7


  • Учителю
  • Сәулет өнерінің түрлері мен типтері

Сәулет өнерінің түрлері мен типтері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сабақтың мақсаты

Білімділік





Дамытушылық





Тәрбиелік



Оқушыларға жалпы сәулет өнері, тарихы туралы түсінік бере отырып, Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы, тарихи ерекшелігі жайындағы мәліметтерді ұғындыру

Қазақстандағы сәулет өнері туындыларынан мысалдар келтіре отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін, сөйлеу қабілеттерін дамыту. жаңа терминдерді ұғындыру.

Ұлттық салт дәстүрді, өмірді сүйе білуге тәрбиелеу. Шеберлікке, халық өнерін қастерлеуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғамға сай жұмыс жасай білу.

Сабақ типі

Жаңа оқу материалын меңгерту

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі

Практикалық, сұрақ-жауап, ой қозғау.

Пән аралық байланыс

Әдебиет,тарих, мәдениет

Сабақтың көрнекілігі

Ктаптар, плакаттар,

Сабаққа қажетті құралдар

суретшілер шығармаларының жинағы, акварель, альбом, бояу қалам

Күтілетін нәтиже

  • Нені біледі?

  • Нені үйренеді?

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушылармен сәлемдесу

  • Оқушыларды түгелдеу

  • Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу

  • Назарларын сабаққа аудару

ІІ. Ой сергіту

Ой бөлісу стратегиасын қолдану. Жұмбақ.

Су ішкенде табылар,

Қанып қалар шөліңіз.

Ас ішкенде табылар,

Ол не екен табыңыз? (ыдыс-аяқ)



Төбесінен қарасаң

Түбі құдық тәрізді.

Жан-жағынан қарасаң

Сұлу бейне секілді. (құмыра)



Ас келгенде алдыңа,

Ыдыс-аяқ жағалар.

Шай ішкенде алдыңа

Қандай ыдыс қоланар? (кесе)



IІI. Жаңа сабақтың міндеті

Оқушыларға сәулет өнері туралы мәлімет беру

IV. Жаңа сабақ

Сәулет өнері адамдардың өмірімен мен қызметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрлыстар, сондай - ақ кешендер, қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар, сәулет өнері мәдениет саласын құрайды. Қай елге, қалаға барсақ та, біз ғажайып әдемі сұлулығымен көз тартатын ғимараттар, сарайлар, мешіттер, тұрғын үйлер, өнеркәсіптік кешендер көріп жүрміз. Бірақ осы өнер түрі қалай аталатынын біле бермейміз. Бұндай сұлулық сырын бойына сіңірген өнер туындысын -«сәулет өнері» немесе «архитектура» дейді, грек тілінен аударғанда «аға құрылысшы» деген мағына береді. Архитектура деген тек ғимараттар мен құрылыс салу емес, сонымен бірге адам баласының өмір сүру тіршілігіне қажет кеңістік пен ортаны тиімді, пайдалы етіп ұйымдастыру. Сәулет өнері асқан шеберлікті қажет етеді. Рим архитекторы Витрувийдің айтуынша «Сәулетті шығармаларда бұлжытпай орындалатын 3 қасиет болуы керек» деген. Олар:

а) беріктік - инженерлік есеп;

ә) қолайлылық - тұрмыс жағын білуге байланысты;

б) әдемілік - талант - талғамға байланысты.

Сәулет өнері техника, ғылым және өнермен тығыз байланысты. Қазіргі заманда адамдар сәулетті де салтанатты өмір сүргілері келеді. Сондықтан сәулет өнері де адамдардың талғамына қарай дамып отырады. Сіздер білесіздер, бүгінгі күні сәулет өнері техникалық жабдықтармен тығыз байланысты. Әдемілік шарттарын ұштастыру үшін сәулетшіге ғылыми сана, суреткерлік ой керек. Адам баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Олар үйді қамыстан, балшықтан, ағаштан, тал шыбықтардан салған. Тіпті су айдынында да үй тұрғызып үйренген. Ғасырдан - ғасырға мұра болып келген сәулет өнері туындылары архитектуралық ескерткіштер қатарына жатады.





VI. Практикалық жұмыс

Сәулет өнерінің суретін салу

VII. Қорытынды

Оқушыларға сұрақтар қойып қандай дәрежеде білім алғандығын бақылау. Жылдам, ойланбастан жауап беру.

«жылдам ойлан».

  1. Сәулет өнері дегенді қалай түсінесің?

  2. Сәулет қнерінің 3 қасиетін ата?

Оқушылардың бүгінгі сабақта не біліп, не үйренгенін, не білгісі келетіндігін байқау мақсатында кестені толтыру.



Кестемен жұмыс.VIII. Бағалау

Оқушыларды деңгейлеп бағалау.

1- деңгей→оқушы практикалық жұмысты толық орындаса, сұрақтарға жақсы жауап берсе - өте жақсы.

2- деңгей→ оқушы практикалық жұмысты толық орындамай, сұрақтарға жақсы жауап берсе - жақсы.

3- деңгей→ оқушы практикалық жұмысты толық орындамаса, сұрақтарға дұрыс жауап бермесе - қанағаттанарлық.

4- деңгей→ оқушы өтілген сабақты ұқпай, тапсырмаларды орындамаса - қанағаттанарлықсыз

IХ. Үйге тапсырма

Қазақстанның әйгілі сәулет өнерлерін салып келу



























































































№85 орта мектеп





























Ашық сабақ



Тақырыбы: Сәулет өнерінің түрлері мен типтері

Сыныбы: 6 «Б»

Пән мұғалімі: Турмаханов У.



























































2015-2016 оқу жылы



</

Не білдім?

Не үйрендім?

Нені білгім келеді?











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал