7


  • Учителю
  • Конспект на тему 'Күзгі натюрморт'.

Конспект на тему 'Күзгі натюрморт'.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бейнелеу өнері

6 - сыныптар 28. 09. 2015 ж

Сабақтың тақырыбы : «Күзгі натюрморт» .Акварель,гуашь

Сабақтың мақсаты: оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру

Тәрбиелік :эстетикалық тәрбие беру, ұқыптылыққа , еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Дамытушылық : натюрморт жанры туралы түсініктерін тереңдету

Құрал - жабдық, көрнекіліктер: сурет дәптер, түрлі - түсті бояулар

Сабақ түрі : аралас сабақ

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру , сурет салу

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

в) үй тапсырмасын тексеру

Жаңа тақырып :Кескіндеме өнерінің портрет, пейзаж, натюрморт жанрлары бар.

Натюрморт өлі заттардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді.

Натюрморт жансыз заттар мен әр түрлі бейнеленген көркем сурет құрылымымен орындалған көркем шығарма болып табылады.

Натюрморт қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді.

Қарапайым натюрморт екі, үш заттан аспайтын,күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады.

Ал күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады.

Натюрморт алғаш рет XVIII ғасырдың басында Голландияда пайда болған.

Қазақстан суретшілері арасында А. Ғалымбаеваның ұлттық натюрмортын мың құбылта бояулармен салған жұмыстарын тамашалауға болады. Сондайақ қазіргі кездегі қазақ суретшісі Ботакөз Ақанаеваның натюрморттарын атап айтуға болады.

Қандайда бір сурет салмайық , оның барлығына ортақ белгілі бір жолы, кезеңі болады. Натюрмортты салу төрт кезеңмен орындалады.

  1. Зат бейнесінің орналасуын анықтау

  2. Құрылымын табу

  3. Пішінін айқындау

  4. Суреттің аяқталуы

Күзгі натюрмортты салу барысында күзде пісетін жеміс жидектерді, көкөністерді пайдалануға болады. Мысалы қауын, қарбыз, алма, алмұрт, асқабақтарды пайдалануға болады.

Тақырыпты бекіту :1. Натюрморт салу неше кезеңнен тұрады?

2. Натюрморт нешеге бөлінеді?

Бағалау : оқушыларды бағалау

Үй тапсырмасы: «Күзгі натюрморт » тақырыбында сурет салу






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал