7


Сабақ жоспары тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Иманды бол, балдырған!


Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушыларды жақсы, жаман қасиеттерді айыра білуге

үйрету.

дамытушылық: «Осынысы дұрыс па?» өлеңі арқылы арқылы ойын, сезімін ояту.

тәрбиелік: оқушыларды имандылыққа, инабаттылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айна


Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, сурет бойынша әңгіме, ойын.


Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық, тазалықтарын тексеру

2. Жаңа сабақ


Кіріспе бөлім.

  • Мен сендердің дендеріңе саулық тілеп, білімді, ақылды азамат болып өсіңдер деп тілек айтамын. Ал сендер бір-біріңе қандай жақсы, ізгі ниет-тілек айтар едіңдер?

  • Деніміз сау болсын!

  • Әке-шешелеріміз аман болсын!

  • Әдепті, әдемі болып өсейік!

  • Ақылды, батыр болып өсейік!


ІІ. Негізгі бөлім:

1.Оқушыларға мұсылманның бес парызы жайлы айту, жеке-жеке тоқталу;

2. Оқушыларға қазақы әдет-ғұрып жайлы, жеті ата, айға сәлем беру туралы қысқаша тоқталып кетемін.

Мұсылманның бес парызы:

  1. Иманды жақсы білу

  2. Күнде бес уақыт намаз оқу

  3. Рамазан айында ораза ұстау

  4. Малы болса зекет беру

  5. Шамасы келсе қажыға бару

Күнде бес уақыт намаз оқу бұл біріншіден, еңбекке үйретеді, екіншіден, денені шынықтырып, түрлі ауру-сырқаудан сақтайды. Тазалыққа үйретеді.

Рамазан айында ораза ұстаған адам таңертең ерте тұрып, күн шықпай және күн батқан соң тамақ ішеді. Таң алдындағы тамақ «таң сәресі» деп, ал күн батқаннан кейінгі «ауыз ашар» деп аталады. Ораза толық отыз күнді қамтиды. Оразаны қыз бала 9 жасқа, ұл бала 12 жасқа толған соң ұстауға болады. Бұл күндері барлық жаман әдеттен, жаман сөзден тыйылады.

  • 30 күн ораза біткен соң қандай мейрам тойланады?

  • «Ораза - айт» тойланады, 3 күн ішінде туған - туысқандар, көршілер, бір-бірінің үйіне қонаққа барып, дастарханнан дәм татады.

Малы болса, зекет беру жағдайы жақсы, бай адамдар малы көп болса, бір малды жетім - жесірлерге садақа береді.

Шамасы келсе, қажыға бару - бай, дәулетті адамдар Меккеге, Мәдинеге Қағбаға барып, сыйыну өзінің Аллаға деген шын сенімін көрсету.

Негізгі мейрамдар үшке бөлінеді:

1. Діни

2. Ұлттық

3. Ресми

- Осылардың ішінде діни мейрамға ораза - айт пен құрбан айт жатады.

Құрбан айт кезінде әрбір отбасы шамасы келсе малды құрбандыққа шалып, көрші-қолаң мен ауыл - аймақты шақырып, құран оқытады.

  • Балалар, жеті атасын кім біледі?

  • Әке, бала, немере, немене, шөпшек, жұрағат, туажат.

«Айға сәлем беру»

Ай көрдім, аман көрдім,

Ақиқатты иман көрдім.

Баяғыдай заман көрдім,

Ескі айда есіркей көр

Жаңа айда жарылқай көр.

  • Оқушылар, мұсылман баласы қанағатшыл, рақымшыл болу керек, құранды жерге тастама, барға қанағат, жоққа сабырлық ету керек. Пайғамбарлар жайлы жазылған жазбалары бар қағаздарды аяққа баспа. Әрбір мұсылман балалар ерекше таза киініп жүруге міндетті.

1. Ойын.

«Жақсы мен жаман істерді тауып көр» мазмұнды суреттер бойынша әңгімелеу /дұрыс, дұрыс емес/.


2. Бой сергіту.

«Апам үшін» өлеңі


3. Өлең. Т. Молдағалиев «Осынысы дұрыс па?»


Екі үш айлық бөпесін,

Жүрмейсің деп ұрсады.

Жылай береді екенсің,

Күлмейсің деп ұрсады.

Тыныш жатқан күшікті

Басынан кеп тебеді.

Ұйықтап жатқан мысықты

«Үрмейсің» деп ұрсады.

Мінін айта сөйлесең

Бұртияды бұрышта,

Өкпелейді «қой» десең,

Осынысы дұрыс па?


4. «Әдептілік, имандылық айнасы» арқылы сөз сөйлеу, пікірлерін тыңдау.


5. Жақынымызға не сыйлаймыз? Сурет салдырту.


ІІІ. Қорытынды бөлім.


Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақты қорытындылау.

1. Мұсылманның бір парызы

2. Пайғамбарымыздың аты кім?

3. Қай айда ораза тұтады?

4. Біздің билеуші иеміз кім?

5. Рамазан айында мешітке өткізілетін, жарлыларға берілетін төлем.

6. Таңғы намаз шақыру рәсімі.

7. Рамазан айында отыз күн тамақ ішпейтін күн.

8. Біздің дініміз.

9. Бес мезгіл оқитын мұсылмандардың парызы.

Сөзжұмбақтың шешуі: Балалардың топтасып, әр үйге айтатын әні.


1.

Қ

А

Ж

Ы

Л

Ы

Қ


2.

М

Ұ

Х

А

М

М

Е

Д

3.

4.

5.

6.

Р

А

М

А

З

А

Н


А

Л

Л

А


П

І

Т

І

Р

А

З

А

Н


7.

8.

О

Р

А

З

А

И

С

Л

А

М

9.

Н

А

М

А

З


ІV. Бағалау.

Оқушылардың білімін бағалау.


V. Үй тапсырмасы.

Жарапазан жаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал