7


Графика түрлері 5 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



«№25 Жалпы білім беретін ортамектеп» КММ

Дайындаған: Бейнелеу өнері пәні мұғалімі

Жұмақұлов Б.А.

Пән: «Бейнелеу өнері».

Сыныбы: 5 «А».

Өткізілген күн: 15.11.2016 ж

Тақырыбы: Графика түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Графика және оның түрлері жайлы терең мағлұмат беру.

Дамытушылық: оқушының ой-өрісін , есте сақтауын , қиялдау көре білу қабілетін дамыту ,

Тәрбиелігі: графика өнерінің түрлері арқылы эстетикалық тәлім - тәрбие беру.

Типі: жаңа білімді меңгерту

Әдісі: түсіндіру, сұрақ -жауап,ой-қозғау,практикалық жумыс.

Түрі: Аралас

Құрал-жабдықтар: қарындаш, альбом, А4, қаламұш,тушь, гуашь.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1. Сабаққа керекті құрал-жабдықтарды әзірлеу.

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жалпылама сұрақтар арқылы оқушылардың білімін тексеріп, өткен сабақты қайталау.

Сұрақтар:

1.Бейнелеу түрлерін ата? (графика, живопись,мүсін, сәндік қолданбалы өнер,сәулет өнері, дизайн өнері)

2. Графика дегеніміз не?

3.Бейнелеу өнері жанрларының қандай түрлерін білесіндер? (Портрет, натюрморт,пейзаж, маринистік, анамалистік).

4.Гуашь дегеніміз не?((Французша су бояуы) акварельмен салыстырғанда мөлдір емес қою бояу).

5.Үйлестірудің мағынасын айтып беру.(«композийия»деп атайды.ол латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «ойлап шығару» немесе «құрастыру» деген мағынаны білдіреді).

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты,түрімен таныстыру.

Графика дегеніміз - қағаз немесе картон бетіне қарындаш, қылқаламмен, тушьпен салынған суреттер.

Сонымен қатар қағаз бетіне салынған литография,түсті гравюралар және түсті карындаш, бормен салынған суреттер де жатады. «Графика» атауы гректің «жазамын», «сурет саламын» деген сөзінен шыққан.

Графика орындалу тәсіліне, өзіндік ерекшелігіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді.

Гравюра (қырма) тақта, ағаш бетіне арнаулы аспаптармен ойып істелінетін сурет салу өнері.

Ксилография - ағашта орындалатын сурет.

Линогравюра - линолум бетіне орындалған сурет.

Литография - тегіс орындалатын гравюра, яғни майлы тушьпен немесе қарындашпен салынады.

Иллюстрация - кітап мазмұнына , ертегілерге арналып салынған сурет.

Қазақстан суретшілері арасында графикалық туындылармен танымал график суретшілер баршылық. Олар Ә.Қастеев, А.Ғалымбаева, Ә.Рахманов, Т.Ордабеков.

IV.Тапсырма: Графика тәсілін меңгеріп, сурет салу.

-Балалар, сендер барлықтарың бүгін графика - суретшісіндер. Графикалық жұмыстарды орындау.

Графиканың қағаз бетінде жасалатын қарапайым түрлерімен таныс болайық. Ол үшін қажетті материалдар мыналар. ағаш сабы бар ұшы өткір ине, пышақ немесе алмас, қара тущь, жұмсақ қылқалам, беті жылтыр ақ қағаз.



Қара тушты қағаз бетіне толық жағып шығу қажет. Тущь кепкеннен соң, қағаз бетін инемен тырнап, әртүрлі бейнелер салуға болады. Егер көлемді ашық жерлер қажет болса, қағаз бетін пышақпен немесе алмаспен қыру қажет. Нәтижесінде пайда болған бейне ақ және қара түсті болып өте айқын көрінеді. Бірақ сурет жалғыз дана болып шығады.

Грвюра туындылары кесу іс - әрекеттері арқылы жүргізіледі. Сондықтан кескішті мықтап игеру және онымен кез келген сызықтарды емін - еркін жүргізуді үйрену үшін бір қатар дайындық жаттығуларын жасау қажет. Тақтай (пластина) алу.



1 - жаттығу. Қарындаш сызығының бойымен бұрыштық кескіш арқылы ені 1 - 1, 5 мм - ден аспайтын арықша бедер жүргізу керек. Содан соң жүргізілген арықшадан шегініп, тағы да 1 - 1, 5мм болатын сызық жүргізіңдер. Осылайша бүкіл тақтаның бетін 10 х 10 см. көлемде тік төртбұрыштарға тілу керек.

2 - жаттығу. Толқынды қарындаш сызығының бойымен осылайша арықша жасау, тақтаның бетін тегіс толтыру керек.

3 - жаттығу. Шеңберсызғышпен шеңбер сызып, оларды да кескішпен тіліп, арықша жасау

V. Сабақты бекіту. қорытындылау

Жаңа сабақ бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылып, еске түсіреміз.

Сұрақтар қою

1. Графика жасау техникаларына не жатады?

2. Графика өнері дегеніміз не?

3. Графика қай елдің сөзінен шыққан?

4. Қандай графика өнермен таныс болдық? - деген сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймыз.



VІ. Бағалау.

Оқушылардың жұмысын қарап салыстырмалы түрде бағалау.

VІI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, суреттерін аяқтау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал