7


  • Учителю
  • 'ҚЫсқы табиғатты бейнелеу' 6-сынып

'ҚЫсқы табиғатты бейнелеу' 6-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

І. Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс».

ІІ. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығын оқыту. Абайдың қысқаша өмірімен таныстыру. Абайдың шыққан ортасы, тегі туралы айту. «Қыс » өлеңінің тілдік ерекшелігін оқыту. «Қыс» өлеңігің көркемдік қуатын оқушылар санасына жеткізу.

- Өлеңдегі табиғат суреті

- Адамның табиғатпен байланысы

- Адамға қатты қыстың қаупі

Тәрбиелік: оқушыларды қыстыгүні құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, еркін, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын тәсілдер: «Топтастыру», дамытпалы технология

Көрнекіліктер: Абай портреті, жыл мзгілдері суреті, эвристикалық тапсырмалар.

ІІІ.Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Үй жұмысын сұрақ-жауап әдісі арқылы сұраймын.

1. Оқиға қай жылы, қай жерде болады?

2. Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті ?

3. Антон бұл сөзден қандай қорытынды шығарды ?

4. Еңбек етуден ерінген адам кедей болатынын, қайыр сұраудан арланбайтынын байқадыңдар ма ?

5. Ерінбей еңбек еткен адам қандай жетістікке жетті?

6. Еңбек туралы мақал-мәтелдер жазып келу.

7. «Еңбекпен тапқан нан» немесе «Байлықтың көзі - еңбекте» деген тақырыпқа шағын шығарма жазып келу.

Үй жұмысын қорытып, жаңа сабақ түсіндіремін. Абай Құнанбаев жайлы интрактивті тақта арқылы балалық шағынан бастап, жазған шығармалары жайлы, туған жері, мұражайдағы сақталған заттары жайлы айтып өтемін.

Абай 1845 жылы туған. Абай 10 жасынан бастап өлең жаза бастаған. Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер, қазақтың халық музыкасын терең білген, жете бағалаған адам болды.

1904 жылы ескіше 23 маусымда Шыңғыстау сыртындағы Балашақпақ жайлауында қайтыс болған Абай Құнанбаевтың сүйегі Жидебайға жеткізіліп, сол жерге қойылды.

Абай ескерткіші Алматы қаласындағы Абай атындағы алаңға 1960 жылы

Орнатылған. Жалпы биіктігі 13,7 м. Ескерткіш қоладан құйылып, тұғыры қызыл граниттен қаланған.

«Қыс» өлеңі

Алдымен «Қыс» өлеңін әуезді деңгейде үнтаспа арқылы тыңдатамын.

Оқушылардан төменгі сыныпта өткен Абай Құнанбаевтың жыл мезгіліне арнаған тағы қандай өлеңдері бар екенін естеріне түсіріемін. Екі шумақтан жатқа айтқызамын.

КҮЗ

ЖАЗ

ЖАЗҒЫТҰРЫМ

«Қыс» өлеңін талдау

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды

Үсті-басы - ақ қырау, түсі суық.

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Дем алысы- үскірік, аяз бен қар

Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды

Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Тақтаға эвристикалық тапсырмалар ілінеді. Бұл эвристикалық тапсырманың әр оқушының дербес оқу еңбегінің дамуына ықпалы зор.

- Өлең неше бунақтан тұрады?

- Өлең неше тармақтан тұрады?

- Ұйқасы біріңғай дыбыстармен аяқтала ма?

- Қыстың сипатын қай шумаққа дейін аңғардыңдар?

- Балаларға қыстың қандай әсері бар екен? (Ақын сөзімен айтқанда)

- Үлкендерге қыстың қандай әсері бар? (Ақын сөзімен айтқанда)

- Қыс малдың қай түріне жайсыз? (Ақын сөзімен айтқанда)

- Қыспен бірге қандай жыртқыш келеді? (Ақын сөзімен айтқанда)

- Лирикалық қаһарманның қандай қамқор сөзін байқадыңдар? (Ақын сөзімен айтқанда)

«Топтастыру » стратегиясы бойынша Абай Құнанбаев туралы білетіндерін, естігендерін жинақтау

ІV. Сабақты қорытып, үйге тапсырма беремін.

1 - ші қатарға «Қыс» тақырыбына сурет салу

2 - ші қатарға «Қыс-көңілді» немесе «Қыс» тақырыптарының біріне шығарма жазып келу

3 - ші қатарға қысқа байланысты мақал-мәтелдер, жұмбақ жазып келу.

V. Бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал