтар:

1. сурет дәптері 2. Жай қарындаш 3. Өшіргіш 4. Акварель немесе гуашь бояулары 5. Су құйылған құты 6. Мақта таяқшалары

Балалар түстер жайлы білеміз бе?

Негізгі түстерді атаңдаршы (қызыл, көк, сары)

Олай болса осы үш түске сәйкес үш топқа бөлінейік.

1 топ - қызыл түс тобы

2 топ - көк түс тобы

3 топ - сары түс тобы

Топтарға тапсырма беріледі.

Пуантилизм техникасын бояу және мақта таяқшаларымен сурет салу кезеңдерін түсіндіру.

Өзіндік жұмыс:

Тапсырма - нүктелермен сурет салу, пуантилизм әдісімен әр топ тапсырма орындайды.

1 топ - гүлдер суретін салу

2 топ - жемістер суретін салу

3 топ - ыдыстар суретін салу



Сергіту сәті.

Салдық - салдық өзіміз,

Талды әбден көзіміз.

Талды әбден қолымыз,

Әуенімен әндердің

Әдемі қимыл жасаймыз.







Y.Сабақты бекіту:

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Пуантилизм дегеніміз не? Пуантилизм қай елдің суреті?

Пуантилизммен жұмыс жасауда қандай жеңілдіктер мен қиындықтар болды?

Оңай жағы?

Қиын жағы?



Оқушылардың дайын жұмыстарына шолу жасап, үздік жұмыстарды мадақтау.

YI.Бағалау:

Сабақтан алған әсерлері туралы смайликтер таңдайды

Пуантимизм / нүктелермен сурет салу/ деген не?Пуантимизм / нүктелермен сурет салу/ деген не?Пуантимизм / нүктелермен сурет салу/ деген не?Пуантимизм / нүктелермен сурет салу/ деген не?



Өте жақсы Жақсы Орташа Онша емес

YII.Үйге тапсырма:



Гуашь бояуымен түрлі түсті қағазға шығармашылық жұмыс орында. Қосымша тапсырма пуантилиз туралы оқулықтан оқып келу. Жұмысты аяқтап келу.



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал