- Учителю
- 9 сынып 'Тік бұрышты изометрия' тақырыбындағы сабақ жоспары
9 сынып 'Тік бұрышты изометрия' тақырыбындағы сабақ жоспары
Сабақтың жоспары
9 сынып
Пән: Сызу
Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты изометрия.
Оқыту міндеттері:
1. білімділік: - Тік бұрышты изометриялық проекция және осьтерін салу жайлы түсінік беру..
2. дамытушылық: - Оқушыларға поллитехникалық білім берумен қатар шығармашылық қабілеттерін дамыту, ақыл-ой өрістерін кеңейту.
3. тәрбиелік: - Оқушыларды ұқыптылыққа, тез әрі таза жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық және өзіндік жұмыс.
Құрал-жабдықтары: интербелсенді тақта
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу
2. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
3. Жоқ балаларды белгілеу
4. Сабақтың тақырыбын айту
5. Мақсатын айту
ІІ Өткен сабақтағыны қайталау
-
Тік бұрышты координаталар жүйесі жайлы не білесіңдер?
-
Абсциссалар, ординаталар осі дегенді түсіндір?
-
Координаталар деп нені атайды?
-
Аксонометриялық проекциялар.
5. Үйге берілген сызбаны тексеру.
ІІІ Жаңа сабақты меңгеру
Натурал координаталар жүйесінің осьтері аксонометриялық проекция жазықтығына альфа, бетта, гамма бірдей бұрыштармен көлбесін. (46, а-суретті талдау). Натурал осьтердің (Пи) жазықтығымен қиылысу нүктелерін X, Y және Z әріптерімен белгілесек, X, Y, Z теңқабырғалы үшбұрыш екенін, ал бас нүкте X, Y, Z үшбұрышының биіктіктерінің қиылысу нүктесі О штихқа проекцияланатынын аңғарамыз. Олай болса аксонометриялық осьтер арасындағы бұрыштар 120 градус болады. Изометриялық проекцияда U=V=W болатыны туралы жоғарыда айтқан болатынбыз. Ал тік бұрышты аксонометриялық проекциялар U2+ V2+ W2=2.
Сондықтан бұрмалану көрсеткіштері U=V=W=0,82 болады. Бірақ бөлшек бұрмалану көрсеткішін пайдалану қолайсыз болғандықтан, іс жүзінде U=V=W=1 деп алынады. Сондықтан X, Y, Z осьтері бағытында нәрсе бұрмаланбай, өздерінің ұзындықтарын сақтап кескінделеді.
Тікбұрышты изометрияны тұрғызуға мысалдар қарастырайық.(талдау).
1-мысал
2-мысал
Тапсырма: 3-көрінісін өзің тап
Шығармашылық жұмыс(интербелсенді тақтада геом. фигуралардан денелер құрастыру).
IV Сарамандық жұмыс
Дененің изометриялық проекциясын салу
V Сабақты қорыту
-
Не білдік?
-
Өздеріңе қандай жаңалық алдыңдар?
VІ Бағалау
VIІ Үйге тапсырма беру
(16-параграф оқу, 3-жаттығу).