7


  • Учителю
  • «Кескіндеме жасау техникалары» 6 сынып

«Кескіндеме жасау техникалары» 6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Бейнелеу өнері Реті: 6-сабақ Сынып: 6 сынып Күні:

Сабақтың тақырыбы: «Кескіндеме жасау техникалары»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі; Кескіндеме жасау техникалары және оның түрлері туралы айтып

түсіндіру,сурет салғызу.

ә) дамытушылығы; Суретті бейнелеуді кескіндеме техникаларында орындата

отырып, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

б) тәрбиелілігі; Эстетикалық, патриоттық және талғампаздыққа тәрбиелеу

Әдіс-тәсіл: Сұрақ- жауап, жаңа білімді меңгеру, сарамандық жұмыс.

Көрнекілік: Слайд, иллюстрация.


Сабақтың барысы; І Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу және сабаққа дайындығын тексеру

ІІ.Үй жұмысын сұрау

1. Фон дегеніміз не, фонның кескіндеме өнеріндегі ерекше орны туралы айт?

2. Фон бейнеленетін заттың қатынасына қарай қандай болып бейнеленуі мүмкін.

3. Кескіндеме өнерінің әсерлі әрі бейнелеуші құралдары қандай?

4. Түс және қосымша түстер дегеніміз не?

5. Шағылысу дегеніміз не?

6. Зат пішінін бейнелеуде көлеңкенің ролі қандай?


ІІІ. Жаңа сабақ

Түс сурет салғанда және гравюра жасағанда кеңінен қолданылады.

Ч.Кенбаев «Менің ауылымның адамдары» Ә.Қастеев «Соңғы хабар» К.Есіркеев «Натюрморт


Суреттегі т ү с сурет салатын материалдар мен фонның қатысуымен шешіледі.

Бірақ сурет салу мен гравюрадағы түстерді пайдалану тәсілдері кескіндемедегіден өзгеше.

Гравирлеу француздың «Grawtr»-«Қию», «Тырнау» деген сөзінен шыққан.

Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай-ақ одан алынған басылымды да айтамыз.

Ж. Шаймарданұлы. «Графикалық сурет». Ш. Кенжебаев. «Кешкі ән».

Сурет салуға арналған материалдар.

- сия

- сангина

- бор

- тушь

Акварель техникасы

«Акварель» латынның «aqba»-«су» дейтін сөзінен шыққан.

Акварель бояуымен жұмыс жасағанда ақ түсті бояу мүлде пайдаланылмайды. Ал қажетті түстік өңді бояуларды алдын ала политра бетінде араластыру арқылы да алуға болады.

Г.Баянов. «Әуен» Акварель О.Таңсықбаев. «Бақташы». Майлы бояу Е.Сидоркин. «Ақын».Гуашь


Акварель бояу қағаз бетіне мөлдіреп түседі, сол мөлдірлік акварель туындыларының ең басты құнды қасиеті болып табылады.

  • Дымқыл қағаз бетіне бояуды жағу

  • Қағаз бетіне бояуды орын ауыстыра отырып орындау.

Ә.Қастеев «Су электростанциясы», «Соколов-Сарыбай»

«Палитра» сөзі екі ұғым береді. Біріншісі-суретші бояуларды салып араластыратын тақтайша, екіншісі- суретші бояуларының жиынтығы.

Майлы бояудың шығу тарихы.

Алғашқы майлы бояу, құрғақ ұнтақ бояуды жаңғақ майы мен зығыр майына еріту арқылы ХҮ ғасырда нидерланд суретшілері ағалы-інілі Ван -Эйктердің атымен тығыз байланысты.

Майлы бояу техникасы.

Майлы бояумен суреттерге түс берудің ерекшелігі

  • жартылай дымқыл

  • жартылай кепкен

  • кептіру арқылы жұмысты жалғастыруға болады.

О.Таңсықбаев «Хожакент» Ж.Шарденов.»Каспий жағалауы» А.Ғалымбаева «Дастархан»


ІҮ. Сарамандық жұмыс

Натюрмортты бейнелеу алгоритмі

1-кезең 2-кезең 3-кезең

Ү. Сабақты бекіту.

1.Кескіндеме жасау техникаларының қандай түрлерін білесің?

2.Майлы бояу арқылы жұмыс жасауда қандай ерекшеліктер бар?

3.Бояу түстерін іздейтін құрал қалай аталады?

4. Қандай бояу түрлерін білесің және оның қайсысын қолдандың, оның ерекшелігі туралы айт?

5. Қазақстан суретшілерін ата?

6. Қазақтың акварелист суретшісін ата?

7. Осы сабақта қандай шығармалармен таныстың және оның авторы кім екен?


ҮІ. Үйге тапсырма 22-23беттерді оқу. «Қазақстан -2050» түрлі түсті бояуда сурет салу.

ҮІІ. Бағалау.

Пән мұғалімі: Белгібаева Жанат Дүйсенқызы





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал